Өте жиі
• бас айналу, ұйқышылдық, бас ауыру
Жиі
• назофарингит
• тәбет артуы
• эйфория, сананың шатасуы, ашушаңдық, бағдардан жаңылу, ұйқысыздық, либидо төмендеуі
• атаксия, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, тремор, дизартрия, амнезия, жадының нашарлауы, зейін қоюдың бұзылуы, парестезия, гипестезия, тыныштану әсері, тепе-теңдік бұзылуы, мәңгіру
• анық көрмеу, диплопия
• вертиго
• құсу, жүрек айну*, іш қату*, диарея*, метеоризм, іштің кебуі, ауыз кеберсуі
• эректильді дисфункция
• шеткері ісіну, ісіну, жүріс-тұрыс бұзылуы, құлап қалу, масаю сезімі, нашар хал-ахуал, қатты қажу
• дене салмағының артуы
• бұлшықеттердің құрысуы, артралгия, арқаның ауыруы, аяқ-қол ауыруы, омыртқа бағанының мойын бөлімі бұлшықеттерінің түйілуі
Жиі емес
• нейтропения
• аса жоғары сезімталдық*
• анорексия, гипогликемия
• елестеулер, үрей ұстамасы, мазасыздық, үрейлі қозу, депрессия, депрессиялық көңіл-күй, көтеріңкі көңіл-күй, озбырлық*, көңіл-күйдің құбылуы, өзін-өзі танымау, сөз тауып айтуға қиналу, әдеттен тыс түстер көру, либидо жоғарылауы, аноргазмия, апатия
• естен тану, мелшию, миоклонус, естен тану*, психомоторлық аса жоғары белсенділік, дискинезия, постуральді бас айналу, интенциялық тремор, нистагм, когнитивтік бұзылыс, психикалық бұзылыс*, сөйлеу бұзылысы, гипорефлексия, гиперестезия, ашытуды сезіну, агевзия, дімкәстану*
• шеткері көру қабілетін жоғалту, көру бұзылуы, көздің ісіп кетуі, көру өрісінің ақауы, көру өткірлігінің төмендеуі, көздің ауыруы, астенопия, фотопсия, құрғақ көз синдромы, көз жасының көп ағуы, көздің тітіркенуі
• гиперакузия
• тахикардия, I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, синустық брадикардия, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі*
• гипотензия, гипертензия, ысынып кету, гиперемия, аяқ-қол мұздауы
• ентігу, мұрыннан қан кету, жөтел, мұрын бітелуі, ринит, қорылдау, мұрын шырышты қабығының құрғауы
• гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, сілекейдің көп ағуы, ауыз гипестезиясы
• бауыр ферменттері деңгейлерінің жоғарылауы**
• папулездік бөртпе, есекжем, гипергидроз, қышыну*
• буындардың ісінуі, миалгия, бұлшықеттер құрысуы, мойынның ауыруы, бұлшықеттер сіресуі
• несепті ұстай алмау, дизурия
• сексуалдық дисфункция, эякуляция іркілісі, дисменорея, сүт бездерінің ауыруы
• жайылған ісіну, беттің ісінуі*, кеуденің қысылу сезімі, ауырсыну, пирексия, шөлдеу, қалтырау, астения
• қандағы креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы, тромбоциттер санының азаюы, қандағы креатинин деңгейінің көтерілуі, гипокалиемия, дене салмағының төмендеуі
Сирек
• ангионевроздық ісіну*, аллергиялық реакция*
• ширақтық
• суицидтік мінез-құлық, суицидтік ойлау
• паркинсонизм
• құрысулар*, паросмия, гипокинезия, дисграфия
• көрмей қалу*, кератит*, осциллопсия, көру арқылы қабылдау тереңдігінің өзгеруі, мидриаз, қыликөздік, көру арқылы қабылдау қанықтығы
• QT аралығының ұзаруы*, синустық тахикардия, синустық аритмия
• өкпенің ісінуі*, тамақтың қысылу сезімі
• асцит, панкреатит, тілдің ісіп кетуі*, дисфагия
• сарғаю
• Стивенс-Джонсон синдромы*, суық тер
• рабдомиолиз
• бүйрек жеткіліксіздігі, олигурия, несеп іркілісі*
• аменорея, сүт бездерінен бөліністер, сүт бездерінің үлкеюі, гинекомастия*
• лейкоциттер санының төмендеуі
• уытты эпидермалық некролиз
Өте сирек
• бауыр жеткіліксіздігі, гепатит
Белгісіз
- тыныс тарылуы
- дәріге тәуелділік
* Препаратты тіркеуден кейін қолдану кезінде тіркелген қосымша реакциялар
** Аланинаминотрансфераза (АЛТ) деңгейінің жоғарылауы және аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейінің жоғарылауы.
Прегабалинмен қысқа мерзімді және ұзақ уақыт емдеуді тоқтатудан кейін кейбір пациенттерде тоқтату симптомдары байқалды. Келесі реакциялар: физикалық тәуелділікті айғақтайтын ұйқысыздық, бас ауыру, жүрек айну, үрейлену, диарея, тұмау тәрізді синдром, құрысулар, күйгелектік, депрессия, ауырсыну, гипергидроз және бас айналу көрсетілді. Пациентке бұл туралы емдеудің басында мәлімдеу керек.
Прегабалинмен ұзақ мерзімді емдеуді тоқтатуға қатысты қолда бар деректер тоқтату симптомдарының туындау жиілігі мен ауырлығы препарат дозасына байланысты болуы мүмкін екенін айғақтайды.
Балалар жасындағы пациенттер
Прегабалиннің балалар жасындағы пациенттерде жүргізілген зерттеулерде байқалған қауіпсіздік бейіні ересек пациенттердегі бейінге ұқсас болды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz