Вифенд – триазол тобына жататын зеңге қарсы препарат.
Әсер ету механизмі
Вориконазолдың негізгі әсер ету механизмі зеңдердегі эргостерол биосинтезінің негізгі сатысы болып табылатын 14 -альфа - ланостеролдың метилсіздену реакциясының Р - 450 зеңдік цитохромы арқылы тежелуіне негізделген. 14 - альфа - метилстеролдардың жинақталуы зеңдердің жасушалық жарғақшасының құрамына кіретін эргостеролдың кейінгі жойылуымен өзара байланысты; бұл процесс вориконазолдың зеңге қарсы әсер етуінің негізінде жатуы мүмкін. Вориконазол P - 450 сүтқоректілер цитохромы тұқымдасының әртүрлі ферменттеріне қарағанда Р - 450 зеңдер цитохромы тұқымдасының ферменттеріне қатысты анағұрлым селективті екендігі көрсетілген.
Фармакокинетикалық-фармакодинамикалық тәуелділік
Емдік 10 зерттеуде жекелеген пациенттердің қан плазмасындағы препараттың орташа және ең жоғары концентрациясының медианасы барлық зерттеуде тиісінше 2425 нг/мл (1193-тен 4380 нг/мл-ге дейінгі квартильаралық диапазон) және 3742 нг/мл (2027-ден 6302 нг/мл-ге дейінгі квартильаралық диапазон) тең болды. Оны емдік мақсаттарда қолданған зерттеулерде қан плазмасында вориконазолдың орташа, ең жоғарғы және ең төменгі концентрациялары мен препараттың тиімділігі арасындағы оң байланыс анықталмады; вориконазолды профилактикалық мақсаттарда қолданған зерттеулерде ондай байланыс зерттелген жоқ.
Клиникалық зерттеулерден алынған фармакокинетика және фармакодинамика бойынша деректерді талдау нәтижесінде вориконазолдың плазмадағы концентрациялары мен бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуларының және көру бұзылыстарының арасындағы оң байланыс анықталды. Вориконазолды профилактикалық мақсаттарда қолдану зерттеулерінде дозаны түзету зерттелген жоқ.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
In vitro жағдайларында вориконазолдың зеңге қарсы әсер ету ауқымы кең және Candida тектес зеңдерге қарсы белсенді (флуконазолға төзімді C. krusei штаммдарын, сондай-ақ C. glabrata және C. albicans төзімді штаммдарын қоса) және Aspergillus тектес барлық зерттелген зеңге қатысты фунгицидтік әсерге ие. Бұдан бөлек вориконазол жаңа патогенді зеңдерге, соның ішінде бұрыннан бар зеңге қарсы дәрілерге сезімталдығы шектеулі Scedosporium немесе Fusarium тектес зеңдерге қарсы фунгицидтік әсерге ие.
Ішінара немесе толық жауап ретінде анықталатын клиникалық тиімділігі Aspergillus тектес зеңдерге, соның ішінде A. flavus, A. fumigatus, A. terreus, A. niger, A. nidulans; C. albicans, C. glabrata, C. krusei, C. parapsilosis және C. tropicalis қоса Candida тектес зеңдерге қатысты көрсетілген; сондай-ақ C. dubliniensis, C. inconspicua зеңдердің шектеулі санына және C. guilliermondii, Scedosporium түрлеріне, соның ішінде S. apiospermum, S. prolificans, бұдан бөлек, Fusarium тектес зеңдерге көрсетілген.
Вориконазол қолданылған басқа да зеңдік инфекциялар (көбінесе ішінара немесе толық жауаппен) Alternaria, Blastomyces dermatitidis, Blastoschizomyces capitatus тектес, Cladosporium, Coccidioides immitis, Conidiobolus coronatus, Cryptococcus neoformans, Exserohilum rostratum, Exophiala spinifera, Fonsecaea pedrosoi, Madurella mycetomatis, Paecilomyces lilacinus тектес, P. marneffei қоса, Phialophora richardsiae, Scopulariopsis brevicaulis Penicillium тектес зеңдерден және T. beigelii зеңдері туындатқан инфекцияларды қоса, Trichosporon тектес зеңдерден туындаған инфекциялардың жеке жағдайларын қамтыды.
