Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Медицинский пластырь
Дозасы
140 мг
Саудалық атауы
Вольтарен бұласыр
Әсер етуші зат
Диклофенак
Мақсаты
Спорттық жарақаттар сияқты бітеу жарақаттан кейін аяқ-қолдың қатты созылуы, шығып кетуі немесе соғылулар кезінде ауырсынуды жергілікті симптоматикалық және қысқа мерзімді емдеу
Өндіруші
Fidia farmaceutici S.p.A
Ел
Италия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 бұласырдың құрамында
белсенді зат – 140 мг натрий диклофенагы
қосымша заттар:
Бұласырдың негізі: тоқылмаған 100% полиэстер
Адгезивтік қабат:
- полиакрилатты дисперсия (Eudragit® NE 40 D)
- трибутилцитрат
- бутилгидроксианизол
Қорғаныш қабаты: моно-силиконмен қапталған қағаз
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Силиконды қағаз үлбірден (қорғаныш төсемесі) және ақ тоқылмаған материалдан жасалған төсемеге салынған желімді үлбірден тұратын ақ бұласыр.
Спорттық жарақаттар сияқты бітеу жарақаттан кейін аяқ-қолдың қатты созылуы, шығып кетуі немесе соғылулар кезінде ауырсынуды жергілікті симптоматикалық және қысқа мерзімді емдеу
Буын және бұлшықет ауыруында жергілікті қолдануға арналған препараттар. Жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Диклофенак.
АТХ коды: М02АА15
Диклофенак ауырсынуды басатын, қабынуға қарсы және ыстықты түсіретін айқын әсері бар қабынуға қарсы стероидты емес препарат (ҚҚСП). Простагландин биосинтезінің диклофенакпен расталған тежелуі оның әсер ету механизмінің маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Диклофенак қабынудан туындаған ауырсынуды, ісінуді және қызбаны азайтады. Сонымен қатар, диклофенак АДФ-(аденозин-5'-дифосфат) және коллагеннен туындаған тромбоциттер агрегациясын қайтымды түрде тежейді.
Дозалау режимі
Ересектер, жасөспірімдер және 16 жастан асқан балалар: 1 бұласыр ауыратын аймақтың терісіне күніне 1 рет жабыстырылады.
Бір тәулік ішінде бірнеше аймақты емдеу қажет болса да, тек 1 бұласырды қолдануға рұқсат етіледі. Осыған байланысты бір уақыт аралығында тек бір ауырған аймақты емдеуге болады.
16 жасқа дейінгі балалар
Вольтарен бұласырдың қауіпсіздігі мен тиімділігі 16 жасқа дейінгі балаларда қазіргі уақытта анықталмаған.
65 жастан асқан пациенттер
Ересектер үшін әдеттегі тәуліктік дозаны - сақтықпен қолдануға болады.
Бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер
Ересектер үшін әдеттегі тәуліктік дозаны - сақтықпен қолдануға болады.
Қолдану тәсілі
Сыртқа қолдануға арналған.
Шомылу немесе душ қабылдау кезінде пайдалануға болмайды.
Медициналық бұласырды кесуге болмайды.
Қажет болса, бұласырды бекіту үшін созылмалы түтікшелі таңғышты пайдалануға болады.
Медициналық бұласырды окклюзиялық таңғышпен бірге қолдануға болмайды.
Вольтарен бұласырды симптомдарды емдеу үшін мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде пайдалану керек. Дәрігердің кеңесінсіз 7 күннен артық пайдалануға болмайды. Ұзақ мерзімді пайдаланудың емдік пайдасы дәлелденбеген.
- белсенді затқа немесе 6.1-бөлімде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық;
- ацетилсалицил қышқылына немесе қабынуға қарсы басқа стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) жоғары сезімталдық;
- анамнезінде ацетилсалицил қышқылынан немесе қабынуға қарсы басқа стероидты емес препараттардан (ҚҚСП) туындаған демікпе, тері бөртпесі немесе жедел ринит ұстамаларының болуы;
- өршу сатысындағы ойық жара ауруы;
- терінің кез-келген түрінің зақымдануы: экссудативті дерматит, экзема, инфекция жұққан жарақаттар, күйіктер немесе жаралар;
- жүктіліктің үшінші триместрі;
- 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Жиі
- тері бөртпесі, экзема, эритема, дерматит (аллергиялық және жанаспалы дерматитті қоса), қышыну, қолдану орнында ашыту
- қолдану орнындағы реакциялар
Сирек
- буллезді дерматит (мысалы, буллезді эритема), терінің құрғауы
Өте сирек
- терідегі іріңді бөртпе
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (есекжемді қоса), ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық реакциялар
- демікпе
- фотосенсибилизация реакциялары
Ішке қабылдауға арналған диклофенак препараттарымен салыстырғанда, бұласырды қолданған кезде жүйелік жағымсыз әсерлердің (мысалы, асқазан, бауыр және бүйрек проблемалары, жүйелік аса жоғары сезімталдық реакциялары) пайда болу ықтималдығы өте төмен.
Егер Вольтарен бұласыр дененің үлкен бөліктеріне және ұзақ уақыт бойы қолданылса, онда жүйелік жағымсыз әсерлердің пайда болуын жоққа шығаруға болмайды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Құрамында диклофенак бар бұласырдың артық дозалануы туралы хабарламалар жоқ.
Егер дұрыс пайдаланбау немесе кездейсоқ артық дозаланғанда (мысалы, балаларда) ауыр жүйелік жағымсыз реакциялар пайда болса, ҚҚСП-мен улану кезіндегідей шараларды қолдану керек.
Қажеттілігі болған жағдайда дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну ұсынылады
Медициналық бұласыр көзге немесе шырышты қабаттарға тиіп кетпеуі керек, сонымен қатар оларға қолданылмауы керек.
Жағымсыз реакцияларды симптомдарды жою үшін қажет ең қысқа уақыт ішінде ең төменгі тиімді дозаны қолдану арқылы азайтуға болады (4.2 бөлімін қараңыз).
Бронх түйілуі бронх демікпесі немесе анамнезде аллергиясы бар пациенттерде пайда болуы мүмкін.
Егер бұласырды қолданғаннан кейін тері бөртпесі пайда болса, емдеуді дереу тоқтату керек.
Фотосезімталдық реакциясының қаупін азайту мақсатында медициналық бұласырды алып тастағаннан кейін солярийде тікелей күн сәулесінің немесе ультракүлгін сәулеленудің әсерінен аулақ болу керек.
Құрамында диклофенак бар бұласырларды пайдаланған кезде жүйелі жағымсыз реакциялардың пайда болуын, егер препарат терінің үлкен аймақтарына және ұзақ уақыт бойы қолданылса, жоққа шығаруға болмайды.
Жүйелік жағымсыз реакциялар елеусіз болады деп күтілсе де, бүйрек, жүрек немесе бауыр қызметі бұзылған және асқазанның ойық жарасы, ішектің қабынуы немесе анамнезде геморрагиялық диатезі бар пациенттерде медициналық бұласырды сақтықпен қолдану керек.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды егде жастағы пациенттерде сақтықпен пайдалану керек, өйткені жағымсыз реакциялардың ықтималдығы жоғары.
Құрамында диклофенак немесе қабынуға қарсы басқа стероидты емес препараттар (ҚҚСП) бар басқа препараттармен бір мезгілде (жергілікті немесе жүйелі емес) қолдануға болмайды.
Бутилгидроксианизол (E320) терінің жергілікті шектеулі тітіркенуін (мысалы, жанаспалы дерматиті), сондай-ақ көздің және шырышты қабықтың тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Вольтарен бұласырдың қауіпсіздігі мен тиімділігі 16 жасқа дейінгі балаларда қазіргі уақытта анықталмаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік: жергілікті қолданудан кейінгі диклофенактың жүйелік концентрациясы пероральді дәрілік түрлерімен салыстырғанда төмен. Жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде диклофенак өте қажет болған жағдайда ғана қолданылуы керек. Егер диклофенакты жүкті болғысы келетін әйел қабылдаса немесе жүктіліктің бірінші немесе екінші триместрінде қолданылса, доза мүмкіндігінше төмен болуы керек және емдеу ұзақтығы мүмкіндігінше қысқа болуы керек.
Диклофенакты жүктіліктің үшінші триместрінде қолдануға болмайды.
Лактация: диклофенак емшек сүтіне аз мөлшерде енеді. Алайда, құрамында диклофенак бар бұласырдың емдік дозаларын қолданғанда, емшек сүтімен қоректенетін бала үшін теріс әсер күтілмейді.
Вольтарен бұласырды лактация кезеңінде дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдану керек. Мұндай жағдайларда медициналық бұласыр бала емізетін аналардың кеудесіне немесе басқа жолмен терінің үлкен бөліктеріне немесе ұзақ уақытқа қолдануға болмайды.
Медициналық бұласырды жергілікті қолданғанда диклофенактың жүйелі сіңуі өте төмен болғандықтан, өзара әрекеттесудің пайда болуы екіталай.
Плазма ақуыздарына жоғары жақындығы бар басқа препараттармен қолдану диклофенактың сіңуінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Құрамында диклофенак бар басқа препараттарды немесе басқа ҚҚСП-ны бір мезгілде жергілікті немесе жүйелі қолдану ұсынылмайды.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған жерде.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.