Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 суппозиторийдің құрамында
белсенді зат – простата экстрактісі (20 мг суда еритін пептидтерге шаққанда), 100 мг,
қосымша зат – қатты май (Витепсол, H 15, W 35 маркасы; Суппосир, NA 15, NAS 50 маркасы) – салмағы 1,25 г суппозиторий алғанға дейін.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Пішіні торпеда тәрізді, сарғыш, крем немесе сұр реңді ақ суппозиторийлер. Суппозиторий беткейінде ақ өңез пайда болуына және кесіндісінде ауалы өзекше мен құйғы тәрізді ойық болуына жол беріледі.
Кешенді ем құрамында:
• созылмалы простатитте
• қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясында
• климактериялық және постклимактериялық кезеңде әйелдердегі қуықтың аса белсенділігінің асқынбаған түрлерінде несепті ургентті (императивті) ұстай алмаушылықты, несеп шығаруға ургентті (императивті) қысылу мен несеп шығарудың жиілеуін емдеуде
• қуықасты безіне жүргізілетін операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жағдайларда
Витапрост Форте қуықасты безіне органотропты әсер көрсетеді. Қуықасты безінің ісіну, лейкоцитарлы инфильтрация деңгейін азайтады, эпителиальды жасушалардың секреторлық функциясын қалыпқа келтіреді, ацинустардың секретінде лецитинді түйірлердің санын арттырады, қуықтың бұлшықет тонусын ынталандырады. Тромб түзілуін, антиагрегантты белсенділікті төмендету салдарынан қуықасты безінің микроайналымын жақсартады, қуықасты безінде венула тромбозының дамуына кедергі жасайды.
Витапрост Форте қуықасты безінің көлемін орташа түрде азайтады. Препарат қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы кезінде обструктивті және ирритативті симптомдар айқындығын азайтады, бұл несеп ағыны көлемінің ең жоғары және орташа жылдамдығының ұлғаюынан және несептің қалдық көлемінің азаюынан көрінеді.
Витапрост Форте зақымданбаған қантамырларды кеңейту (вазодилатация әсері) есебінен қуық қабырғасында қанның микроайналымын жақсартады, сонысымен гипоксияға шалдыққан тіндерге оттегі жеткізілуінің қалыпқа келуіне ықпал етеді, бұл физиологиялық репарацияны көтермелейді. Қуық қабырғалары трофикасы үдерістерінің жақсаруы және регенераторлық үдерістерді көтермелеу есебінен қабынуға қарсы әсер етеді.
Ағзалар қан ағысын белсендіру, қуық сыйымдылығын арттыра отырып, детрузордың бейімделу және жиырылу белсенділігінің жақсаруына ықпал етеді.
Детрузор ишемиясының төмендеуімен қуықтың аса белсенділігінің айқын төмендеуін түсіндіруге болады, ол Витапрост Фортені қолдану аяқталғаннан кейін де жалғасады.
Витапрост Форте қуықасты безі функциясы мен эякулят құрамын қалыпқа келтіреді, спермограмма көрсеткіштерінің жақсаруына ықпал етеді (сперматозоидтар санын, қозғалғыштығын және тіршілік қабілеттілігін арттырады, олардың морфологиясын жақсартады). Простатиттен туындаған ауыруды және жайсыздықты азайтады, дизуриялық құбылыстарды жояды, копулятивті функцияны жақсартады (либидоны күшейтеді, эрекция мен жыныстық қатынас ұзақтығын жақсартады, ерте эякуляцияны азайтады).
Дозалау режимі
1 суппозиторийден, ішектің өздігінен босауынан немесе тазартушы клизмадан кейін, күніне 1 рет. Суппозиторийді енгізгеннен кейін пациенттің төсекте 30-40 минут жата тұрғаны дұрыс.
Енгізу әдісі мен жолы
Витапрост® Форте ректальді қолдануға арналған.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясында емдеу курсының ең аз ұзақтығы – 15 күн, созылмалы простатитте – 10 күн, аса жоғары қуық белсенділігінде – 20 күн.
Қажет болған жағдайда курстар қайталануы мүмкін.
Егер емдеуден кейін жай-күйінің жақсаруы байқалмаса немесе симптомдар өршісе, немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден кеңес алу бойынша ұсынымдар
Егер Сізде осы препаратты қабылдау бойынша қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге немесе мейірбикеге кеңес алу үшін жүгініңіз.
• әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• жүктілік және лактация кезеңі
• 18 жасқа дейін
Өте сирек
- аллергиялық реакциялар
Егер жоғарыда көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез келгені өршісе немесе Сіз нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, бұл туралы дәрігерге хабарлаңыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және
фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Витапрост® Форте препаратымен артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ.
Созылмалы простатитті және қуықасты безіне жүргізілген операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жағдайларды емдеу Витапрост® Форте тағайындаумен қатар дәрілік препараттардың басқа топтарын және емдеудің дәрі-дәрмектік емес әдістерін қолдануды көздейтін кешенді ем болуы тиіс.
Созылмалы простатитті емдеуді бастамас бұрын және қажет болған жағдайда емдеу барысында қуықасты безінің секрециясына талдау жүргізу ұсынылады.
Препаратты қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясын емдеу үшін қолдану кезеңінде стандартты бақылау жүргізу үшін дәрігерге ұдайы барып тұру керек. Емдеу курсын бастамас бұрын, патологияның қатерсіз екеніне көз жеткізу керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдануға рұқсат етілмеген.
Анықталмаған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.