Препараттың клиникалық штамдарға қатысты in vitro белсенділігі Acremonium тектес, Alternaria тектес, Bipolaris тектес, Cladophialophora және Histoplasma capsulatum тектес зеңдер үшін байқалған, сонымен қатар көптеген штаммдардың өсімі 0,05 мкг/мл-ден 2 мкг/мл-ге дейінгі вориконазол концентрациясында басылған.
In vitro жағдайларында вориконазолдың Curvularia тектес және Sporothrix тектес зеңдерге қатысты белсенділігі анықталған, бірақ бұл нәтижелердің клиникалық нақтылығы белгісіз.
Шекаралық мәндер
Емді бастар алдында зеңдік өсірінді үлгілерін алу қажет және патогенді микроорганизмдерді-инфекцияның қоздырғыштарын бөліп алу және идентификациялау үшін басқа да тиісті зертханалық зерттеулер (серологиялық, гистопатологиялық) жүргізу керек. Емді өсірінділік және басқа зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғанға дейін бастауға болады, алайда осы нәтижелер алынғаннан кейін инфекцияға қарсы емдеуді тиісті түрде түзету керек.
Адамдағы зең инфекцияларына жиі себеп болатын түрлерге C. albicans, C. parapsilosis, C. tropicalis, C. glabrata және C. krusei жатады, оған қоса осы түрлердің барлығы үшін вориконазолдың ең төменгі тежейтін концентрациясы (ЕТТК) 1 мг/л-ден төменді құрайды.
Алайда Candida тектес зеңдердің әр алуан түрлеріне қатысты вориконазолдың белсенділігі бірдей емес. Атап айтқанда, вориконазолдың ЕТТК флуконазолға төзімді C. glabrata изоляттары үшін флуконазолға сезімтал изоляттарға қарағанда пропорциялы жоғары. Осыған байланысты Candida тектес зеңдерді түр деңгейіне дейін идентификациялау қажет. Зеңдердің зеңге қарсы препараттарға сезімталдығын анықтау жөніндегі зерттеулерді жүргізу мүмкін болғанда алынған ЕТТК мәндері Микроорганизмдердің бактерияға қарсы дәрілерге сезімталдығын анықтау жөніндегі еуропалық комитеттің (EUCAST) сезімталдық шегі критерийлерін пайдалану арқылы интерпретациялануы мүмкін.
EUCAST сәйкес сезімталдық шектері
Candida және Aspergillus түрлері — Ең төменгі тежегіш концентрацияның (ЕТТК) шектік мәндері (мг/л)
≤ С (сезімтал) — > Т (төзімді)
Candida albicans1 — 0,06 — 0,25
Candida dubliniensis1 — 0,06 — 0,25
Candida glabrata — Деректер жеткіліксіз (ДЖ) — ДЖ
Candida krusei — ДЖ — ДЖ
Candida parapsilosis1 — 0,125 — 0.25
Candida tropicalis1 — 0,125 — 0.25
Candida guilliermondii2 — ДЖ — ДЖ
Candida үшін қоздырғыштың түріне байланысты емес шектік мәндері3 — ДЖ — ДЖ
Aspergillus fumigatus4 — 1 — 1
Aspergillus nidulans4 — 1 — 1
Aspergillus flavus — ДЖ5 — ДЖ5
Aspergillus niger — ДЖ5 — ДЖ5
Aspergillus terreus — ДЖ5 — ДЖ5
Қоздырғыштың түріне байланысты емес шектік мәндері 6 — ДЖ — ДЖ
1 Сезімталдықтың (С)/орташа сезімталдықтың (ОС) шектік мәнінен жоғары ЕТТК шамалары бар штаммдар сирек анықталған немесе мүлде анықталмаған. Осындай изоляттардың кез келгенін идентификациялау және оның зеңге қарсы дәрілерге сезімталдығын зерттеуді екінші қайтара жүргізу керек және расталған жағдайда изоляттардың алынған нәтижесін тексеру зертханасына жіберу керек.
