Гоше ауруы GBA геніндегі мутациялардан туындайтын аутосомалық-рецессивті ауру болып табылады, бұл лизосомалық фермент бета-глюкоцереброзидазаның тапшылығына алып келеді. Бұл ферменттік тапшылық негізінен макрофагтарда глюкоцереброзидтің жиналуын тудырады, нәтижесінде көбікті жасушалардың немесе «Гоше жасушаларының» пайда болуына әкеледі. Бұл лизосомалық жинақталу бұзылысында (LSD) клиникалық белгілер бауырда, көкбауырда, сүйек кемігінде, қаңқада және өкпеде Гоше жасушаларының таралуын көрсетеді. Бауыр мен көкбауырда глюкоцереброзидтің жиналуы гепато - және спленомегалияға әкеледі. Сүйектердің зақымдануы қаңқаның ауытқуларына және деформацияларына, сондай-ақ сүйектердегі ауырсынудың күрт асқынуына әкеледі. Сүйек кемігіндегі шөгінділер және көкбауырдың секвестрленуі клиникалық маңызды анемия мен тромбоцитопенияға әкеледі.
ВРИВ препаратының әсер етуші заты велаглюцераза альфа болып табылады, ол жасушалардың адам желісінде гендік активация әдісі технологиясы бойынша өндіріледі. Велаглюцераза альфа гликопротеин болып табылады. Оның мономерінің молекулалық массасы шамамен 63 кДа, құрамында 497 аминқышқылдары бар, олардың тізбегі табиғатта адам ферментіндегі глюкоцереброзидаза бар аминқышқылдарының тізбегіне ұқсас. Онда N-гликозилденудің 5 ықтимал учаскесі бар, олардың 4-еуі бос емес. Өндірілетін велаглюцераза альфа құрамында маннозаға бай гликандар бар, олар манноза рецепторының қатысуымен фагоцитарлық нысана жасушалар арқылы ферменттің интернализациясына ықпал етеді.
Велаглюцераза альфа бета-глюкоцереброзидазаның әсерін толықтырады немесе алмастырады – лизосомаларда глюкоза мен керамидтің пайда болуымен глюкоцереброзидтің гидролизін жеделдететін, жинақталған глюкоцереброзидтің мөлшерін азайтып, Гоше ауруының патофизиологиясына жағымды әсер ететін фермент. Велаглюцераза альфаны қолдану гемоглобин концентрациясының және тромбоциттердің жалпы санының жоғарылауына, сондай-ақ 1-типті Гоше ауруы бар науқастарда бауыр мен көкбауыр көлемінің кішіреюіне әкеледі.
025EXT және 034 зерттеулерінде пациенттерге үй терапиясы ұсынылды. 025EXT зерттеуінде 10 пациенттің 7-і емдеудің 60 айы ішінде кемінде бір рет үй терапиясын алды. 034 зерттеуінде 40 пациенттің 25-і 12 айлық зерттеу барысында кем дегенде бір рет үй терапиясын алды.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Бұрын емделмеген пациенттерге жүргізілген зерттеулер
025 зерттеу бұл бұрын фермент-алмастыратын терапия (ФАТ) алмаған 12 ересек (≥18 жас) пациенттің қатысуымен 9 айлық ашық зерттеу (зерттеуге енгізілгенге дейін кемінде 12 ай бойы ФАТ алмаған ретінде айқындалады). Бастапқыда велаглюцераза альфа алғашқы 3 пациентте (15, 30, 60 ӘБ/кг) дозаның ұлғаюымен енгізілді, ал қалған 9 пациент 60 ӘБ/кг емді бастады.
Бастапқы деңгеймен салыстырғанда клиникалық тұрғыдан елеулі жақсарулар 3 айдан кейін гемоглобин концентрациясында және тромбоциттер санында, сондай-ақ 6 айдан кейін бауыр мен көкбауырдың көлемінде және велаглюцераза альфамен емдеу басталғаннан кейін 9 айдан соң да байқалды.
025 зерттеуін аяқтаған он пациент ашық кеңейтілген зерттеуге (025EXT) енгізілді, олардың 8-і зерттеуді аяқтады. Велаглюцераза альфамен 12 ай үздіксіз емнен кейін барлық пациенттер 1- типті Гоше ауруын ФАТ 4 «1 жылдық» емдік мақсатының кем дегенде 2-не қол жеткізгеннен кейін велаглюцераза альфа дозасын 60-тан 30 ӘБ/кг-ға дейін сатылап төмендету критерийлеріне сәйкес келді. Пациенттер әр екі апта сайын 84 айға (7 жыл) дейін 30-дан 60 ӘБ/ кг дейін (орташа доза 35 ӘБ/кг) доза алды. Емдеу кезінде тұрақты клиникалық белсенділік көрсетіле берді, бұған гемоглобин концентрациясының және тромбоциттер санының жақсаруы және бауыр мен көкбауыр көлемінің кішіреюі дәлел болды.
57 айға қарай 8 пациенттің 8-і МРТ бағалауы бойынша беломыртқаның сүйек кемігінің жүктеме шкаласында кемінде 2 баллға төмендеді. Z шкаласы бойынша бел омыртқа сүйектерінің және ортан жілік мойнының орташа минералды тығыздығының бастапқы деңгейімен салыстырғанда жақсару тиісінше 24-айға (0,4; 95% СА 0,1, 0,7) және 33 айға (0,4; 95% СА 0,2, 0,6) қарай байқалды. Жеті жыл емделгеннен кейін бастапқы деңгеймен салыстырғанда Z-балдарының орташа өсуі бел омыртқа үшін 0,7 (95% СА 0,4, 1,0) және ортан жілік мойны үшін 0,5 (95% СА 0,2, 0,7) құрады. Пациенттердің ешқайсысы бастапқы деңгеймен салыстырғанда ДДҰ сүйек тығыздығының қатаң жіктелуіне жатқызылмаған.
032 зерттеуі ФАТ алмаған 2 жастағы және одан асқан 25 пациенттің қатысуымен параллель топтарда тиімділікті 12 айлық рандомизацияланған салыстырмалы жасырын зерттеу болып табылады (зерттеуге енгізілгенге дейін кемінде 30 ай бойы ФАТ алмағандар ретінде анықталады). Пациенттерде Гоше ауруымен байланысты анемия, сондай-ақ тромбоцитопения немесе органегалия болуы керек. Пациенттер әр екі апта сайын 45 ӘБ/кг (N = 13) немесе 60 ӘБ/кг (N = 12) дозада велаглюцераза альфа қабылдау үшін рандомизацияланған.
Әр екі апта сайын вена ішіне енгізілетін 60 ӘБ/кг велаглюцераза альфа гемоглобиннің орташа концентрациясының (+2,4 г / дл) және тромбоциттер санының (+50,9 х 109 / л) бастапқы деңгейімен салыстырғанда клиникалық мәнді ұлғайғанын көрсетті, бауыр көлемі қалыптыдан 1,46-дан 1,22 есе азайды. (орташа азаюы 17%), ал көкбауырдың көлемі қалыптыдан 14,0-ден 5,75 есеге дейін азайды (орташа азаюы 50%). Бастапқы деңгеймен салыстырғанда гемоглобин концентрациясының 45 ӘБ/кг дозалау тобында (+2,4 г / дл) және тромбоциттер санында (+40,9 х 109 / л) елеулі ұлғаю байқалды, бауыр көлемі қалыптыдан 1,40-тан 1,24 есеге дейін кішірейді (орташа төмендеу 6%), ал көкбауыр көлемі 14,5-тен 9,50 есеге (орташа 40%) азайды.
039 зерттеу белсенді компаратор (имиглюцераза) көмегімен бақыланатын 9 айлық рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын ФАТ-ға ұшырамаған 2 және одан жоғары жастағы 34 пациенттің қатысуымен параллельді топтарда тиімділікті зерттеу болып табылады (зерттеуге енгізілгенге дейін кемінде 12 ай ішінде ФТТ алмаған деп анықталады). Пациенттерде Гоше ауруымен байланысты анемия, сондай-ақ тромбоцитопения немесе органегалия болуы керек. Пациенттер әр екі апта сайын 60 ӘБ/кг альфа-велаглюцераза (N = 17) немесе 60 ӘБ/кг имиглюцераза (N = 17) алды.
Велаглюцераза альфамен 9 ай емделгеннен кейін гемоглобин концентрациясының бастапқы деңгейімен салыстырғанда орташа абсолюттік ұлғаю 1,624 г/дл (± 0,223 SE) құрады. Гемоглобин концентрациясының бұл жоғарылауы клиникалық және статистикалық тұрғыдан имиглюцеразадан кем түспейтіні көрсетілді(емдеудегі орташа айырмашылық - бастапқы деңгейден 9 айға дейінгі өзгеріс [велаглюцераза альфа-имиглюцераза]: 0,135 г / дл). Велаглюцераза альфа мен имиглюцераза арасында тромбоциттер санының, бауыр мен көкбауыр көлемінің велаглюцераза альфамен 9 ай емделгеннен кейін және гемоглобиннің бірінші жауабына дейін (бастапқы деңгеймен салыстырғанда 1 г/дл ұлғаю ретінде айқындалатын) уақыт аралығындағы өзгерістерде статистикалық маңызды айырмашылықтар болған жоқ. ВРИВ препаратымен емдеуді бастағаннан кейін 3 айдан соң гемоглобин концентрациясы көрсеткіштерінің және тромбоциттер санының, сондай-ақ 6 және 9-айда бауыр мен көкбауыр көлемінің клиникалық елеулі жақсаруы (бастапқы деңгеймен салыстырғанда) байқалады.
