Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Назальный спрей
Дозасы
0.05 %
Саудалық атауы
Галазолин Combi
Әсер етуші зат
Ксилометазолин
Мақсаты
Суық тиюден ауыру кезеңінде және мұрын қуысына жасалған хирургиялық араласулардан кейін мұрын жолдарының бітелуін симптоматикалық емдеуде – шырышты қабығының жазылу үдерісін…
Өндіруші
Фармацевтический завод «ПОЛЬФАРМА» АО Отдел Медана в Серадзе
Ел
Польша
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Галазолин Combi 0,05%
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар - ксилометазолин гидрохлориді, 0,50 мг,
декспантенол, 50,00 мг,
қосымша заттар: калий дигидрофосфаты, динатрий фосфаты додекагидраты, бензалконий хлоридінің ерітіндісі, тазартылған су.
Галазолин Combi 0,1%
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар - ксилометазолин гидрохлориді, 1,00 мг,
декспантенол, 50,00 мг,
қосымша заттар: калий дигидрофосфаты, динатрий фосфаты додекагидраты, бензалконий хлоридінің ерітіндісі, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір ерітінді
Суық тиюден ауыру кезеңінде және мұрын қуысына жасалған хирургиялық араласулардан кейін мұрын жолдарының бітелуін симптоматикалық емдеуде – шырышты қабығының жазылу үдерісін стимуляциялау үшін және мұрын жолдарының өткізгіштігін жақсарту мақсатында.
Әсер ету механизмі
Галазолин Combi – мұрынға арналған спрей түріндегі біріктірілген дәрілік зат, құрамында альфа-симпатомиметик (ксилометазолин) және В5 дәрумен ізашары (декспантенол) бар. Ксилометазолин тамыр тарылтатын әсер көрсетеді, сол арқылы шырышты қабықтың ісінуін жояды. Декспантенол пантотен қышқылының (В5 дәрумені) туындысы болып табылады, жараның жазылуына ықпал етеді және шырышты қабықты қорғайды.
Ксилометазолин гидрохлориді
Ксилометазолин гидрохлориді – негізінен альфа-адренергиялық рецепторларға симпатомиметикалық әсері бар, имидазол туындысы болып табылады. Мұрынның шырышты қабығының қан тамырларының тарылуын туындатады, соның нәтижесінде мұрын қойнауларының шырышты қабығының ісінуі және гиперемиясы азаяды. Мұрынның шырышты қабығы гиперемиясының азаюы суық тиюден ауыру кезеңінде және мұрынға операция өткергеннен кейінгі мұрын жолдарының өткізгіштігі бұзылуы симптомдары анықталған пациенттердің мұрынмен дем алуын жеңілдетеді. Бұл әсер қолданғаннан кейін бірнеше минут (әдетте 5-10 минут) ішінде басталады.
Декспантенол
Декспантенол пантотен қышқылының спиртті туындысы болып табылады және В дәрумендері тобына жатады. Организмде А коэнзимінің негізгі құрамдасына дейін трансформациясынан кейін көмірсулар, май және ақуыздардың метаболизмі үдерісіне қатысады. Қалыпты бой өсуі, жүйке жүйесі функциясы, тері және шырышты қабықтың регенерациясы үшін қажет болып табылады. Ацетилхолин және кортикостероидтар синтезіне қатысады. Шаш және тырнақ өсуіне әсер етеді, сондай-ақ жараның жазылуын жеделдетеді.
Дозалау режимі
Ұсынылғаннан артық дозада қолдануға болмайды.
Галазолин Combi 0,05%
Мұрынға арналған спрейінің 1 дозасы (0,1 мл ерітінді) құрамында 0,05 мг ксилометазолин гидрохлориді және 5,0 мг декспантенол бар.
2-ден 12 жасқа дейінгі балалар
Әрбір мұрын жолына спрейдің бір дозасынан тәулігіне 1 немесе 2 рет (әрбір 8-10 сағатта).
Әрбір мұрын жолына тәулігіне препараттың 3 дозасынан артық қолдануға болмайды.
Галазолин Combi 0,05% препаратын балаға тек ересектер енгізуі тиіс.
Галазолин Combi 0,1%
Мұрынға арналған спрейінің 1 дозасы (0,1 мл ерітінді) құрамында 0,1 мг ксилометазолин гидрохлориді және 5,0 мг декспантенол бар.
Ересектер және 12 жастан асқан балалар
Әрбір мұрын жолына спрейдің бір дозасынан тәулігіне 1 немесе 2 рет (әрбір 8-10 сағатта).
Әрбір мұрын жолына тәулігіне препараттың 3 дозасынан артық қолдануға болмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Галазолин Combi препараты тек интраназальді қолдануға арналған.
Гигиеналық пайымдаулар бойынша препараттың қаптамасын тек бір пациент пайдалануы тиіс.
• Препаратты әрбір қолданар алдында қорғағыш қондырмасын шешу керек.
