Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые кишечнорастворимой оболочкой
Саудалық атауы
Вобэнзим плюс
Әсер етуші зат
Трипсин в комбинации с другими препаратами
Мақсаты
Жарақаттанудан кейінгі және операциядан кейінгі ісінгіштік
Өндіруші
Мукос Эмульсионс ГмбХ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір Вобэнзим плюс таблеткасының құрамында
белсенді заттар - бромелаин 450 F.I.P.-ӘБ,
- трипсин 1440 F.I.P.-ӘБ (24 μkat),
- 100 мг рутозид тригидраты бар.
қосымша заттар - таблетка ядросы: лактоза моногидраты, желатинденген крахмал, магний стеараты, стеарин қышқылы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк; қабық: макрогол 6000, метакрил қышқылы – метил метилакрилат кополимері (1:1), тальк, триэтил цитрат, ванилин
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес және тегіс беткейлі сарғыштау-жасыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Вобэнзим плюс демеуші ем ретінде ересектерге келесі жай-күйлерде тағайындалады:
- жарақаттанудан кейінгі және операциядан кейінгі ісінгіштік
- несеп шығару жолдарының және вена жүйесінің қабынуы сияқты қабыну аурулары
- қабынулы ревматизм аурулары: ревматоидты артрит, жұмсақ тіндер ревматизмі, буындар мен омыртқаның дегенерация-дистрофиялық ауруларының қабынумен белсенуі
ATX коды M09AB52.
Әсер ету механизмі
Қабынуға қарсы және ісінуге қарсы әсері
Вобэнзим плюс немесе оның құрамындағы ферменттер, яғни бромелаин және трипсин қабыну тегіндегі ісінулерді де, жарақатпен немесе хирургиялық емшаралармен байланысты ісінуге бейімділікті азайтады. Ферменттер фибрин мен басқа макромолекулалық заттарды және жедел қабыну кезінде интерстициядағы қаннан пайда болатын және өтетін қабыну медиаторларын (брадикинин сияқты) ыдыратуға көмектеседі. Бұзылуға ұшыраған микроайналымның қалпына келетіндіктен және қанның реологиялық қасиеттері жақсаратындықтан, бір мезгілде болатындықтан, қан және лимфа жүйесінің ыдырау өнімдерінің шығарылуы кепілденген.
Фибринолиздік және тромболитикалық әсері, қанның реологиялық қасиеттеріне ықпалы
Вобэнзим плюс немесе оның құрамындағы ферменттер плазминогенді, деполимеризацияны белсендіру арқылы фибринолиз белсенуін және фибрин желісі ретіндегі өзгерістерді туындатады. Олар микротромбтарды ерітеді және қанның реологиялық қасиеттерін және қан ағымын жақсарта отырып, қан тұтқырлығын азайтады. Олар тромбоциттер агрегациясын азайтады және эритроциттер икемділігін арттырады.
Иммуномодуляциялау әсері
Көп жасалған тәжірибелер Вобэнзим плюс құрамындағы ферменттердің кейбір иммуноциттердің (макрофагтар, гранулоциттер, НК жасушалар, Т-лимфоциттер) функциясын қолайлы түрлендіретін қабілетін көріністеді. Олар, мысалы, фагоциттік және цитолиздік белсенділігін арттырады, белгілі бір цитокиндердің (ІНФ-альфа, ИЛ1- бета, ИЛ6) және оттегі радикалдарының (іn vitro, ех vivo) өндірілуін туындатады.
Кейбір цитокиндердің (мысалы, ІНФ-альфа, ТФР-бета) физиологиялық емес жоғары деңгейлерінде Вобэнзим плюс құрамындағы ферменттер олардың деңгейлерінің және қолайсыз әсерлерінің (қабындыратын, кахексиялық, фиброздық әсері) төмендеуіне ықпал етеді.
Вобэнзим плюс құрамында болатын ферменттер де жасушалық беткей адгезиясының кейбір молекулаларының (мысалы, СТ, CD44, Ю-1) экспрессиясына таңдамалы ықпал етеді.
Патогенді иммундық кешендер бірқатар иммунопатологиялық үдерістерде орталық рөл атқарады. Иммундық кешендердің жоғары концентрациялары, өзгелерінің арасында, фагоциттер әсерінің бөгеттелуіне әкеледі.
Біріктірілген ферменттік өнімдер гидролитикалық белсенділіктің артуы және фагоцитоз тиімділігінің көтермеленуі есебінен иммундық кешендердің тазаруын жақсартуы мүмкін.
