Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки подъязычные
Дозасы
25 мг
Саудалық атауы
ГАЛАВИТ®
Әсер етуші зат
Иммуностимуляторы
Мақсаты
Бактериялық және вирустық этиологиядағы (ЖРВИ, тұмау, бронхит, пневмония, тонзиллиттер, отиттер, аденоидиттер) жедел респираторлық инфекцияларда, тыныс алу жолдары және…
Өндіруші
ООО "Сэлвим"
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – натрий аминодигидрофталазиндионы (Галавит) 25 мг,
қосымша заттар: сорбитол, крахмал, лактоза, кальций стеараты, тальк, рацементол (ментол).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Екі беті дөңес, сызығы жоқ, ментол иісі бар, сарғыштау реңді ақ түсті таблеткалар.
Галавит ересектер мен 12 жастан бастап жасөспірімдерде (оның ішінде салдарлық иммундық жеткіліксіздігі бар адамдарда) Иммуномодуляциялайтын және қабынуға қарсы дәрі ретінде кешенді емде қолданылады:
- бактериялық және вирустық этиологиядағы (ЖРВИ, тұмау, бронхит, пневмония, тонзиллиттер, отиттер, аденоидиттер) жедел респираторлық инфекцияларда, тыныс алу жолдары және ЛОР-ағзаларының ауруларында (оның ішінде жиі қайталануда) және олардың профилактикасында;
- ауыз қуысы және тамақ шырышты қабығының қабыну ауруларында, пародонт ауруларында;
- герпес вирусы туындатқан созылмалы қайталанған ауруларда;
- дененің жұмыс қабілеті төмендегенде (оның ішінде, спортшыларда).
Иммуностимуляторлар.
АТХ коды: L03
Әсер ету механизмі және фармакодинамикасы
Галавит дәрілік препараты қабынуға қарсы әсері бар иммуномодуляциялайтын дәрі болып табылады.
Препараттың әсер ету механизмі туа біткен және адаптивті иммунитет жасушаларының (моноциттер, макрофагтар, нейтрофилдер, табиғи киллер және т.б.) функционалдық-метаболизмдік белсенділігін реттеу қабілетіне байланысты.
Галавит моноциттердің/макрофагтардың фагоцитарлық белсенділігін, нейтрофилдердің бактерицидтік белсенділігін және NK-жасушалардың цитоуытты белсенділігін қалыпқа келтіреді.
Бұл ретте, туа біткен және адаптивті иммунитет жасушаларының төмен белсенділігін қалпына келтіре отырып, препарат бактериялық, вирустық және зеңдік этиологиясының инфекциялық ауруларына ағзаның резистенттілігін арттырады, ағзадан қоздырғыштың тез элиминациясына ықпал етеді, инфекция жиілігін, айқындылығын және ұзақтығын қысқартады.
Бұдан басқа, Галавит антиденелердің түзілуін қалыпқа келтіреді, антиденелердің функционалдық белсенділігін (аффинитет) арттырады, эндогенді интерферондардың (ИФН-α, ИФН-γ) жасуша-продуценттер арқылы өндірілуін реттейді.
Қабыну аурулары кезінде препарат 6-8 сағатқа қайтымды α-ісіктер некрозы факторын, интерлейкин-1, интерлейкин-6 аса белсендірілген макрофагтармен және басқа да қабыну цитокиндердің артық синтезін тежейді, олардың деңгейі қабыну реакцияларының дәрежесін, олардың циклділігін, сондай-ақ қабыну аурулары кезінде организм уыттануының айқындығын анықтайды.
Галавит оттегінің белсенді түрлерінің аса белсендірілген макрофагтармен өндірілуін төмендетеді, осылайша оксидантты стресс деңгейін төмендетеді және радикалдардың ыдырататын әсерінен тіндер мен органдарды қорғайды. Фагоцитарлық жасушалардың артық жоғары функционалдық белсенділігін қалпына келтіру олардың антиген қоздырғыш және реттеуші функциясын қалпына келтіруге, аутоагрессия деңгейінің төмендеуіне әкеледі.
