Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы
Дозасы
200 мг
Саудалық атауы
Витамин Е
Әсер етуші зат
Токоферол
Мақсаты
Ерлер мен әйелдерде фертильділіктің төмендеуінде демеуші ем
Өндіруші
Минскинтеркапс
Ел
Беларусь
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
Белсенді зат: 200 мг немесе 400 мг альфа-токоферилацетат,
қосымша зат: күнбағыс майы,
Капсула қабығының құрамы: желатин, глицерин, натрий бензоаты Е-211, тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сопақша пішінді, ашық-сары түсті, тігісі бар жұмсақ желатинді капсулалар.
Капсулалардың ішіндегісі – ашық-сары түсті майлы сұйықтық. Бұзылған иісі болуына жол берілмейді.
Е дәрумені ересектерде, балалар мен 12 жастан асқан жасөспірімдерде қолдануға арналған:
- Ерлер мен әйелдерде фертильділіктің төмендеуінде демеуші ем.
- Климакс кезінде кейбір қиындықтарды азайту үшін қосымша емдеу (ысынулар).
- Етеккір проблемаларын жеңілдету үшін қосымша емдеу (ауырғанды және қан кетуді азайту).
- Тыныс алу жолдарының терісі мен шырышты қабығының дегенеративті ауруларын, дерматомиозитті және миозиттің дегенеративті түрін демеуші емдеу.
- Жүйке жүйесінің дегенеративті ауруларын (мысалы, Альцгеймер ауруы), буындар мен сіңір аппаратын емдеуді қолдайтын кеш дискинезия.
- Тамақтанудың және сіңірудің бұзылуы (дұрыс тамақтанбау, Е дәруменісіз теңгерімсіз тамақтану, ішек пен асқазанға жасалған операциялардан кейінгі жай-күйдлер, бауыр аурулары, майлар мен майда еритін дәрумендердің сіңірілуінің бұзылуы).
- Ревматизмдық аурулар және кейбір эндокриндік аурулар кезінде қосымша емдеу (қалқанша безінің бұзылуы, гонадтардың гормоналдық бұзылуы, ерлердің бедеулігі).
- Атеросклероздың профилактикасы (жүректің ишемиялық ауруы, мидың қантамыр аурулары)
Әсер ету механизмі
Е дәрумені антиоксиданттық дәрі болып табылады, жасушалардың пролиферациясы, тіндік метаболизм үдерістеріне қатысады, эритроциттер гемолизінің алдын алады, капиллярлардың өткізгіштігі мен үзілгіштігінің жоғарылауына кедергі келтіреді.
Препарат атеросклероздың, жүрек бұлшықеті мен қаңқа бұлшықеттеріндегі дегенерациялық-дистрофиялық өзгерістердің дамуына кедергі келтіреді, миокардтың қоректенуін және жиырылуға қабілеттілігін жақсартады, миокардтың оттегін тұтынуын азайтады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Е дәрумені бос радикалдар реакцияларын тежейді, жасушалардың және жасуша маңы жарғақшаларын зақымдайтын пероксидтер түзілуінің алдын алады. Гем және құрамында гем бар ферменттер – гемоглобин, миоглобин, цитохромдар, каталаза, пероксидазаның синтезін стимуляциялайды.
Нуклеин қышқылдары мен простагландиндердің метаболизміне, жасушаның тыныс алу циклына, арахидон қышқылының синтезіне қатысады.
Тіндердің тыныс алуын жақсартады, ақуыздар (коллаген, ферменттік, құрылымдық және қаңқа бұлшықеттері мен тегіс бұлшықеттердің, миокардтың жиырылу ақуыздарының) синтезін стимуляциялайды, А дәруменін тотығудан қорғайды, холестерин синтезін тежейді, қан плазмасындағы липидтер деңгейінің қалыпқа түсуіне ықпал етеді. Қанықпаған май қышқылдары мен селеннің (электрондардың микросомалық тасымалдану жүйесінің компоненті) тотығуын тежейді.
Фагоцитозды белсендіреді және эритроциттердің қалыпты резистенттілігін демеп отыру үшін пайдаланылады. Үлкен дозаларында тромбоциттер агрегациясын болдырмайды. Адамның ұрпақ өрбіту жүйесіне айқын оң әсер береді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Меншікті зерттеулері жүргізілмеген, деректер жоқ.
Балалар
Препарат педиатриялық тәжірибеде балалар мен 12 жастан асқан жасөспірімдерде 200 мг дозада қолданылады.
