Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Леденцы
Саудалық атауы
Вокасепт бал және лимон
Әсер етуші зат
---
Мақсаты
Тамақтың ауыруы, қызаруы немесе ісінуі сияқты өзіне тән симптомдары бар жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуын демеуші емдеу
Өндіруші
Makson Healthcare Pvt. Ltd.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мұз кәмпит құрамында:
белсенді заттар: амилметакрезол 0,600 мг
2,4-дихлорбензил спирті 1,200 мг
қосымша заттар: левоментол, сукроза, сұйық глюкоза, бал хош иістендіргіші RFF 50801, лимон хош иістендіргіші RFF 51203, карамель бояғышы (Е 150d).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, беті тегіс, қоңыр-сары түсті, ойығы бар мұз кәмпиттер
Дәрілік препарат (ДП) ересектер мен 6 жастан бастап балаларда қолдануға арналған:
• тамақтың ауыруы, қызаруы немесе ісінуі сияқты өзіне тән симптомдары бар жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуын демеуші емдеу.
Әсер ету механизмі
2,4-дихлорбензил және амилметакрезол спиртінің әсер ету механизмі микробтық және зеңдік жасушалары ақуыздарының коагуляциясымен, сондай-ақ жасуша жарғақшаларының липидтерімен өзара әрекеттесуімен байланысты, бұл қоздырғыштарға қарсы тиімділікті анықтайды.
Фармакодинамикалық әсерлері
2,4-дихлорбензил спирті бензолдың, антисептиктің туындысы болып табылады. Амилметакрезол - фенолдың туындысы, антисептик. Препарат инфекциялық-қабыну ауруларында антисептикалық әсер етеді, грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің кең спектріне қатысты белсенді, антимикоздық (зеңге қарсы) және вирусқа қарсы әсер етеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Препарат ауыз қуысының шырышты қабығына жұмсартушы әсер етеді және тамақтың тітіркенуі мен ауырсынуын, оның ішінде жұту және сөйлеу кезінде азайтады.
Препарат сору басталғаннан кейін 5 тамақ ауыруының қарқындылығын төмендетеді. Ауыруды басатын әсер 2 сағатқа дейін созылады.
Плацебомен салыстырғанда айқын ауыруды басатын әсер препаратты 3 күн бойы курстық қолданғанда байқалады.
Дозалау режимі
Препаратты симптомдарды бақылау үшін қажетті ең аз мерзім ішінде ең аз тиімді дозада қабылдау керек.
Ересектер
Бір мұз кәмпитті әр 2-3 сағат сайын баяу сору керек. Тәуліктік доза 8 мұз кәмпиттен аспауы тиіс.
Пациенттердің ерекше топтары
6 жасқа дейінгі балалар
Доза ересектердегідей.
6 жасқа дейінгі балалар
Мұз кәмпиттерді 6 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы адамдарда дозаны төмендету қажеттілігі жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді қолдану үшін. Мұз кәмпитті ауызда баяу сору керек.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- аса жоғары сезімталдық реакциялары ab1
- глоссодиния ab, ауыз қуысындағы жағымсыз сезімдерab
a2, 4-дихлорбензил спирті, b амилметакрезол
1Бет, мойын, тамақ немесе тілдің ісінуін құрайтын, бөртпе, есекжем және ангионевроздық ісіну сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары тыныс алуға әсер етуі мүмкін.
Күтілетін дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдар: асқазан-ішек жолы тарапынан жайсыздық.
Емі: симптоматикалық ем.
Мұз кәмпиттерді 6 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.
Тамақтың ауыруы 3 күннен артық болған кезде немесе қатар жүретін бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу кезінде дәрігермен кеңесу қажет.
Фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты сирек туа біткен синдромдары бар пациенттерге вокасепт бал және лимон мұз кәмпиттерін қабылдауға болмайды.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
6 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе маңызды емес әсер етеді.
Жүктілік және бала емізу кезеңінде препаратты қолдану қауіпсіздігі бойынша деректер жоқ, сондықтан препаратты қолдану ана үшін болжамды пайдасы шарана мен бала үшін қауіптен асып кеткен жағдайда ғана мүмкін болады.
Белсенді заттардың фертильділікке әсері туралы мәліметтер жоқ.
Клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер туралы белгісіз.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.