Өткізілген тәжірибелер протеиназаның айналымда жүрген, топтастырылған және тіндерге бекітілген иммундық кешендерді ыдырататынын, сондай-ақ патогенді иммундық кешендердің дамуын бөгейтінін көріністейді.
Салдарлы ауыруды басу әсері
Вобэнзим плюс құрамындағы ферменттер жедел қабыну реакциясы туғызған ауырудың себептік факторларына қатысты белсенді әрекет ететіндіктен, олар ауыруды басу әсерін көрсетуі мүмкін. Олар ауырсыну нейромедиаторларын ыдыратады, онкотикалық қысымды және тіндер тонусын азайтады, сондай-ақ қанның реологиялық қасиеттерін арттырады. Бұл қан ағымының жақсаруына, уытты зат алмасу өнімдерінің шығарылуына және тіндердің оттегімен жақсы жабдықталуына ықпал етеді.
Протеиназалардың жоғарыда көрсетілген әсерлері рутинмен толықтырылады және күшейтіледі. Рутиннің қабынуға қарсы әсер иеленетіні, капиллярлар өткізгіштігін төмендететіні, сондай-ақ қан құйылуды шектейтіні көріністелді. Рутин бос радикалдардың қуатты қармағышы ретінде де пайдаланылады.
Дозалау режимі
Дәрігермен кеңесуден кейін ғана қабылдау курсын және препарат дозаларын өзгертуге болады.
Ересектер: ұсынылатын дозасы күніне 6 таблетка құрайды (2 таблеткадан күніне 3 рет). Ерекше жағдайларда (аурудың жедел фазасы, жедел қабыну, ісінгіштікті, гематома мен контузияны тез басуды талап ететін жарақаттанудан кейінгі немесе операциядан кейінгі жай-күй) дозаны асырмай, 2-3 күннен аспайтын уақытша негізде күніне 12 таблеткаға дейін (күніне 4 рет 3 таблеткадан немесе күніне 3 рет 4 таблеткадан) қабылдауға болады.
Таблеткаларды аш қарынға қабылдау (яғни, ас ішуден, кем дегенде, 30 минут бұрын және ас ішуден кейін, кем дегенде, 90 минут өткен соң) және жеткілікті сұйықтық мөлшерімен (кем дегенде, 1/4 литр = 250 мл) ішу керек.
Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаларды шайнауға, бөлуге немесе ұсақтауға болмайды, өйткені қабық қабаты таблетканы асқазандағы қышқыл рН әсерінен болатын деградациядан қорғайды.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдау үшін.
Емдеу ұзақтығы
Емдеуді симптомдар басылғанша жалғастыру қажет. Медициналық қызметкермен кеңесіп алмай, препаратты 14 күннен көп қабылдау ұсынылмайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Жоспарлы қабылдаудағы өткізіп алу кезінде препаратты ұсынылатын дозасында қысқа мерзімде қабылдау қажет. Алайда, егер қабылдау уақыты келесі дозаны қабылдау уақытымен сәйкес келсе, өткізіп алған дозаны өткізіп жіберу және Вобэнзим плюсті әдеттегі кесте бойынша қабылдауды жалғастыру керек.
- әсер етуші заттарға немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде тізбеленген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- қан ұюының ауыр туа біткен немесе жүре пайда болған бұзылулары (мысалы: гемофилия, бауырдың жедел жеткіліксіздігі, гемодиализ жүргізу) - жүктілік және бала емізу кезеңі
- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Вобэнзим плюс бәрінен жиірек асқазан-ішек жағымсыз реакцияларын және аса жоғары сезімталдық реакцияларын туғызады. Осы жағымсыз реакциялардың көпшілігі мардымсыз және емдеуді тоқтатқанда басылады. Дозаны азайту кезінде басылатын нәжіс консистенциясы, түсі және иісінің уақытша өзгерістері де байқалды.
Жиі емес
- диарея*
- құсу*
- нәжіс бұзылулары
- метеоризм
Сирек
- жүрек айну*
- гипергидроз (қатты тер бөлінісі)
- аллергиялық дерматит (бөртпе, эритема, қышыну)
- жай-күй нашарлауы
- аса жоғары сезімталдық
Жиілігі белгісіз
- диспепсия*
- іштің ауыруы*
- іштің кебуі
- іштің жайсыздануы
- шеткері ісінулер
- астения
- ашығу сезімі
- тәбет төмендеуі
- дімкәстану
- бас ауыру
- бас айналу
- қан кернеулер
- меноррагия
- метроррагия
* Осы жағымсыз құбылыстар лактазалық жеткіліксіздік белгісі болуы мүмкін.
