Дозалау режимі
Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдерде кешенді ем құрамында:
Урогенитальді ауруларда - шығу тегі хламидиялық және трихомонадтық уретрит, хламидиялық простатитте: 1-күні 100 мг-ден екі рет, содан соң 100 мг-ден күнара. Курсы 10-15 инъекция (патологиялық үдерістің ауырлығына байланысты).
Жедел кезеңдегі сальпингоофоритте, эндометритте: 2 күн 200 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг-ден 72 сағат аралықпен, қолдану ұзақтығы аурудың ауырлығына байланысты. Курсқа барлығы 20 инъекция. Созылмалы кезеңде: 5 күн 100 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг-ден әр 72 сағат сайын. Курсы 20 инъекция.
Кіші жамбас ағзаларының іріңді-қабыну ауруларында: жедел кезеңде – 1 күн 200 мг бір рет, 3 күн 100 мг-ден күн сайын, содан соң 100 мг-ден күнара 5 инъекция. Курсы 9 инъекция (10 флакон). Созылмалы кезеңде – 5 күн 100 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг әр 72 сағат сайын. Курсы – 20 инъекция.
Герпес вирусынан туындаған созылмалы қайталанатын аурулар кезінде: күн сайын 100 мг-ден 5 инъекция, содан соң 100 мг-ден күнара 15 инъекция. Курсы 20 инъекция.
Папиллома вирусынан туындаған ауруларда: 5 күн 100 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг-ден күнара 15 инъекция. Курсы 20 инъекция.
Жатыр миомасы бар науқастарды операциядан кейін оңалту үшін және ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердегі операциядан кейінгі асқынуда: 5 күн 100 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг-ден күнара. Курсы – 15 инъекция.
Операцияға дейінгі және кейінгі кезеңде операциядан кейінгі инфекциялық асқынулардың профилактикасы және емдеу үшін (оның ішінде, онкологиялық науқастарда) 100 мг-ден күніне 1 рет 5 инъекция операцияға дейін, операциядан кейін 100 мг-ден күнара 5 және 5 инъекция 100 мг-ден 72 сағат аралықпен тағайындайды. Аурудың ауыр ағымы кезінде бастапқы доза 200 мг бір рет немесе 100 мг-ден күніне 2 рет. Курсы – 20 инъекция.
Ауыз қуысы және тамақ шырышты қабығының қабыну ауруларында, пародонт ауруларында: бастапқы доза 100 мг күнделікті - 5 инъекция, содан соң 100 мг-ден 72 сағат аралықпен. Курсы 15 инъекция.
Асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруында жедел кезеңде: 2 күн 200 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг-ден 72 сағат аралықпен. Курсы 15-25 инъекция. Созылмалы кезеңде: 5 күн 100 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг-ден 72 сағаттан кейін. Курсы 20 инъекция.
А, В, С вирусты гепатиттерінде: бастапқы доза бір рет 200 мг құрайды, содан соң 100 мг-ден күніне 2 рет уыттану мен қабыну симптомдары басылғанша. Кейінгі курстың жалғасуы 100 мг-ден 72 сағат аралықпен. Курсы 20 -25 инъекция.
Созылмалы қайталанатын фурункулезде, тілмеде: 5 күн 100 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг-ден күнара. Курсы 20 инъекция.
Астениялық жағдайларда, невроздық және соматоформалы бұзылыстарда, алкогольдік және есірткіге тәуелділігі бар пациенттерде психикалық, мінез-құлықтық және постабстинентті бұзылыстарда: 5 күн 100 мг-ден күнделікті, содан соң 100 мг-ден 72 сағаттан кейін. Курсы 15-20 инъекция.
Дене жұмыс қабілетін жоғарылату үшін: 100 мг-ден күнара – 5 инъекция, содан соң 100 мг-ден 72 сағаттан кейін, курсы 20 инъекцияға дейін.
Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерде монотерапияда:
Созылмалы урогенитальді инфекциялар, оның ішінде қайталану аралығы кезеңінде клиникалық ремиссияны демеу мақсатында иммунитетті оңалту шараларын өткізген кезде: 100 мг-ден күнара курсы 10 инъекция;
Уыттану және/немесе диареямен қатар жүретін асқазан-ішек жолының жедел және созылмалы инфекциялық-қабыну аурулары: 200 мг бір рет, содан соң уыттану симптомдары басылғанша 100 мг-ден күніне 2 рет. Курсты 100 мг-ден 72 сағат аралықпен кейіннен жалғастыруға болады. Курсы 20-25 инъекция.
6 жастан асқан балаларда кешенді ем құрамында:
Шығу тегі бактериялық және вирустық тыныс алу жолдары мен ЛОР-мүшелерінің жиі қайталанатын ауруларында (жиі ЖРВИ, бронхит, пневмония, созылмалы тонзиллит, созылмалы отит, созылмалы аденоидит): 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға 50 мг бір инъекциядан күн сайын 5 күн бойы, содан соң 50 мг-ден күнара күніне бір рет 10 – 15 күн бойы. Курсы 10-15 инъекция. 12 жастан асқан 18 жасқа дейінгі балаларға: емдеу сол сызба бойынша 100 мг-ден бұлшықет ішіне инъекция түрінде.
Іріңді хирургиялық ауруларда (күйік зақымданулары, қайталанатын фурункулез, созылмалы остеомиелит, оментиттен бірге гангреналы аппендицит, перитонит, іріңді плеврит): 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға 50 мг бір инъекциядан күнделікті – 5 күн, содан соң 50 мг бір инъекциядан күнара 10 – 15 күн бойы. Курсы 10-13 инъекция; 12 жастан асқан 18 жасқа дейінгі балаларға: емдеу сол сызба бойынша 100 мг-ден бұлшықет ішіне инъекция түрінде жүргізіледі. Таңу кезінде Галавит мүмкіндігінше сыртқа қолдану керек, инъекцияға арналған судағы Галавит 1 % ерітіндісіне малынған стерильді сүрткілермен таңғыш түрінде (болтушкамен таңғыштар немесе суда еритін жақпамай таңғыштары).
Енгізу әдісі және жолы
Бұлшықет ішіне. Енгізер алдында препаратты 2 мл инъекцияға арналған суда немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтады.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты қолдану ұзақтығы аурудың сипатына, ауырлығына және ұзақтығына байланысты.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар
Препаратты қабылдауды жіберіп алған кезде, жіберіп алғанның орнын толтыру үшін дозаны екі есеге көбейтуге болмайды. Препаратты ұсынылған сызба бойынша қолдануды жалғастырыңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты осы қосымша-параққа толық сәйкес немесе емдеуші дәрігердің немесе дәріхана қызметкерінің ұсыныстарымен қабылдаңыз. Күдік туындаған кезде емдеуші дәрігерден немесе дәріхана қызметкерінен кеңес алыңыз.