Дозалау режимін қатаң сақтау қажет
Ұзақ уақыт бойы басқа поливитаминдік препараттармен бірге тағайындау ұсынылмайды, өйткені майда еритін Е дәруменінің артық дозалануы басталып кетуі мүмкін.
Селен және құрамында күкірт бар амин қышқылдарының мөлшері жоғары диета Е дәруменінің қажеттілігін азайтады.
Туа біткен буллездік эпидермолиз кезінде аллопециямен зақымданған орындарда ақ шаштар өсе бастауы мүмкін.
Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда және/немесе қайталанатын емдеу курстарын тағайындау қажет болған жағдайда, мезгіл-мезгіл қанның ұю көрсеткіштерін, сондай-ақ, қандағы холестерин деңгейін бақылап отыру ұсынылады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Эпилепсиясы бар, қанда липидтердің асқын тотықты тотығу өнімдері мөлшерінің жоғарылығы анықталған науқастарда құрысуға қарсы дәрілердің әсерін арттырады.
Қабынуға қарсы стероидты және стероидты емес дәрілердің, антиоксиданттардың әсерін күшейтеді. Жүрек гликозидтерінің, сондай-ақ, А және D дәрумендерінің тиімділігін арттырады және уыттылығын азайтады. Е дәруменін жоғары дозаларда тағайындау организмде А дәруменінің тапшылығын тудыруы мүмкін.
Тәулігіне 400 мг артық дозадағы Е дәруменін антикоагулянттармен (кумарин және индандион туындыларымен) бір мезгілде қолдану гипопротромбинемия мен қан кетулердің даму қаупін арттырады.
Колестирамин, колестипол, минералды майлар альфа-токоферилацетаттың сіңуін азайтады.
Темірдің жоғары дозалары организмдегі тотығу үдерістерін күшейтеді, ол Е дәруменінің қажеттілігін арттырады.
Альфа-токоферилацетатты циклоспоринмен бір мезгілде қолданғанда соңғысының сіңуі жоғарылайды.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
200 мг капсулаларды балалар мен 12 жастан асқан жасөспірімдердің қолдануына болады.
Бауыр және/немесе бүйрек функциясы бұзылған адамдарда қолданылуы
Дозасын түзету қажет емес.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік және бала емізу кезеңінде Е дәруменін тек дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қолданады.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Е дәрумені препараты автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе болмашы әсер етеді.
Дозалау режимі
200 мг капсулалар: ересектерге және 12 жастан асқан балаларға тәулігіне 1-2 капсуладан.
400 мг капсулалар: ересектерге тәулігіне 1 капсуладан.
Енгізу әдісі және жолы
Препаратты ішке, дұрысы тамақтан кейін қабылдайды.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
200 мг капсулалар: тәулігіне 1-2 капсуладан.
400 мг капсулалар: тәулігіне 1 капсуладан.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Препаратты қолдану бойынша сұрақтар болса, емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне хабарласыңыз.
- препараттың компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- жедел миокард инфарктісі, кардиосклероз
- 12 жасқа дейінгі балаларға
Жиі
- гастралгия, жүрек айнуы, іш қату, диарея;
- бас ауыруы, қажу, әлсіздік.
Жиі емес
- аллергиялық реакциялар
Сирек
- креатинурия, креатинкиназа белсенділігінің жоғарылауы, қан сарысуындағы холестерин деңгейінің жоғарылауы, тромбофлебиттер, өкпе тромбоэмболиясы, тромбоз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: тәулігіне 400–800 мг дозаларда ұзақ уақыт бойы қабылдағанда – анық көрмеу, бас айналуы, бас ауыруы, жүрек айнуы, әдеттен тыс шаршау, диарея, гастралгия, астения; ұзақ уақыт бойы тәулігіне 800 мг артық қабылдағанда – К гиповитаминозы бар науқастарда қан кетулердің даму қаупінің артуы, тиреоидтық гормондар метаболизмінің бұзылуы, сексуалдық функцияның бұзылыстары, тромбофлебит, тромбоэмболия, некроздық колит, сепсис, гепатомегалия, гипербилирубинемия, бүйрек жеткіліксіздігі, көздің торлы қабығына қан құйылу, геморрагиялық инсульт, асцит, гемолиз.
Емі: препаратты тоқтату; Е дәруменінің бауырдағы метаболизмін жеделдететін глюкокортикоидтарды тағайындайды; геморрагиялар қаупін азайту үшін Викасолды тағайындайды.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Ылғал мен жарықтан қорғалған жерде, 15 С-ден 25 С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.