Сирек аллергиялық реакциялар препаратты қабылдауды тоқтатудан кейін басылады. Олар пайда болғанда препаратпен емдеуді тоқтатыңыз және дәрігерге қаралыңыз.
Егер препаратты ас ішу кезінде қабылдамаса, ал тәуліктік дозаны екеуден көп реттік қабылдауға бөлсе, диарея мен іштің ауыруы сияқты асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз реакциялардың алдын алуға болады. Бұл реакциялар, әдетте, емдеуді тоқтатудан кейін 24 сағат ішінде басылады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда, дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және
фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препаратты қабылдауды тоқтатудан кейін басылатын болжамды мардымсыз диареяны қоспағанда, препаратты көп дозаларда ұзақ мерзімді қолдану кезінде уытты әсер етуінің қандай да бір жағдайлары жөнінде хабарламалар жоқ.
Қосымша парақты сақтаңыз. Сізге оны тағы бір рет оқып шығу қажет болуы мүмкін.
Егер Сізде қосымша сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке қаралыңыз.
Егер Сізде қандай да бір жағымсыз реакциялар туындаса, емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз. Осы нұсқау кез келген болуы мүмкін, оның ішінде «Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы» бөлімінде атап көрсетілмеген жағымсыз реакцияларға қатысты болады.
Арнайы сақтандырулар
Кейде, препаратты қабылдау басталған соң созылмалы аурулар кезіндегі өршу симптомдары туындауы мүмкін. Ондай жағдайда қабылдау дозасын уақытша азайту мүмкіндігін қарастыру керек және дәрігерге қаралу керек. Хирургиялық араласу алдында препараттың жұмсақ фибринолиздік белсенділігін ескеру және пациентті тиісті үлгіде қадағалау керек.
Инфекциялық үдерістер жағдайында Вобэнзим плюс антибиотиктермен емдеуді алмастырмайды, бірақ ем тиімділігін артттырады.
Вобэнзим плюс қабылдау жеміс компоненттеріне, мысалы, ананасқа аллергиялық реакциялары бар пациенттерде жағымсыз реакциялар туғызуы мүмкін.
Сирек аллергиялық реакциялар препаратты қабылдауды тоқтатудан кейін басылады.
Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактозалық мальабсорбциясы бар пациенттер Вобэнзим плюс қабылдамауы тиіс. Дәрілік препарат құрамында, көп дегенде, 141.90 мг лактоза моногидраты бар, лактоза мөлшері фермент мөлшерінің стандартталуына қарай түрленеді.
Қант диабетінен зардап шегетін пациенттер препараттың әр таблеткасының құрамында 0.015 нан бірлігі (бір таблеткадағы көмірсу мөлшері = 4.65 ккал = 19.5кДж) бар екенін ескеру керек.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес.
Педиатрияда қолдану
Вобэнзим плюсті балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Деректер қолжетімсіз.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Вобэнзим плюс көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе тым мардымсыз әсер етеді.
Жүктілік
Вобэнзим плюсті жүкті әйелдерде қолдану деректері шектеулі немесе жоқ. Жануарларға жүргізілген тұқым өрбіту қабілетіне уыттылығының зерттеулері жеткіліксіз. Вобэнзим плюсті жүктілік уақытында қолдануға кеңес берілмейді.
Бала емізу
Әсер етуші заттар/метаболиттердің ана сүтіне бөлінуі туралы ақпарат жеткіліксіз, осыған байланысты, сәбилер үшін қаупі жоққа шығарылмайды.
Сәби үшін емізудің пайдасын және ана үшін емнің пайдасын ескере отырып, бала емізуді тоқтату немесе Вобэнзим плюс емін тоқтату/тоқтата тұру шешімін қабылдау қажет.
Ұрпақ өрбіту функциясы
Адамның ұрпақ өрбіту функциясына әсер ету деректері жоқ.
Басқа дәрілік заттармен үйлеспеушілік жағдайлары білінбеді. Вобэнзим плюспен бір мезгілде қабылдағанда қандағы антибиотиктер мен химиялық ем заттары мөлшерінің жоғарылауы жөнінде деректер бар.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 15°С-ден 25°C-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.