Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для внутримышечного введения
Саудалық атауы
ВИТАМИН В КОМПЛЕКС
Әсер етуші зат
Витамины группы B в комбинации с другими препаратами
Мақсаты
В (B1, B2, B6) топтары дәрумендерінің және никотинамид тапшылығы кезіндегі жай-күйі
Өндіруші
«Софарма»
Ел
Болгария
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір ампулада:
Белсенді заттар: тиамин гидрохлориді (B1 дәрумені) 10 мг, рибофлавин натрий фосфаты (B2 дәрумені) формасындағы рибофлавин 2 мг, пиридоксин гидрохлориді (B6 дәрумені) 10 мг, никотинамид (PP дәрумені) 100 мг.
Қосымша заттар: 1 мг динатрий эдетаты, 2 мг метилпарагидроксибензоат, 352 мг глицерол, хлорсутек қышқылы (1 моль/л), инъекцияға арналған су 2 мл-ге дейін.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір сұйықтық, бөлшектерсіз.
В (B1, B2, B6) топтары дәрумендерінің және никотинамид тапшылығы кезіндегі жай-күйі.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Дәрумендер. В тобы дәрумендері кешені, басқа препараттармен біріктірілімін қоса.В тобының дәрумендері басқа препараттармен біріктірілімде.
АТХ коды: A11EX
Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлер
В тобының дәрумендері ағзаның өмірлік функциялары үшін өте қажет түрлі химиялық құрылымы бар органикалық субстанциялар болып табылады. Олар төмен концентрацияда биологиялық тұрғыдан белсенді және жасушалық процестерді реттейді. Бірқатар ферменттік жүйелердің құрамына кіргізілген, олар нуклеин қышқылдарының синтезіндегі сияқты көмірсулар, ақуыздар мен майлардың метаболизміне қатысады. Организмдегі В тобының дәрумендерін енгізу арқылы олардың әсерінің синергизміне қол жеткізіледі.
Никотинамид НАД және НАДФ ко-дегидраза ретінде сутекті тасымалдауға және тіндік тыныс алу үшін қажетті тотығу-қалпына келтіру процестеріне қатысады. Ол шеткері вазодилатацияны тудырады және холестерин мен триглицеридтердің плазмалық деңгейін төмендетеді.
Дозалау режимі
Дозалау
Ересектер: Әдетте препаратты күніне 1-2 мл. дозада немесе 5-10 күн бойы күнара қолданады. Курсты аяқтағаннан кейін Витамин В комплекс препаратымен пероральді емдеуге ауысуға болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Бұлшықет ішіне.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Өткізіп алған дозаны тұрақты дозаға қосымша ретінде қабылдауға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
• Егер Сізде осы препаратты қолдануға қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
* Белсенді заттарға немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық.
* ІІ-ІІІ дәрежелі гипертониялық ауру.
Өте сирек, әсіресе сезімтал пациенттерде есекжем, қышыну немесе Квинке ісінуі пайда болуы мүмкін.
Никотинамид (құрамында Витамин В комплекс) бет терісінің қызаруын және дене ыстығының көтерілуін туындатуы мүмкін.
• Егер кез келген жағымсыз әсер маңызды болса немесе Сіз осы нұсқаулықта сипатталмаған жағымсыз әсерлерді байқасаңыз ол туралы өзіңіздің дәрігеріңізге немесе фармацевтке хабардар етуіңізді сұраймыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Витамин В комплекс препараты (10 г-нан астам) өте жоғары дозада артық дозалану симптомдарын тудыруы мүмкін: қозу, қорқыныш, тремор, ұйқысыздық, герпес, бас ауыруы, құрысулар.
Емдеу симптоматикалық болып табылады.
Арнайы ескертулер
• Қатерлі ісік процестерінде оның жасушаларының көбеюін ынталандыруға байланысты В дәруменін (құрамында тиамин бар) абайлап қолдану керек.
• Өте сирек, бірақ анафилаксиялық шоктың елеулі қаупіне байланысты (тиамин шок), Витамин В комплекс препаратын қолданар алдында бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді тері-аллергиялық сынама жүргізу ұсынылады.
• Ұзақ уақыт бойы пиридоксиннің тәуліктік дозасын (100 мг-нан артық) арттыру үйлестіру бұзылыстары және табанның күюі салдарынан шеткі полиневропатияның пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл симптомдар әдетте емдеу басталғаннан кейін 1 айдан 3 жылға дейін басталады.
• Уробилиногенді Эрлих реактивімен анықтаған кезде пиридоксин жалған оң нәтиже тудыруы мүмкін.
• Рибофлавин несептің сары-қызғылт сары түсін туындатуы мүмкін.
• Никотинамидті анамнезінде ойық жара, гастрит, геморрагия, подагра, бауыр мен өт жолдарының зақымдануы туралы деректері бар пациенттерге қолдану аса сақтықты талап етеді. Трансаминазалар, сілтілік фосфатаза, ГТП, билирубин, несеп қышқылы, тромбоциттер деңгейлерін, әсіресе, егер Витамин В комплекс препаратымен ұзақ емдеу қажет болса, қадағалау қажет.
• Дәрілік препарат аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін( мүмкін баяу түрі) қосымша зат ретінде метилпарагидроксибензоат құрайды, ал ерекше жағдайларда - бронх түйілуі мүмкін.
• Бұл дәрілік препаратта дозаға 1 ммоль натрийден (23 мг) аз құрайды, яғни шын мәнінде «натрийсіз».
Жүктілік немесе емшек емізу кезінде
Дәрілік препаратты жүктілік кезінде емдік дозаларда қолдануға болады. Емшек емізетін әйелдерде Витамин В комплекс препаратын қолдану ұсынылмайды. Міндетті түрде қолданған жағдайда емшек емізуді тоқтату керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Витамин В комплекс препараты емдік дозаларда көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Егер сіз басқа да дәрілік препараттарды қабылдап жатсаңыз немесе таяу арада қабылдасаңыз, соның ішінде дәрігердің рецептісіз босатылатын дәрілерді қабылдасаңыз Сіз өзіңіздің дәрігеріңізді немесе фармацевтті хабардар етіңіз өтінеміз.
Хлорпромазин несеппен бірге B2 дәруменінің экскрециясын күшейтеді, ал пробенецид оның ағзадан шығарылуын баяулатады, бұл терапиялық және жағымсыз әсерлердің қоздыруға әкеледі.
Дәрілік препараттың құрамындағы В1 дәрумені адренолитиктердің гипотензивті әсерін азайтуы, сондай-ақ барбитураттар мен глутетимидтің седативті және ұйықтататын әсерін басуы мүмкін.
В1 дәрумені трициклді антидепрессанттардың (нортриптилин, имипрамин, дезипрамин), әсіресе егде жастағы пациенттерде әсерін күшейтуі мүмкін.
В6 дәрумені L-Dopa емдік әсерін азайтады.
Никотинамидті эпилепсияға қарсы заттармен, әсіресе карбамазепин, диазепам және натрий вальпроаты сияқтылармен бір мезгілде қолданғанда, олардың құрысуға қарсы әсері қоздыруы мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғауға арналған түпнұсқалық қаптамада, 25 °C-ден аспайтын температурада. Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.