• Жаңа құтыны бірінші пайдалану алдында, қондырмасын алғаннан кейін, спрей бұлты пайда болғанша дозаторды 3-5 рет басу керек. Келесі қолдану алдында дозаторды бірнеше рет басу міндетті емес.
• Дозатор ұштығын мұрын жолына енгізу керек.
• Құтыны тік қалпында ұстап тұрып, дозаторды басу керек, бұл препарат дозасының мұрын қуысына бүркілуіне әкеледі.
• Препаратты мұрынның басқа жолына енгізгенде процедураны қайталау керек.
• Пайдаланғаннан кейін қорғағыш қондырмасын кигізу керек.
Қолдану жиілігі
Әрбір мұрын жолына тәулігіне препараттың 3 дозасынан артық қолдануға болмайды.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты 7 күннен артық қолдануға болмайды. Егер 7 күн өткенде жақсару басталмаса немесе пациент өзінің нашарлауын сезінсе дәрігерге қаралу керек.
Препаратты балаларда қолдану ұзақтығына қатысты әркез дәрігермен кеңесу керек.
Препаратты қайта қолдануды бастар алдында бірнеше күнге үзіліс жасау керек.
Егер емдеу кезінде пациентке препараттың әсері тым күшті немесе әлсіз болып сезілсе, ол дәрігерге баруы тиіс.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар
Препараттың өткізіп алған дозасының орнын толтыру мақсатында қос дозаны қолдануға болмайды. Сондай-ақ әрбір мұрын жолына тәулігіне препараттың 3 дозасынан артық қолдануға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алуға барыңыз.
• Ксилометазолин гидрохлоридіне, декспантенолға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
• Құрғақ ринит (rhinitis sicca).
• Эндоназальді әдіспен (трансфеноидальді гипофизэктомия) жүргізілген хирургиялық араласымдардан кейін немесе қатты ми қабығын ашумен жүргізілетін операциялардан кейін.
• 2 жасқа дейінгі балалар (Галазолин Combi 0,05% үшін).
• 12 жасқа дейінгі балалар (Галазолин Combi 0,1% үшін).
• Жүктілік және лактация кезеңі.
Маңызды ескертулер мен сақтық шаралары
Галазолин Combi препараты пайда/қауіп арақатынасын бағалауды ескере отырып, қолданылуы тиіс:
• моноаминоксидаза (MAO) тежегіштерін немесе артериялық қысымның жоғарылауына әкелетін басқа да препараттарды қабылдайтын пациенттерде;
• ісінуге қарсы басқа симпатомиметикалық дәрілерді бір мезгілде қолданған кезде;
• жоғары көзішілік қысымда, әсіресе жабық бұрышты глаукома жағдайында;
• жүрек-қантамыр жүйесі ауруларында (мысалы, жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия);
• феохромоцитомасы бар пациенттерде;
• метаболизм бұзылғанда (мысалы, гипертиреоз, қант диабеті).
Жекелеген жағдайларға қарағанда жиі кездесетін жағымсыз реакциялар мынадай градацияға сәйкес тізілген: өте жиі (≥1 / 10); жиі (≥1 / 100-ден <1/10-ға дейін); жиі емес (≥1 / 1000-ден <1/100-ге дейін); сирек (≥1 /10000-нан <1/1000-ға дейін); өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректермен реакциялардың пайда болу жиілігін бағалау мүмкін емес).
Жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін)
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, ангионевроздық ісіну, есекжем, қышыну)
Сирек (≥1/10000-нан ˂ 1/1000-ға дейін)
• жүрек қағуының күшеюі
• тахикардия
• артериялық қысымның жоғарылауы
Өте сирек (˂ 1/10000)
• қозу, ұйқысыздық, шаршау (мысалы, ұйқышылдық, седация), бас ауыруы, елестеулер (көбіне балаларда)
• аритмия
• препарат әсері төмендегенде шырышты қабықтың ісінуінің күшеюі, мұрыннан қан кету
• құрысулар (әсіресе балаларда)
Жиілігі белгісіз
• мұрынды ашыту сезімі және құрғақтық, түшкіру
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ұсынылған дозадан астам болғанда немесе препаратты ішке қабылдағанда артық дозалану мүмкіндігі бар.
Егер пациент ұсынылғаннан артық дозаны қолданса немесе препаратты байқамай жұтып қойса, әсіресе мұны бала жасаған болса, дереу дәрігерге бару керек.
Артық дозалануының симптомдары
Имидазол туындыларымен уыттанудың клиникалық көрінісі әртүрлі болуы мүмкін, өйткені стимуляция фазалары орталық жүйке жүйесін және жүрек-қантамыр жүйесін басу кезеңімен кезектесуі мүмкін.
Артық дозалануы, әсіресе балаларда, құрысулар, кома, брадикардия, апноэ, гипертензияға немесе гипотензияға, бұлшықеттің қатты ширығуын қоса, ОЖЖ елеулі әсер етуіне әкелуі мүмкін.
ОЖЖ стимуляциялау симптомдарына үрейлену, қозу, елестеулер және құрысулар жатады.
ОЖЖ бәсеңдету симптомдары дене температурасының төмендеуі, сылбырлық, ұйқышылдық және кома түрінде білінеді. Сондай-ақ төмендегі симптомдар да туындауы мүмкін: миоз, мидриаз, тершеңдік, қызба, цианоз, тері жабынының бозаруы, жүрек айнуы, тахикардия, брадикардия, аритмия, жүрек тоқтауы, гипертензия, шок тәрізді гипотензия, өкпе ісінуі, тыныс алу бәсеңдеуі және апноэ.
Емі: ауыр артық дозалану жағдайында стационарлық ем қолдану қажет. Белсендірілген көмірді (адсорбентті), натрий сульфатын (іш жүргізетін) тағайындауды немесе асқазанды шаюды (үлкен мөлшер жағдайында) дереу жүргізу керек, себебі ксилометазолин тез сіңіріледі. Артериялық қысымды төмендету үшін α-адренорецепторлардың селективті емес антагонистін тағайындауға болады. Тамыр тарылтатын дәрілерді қолдануға болмайды. Қажет болғанда – дене температурасын төмендету, құрысуға қарсы ем және оттегімен ингаляция жасау керек.
Галазолин Combi препаратын қолдана отырып, аса сақтық таныту керек:
• симпатомиметиктерге жоғары сезімталдық жағдайында. Егер Галазолин Combi препаратын қолдану кезінде ұйқысыздық, бас айналу, тремор, жүректің ырғақсыз қағуы, жоғары артериялық қысым сияқты симптомдар пайда болса, препаратты қолдануды тоқтату керек;
• порфирияда;
• қуық асты безінің гиперплазиясында.
Ұсынылғаннан артық дозада қолдануға болмайды.
Ксилометазолинді қабылдайтын QT аралығының ұзару синдромы бар пациенттер қарыншалық аритмиялардың елеулі даму қаупіне ұшырауы мүмкін.
Мұрынның шырышты қабығының атрофиясы қаупінен, созылмалы ринитте препарат тек дәрігер бақылауымен қолданылуы тиіс.
Галазолин Combi препаратын 7 күннен астам қолдануға болмайды, өйткені ұзақ қолдану мұрынның шырышты қабығының емделуі қиын өзгерістеріне әкелуі мүмкін.
Симпатомиметиктерді ұзақ қолдану немесе оларды ұсынылғанннан артық дозада қолдану мұрынның шырышты қабығының реактивті гиперемиясын туындатуы мүмкін және нәтижесінде тыныс алу жолдарының тарылуына әкелуі мүмкін. «Рикошет әсері» мұрын жолдарының тарылуына әкеледі, бұл пациентті препаратты қайталап қолдануға және оны үнемі пайдалануға ауысуға мәжбүр етеді. Соңынан салдарлы дәрі-дәрмектік ринит (rhinitis medicamentosa) және тіпті мұрынның шырышты қабығының атрофиясы дамиды. Мұрынның шырышты қабығының реактивті гиперемиясының жеңілдеу жағдайларында симпатомиметикалық дәрілерді қолдануды алдымен бір мұрын жолында (мұрын өткізгіштігін демеп тұру үшін), симптомдар жойылғаннан кейін екіншісінде тоқтату жеткілікті болуы мүмкін.
Инфекция берілу қаупін ескере отырып, препараттың әрбір қаптамасын тек бір пациент пайдалануы тиіс.
Арнайы ескертулер
Қосымша заттарға қатысты айрықша нұсқаулар
Препарат құрамында бензалконий хлоридінің болуына байланысты препарат мұрын шырышты қабығының тітіркенуін туындатуы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Галазолин Combi 0,05% препаратын 2 жастан кіші балаларда қолдануға болмайды.
Галазолин Combi 0,1% препаратын 12 жастан кіші балаларда қолдануға болмайды.
Егер препаратты балаларда қолдану кезінде қозу немесе ұйқыға кету қиындығы болса препарат қолдануды тоқтату керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат ұсынылғаннан астам дозаларында көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін.
Препараттың жүктілік кезеңіндегі және лактация кезеңіндегі әсері зерттелмеген. Галазолин Combi препаратын жүктілік кезінде және лактация кезінде қолдануға болмайды.
Ксилометазолинді және транилципромин немесе трициклді антидепрессанттар сияқты моноаминоксидаза (MAO) тежегіштерін, сондай-ақ артериялық қысымды жоғарылататын дәрілік препараттарды бір мезгілде қолданғанда бұл препараттардың жүрек-тамыр жүйесіне әсері нәтижесінде артериялық қысым артуы басталуы мүмкін.
Галазолин Combi препаратын олардың әсері еселенуіне байланысты басқа симпатомиметиктермен (мысалы, суық тию ауруларын емдеуге арналған препараттар құрамына кіретін эфедрин, псевдоэфедрин) бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Сақтау мерзімі
Сақтау мерзімі 3 жыл
Ашылған құтыны 12 апта ішінде пайдалану қажет.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.