Төзімділіктің ағымдағы шектік мәнінен жоғары ЕТТК бар дәлелденген изоляттар үшін клиникалық жауап туралы объективті деректерді алғанға дейін бұл изоляттар төзімді деп хабарлануы тиіс. 76%-ға тең клиникалық жауапқа төменде атап көрсетілген штаммдар туындатқан инфекциялар кезінде қол жеткізілді, бұл кезде ЕТТК эпидемиологиялық шектік мәндерден төмен немесе тең болды. Осылайша, жабайы типтегі C. albicans, C. dubliniensis, C. parapsilosis және C. tropicalis популяциялары сезімтал деп саналады.
2Эпидемиологиялық шектік мәндер (ECOFF) бұл түрлер үшін жалпы алғанда C. Albicans қарағанда жоғарырақ.
3 Қоздырғыш түрлерімен байланысты емес шектік мәндер негізінен ФК/ФД тәуелділігінің деректері негізінде анықталды және Candida нақты түрлерінің ЕТТК таралуына тәуелді емес. Олар тек сезімталдықтың анықталған шектік мәндері жоқ организмдерге ғана арналған.
4Уақытша пайдалануға/қолдануға рұқсат/куәлік – 2. Мынадай түсініктемемен R әрпін көрсетіңіз: «Кейбір клиникалық жағдайларда (инфекцияның инвазиялық емес түрлері) вориконазол жеткілікті әсері болу шартымен пайдаланылуы мүмкін».
5 ECOFF бұл түрлер үшін жалпы алғанда A. fumigatus қарағанда екі еселік бір сұйылтуға жоғарырақ.
6 Қоздырғыш түрімен байланысты емес шектік мәндер анықталған жоқ.
Клиникалық қолдану тәжірибесі
Бұл бөлім аясында препаратты қолданудың оң нәтижесі емдеуге толық немесе ішінара жауап ретінде анықталады.
Aspergillus туғызған инфекциялар: аспергиллёзі бар және болжамы қолайсыз пациенттердегі тиімділігі
Іn vitro жағдайларында вориконазол Aspergillus тегінің әр алуан түрлеріне қарсы зеңге қарсы әсерін көрсетеді. Жедел инвазиялық аспергиллёзді бастапқы емдегенде вориконазолдың тиімділігі және оның амфотерицин В-мен стандартты еммен салыстырғанда өміршеңдікке оң ықпалы иммунитеті әлсіреген, 12 апта бойы ем алған 277 пациент қатысқан ашық, рандомизацияланған, көп орталықтық зерттеуде көрсетілді. Вориконазол алғашқы 24 сағат ішінде әр 12 сағат сайын 6 мг/кг қанықтыратын доза түрінде вена ішіне, содан соң кемінде 7 күн бойы әр 12 сағат сайын 4 мг/кг демеуші доза түрінде енгізілді. Әрі қарай препаратты пероральді түрде әр 12 сағат сайын 200 мг дозада қабылдауға көшуге мүмкіндік болды. Вориконазолмен в/і емнің медианалық ұзақтығы 10 күнді құрады (диапазоны 2–85 күн). В/і емнен кейінгі вориконазолмен пероральді емнің медианалық ұзақтығы 76 күнді құрады (диапазоны 2–232 күн).
Қанағаттанарлық жалпы жауап (бастапқы деңгейде болған барлық астасқан белгілердің, симптомдардың және рентгенографиялық /бронхоскопиялық өзгерістердің толық немесе ішінара жойылуы) салыстыру препаратын алған 31 % пациентпен салыстырғанда вориконазол қабылдаған 53 % пациентте байқалды. Вориконазолды қолдану аясында пациенттердің 84 күндік кезеңдегі тіршілік қабілеті салыстыру препаратын қолдану аясындағыға қарағанда статистикалық маңызды түрде жоғары болды, осы орайда вориконазолдың өлімге дейінгі кезеңнің ұзақтығы тұрғысынан да, препаратты уыттылығына байланысты тоқтатуға дейінгі кезеңнің ұзақтығы тұрғысынан да клиникалық және статистикалық маңызды артықшылықтары көрсетілді.
Бұл зерттеу «трансплантат қожайынға қарсы» реакциясын, әсіресе, церебральді инфекцияларды (әдетте 100% дерлік өліммен қатар жүретін) қоса, қолайсыз болжамның қауіп факторлары бар пациенттерде оң нәтиже алынған алдыңғы проспективті зерттеудің нәтижелерін растады.
Бұл зерттеулер сүйек кемігі мен ағзалардың трансплантациясынан кейінгі пациенттердегі, гемобластоздары бар пациенттердегі, басқа қатерлі ісіктері және ЖИТС бар пациенттердегі мидың, мұрынның қосалқы қойнауларының, өкпенің аспергиллёзі жағдайларын және диссеминацияланған инфекцияны қамтыды.
Нейтропениясы жоқ пациенттердегі кандидемия
Вориконазолдың кандидемияның бастапқы емі ретінде кейіннен флуконазол қолданылған амфотерицин В-мен салыстырғандағы тиімділігі ашық салыстырмалы зерттеуде көрсетілді. Зерттеуге нейтропениясы жоқ расталған кандидемиясы бар (12 жастан асқан) 370 пациент қатысты, олардың 248-і вориконазол қабылдады. Вориконазол тобында тоғыз пациентте және кейіннен флуконазол қолданылған амфотерицин В тобында 5 пациентте де терең тіндердің микологиялық зерттеумен расталған зең инфекциясы болды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер бұл зерттеуге қосылған жоқ. Емдеудің медианалық ұзақтығы екі емдеу тобында да 15 күнді құрады. Деректерді талдау комитеті (ДТК) жүргізген, зерттелген дәрілік препаратқа қатысты бүркемеленген нәтижелерге баға беруге сәйкес, бастапқы талдау кезінде жағымды жауап ем аяқталғаннан (ЕА) кейін 12 апта өткенде қанда және терең тіндердің инфекцияланған бөліктерінде Candida тектес зеңдердің болмауымен инфекцияның барлық клиникалық белгілері мен симптомдарының жойылуы немесе әлсіреуі ретінде анықталды. ЕА-дан кейін 12 апта өткенде баға беруден өтпеген пациенттер емдеуге жауап бермегендер ретінде қарастырылды. Бұл талдауда жағымды жауап екі емдеу тобында да 41 % пациентте байқалды.
Ең соңғы уақыт нүктесіне (ЕА немесе ЕА-дан кейін 2, 6 немесе 12 апта өткенде) жауапқа ДТК баға беруінің нәтижелері пайдаланылған екінші талдауда, вориконазолмен және кейіннен флуконазол қолданылған амфотерицин В-мен емге жағымды жауап жиілігі сәйкесінше 65 % және 71 % құрады.
Аталған уақыт нүктелерінің әрқайсысында емдеудің сәтті нәтижесіне зерттеушінің баға беру нәтижелері келесі кестеде келтірілген.
Уақыт нүктесі — Вориконазол (N = 248) — Амфотерицин B → флуконазол (N = 122)
ЕА — 178 (72 %) — 88 (72 %)
ЕА-дан кейін 2 апта — 125 (50 %) — 62 (51 %)
ЕА-дан кейін 6 апта — 104 (42 %) — 55 (45 %)
ЕА-дан кейін 12 апта — 104 (42 %) — 51 (42 %)
Candida түрлері туындатқан ауыр рефрактерлік инфекциялар
Клиникалық зерттеуге Candida түрлері туындатқан ауыр рефрактерлік жүйелі инфекциялары бар (кандидемияны, диссеминацияланған кандидозды және инвазиялық кандидоздың басқа түрлерін қоса) 55 пациент қатысты, оларда мұның алдындағы зеңге қарсы ем, атап айтқанда флуконазолмен, тиімсіз болған. Вориконазолмен емдеуге жағымды жауап 24 пациентте байқалды (15 пациентте толық жауап, 9 пациентте ішінара жауап). Флуконазолға резистентті, albicans түріне жатпайтын штамдармен инфекцияланған пациенттерде емдеуге жағымды жауап C. krusei инфекциясы бар 3 пациенттің 3-де (толық жауап), және C. glabrata инфекциясы бар 8 пациенттің 6-да (5-де — толық жауап, 1-де — ішінара жауап) байқалды. Клиникалық тиімділік туралы деректер қоздырғыштардың препаратқа сезімталдығын анықтаудың аздаған нәтижелерімен расталды.
