Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для приема внутрь
Саудалық атауы
Гамалате В6
Әсер етуші зат
Другие психостимулирующие и ноотропные средства
Мақсаты
Зейін қою және есте сақтау проблемаларына байланысты оқу проблемалары туындаған жеңіл және орташа когнитивті бұзылыстары бар, сондай-ақ аса жоғары белсенділік немесе ашуланшақтық…
Өндіруші
Феррер Интернасиональ С.А.
Ел
Испания
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: магний глутамат гидробромиді, 2.0 г
γ-амин май қышқылы, 2.0 г
γ-амин-β-гидрокси май қышқылы, 1.0 г
пиридоксин гидрохлориді, 1.0 г
қосымша заттар: лимон қышқылы, натрий сахарині, метилпарагидроксибензоат (Е218), пропилпарагидроксибензоат (Е216), таңқурай эссенциясы 80374, «күнбатар түстес» Сары бояғыш FCF E110, сорбитол (Е420) 70 %, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән дәмі және иісі бар қызғылт-сары түсті тұтқыр сұйықтық.
Зейін қою және есте сақтау проблемаларына байланысты оқу проблемалары туындаған жеңіл және орташа когнитивті бұзылыстары бар, сондай-ақ аса жоғары белсенділік немесе ашуланшақтық сияқты мінез-құлық проблемалары пациенттерге кешенді ем құрамында.
Әсер ету механизмі
γ-амин май қышқылы немесе ГАМҚ постсинаптикалық ингибитор ретінде әрекет етеді. Бас миында қайта аминдеу және декарбоксилдену арқылы метаболизденіп, Кребс цикліне кіретін шайыртас қышқылына айналады.
ГАМҚ және ГАБГМҚ (ГАМҚ ізашары) енгізу аса жоғары қоздыру кезінде ГАМҚ деңгейін жоғарылатады. Магний глутаматы гидробромиді (МГБ) глутамат рецепторларының ішінара агонисті ретінде әрекет етеді, оларды бұғаттайды және ол шығаратын қозуды тежейді. Пиридоксин, глутамин қышқылын ГАМҚ-қа айналдыру үшін қажет кофермент, бұл метаболизмдық түрлендіруді белсендіреді.
Дозалау режимі
Ересектер: ішке әр 8 сағат сайын 10 мл тәулігіне 2 - 3 рет
Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.
Ең төменгі бір реттік доза 10 мл.
Бұл дозалар дәрігердің тағайындауымен өзгеруі мүмкін.
Енгізу әдісі және жолы
Тамақтанар алдында немесе кейін ішуге арналған.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Қатысты емес.
Тоқтату симптомдары қаупінің барын көрсету
Дәрігердің нұсқауынсыз емдеуді тоқтатпаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану жөнінде сұрақтар туындаса емдеуші дәрігерге жүгіну керек
• әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• асқазан мен он екі елі ішектің ойықжара ауруы
• бауырдың ауыр зақымдануы
• ишемиялық жүрек ауруы
• балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
• жүктілік және лактация кезеңі
• леводопаны қабылдаған пациенттер.
Жиілігі белгісіз
• ұйқышылдық, мазасыздық, седативті әсер, бағдарсыздық
• қозу, ұйқысыздық
• ентігу
• жүрек айну, құсу, кейде - диарея, іш қату, асқазан мен іштегі жайсыздық
• гиперемия, есекжем, эритема, пурпура, экзема.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ұзақ уақыт бойы енгізілетін пиридоксиннің жоғары дозалары нейроуытты әсер етуі мүмкін (сенсорлық симптомдар және невропатиялық ауырсыну).
Пиридоксиннің фотосенсибилизацияның ықтимал қаупі бар (теріде бөртпе, қышыну, күлдіреуік және везикулалар түрінде көрінеді).
Қосымша заттар туралы ескерту
Құрамында орташа іш жүргізетін әсер көрсететін қосымша зат сорбитол (Е420) бар. Тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы бар пациенттерге бұл препаратты қабылдау ұсынылмайды.
Сары «күн батар түстес» бояғыш E110 - аллергиялық реакциялар мен астма тудырады, әсіресе ацетилсалицил қышқылына аллергиясы бар пациенттерде; осы бояғыштың мөлшеріне байланысты препарат балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданылмайды.
Метилпарагидроксибензоат (Е218) және пропилпарагидроксибензоат (Е216) баяу типтегі аллергиялық реакциялар туындатады.
Препараттың бір реттік дозасында 1 ммольден аз 23 мг натрий бар, яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ».
Гамалате В6 препаратының бір реттік дозасындағы натрий мөлшері-1.12 мг.
Арнайы ескертулер
Жүктілік
Жүктілік кезіндегі дәрілік препараттың қауіпсіздігі анықталмаған. Жүкті әйелдерде немесе жүктілікке күдіктенгенде, препарат күтілетін емдік пайдасы кез келген ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана тағайындау керек.
Бала емізу
Емшекпен емізу кезінде дәрілік препараттың қауіпсіздігі анықталмаған. Бала емізетін пациенттерге күтілетін емдік пайдасы кез келген ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана тағайындау керек.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Гамалате В6 ұйқышылдық пен седативті әсер тудыруы мүмкін және бұл реакция жасау қабілетін төмендетуі мүмкін, сондықтан препаратты қабылдау кезінде пациент көлік құралдарын басқарудан және оның осы әрекеттерді орындау қабілеті бұзылмағаны расталғанға дейін ерекше назар аударуды қажет ететін басқа жұмыстарды орындаудан бас тартуы керек.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Орталық жүйке жүйесін тежейтін препараттар: ұйықтататын дәрілер, седативті дәрілер, анксиолитиктер және анальгетиктер ГАМҚергиялық жүйеге әсер етеді, Гамалате препаратымен бір мезгілде қабылдау осы препараттардың әсерін күшейте алады.
Леводопа: Гамалате В6 леводопаның әсерін оның шеткергі метаболизмін жеделдету арқылы төмендетуі мүмкін. Бұл әсер оны қабылдағаннан кейін 24 сағаттан кейін байқалады. Леводопаны қабылдайтын Паркинсон ауруы бар пациенттерге тағайындауға болмайды.
Алкогольдің әсерін магний глутаматы гидробромидімен күшейтуге болады.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.