Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Леденцы
Саудалық атауы
Вокасепт апельсин
Әсер етуші зат
---
Мақсаты
Тамақтың ауыруы, қызаруы немесе ісінуі сияқты өзіне тән симптомдары бар жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуын демеуші емдеу
Өндіруші
Makson Healthcare Pvt. Ltd.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мұз кәмпит құрамында:
белсенді заттар: амилметакрезол 0,600 мг
2,4-дихлорбензил спирті 1,200 мг
қосымша заттар: левоментол, сукроза, сұйық глюкоза, сусыз лимон қышқылы, тәтті апельсин майы, күн батар түстес сары бояғыш (Е 110), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, беті тегіс, қызғылт сары түсті, ойығы бар мұз кәмпиттер.
Дәрілік препарат (ДП) ересектерде қолдануға арналған:
-тамақтың ауыруы, қызаруы немесе ісінуі сияқты өзіне тән симптомдары бар жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуын демеуші емдеу.
Әсер ету механизмі
2,4-дихлорбензил және амилметакрезол спиртінің әсер ету механизмі микробтық және зеңдік жасушалары ақуыздарының коагуляциясымен, сондай-ақ жасуша жарғақшаларының липидтерімен өзара әрекеттесуімен байланысты, бұл қоздырғыштарға қарсы тиімділікті анықтайды.
Фармакодинамикалық әсерлері
2,4-дихлорбензил спирті бензолдың, антисептиктің туындысы болып табылады. Амилметакрезол - фенолдың туындысы, антисептик. Препарат инфекциялық-қабыну ауруларында антисептикалық әсер етеді, грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің кең спектріне қатысты белсенді, антимикоздық (зеңге қарсы) және вирусқа қарсы әсер етеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Препарат ауыз қуысының шырышты қабығына жұмсартушы әсер етеді және тамақтың тітіркенуі мен ауырсынуын, оның ішінде жұту және сөйлеу кезінде азайтады.
Дозалау режимі
Препаратты симптомдарды бақылау үшін қажетті ең аз мерзім ішінде ең аз тиімді дозада қабылдау керек.
Ересектер
Бір мұз кәмпитті әр 2-3 сағат сайын баяу сору керек. Тәуліктік доза 8 мұз кәмпиттен аспауы тиіс.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Вокасепт апельсин мұз кәмпиттерін 18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы адамдарда дозаны төмендету қажеттілігі жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді қолдануға арналған. Мұз кәмпитті ауызда баяу еріту керек. Барлық мұз кәмпиттерімен сияқты, ауыз қуысының шырышты қабығын тітіркендірмеу үшін, сорған кезде мұз кәмпитті аузыңызда жылжытыңыз.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (препараттың құрамында күн батар түстес сары (Е110) бояғышының болуына байланысты))
Жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін)
- аса жоғары сезімталдық
- тері бөртпесі
Өте сирек (<1/10 000)
- диспепсия
- жүрек айнуы
Белгісіз (жиілік бағаланған қолда бар деректер негізінде жоғарылайды)
- іштің ауыруы
- ауыз қуысындағы жағымсыз сезімдер
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Ауыз қуысындағы жағымсыз сезімдер тамақтың тітіркенуімен, ауыз қуысының парестезиясымен, ауыз қуысының шырышты қабығының ісінуімен және глоссодиниямен көрінуі мүмкін. Аса жоғары сезімталдық реакциялары әдетте препаратты қолдануды тоқтатқаннан кейін тез өтеді.
Күтілетін дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдар: асқазан-ішек жолы тарапынан жайсыздық.
Емі: симптоматикалық ем.
Бактерияға қарсы емнің тағайындау қажеттілігі негізінен бактериялық инфекциялардың болуына байланысты.
Зеңдік инфекция болған кезде қолайлы зеңге қарсы заттармен емдеу қажет. Мұз кәмпиттерді 18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.
Фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты сирек туа біткен синдромдары бар пациенттерге Вокасепт апельсин мұз кәмпиттерін қабылдауға болмайды.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе маңызды емес әсер етеді.
Жүктілік және бала емізу кезеңінде препаратты қолдану қауіпсіздігі бойынша деректер жоқ, сондықтан препаратты қолдану ана үшін болжамды пайдасы бала үшін қауіптен асып кеткен жағдайда ғана мүмкін болады.
Белсенді заттардың фертильділікке әсері туралы мәліметтер жоқ.
Клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер туралы белгісіз.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.