Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
5 мг
Саудалық атауы
ВОЛВИТ®
Әсер етуші зат
Биотин
Мақсаты
Биотин тапшылығына байланысты аурулардың емі және профилактикасы: тері, тырнақ, шаш аурулары
Өндіруші
Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 5 мг биотин,
қосымша заттар: целлактоза 80, натрий лаурилсульфаты, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы,
қабық құрамы: Opadry II 85 G 54348 Қызғылт (поливинил спирті, тальк, макрогол/PEG 3350, лецитин, понсо 4R алюминий лагы (Е 124), титанның қостотығы (Е 171), хинолинді сары алюминий лагы (Е 104).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
- биотин тапшылығына байланысты аурулардың емі және профилактикасы: тері, тырнақ, шаш аурулары
- биотинмен астасқан (карбоксилазаның көптеген жеткіліксіздігі) генетикамен байланысты энзимопатияның емі.
Биотин (Н дәрумені, В7 дәрумені) В тобының суда еритін дәрумені болып табылады. Биотин организмде көмірсулар, майлар, ақуыздар алмасуында маңызды рөл атқарады және жасушалардың қалыпты өсуі мен дамуы үшін өмірлік қажеттілік болып табылады. Организмге түскен биотин карбоксилазалардың коферменті ретінде қызмет етеді, инсулинге ұқсас әсер береді, глюконеогенез үдерісіне қатысады (глюкокиназа синтезіне қатысуына байланысты), соның әсерінен қандағы қант деңгейін тұрақтандыруға әрекет етіп, жүйке жүйесі функциясын жақсартады. Биотин В тобындағы басқа дәрумендердің: фолий қышқылы, пантотен қышқылы, цианокобаламиннің синергисі болып табылады. Биотиннің пуринді нуклеотидтер синтезіне қатысатыны туралы деректер бар. Биотин ақуыз – коллаген синтезіне қатысатын күкірт көзі болып табылады, осылайша тері және оның қосалқыларының құрылымына (шаш, тырнақтар) оң әсер етеді.
Биотин адам организміне тамақ өнімдерінен түседі, сондай-ақ ішек микрофлорасымен синтезделеді.
Дозалау режимі
Биотин тапшылығын (тырнақ, шаш, тері аурулары) емдеуде ересектер үшін ұсынылатын доза тәулігіне 5 мг-ден 10 мг-ға дейін биотин (тәулігіне 1-2 таблетка) 4 апта бойына.
Биотинмен астасқан (карбоксилазаның көптеген жеткіліксіздігі) генетикаға байланысты энзимопатияны емдеуде биотинді тәулігіне 20 мг дейін тағайындайды. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың сипаты мен ағымына байланысты.
Қолдану әдісі мен жолы
Таблеткаларды тамақтануға дейін, шайнамай, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішу керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Таблеткаларды әрқашан тура дәрігер немесе дәріхана қызметкері түсіндіргендей етіп қабылдаңыз. Егер сіз бір нәрсеге сенімсіз болсаңыз, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
- биотинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар.
Сирек
- кеуденің ауыруы
- ентігу
- тері бөртпелері түріндегі аллергиялық реакциялар, есекжем
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
ВОЛВИТ® артық дозалануының жағдайлары үлкен дозаларды қолданған кезде де байқалған жоқ.
Препарат құрамында аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін понсо 4R (Е124) бар.
Арнайы ескертулер
Биотин/стрептавидиннің өзара әрекеттесуіне негізделген биотин зертханалық зерттеулерге әсер етуі мүмкін, бұл талдау әдісіне байланысты нәтижелердің жалған төмендеуіне немесе жалған артуына әкеледі. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде жағымсыз әсерлерді арттыру қаупі бар.
Зертханалық зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялау кезінде, әсіресе клиникалық көріністе сәйкессіздік байқалса (мысалы, биотин қабылдаған, бұл аурудың симптомдары жоқ пациенттердегі Грейвс ауруын көрсететін қалқанша безінің зерттеу нәтижелері немесе биотин қабылдаған миокард инфарктісі бар пациенттердегі тропониндік тесттің жалған теріс нәтижелері) биотиннің ықтимал әсерін ескеру қажет. Егер мұндай әсерге күдік болса, биотиннің әсеріне сезімтал емес басқа тест жүргізілуі керек. Егер биотин алатын пациенттерге зертханалық тесттер тағайындалса, бұл туралы зертхана қызметкерлері кеңесіне жүгіну керек.
Дәрігер тағайындаған емнің ұзақтығын бұзуға болмайды. Үзілісті немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған емдеу жағдайында препараттың әсері төмендеуі мүмкін. Биотиннің жағымдылығы жақсы болғандықтан емді ұзақ мерзімге созуға болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Қазіргі уақытта автомобиль мен машиналарды жүргізу қабілетіне әсері туралы белгісіз.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
ВОЛВИТ® препаратымен құрысуға қарсы препараттарды бірге қолдану кезінде қан плазмасындағы биотин концентрациясын оның несеппен шығарылуын ұлғайту есебінен төмендетуге болады. Вальпрой қышқылы бауырдағы митохондрий функциясын төмендете отырып, биотинидазалар белсенділігін төмендетеді.
Шикі жұмыртқаның ақуызында биотинмен өзара әрекеттесетін авидин протеині бар, сондықтан оларды бір мезгілде тұтынуды болдырмаған жөн. Шикі жұмыртқаны көп мөлшерін 2-3 апта бойы пайдалану биотин тапшылығын туғызуы мүмкін.
Пантотен қышқылы үлкен дозаларда биотинмен бәсекелеседі, сондықтан оларды бір мезгілде қолдануға болмайды.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.