Жағымсыз реакциялардың жиілік параметрлері келесі үлгіде белгіленеді: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100, бірақ <1/10); сирек (≥ 1/1000, бірақ <1/100); сирек (≥ 1/10000, бірақ <1/1000); өте сирек (<1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес). Әрбір жиілік тобы шегінде жағымсыз реакциялар олардың ауырлығының азаю ретімен берілген.
Төменде тізбеленген жағымсыз реакциялар қатар жүретін аурулармен және/немесе басқа дәрілік заттарды бір мезгілде пайдаланумен байланысты болуы мүмкін.
Жұлынның зақымдануынан туындаған орталық нейропатиялық ауырсынуды емдеу кезінде, жалпы жағымсыз реакциялардың жиілігі, сондай-ақ ОЖЖ жағымсыз реакцияларының жиілігі, атап айтқанда ұйқышылдық жоғары болды.
Өте жиі:
- бас айналу, ұйқышылдық, бас ауыру
Жиі:
- назофарингит
- тәбет артуы
- эйфория, сананың шатасуы, ашушаңдық, бағдардан жаңылу, ұйқысыздық, либидо төмендеуі
- атаксия, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, тремор, дизартрия, амнезия, жадының нашарлауы, зейін қоюдың бұзылуы, парестезия, гипестезия, тыныштану, тепе-тендік бұзылуы, сылбырлық
- айқын көру қабілетінің бұзылуы, диплопия
- вертиго
- құсу, жүрек айну*, констипация, диарея*, метеоризм, іштің кебуі, ауыз кеберсуі
- бұлшықеттердің түйілуі, артралгия, арқаның ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы, жатыр мойыны бұлшықеттерінің түйілуі
- эректильді дисфункция
- шеткері ісіну, ісіну, жүріс-тұрыстың бұзылуы, құлап қалу, масаю сезімі, әдеттен тыс түйсіктер, қажу
- дене салмағының артуы
Жиі емес:
- нейтропения.
- аса жоғары сезімталдық реакциялары *
- анорексия, гипогликемия
- елестеулер, үрейлі шабуылдар, мазасыздық, ажитация, депрессия, көңіл-күйдің түсіп кетуі, көтеріңкі көңіл-күй, озбырлық*, көңіл-күйдің құбылуы, өзін-өзі танымау, сөз жұптау қиындықтары, әдеттен тыс түстер көру, либидо жоғарылауы, аноргазмия, апатия
- естен тану, мелшию, миоклонус, санадан айрылу*, психомоторлық қозу, дискинезия, постуральді бас айналу, интенциялық тремор, нистагм, когнитивтік бұзылыс, психикалық бұзылыс*, сөйлеу қабілетінің бұзылуы, гипорефлексия, гиперестезия, күйіп-жануды сезіну, агевзия, дімкәстану*
- шеткері көруден айрылу, көру қабілетінің бұзылуы, көздің ісінуге бейімділігі, көру өрістерінің ақаулары, көру өткірлігінің төмендеуі, көздің ауыруы, астенопия, фотопсия, көздің құрғауы, көз жасының көп ағуы, көздің тітіркенуі
- гиперакузия
- тахикардия, бірінші дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада, синустық брадикардия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі*
- артериялық гипотензия, артериялық гипертензия, ысынып кету, қан кернеулер, аяқ-қолдың мұздауы
- ентігу, мұрыннан қан кету, жөтел, мұрын бітелуі, ринит, қорылдау, мұрын қуысы шырышты қабығының құрғауы
- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, сілекейдің көп ағуы, ауыз қуысының шырышты қабық гипестезиясы
- қандағы бауыр ферменттері (аланинаминотрансфераза (AЛT), аспартат аминотрансфераза (AСT)) деңгейінің жоғарылауы
- папулезді бөртпе, есекжем, қатты тершеңдік, қышыну*
- буындардың ісінуге бейімділігі, миалгия, бұлшықеттердің тартылуы, мойын ауыруы, бұлшықеттердің қарысуы
- несепті ұстай алмау, дизурия
