Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы
Дозасы
80 мг
Саудалық атауы
Вобилон
Әсер етуші зат
Гинкго билоба
Мақсаты
Когнитивтік функциялардың жас шамасына байланысты төмендеуін және деменцияның жеңіл дәрежесі кезіндегі өмір сүру сапасын жақсарту үшін
Өндіруші
Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж. А.Ш.
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - құрғақ тазартылған Гинкго Билоба жапырақтарының экстрактісі 80.00 мг.
қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, сусыз кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Капсула (корпусы мен қақпақшасы): темірдің қызыл тотығы (Е 172), темірдің қара тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), желатин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қатты желатинді капсулалар өлшемі №2, қақпағы мен корпусы күңгірт қоңыр түсті.
Капсула ішіндегісі - ақ бөлшектері бар қоңыр ұнтақ, түйіршіктердің болуына жол беріледі.
• когнитивтік функциялардың жас шамасына байланысты төмендеуін және деменцияның жеңіл дәрежесі кезіндегі өмір сүру сапасын жақсарту үшін
Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық қасиеттері
Вобилон, капсулаларының құрамында гинкго жапырақтарының сандық анықталған құрғақ экстрактісі бар (Гинкго билоба Л.).)
Препараттың әсер етуінің нақты механизмі белгісіз. Адамдағы фармакологиялық зерттеулердің деректері егде жастағы адамдарда гинкго билоба жапырақтарының экстрактісін қолдану кезінде электроэнцефалография (ЭЭГ) нәтижелеріне сәйкес мидың белсенділігінің артатынын, қанның тұтқырлығы мен тромбоциттердің агрегациясы төмендейтінін, дені сау еріктілерде (ерлер, 60-70 жас) мидың жекелеген бөліктерінің қанмен қамтылуы жақсаратынын айғақтайды. Сондай-ақ, гинкго билоба жапырақтарының экстрактісі білек тамырларына вазодилатациялық әсер ететіндігі анықталды, бұл аймақтық қан ағымының жоғарылауын шарттайды.
Дозалау режимі
Ересектер және егде жастағы пациенттер
1 капсула тәулігіне 3 рет.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Вобилон балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға арналмаған.
Енгізу әдісі және жолы
Капсулаларды ас ішуге байланыссыз ішке қабылдайды; оларды сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен іше отырып, бүтіндей жұту керек.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты кемінде 8 апта бойы пайдалану ұсынылады.
Емнің үш айынан кейін жай-күйінің жақсару белгілері байқалмаған немесе ауру симптомдарының ауырлығы ұлғайған жағдайларда пациент емдеуді жалғастыру қажеттілігін бағалату үшін дәрігермен кеңесуі қажет.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Егер сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, өз дәрігеріңізге жүгініңіз.
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес).
Өте жиі
- бас ауыруы
Жиі
- бас айналуы
- диарея, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу.
Белгісіз
- әр түрлі жерден қан кетулер (көзден, мұрыннан, асқазан-ішектен, церебральді)
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (аллергиялық шок)
- терінің аллергиялық реакциялары (эритема, ісіну, қышыну және бөртпе)
Жоғарыда көрсетілмеген жағымсыз реакциялар дамығанда, пациенттің дәрігермен кеңесуі қажет.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препараттың артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ.
Вобилон препаратын қолданар алдында пациент симптомдары ұқсас, арнайы емдеуді қажет ететін басқа аурулардың бар-жоғын анықтау үшін дәрігерге қаралуы керек.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары пайда болған жағдайда пациентке капсулаларды қабылдауды тоқтату керек.
Қан кету қаупі жоғары (геморрагиялық диатез) пациенттерге, сондай-ақ антикоагулянттармен немесе антиагреганттармен ем алатын пациенттерге Вобилон препаратымен емдеуді бастар алдында дәрігер кеңесін алған жөн.
Пациенттерде гинкго билоба жапырақтарының экстрактісін қолданғанда қан кетуге бейімділік жоғарылауы мүмкін болғандықтан, сақтық шарасы ретінде Вобилон препаратымен емдеуді хирургиялық араласым алдында 3-4 күн бұрын тоқтату керек.
Препаратты эпилепсиясы бар пациенттерде қолданғанда құрысу дамуының қаупін жоққа шығаруға болмайды. Эпилепсиясы бар пациенттер Вобилон препаратымен емделуді бастар алдында емдеуші дәрігерден кеңес алу қажет.
Вобилон препаратын эфавирензбен бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды.
Педиатрияда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға қатысты деректер жоқ, сондықтан препаратты осы жас тобында қабылдамаған жөн.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсеріне зерттеулер жүргізілмеген.
Жүктілік
Гинкго билоба жапырақтарының экстрактісін қолданған кезде тромбоциттердің агрегация үдерісі бұзылуы мүмкін, бұл арада қан кетуге бейімділік артуы ықтимал. Жүктілік кезінде әйелдерде Вобилон препаратын қолдануға болмайды.
Бала емізу
Гинкго билоба жапырақтары экстрактісінің метаболиттері адамдағы емшек сүтімен бөлінетін-бөлінбейтіні белгісіз. Емшек еметін балалар, оның ішінде жаңа туған нәрестелер үшін қаупін жоққа шығаруға болмайды. Емшек емізу кезеңінде әйелдерде Вобилон препаратын қолдану ұсынылмайды (деректер шектеулі).
Фертильділік/ ұрпақ өрбіту функциясы
Гинкго билоба жапырақтары экстрактісінің адамның фертильділігіне әсеріне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Гинкго билоба жапырақтарының экстрактісі ұрғашы тышқандардың фертильділігіне әсер етті. Жануарларға репродуктивті уыттылықты зерттеу деректері шектеулі.
Вобилон препаратымен бір мезгілде қолданған кезде антикоагулянттардың (мысалы, фенпрокумон және варфарин) немесе тромбозға қарсы препараттармен (мысалы, клопидогрел ацетилсалицил қышқылы (АСҚ) және басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілердің (ҚҚСД) әсері күшеюі мүмкін.
Қазіргі уақытта қол жетімді деректер варфарин мен құрамында гинкго билоба жапырақтарының экстрактісі бар препараттар арасында өзара әрекеттесудің болмайтынын айғақтайды, дегенмен біріктірілген емнің бастапқы кезеңінде дозаны өзгерту, гинкго билоба жапырақтарының экстрактісі бар препаратты қолдануды тоқтату немесе басқамен ауыстыру кезінде пациенттерге тиісті мониторинг жүргізу ұсынылады.
Талинололмен бірге қолданудың зерттеулерінің нәтижелері гинкго билоба жапырақтарының экстрактісі асқазан-ішек жолындағы Р-гликопротеинге тежегіш әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді. Осыған байланысты ас қорыту жолындағы Р-гликопротеиннің субстраты болып табылатын дабигатран этексилаты сияқты препараттардың әсері күшеюі мүмкін. Вобилон және дабигатран препараттарын бір мезгілде қолданған кезде сақ болу керек.
Гинкго билоба жапырақтарының экстрактісімен бірге қолданған кезде қандағы нифедипиннің ең жоғары концентрациясы жоғарылауы мүмкін (кейбір жағдайларда 100% дейін), бұл бас айналудың дамуымен және қан кернеулерінің ауырлығының артуымен бірге жүреді.
Вобилон препаратын эфавирензбен біріктірілімде қолдану ұсынылмайды, өйткені гинкго билоба жапырақтарының экстрактісі CYP3A4 белсенділігін арттыруы мүмкін және қан плазмасындағы эфавиренздің концентрациясы төмендеуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Ылғалдан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.