Имиглюцеразамен емдеуден ВПРИВ қабылдауға ауысатын пациенттерді зерттеу
034 зерттеу кемінде қатарынан 30 ай бойы 15-тен 60 ӘБ/кг дейінгі дозада имиглюцеразамен ем алған 2 және одан жоғары жастағы 40 пациенттің қатысуымен қауіпсіздік 12 айлық ашық зерттеу болып табылады. Пациенттер зерттеуге енгізілгенге дейін кем дегенде 6 ай бойы имиглюцеразаның тұрақты дозасын қабылдауы тиіс болды. Велаглюцераза альфамен емдеу бірдей мөлшерде және имиглюцераза дозасымен бірдей сызба бойынша жүргізілді. Гемоглобин концентрациясы мен тромбоциттер саны пациенттің имиглюцеразамен емделуінің аяқталуы ретінде анықталған бастапқы деңгейден ауытқу ретінде бағаланды. Имиглюцеразадан велаглюцераза альфаға өткен пациенттерде гемоглобин концентрациясы және тромбоциттер саны емдеудің 12 айы ішінде емдік деңгейде сақталды.
058 зерттеу бұрын имиглюцеразаны алған 205 пациентті, емделмеген 6 пациентті және 65 және одан жоғары жастағы 57 пациентті қоса, 211 пациенттің қатысуымен қауіпсіздікті ашық клиникалық зерттеу болып табылады (57-нің 56-сы имиглюцеразадан велаглюцераза альфаға өткен). Имиглюцеразадан ауыстырылған пациенттерге әрбір екі апта сайын имиглюцераза сияқты бірлік мөлшерінде 15-тен 60 ӘБ/кг дейінгі диапазонда велаглюцераза альфа инфузиясы енгізілді. Имиглюцераза <15 ӘБ/кг дозасынан ауысқан пациенттерге 15 ӘБ/кг велаглюцераза альфа енгізілді.
Бұрын имиглюцеразаны алған пациенттер орташа емдеу ұзақтығы 15,1 апта велаглюцераза альфаның 8 инфузиясын алды. Бұл пациенттердегі қауіпсіздік бейіні басқа клиникалық зерттеулерде байқалған бейінге ұқсас болды. Зерттеу барысында 163 пациенттің тек 1-інде альфа-велаглюцеразаға антиденелер анықталды.
Бұрын имиглюцеразаны алған пациенттерде гемоглобиннің орташа концентрациясы және тромбоциттер саны бүкіл зерттеу бойы сақталды және референс аралықтары шегінде қалды.
044 кеңейтілген зерттеу.
Жалпы алғанда, 032, 034 және 039 зерттеулерге қатысқан 95 пациент (73 ересек және 22 бала) кеңейтілген ашық зерттеуге енгізілді және велаглюцераза альфамен емделді. 57 пациент ем қабылдаған жоқ. Барлық пациенттер ФАТ кем дегенде 2 жыл алды және орташа есеппен 4,5 жыл (кем дегенде 2,3 жыл, ең ұзақ 5,8 жыл) байқалды.
Бұл зерттеуде емделмеген пациенттерде 24 ай емнен кейін гемоглобин концентрациясы, тромбоциттер саны, бауыр көлемі және көкбауыр көлемі бағаланды. Нәтижелер 2-кестеде берілген.
2-кесте: 24 айдан кейінгі нәтижелер - бастапқы деңгейден ауытқу - 044 ITT-популяция зерттеуі
Клиникалық параметрлер — Велаглюцераза альфа жалпы тобы (n=39) Бастапқы деңгейден орташа өзгеріс (95% СА) — 9 ай бойы имиглюцераза, содан кейін 15 ай бойы велагрлюцераза альфа алған пациенттер (n=16) Бастапқы деңгейден орташа өзгеріс (95% СА) — Имиглюцеразамен ұзақ уақыт емделуден альфа-глюцеразаға өткен пациенттер n=38) Бастапқы деңгейден орташа өзгеріс (95% СА)
Гемоглобин концентрациясы (г/дл) — 2.75 (2.28, 3.22) — 2.00 (1.25, 2.75) — -0.05 (-0.34, 0.25)
Тромбоциттер (х109/л) — 87.85 (72.69, 103.00) — 160.94 (117.22, 204.66) — 9.03 (-2.6, 20.66)
Бауырдың қалыпқа келтірілген көлемі *(%ДС) — -1.21 (-1.50, -0.91) — -1.69 (-2,16 -1.21) — -0.03 (-0.10, 0.05)
Көкбауырдың қалыпқа келтірілген көлемі *(%ДС) § — -2.66 (-3.50, -1.82) — -3.63 (-7.25, -0.02) — -0.11 (-0.19, -0.03)
§ Спленэктомиямен ауыратын пациенттер шығарылды. Жоғарыда аталған үш топ үшін N = 30, 6 және 34. * Бауыр мен көкбауырдың көлемі дене салмағынан пайызбен қалыпқа келтірілген. Қалыпты көкбауыр дене салмағының 0,2% ретінде анықталады; қалыпты бауыр дене салмағының 2,5% ретінде Ескертпе. Міндеттеме мезгіл-мезгіл жоқ деректерге қолданылды.