- сексуалдық дисфункция, эякуляция кідірісі, дисменорея, сүт бездерінің ауырсынуы
- жайылған ісіну, бет ісінуі*, кеуденің қысылу сезімі, ауырсыну, дене температурасының көтерілуі, шөлдеу сезімі, қалтырау, астения
- қанда креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, қанда глюкоза деңгейінің жоғарылауы, қанда тромбоциттер санының азаюы, қанда креатинин деңгейінің көтерілуі, қанда калий деңгейінің төмендеуі, дене салмағының төмендеуі
Сирек:
- ангионевроздық ісіну*, аллергиялық реакциялар *
– ширақтық, суицидтік мінез-құлық, суицидтік ойлар
- құрысулар *, паросмия, гипокинезия, дисграфия, паркинсонизм
- көрмей қалу*, кератит*, осциллопсия, тереңдікті көру арқылы түйсінудің бұзылуы, мидриаз, страбизм, жарықты көру арқылы танудың күшеюі
- QT аралығының ұзаруы*, синустық тахикардия, синустық аритмия
- өкпе ісінуі*, тамақтың қысылу сезімі
- асцит, панкреатит, тіл ісінуі*, дисфагия
- сарғаю
- Стивенс-Джонсон синдромы *, суық тер, уытты эпидермалық некролиз*
- рабдомиолиз
- бүйрек жеткіліксіздігі, олигурия, несеп шығару іркілісі*
- аменорея, сүт бездерінен бөліністер, сүт бездері көлемінің ұлғаюы, гинекомастия*
- қанда лейкоциттер санының азаюы
Өте сирек:
- бауыр жеткіліксіздігі, гепатит
Жиілігі белгісіз:
– дәріге тәуелділік*
- тыныс алудың бәсеңдеуі.
* Маркетингтен кейінгі кезеңде хабарланған жағымсыз реакциялар.
Тоқтату симптомдары
Прегабалинмен қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді емдеуді тоқтатқаннан кейін тоқтату симптомдары байқалды. Келесі симптомдар тіркелген: ұйқысыздық, бас ауыруы, жүрек айнуы, мазасыздық, диарея, тұмауға ұқсас синдром, ашушаңдық, депрессия, ауырсыну, құрысу, қатты тершеңдік және бас айналуы. Жоғарыда аталған симптомдар дәріге тәуелділікті көрсетуі мүмкін. Бұл ақпаратты пациенттердің назарына емдеу басталғанға дейін жеткізу керек. Қазіргі уақытта прегабалинмен ұзақ уақыт емдеуді тоқтату туралы қолда бар деректер тоқтату симптомдарының жиілігі мен ауырлығы дозаға тәуелді болуы мүмкін екенін айғақтайды.
Балалар
Салдарлы жайылуы болатын немесе болмайтын парциальді құрысулары бар пациенттерде жүргізілген бес педиатриялық зерттеуде байқалған прегабалиннің қауіпсіздік бейіні (4-тен 16 жасқа дейінгі пациенттердегі тиімділігі мен қауіпсіздігінің 12 апталық зерттеуі, n = 295; 1 айдан толық толмаған 4 жасқа дейінгі пациенттердегі тиімділігі мен қауіпсіздігінің 14- күндік зерттеуі, n = 175; фармакокинетикасы мен жағымдылығының зерттеуі, n = 65; әрі екі 1 жылдық ашық қосымша қауіпсіздік зерттеуі, n = 54 және n = 431) эпилепсия бар ересектерде жүргізілген клиникалық зерттеулердегі осындайына ұқсас болды. Прегабалин қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігінің 12 апталық зерттеуінде келесі жағымсыз реакциялар ең көп жиі аталды: ұйқышылдық, дене температурасының көтерілуі, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, тәбет артуы, дене салмағының артуы және назофарингит. Прегабалин қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігінің 14-күндік зерттеуінде ең көп жиі тіркелген жағымсыз реакциялары: ұйқышылдық, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары және дене температурасының көтерілуі болды.
Күтілген дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz