Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые кишечнорастворимой оболочкой
Дозасы
20 мг
Саудалық атауы
Витапрост®
Әсер етуші зат
Урологические препараты другие
Мақсаты
Созылмалы абактериялық простатиттің өршуінде кешенді ем құрамында
Өндіруші
АО "Нижфарм"
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – простата экстрактісі
(20 мг суда еритін пептидтерге шаққанда) – 100 мг,
қосымша заттар: сахароза, лактоза моногидраты, кальций стеараты, кросповидон, микрокристалды целлюлоза,
қабығы: метакрил қышқылы мен этилакрилат сополимері (1:1), титанның қостотығы (Е 171), тальк, триэтилцитрат, коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий гидрокарбонаты, натрий лаурилсульфаты, индигокармин (Е 132).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, көгілдірден ашық-көк түске дейінгі қабықпен қапталған таблеткалар, теңбілдері болуына жол беріледі.
• созылмалы абактериялық простатиттің өршуінде кешенді ем құрамында
• созылмалы абактериялық простатиттің өршуінің алдын алу
• қуық асты безіне операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жағдайда
• қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында
Витапрост қуық асты безіне органотропты әсер етеді. Ісіну дәрежесін, қуық асты безінің лейкоциттік инфильтрациясын азайтады, эпителий жасушаларының секреторлық қызметін қалыпқа келтіреді, ацинус секрециясындағы лецитин түйірлерінің санын көбейтеді, қуықтың бұлшықет тонусын стимуляциялайды. Тромб түзілуін, антиагрегантты белсенділікті азайту арқылы қуық асты безіндегі микроциркуляцияны жақсартады, қуық асты безінде веналар тромбозының дамуына жол бермейді.
Витапрост қуық асты безінің қызметін және эякуляттың құрамын қалыпқа келтіреді. Простатиттен туындаған ауырсыну мен ыңғайсыздықты азайтады, дизуриялық құбылыстарды жояды, копулятивті функцияны жақсартады.
Дозалану режимі
Ішке, 1 таблеткадан күніне 2 рет.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы: қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында – 30 күннен кем емес, созылмалы простатиттің өршуі кезінде 1 таблеткадан күніне 2 рет кемінде 30 күн – жылына 1-2 рет қолданады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Егер сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, кеңес алу үшін дәрігерге немесе медбикеге жүгініңіз.
• препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
• лактаза тапшылығы, сахараза/изомальтаза тапшылығы, лактоза жақпаушылығы, фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы (препарат құрамында лактоза және сахароза бар)
• балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Өте сирек: аллергиялық реакциялар
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Витапрост® препаратының артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ.
Тек ересек ерлерді емдеу үшін қолданылады; әйелдер мен балаларда қолданылмайды.
Созылмалы простатитті және қуық асты безіне операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жағдайларды емдеу, Витапрост тағайындаумен қатар басқа топтағы дәрілік препараттарды және емдеудің дәрі-дәрмексіз әдістерін қолданумен, болжамды кешенді болуы тиіс.
Созылмалы простатитті емдеу басталғанға дейін және қажет болған жағдайда емдеу процесінде қуық асты безінің секретіне талдау жүргізу ұсынылады.
Препаратты қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясын емдеу үшін қолдану кезеңінде осы ауруды стандартты бақылау үшін дәрігерге үнемі барып тұру керек. Емдеу курсын бастамас бұрын, патологияның қатерсіз сипатқа ие екеніне көз жеткізу керек.
Арнайы ескертулер
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Препарат кешенді емде қолданылуы мүмкін.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу жағдайлары немесе үйлесімсіздік сипатталмаған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.