Бұл зерттеуде СМТ бел омыртқа мен ортан жілік мойнының қос рентгендік абсорбциометриясы арқылы бағаланды. Бұрын ем алмаған, велаглюцераза альфа алған 31 ересек пациенттің арасында омыртқаның бел бөлігінің орташа Z-көрсеткіші бастапқы деңгейде -1,820 (95% СА: -2,21, -1,43) құрады және велаглюцераза альфамен емдегеннен 24 айдан кейін бастапқы деңгейден 0,62 (95% СА: 0,39, 0,84) ұлғайды. Осыған ұқсас нәтижелер бұрын ем алмаған, кейін 15 ай бойы альфа-велаглюцеразаны қолданумен 9 ай бойы имиглюцераза алған пациенттерде байқалды. Ұзақ мерзімді имиглюцеразадан велаглюцераза альфаға өткен пациенттерде бел омыртқаның СМТ 24 айдан кейін сақталды. Керісінше, ортанжілік мойнының СМТ айтарлықтай өзгеріс болған жоқ.
Педиатриялық популяцияда (4 жастан 17 жасқа дейін зерттелген) өсудің орташа Z-көрсеткішінің артуы ем алмаған жалпы популяцияда 60 ай емдеуден кейін байқалды, бұл велаглюцераза альфамен емдеудің дозаға тәуелді өсуге оң әсерін көрсетеді. Емдеудің ұқсас әсері 9 ай бойы имиглюцеразаны, содан кейін велаглюцераза альфа алған педиатриялық популяцияда 48 айдан кейін байқалды. 034 зерттеуінде ұзақ мерзімді имиглюцеразадан велаглюцераза альфаға өткен педиатриялық субъектілерде бастапқы деңгейде орташа өсудің Z-балдары жоғары болды, ал оларда өсудің орташа Z-балдары уақыт өте келе тұрақты болып қалды.
Гемоглобинге, тромбоциттер санына, ағзалар көлеміне, сүйектердің минералды тығыздығы мен өсуіне бұл емдік әсерлер зерттеу аяқталғанға дейін сақталды.
Педиатриялық популяция
4 жастан 17 жасқа дейінгі жас тобында қолдану ересектер мен бала [94-тен 20-ы (21%)] пациенттерде бақыланатын зерттеулердің деректерімен расталады. Педиатриялық және ересек пациенттерде қауіпсіздік пен тиімділік бейіндері бірдей болды. Зерттеулер 2 жастағы және одан асқан пациенттерді қосуға мүмкіндік берді және қауіпсіздік пен тиімділік бейіндері 2 жасқа дейін ұқсас болады деп күтілуде. Алайда, 4 жасқа дейінгі балалар туралы мәліметтер жоқ. Өсуге әсері 044 зерттеуде бағаланды (қараңыз 5.1-бөлім, 044 қосымша зерттеу).
HGT-GCB-068 зерттеуінің I / II фазасы бұрын емделмеген 3- типті Гоше ауруы бар балалар мен жасөспірімдерде велаглюцераза альфаның ФАТ тиімділігі мен қауіпсіздігін зерттеу үшін жүргізілді. Бұл көп орталықты ашық зерттеу болды, онда 60 ӘБ/кг велаглюцераза альфаны екі апта сайын (EOW) 12 ай бойы расталған диагнозы: 3 типті Гоше ауруы бар 6 (енгізілген кезде 2-ден 17 жасқа дейін) пациентке вена ішіне енгізді.
Бұл кішігірім зерттеуде 3 типті Гоше бар пациенттерге велаглюцераза альфаны вена ішіне енгізудің тиімділік нәтижелері мен қауіпсіздік бейіні 1-типті Гоше ауруы бар пациенттерде байқалған нәтижелерге сәйкес келді. Осы зерттеудегі бір пациентті қоспағанда, 3- типті Гоше ауруының неврологиялық көріністерінің айтарлықтай жақсарған белгілері болған жоқ.
Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттік 2-типті Гоше ауруы бар педиатриялық популяцияның барлық кіші топтарында ВПРИВ препаратын зерттеу нәтижелерін ұсыну міндеттемесінен бас тартты (педиатрияда пайдалану туралы ақпаратты 4.2-бөлімнен қараңыз).