Өзара әрекеттесу бойынша зерттеулер ересектердің қатысуымен ғана жүргізілді.
Жүрек-қантамыр жүйесіне әсері
Галоприл QТС аралығының ұзаруын тудыратын дәрілік заттармен біріктіріп қолдануға болмайды.
Мұндай препараттарға мыналар жатады:
• IА класты аритмияға қарсы препараттар (мысалы, дизопирамид, хинидин)
• III класты аритмияға қарсы препараттар (мысалы, амиодарон, дофетилид, дронедарон, ибутилид, соталол)
• кейбір антидепрессанттар (мысалы, циталопрам, эсциталопрам)
• кейбір антибиотиктер (мысалы, азитромицин, кларитромицин, эритромицин, левофлоксацин, моксифлоксацин, телитромицин)
• басқа антипсихотикалық препараттар (мысалы, фенотиазин туындылары, сертиндол, пимозид, зипразидон)
• кейбір зеңге қарсы препараттар (мысалы, пентамидин)
• кейбір безгекке қарсы препараттар (мысалы, галофантрин)
• асқазан-ішек жолына әсер ететін кейбір препараттар (мысалы, доласетрон)
• обырды емдеуге арналған кейбір дәрілік заттар (мысалы, торемифен, вандетаниб)
• кейбір басқа дәрілік заттар (мысалы, бепридил, метадон).
Бұл тізім түбегейлі емес.
Галоприл препаратын электролиттік теңгерімнің бұзылуына әкелетін дәрілік заттармен біріктіріп қолданған кезде сақ болған жөн.
Қан плазмасындағы галоперидол концентрациясын арттыруы мүмкін дәрілік заттар
Метаболизм галоперидол метаболизмі бірнеше жолмен жүзеге асырылады. Негізгі жолы – глюкуронизация және кетондарға дейін қалпына келтіру. Сондай-ақ метаболизмге P450 цитохромының ферменттер, әсіресе CYP3A4 және аз дәрежеде CYP2D6 жүйесі қатысады. Метаболизмнің бұл жолының басқа дәрілік затпен тежелуі немесе 2D6 изоферменті белсенділігінің төмендеуі галоперидол концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін. CYP3A4 изоферменті белсенділігінің бәсеңдеуінің аддитивті әсері және CYP2D6 изофермент белсенділігінің төмендеуі ықтимал. Шектеулі, кейде қарама-қайшы ақпаратты ескере отырып, CYP3A4 және/немесе CYP2D6 изоферменті тежегішімен бір уақытта қабылдағанда қан плазмасындағы галоперидол концентрациясының потенциалды жоғарылауы 20-дан 40 %-ға дейін жетуі мүмкін, алайда кейбір жағдайларда 100 %-ға дейін жоғарылауы тіркелген. Қан плазмасындағы галоперидол концентрациясының жоғарылауына әукелуі мүмкін дәрілік заттар (клиникалық тәжірибе немесе дәрілермен өзара әрекеттесу механизмдері негізінде) мыналар:
• CYP3A4 изоферментінің тежегіштері: алпрозолам, флувоксамин, индинавир, итраконазол, кетоконазол, нефазодон, позаконазол, саквинавир, верапамил, вориконазол
• CYP2D6 изоферментінің тежегіштері: бупропион, хлорпромазин, дулоксетин, пароксетин, прометазин, сертралин, венлафаксин
• CYP3A4 және CYP2D6 изоферментінің біріктірілген тежегіштері: флуоксетин, ритонавир
• механизмі анықталмаған: буспирон.
Бұл тізім түбегейлі емес.
Қан плазмасындағы галоперидол концентрациясының жоғарылауы жағымсыз құбылыстардың, оның ішінде QTС аралығының ұзаруын ұлғайтуы мүмкін. QTС аралығының ұзаруы метаболизм тежегіштері – кетоконазолмен (400 мг/тәу) және пароксетинмен (20 мг/тәу) біріктіріп галоперидол қолданғанда байқалды. Галоперидолды осындай дәрілік заттармен біріктіріп қабылдайтын пациенттерге галоперидолдың фармакологиялық әсерінің күшею немесе ұзару симптомдарына мониторинг жүргізу ұсынылады, ал қажет жағдайда Галоприл дозасын төмендету керек.
Қан плазмасындағы галоперидол концентрациясын төмендетуі мүмкін дәрілік заттар
Галоперидолды CYP3A4 изоферментінің күшті индукторларымен бір уақытта қолдану қан плазмасындағы галоперидол концентрациясының тиімділігінің де төмендеуіне әкелетін кездегі деңгейіне дейін біртіндеп төмендеуіне әкелуі мүмкін. Ондай препараттардың мысалы:
• карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин, рифампицин, шілтер жапырақты шәйқурай (Hypericum perforatum).
Бұл тізім түбегейлі емес.
Ферменттер индукциясы препаратты бірнеше күннен кейін байқалуы мүмкін. Ферменттердің ең жоғарғы индукциясы, әдетте, шамамен 2 аптадан кейін байқалады және дәрілік заттармен емдеуді тоқтатқаннан кейін біраз уақыт сақталуы мүмкін. CYP3A4 ферментінің индукторларын бір мезгілде қолданған кезде пациенттің жағдайын бақылау ұсынылады, ал қажет жағдайда Галоприл дозасын ұлғайту керек. CYP3A4 изоферментінің индукторларын тоқтатқаннан кейін галоперидолдың концентрациясы біртіндеп өсуі мүмкін, демек, Галоприл дозасын төмендету қажеттігі туындауы мүмкін. Натрий вальпроаты глюкуронизацияны тежейтіндігі белгілі, бірақ қан плазмасындағы Галоперидол концентрациясына әсер етпейді.
Галоперидолдың басқа дәрілік заттарға әсері
Галоперидол ОЖЖ тежейтін дәрілердің, оның ішінде алкогольдің немесе ОЖЖ-ның басқа да депрессанттарының, мысалы ұйықтататын, седативті препараттар мен күшті анальгетиктердің әсерін күшейтуі мүмкін. Сондай-ақ метилдопамен біріктірілгенде ОЖЖ-ға әсер етудің күшеюі байқалды.
Галоперидол эпинефриннің (адреналин) және басқа симпатомиметикалық дәрілік заттардың (мысалы, амфетаминдер сияқты стимуляторлар) әсерін төмендетеді және гуанетидин сияқты адреноблокаторлардың гипертензияға қарсы әсерінің өзгеруіне әкеледі. Галоперидол леводопа мен дофаминнің басқа агонистерінің әсерін төмендетуі мүмкін. Галоперидол CYP2D6 ферментінің тежегіші болып табылады. Галоперидол, олардың қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауына ықпал ете отырып трициклдік антидепрессанттардың (мысалы, имипрамин, дезипрамин) метаболизмін тежейді.
Өзара әрекеттесудің басқа түрлері
Сирек жағдайларда литий тұздары мен галоперидолды бір уақытта қолданғанда мынадай бұзылыстар байқалды: энцефалопатия, экстрапирамидалық симптомдар, кешеуілдеген дискинезия, қатерлі нейролепсиялық синдром, жедел ми синдромы және кома. Бұл құбылыстардың көпшілігі қайтымды. Белгілі бір нозологиялық форманың көрінісі ме, анықталмаған. Алайда мұндай бұзылыстар бір уақытта литий тұздарын және галоперидолды қабылдайтын пациенттерде пайда болған кезде препараттарды қолдануды дереу тоқтату керек. Галоперидолдың антикоагулянт фениндионға антагонизмі анықталды.