Scedosporium және Fusarium тектес зеңдер туындатқан инфекциялар
Вориконазолдың келесі сирек патогендік зеңдерге қарсы тиімділігі көрсетілді.
Scedosporium тектес зеңдер: вориконазолмен сәтті емдеу S. apiospermum туғызған инфекциясы бар 28 пациенттің 16-да (6-да — толық жауап, 10-да — ішінара), және S. prolificans туғызған инфекциясы бар 7 пациенттің 2-де (екі пациентте де ішінара жауап) тіркелді. Бұдан басқа, емдеуге оң жауап Scedosporium spp. қоса, біреуден көп микроорганизм туындатқан инфекциялары бар 3 пациенттің 1-де байқалды.
Fusarium тектес зеңдер: 17 пациенттен жетеуі (3 пациент толық және 4 пациент ішінара жауаппен) вориконазолмен сәтті емделіп шықты. Осы 7 пациенттің 3-де көз инфекциясы, 1-де — мұрынның қосалқы қойнауларының инфекциясы және 3 пациентте — диссеминацияланған инфекция байқалды. Фузариозы бар тағы 4 пациент бірнеше қоздырғыштармен инфекцияланған болды; осы пациенттердің 2-де емдеу нәтижесі сәтті болды.
Жоғарыда көрсетілген сирек инфекцияларды емдеу үшін вориконазол қабылдаған пациенттердің көпшілігінде бұрын қолданылған зеңге қарсы емнің жақпаушылығы немесе оған төзімділік байқалды.
Инвазиялық зең инфекцияларының (ИЗИ) бастапқы профилактикасы — бұрын расталған немесе күдік туғызған ИЗИ-мен инфекцияланбаған ГДЖ реципиенттеріне қолданған кездегі тиімділігі
Вориконазол ашық, салыстырмалы, көп орталықты зерттеу барысында бұрын расталған немесе күдік туғызған ИЗИ-мен инфекцияланбаған ересектердің және жасөспірімдердің, аллогенді ГДЖ реципиенттерінің қатысуымен бастапқы профилактика ретінде қолданғанда итраконазолмен салыстырылды. Емдеудің жағымды нәтижесі деп зерттелетін препаратты ГДЖ трансплантациясынан кейін 100 күн бойы (ұзақтығы > 14 күндік үзіліссіз) профилактикалық қолдануды жалғастыру мүмкіндігі және ГДЖ трансплантациясынан кейін 180 күн бойы расталған немесе күдік туғызған ИЗИ-сіз тіршілік қабілеті саналды. Тағайындалған емге сәйкес модификацияланған (MITT) топта аллогенді ГДЖ 465 реципиенті саналды, мұндағы 45 % пациентте жедел миелоидты лейкоз (ЖМЛ) болды. Барлық пациенттің ішінен 58 % адамды миелоаблативтік кондициялау күтіп тұрды. Зерттелетін препаратты профилактикалық қолдану ГДЖ трансплантациясынан кейін дереу басталды: 224 пациент вориконазолды қабылдады, және 241 пациент итраконазолды қабылдады. MITT популяциясында зерттелетін препаратты профилактикалық қолдану ұзақтығының медианасы вориконазол үшін 96 күнді және итраконазол үшін 68 күнді құрады.
Тиімділік көрсеткіштері және басқа екінші ақырғы нүктелер төмендегі кестеде берілген.
Зерттеудің ақырғы нүктелері — Вориконазол N = 224 — Итраконазол N = 241 — Пайыздық үлестердің айырмасы және 95 % сенім аралығы (СА) — P-мәні
180-күндегі емдеудің тиімділігі* — 109 (48,7%) — 80 (33,2%) — 16,4% (7,7%, 25,1%)** — 0,0002**
100-күндегі емдеудің тиімділігі — 121 (54,0 %) — 96 (39,8%) — 15,4% (6,6%, 24,2%)** — 0,0006**
Зерттелетін препаратты профилактикалық мақсатпен кемінде 100 күн бойы қабылдаған пациенттер саны — 120 (53,6%) — 94 (39,0%) — 14,6% (5,6%, 23,5%) — 0,0015
180-күнге қарай тірі қалған пациенттер саны — 184 (82,1%) — 197 (81,7%) — 0,4% (–6,6%, 7,4%) — 0,9107
180-күнге қарай дамыған расталған немесе ықтимал ИЗИ бар пациенттер саны — 3 (1,3%) — 5 (2,1%) — –0,7% (–3,1%, 1,6%) — 0,5390
100-күнге қарай дамыған расталған немесе ықтимал ИЗИ бар пациенттер саны — 2 (0,9%) — 4 (1,7%) — –0,8% (–2,8%, 1,3%) — 0,4589
Зерттелетін препаратты қабылдаған кезде дамыған расталған немесе ықтимал ИЗИ бар пациенттер саны — 0 — 3 (1,2%) — –1,2% (–2,6%, 0,2%) — 0,0813
* Зерттеудің бастапқы ақырғы нүктесі
** Рандомизацияға енгізілген түзетуден кейін алынған қатынастар айырмасы, 95 % СА және p-мәні
Емдеуден кейін 180-Күнге қарай ИЗИ жағдайларының жиілігі және 180-күндегі деректер бойынша сәтті емдеу деп анықталатын зерттеудің бастапқы ақырғы нүктесі ЖМЛ және миелоаблативтік кондициялау бар пациенттерде сәйкесінше төмендегі кестеде берілген.
ЖМЛ
Зерттеудің ақырғы нүктелері — Вориконазол (N = 98) — Итраконазол (N = 109) — Пайыздық үлестердің айырмасы және 95 % сенім аралығы (СА)
Емдеуден кейін ИЗИ жұқтыру жағдайларының жиілігі —180-күн — 1 (1,0%) — 2 (1,8%) — –0,8% (–4,0%; 2,4%)**
180-күндегі емдеудің тиімділігі* — 55 (56,1%) — 45 (41,3%) — 14,7% (1,7%; 27,7%)***
* Зерттеудің бастапқы ақырғы нүктесі
** 5 % артығымен алғанда тиімділігі кем еместігі көрсетілді
*** Рандомизацияға түзетуден кейін алынған пайыздық үлестер айырмасы, 95 % СА
Миелоаблативтік кондициялау
Зерттеудің ақырғы нүктелері — Вориконазол (N = 125) — Итраконазол (N = 143) — Пайыздық үлестердің айырмасы және 95 % сенім аралығы (СА)
Емдеуден кейін ИЗИ жұқтыру жағдайларының жиілігі —180-күн — 2 (1,6%) — 3 (2,1%) — –0,5% (–3,7%; 2,7%)**
180-күндегі емдеудің тиімділігі* — 70 (56,0%) — 53 (37,1%) — 20,1% (8,5%; 31,7%)***
* Зерттеудің бастапқы ақырғы нүктесі
** 5 % артығымен алғанда тиімділігі кем еместігі көрсетілді
*** Рандомизацияға түзетуден кейін алынған пайыздық үлестер айырмасы, 95 % СА
ИЗИ салдарлық профилактикасы — бұрын расталған немесе күдік туғызған ИЗИ-мен инфекцияланған, ГДЖ трансплантациясы үшін реципиенттерге қолданған кездегі тиімділігі
Вориконазолды салдарлық профилактика ретінде қолдану ашық, салыстырмалы емес, көп орталықты зерттеуде ересек пациенттердің, бұрын расталған немесе күдік туғызған ИЗИ-мен инфекцияланған аллогенді ГДЖ реципиенттерінің қатысуымен зерттелді. Бастапқы ақырғы нүкте ретінде ГДЖ трансплантациясынан кейін алғашқы жыл ішінде расталған немесе күдік туғызған ИЗИ-мен инфекциялану жиілігі пайдаланылды. MITT популяциясы бұрын ИЗИ инфекцияланған 40 пациенттен тұрды, оның ішінде аспергиллёзбен 31 пациент, кандидозбен 5 пациент және басқа ИЗИ-мен 4 пациент бар. Зерттелетін препаратты профилактикалық қолдану ұзақтығының медианасы MITT популяциясында 95,5 күнді құрады.