Дозалау режимі
Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер аурудың диагнозы мен ауырлығына байланысты тіл астына күн сайын 1 таблеткадан күніне 4 ретке дейін немесе күнсайын 2 таблеткадан күніне 2 ретке дейін. Ең жоғарғы тәуліктік доза 100 мг.
Препаратты қолдану сызбасы:
Жедел респираторлық инфекцияларды, тұмауды, бронхитті, пневмонияны, тонзиллитті, отитті, аденоидты емдеу үшін: күніне 1 таблеткадан 4 рет. Курс 5 күн. Созылмалы және жиі қайталанатын ағымдарда күніне 1 таблеткадан 4 рет 15 күнге дейінгі курспен күнара жалғастыру керек. Профилактика үшін: 1 таблеткадан күніне 2 рет. Курс 5-10 күн.
Ауыз қуысы мен тамақтың шырышты қабығының қабыну аурулары, пародонт аурулары кезінде: күніне 1 таблеткадан 4 рет 5 күн бойы. Содан кейін 1 таблеткадан күніне 4 рет 3 тәуліктен соң 3 аптаға дейінгі курспен.
Герпес вирусынан туындаған созылмалы қайталанатын аурулар кезінде: күніне 1 таблеткадан 4 рет 10 күн бойы. Содан кейін күніне 4 рет 1 таблеткадан күнара 10 күн бойы.
Дененің жұмыс қабілетін арттыру үшін: күніне 4 рет 1 таблеткадан 10 күн бойы, содан соң күніне 4 рет 1 таблеткадан 3 тәулік аралықпен 3 аптаға дейінгі курспен.
Енгізу әдісі және жолы
Таблетканы толық ерігенге дейін тіл астында ұстайды.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты қолдану ұзақтығы аурудың сипатына, ауырлығына және ұзақтығына байланысты. Галавит препаратымен емдеуді аурудың кез-келген кезеңінде бастауға болады.
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жекелей жоғары сезімталдық
- тұқым қуалайтын галактоза, фруктоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балалар.
ГАЛАВИТ® препаратын қолдану кезінде тері және тері асты тіндері тарапынан тері бөртпесі, қышыну немесе есекжем түріндегі аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препаратпен емдеу кезеңінде артық дозалану жағдайлары анықталған жоқ.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алған кездегі шаралар
Егер сіз препаратты қабылдауды өткізіп алсаңыз, қабылданбаған дәрінің орнын толтыру үшін дозаны екі есеге арттырмаңыз. Препаратты ұсынылған сызба бойынша қолдануды жалғастыра беріңіз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін анықтау үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну керек
Егер сізде препаратты қолдану туралы басқа сұрақтар туындаса, дәрігеріңізден немесе фармацевттен кеңес алыңыз.
Арнайы ескертулер
Егде жастағы пациенттер үшін доза түзетілмейді.
Қосымша заттарға қатысты ерекше нұсқаулар
Егер сізге қандай да бір қанттарға көтере алмаушылық бар екендігі айтылса, Галавит препаратын қабылдаудан бұрын дәрігерден кеңес алу керек. Галавит препаратының құрамында бір таблеткада 0,1 г лактоза бар (қанттың бір түрі). Препараттың құрамына бір таблеткада 0,315 г сорбитол кіреді. Фруктоза мен сорбитолдың жақпаушылығымен байланысты сирек кездесетін тұқым қуалайтын патологиялары бар пациенттер препаратты қабылдауға болмайды.
Педиатрияда қолдану
Бұл препаратты пациенттердің осы тобына арналған арнайы дәрілік түрлердің болуына байланысты 12 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Галавит препараты көлік құралын жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Егер сіз жүкті болсаңыз немесе жүкті екен деп ойласаңыз, препаратты қабылдауға болмайды.
Егер сіз емшекпен емізетін болсаңыз, препаратты қабылдауға болмайды.
Бір мезгілде қолданғанда антибиотиктердің курстық дозалары төмендетілуі мүмкін. Галавит антибиотикпен емдеу тиімділігін көтермелеуге және оның жағымсыз әсерлерін төмендетуге мүмкіндік береді. Басқа дәрілік препараттармен үйлесімсіздік жағдайлары байқалмаған.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.