Расталған немесе күдік туғызған ИЗИ ГДЖ трансплантациясынан кейін алғашқы жыл ішінде 7,5% (3/40) пациентте дамыды, оның ішінде кандидемияның бір жағдайы, сцедоспориоздың бір жағдайы (екі инфекция да бұрыннан бар ИЗИ қайталануы ретінде) және зигомикоздың бір жағдайы болды. 180-күндегі тіршілік қабілеті 80,0% (32/40), ал 1 жыл өткен соң 70,0% (28/40) құрады.
Емнің ұзақтығы
Клиникалық зерттеулерде 705 пациент вориконазолды 12 аптадан астам уақыт қабылдады, олардың 164-і вориконазолды 6 айдан артық қабылдады.
Балалар
2-ден < 18 жасқа дейінгі елу үш (53) балалар жасындағы пациент вориконазолмен екі проспективті ашық салыстырмалы емес көпорталықты клиникалық зерттеуде ем алды. Бір зерттеуге болуы мүмкін, расталған немесе ықтимал инвазиялық аспергиллёзі (ИА) бар 31 пациент қамтылды, олардың ішінен 14 пациентте расталған немесе ықтимал ИЗИ болды және MITT тиімділік талдауларына қосылды. Екінші зерттеу кандидемиямен көрінетін инвазиялық кандидозы (КИК) және өңеш кандидозы (ӨК) бар, бастапқы ем немесе «құтқару емі» қажет болған 22 пациентті қамтыды, олардың 17-і MITT тиімділік талдауларына қосылды. ИА бар пациенттерде жалпы жауаптың жиілік көрсеткіштері 6 аптадан кейін 64,3% (9/14) құрады, 2-ден < 12 жасқа дейінгі пациенттер арасында жалпы жауап көрсеткіші 40% (2/5) құрады және 2-ден < 18 жасқа дейінгі пациенттер арасында 77,8% (7/9) құрады. КИК бар пациенттер үшін ЕА сәтіндегі жаһандық жауап 85,7% (6/7) құрады, және ӨК бар пациенттерде ЕА сәтіндегі жаһандық жауап 70% (7/10) құрады. Жауаптың жалпы жиілігі (КИК және ӨК біріктірілген) 2-ден < 12 жасқа дейінгі балалар үшін 88,9% (8/9) құрады және 2-ден < 18 жасқа дейінгі дейінгілер үшін 62,5% (5/8) құрады.
QTc аралығын бағалау бойынша клиникалық зерттеулер
Вориконазолдың және кетоконазолдың үш пероральді дозасының QTc аралығына ықпалына баға беру үшін препаратты дені сау еріктілерге бір реттік қолданумен плацебо-бақыланатын, рандомизацияланған, айқаспалы зерттеу жүргізілді. QTc аралығының плацебоға қатысты түзетілген орташа ең жоғары ұзаруы бастапқы деңгеймен салыстырғанда 800 мг, 1200 мг және 1600 мг вориконазолды қолданғаннан кейін сәйкесінше 5,1 мсек, 4,8 мсек және 8,2 мсек құрады, және кетоконазолды 800 мг дозада қолданғаннан кейін 7,0 мсек құрады. Зерттеуге қатысушылардың ешқайсысында QTc аралығының ұзаруы бастапқы деңгеймен салыстырғанда ≥ 60 мсек құраған жоқ. Аралықтың әлеуетті клиникалық маңызы бар 500 мсек шектік мәнінен жоғары ұзарған жағдайлары болған жоқ.