Қауіпсіздік бейінінің қысқаша сипаттамасы
Валганцикловир ганцикловирдің ізашары дәрісі болып табылады, және валганцикловирмен байланысты жағымсыз реакциялар ганцикловирді қолдану кезінде де туындауы мүмкін деп күтуге болады. Пероральді ганцикловир енді қолжетімді емес, бірақ оны қолдану кезінде хабарланған жағымсыз реакциялар ганцикловирді вена ішіне алып жүрген пациенттерде де туындауы мүмкін. Сондықтан ганцикловирді немесе валганцикловирді вена ішіне немесе пероральді қолдану кезінде хабарланған жағымсыз дәрілік реакциялар жағымсыз реакциялар кестесіне енгізілген.
Ганцикловир/валганцикловир қабылдаған пациенттерде барынша күрделі және жиі жағымсыз дәрілік реакциялар гематологиялық реакциялар болып табылады, олар нейтропенияны, анемияны және тромбоцитопенияны қамтиды. Дәрілік заттарға басқа жағымсыз реакциялар төмендегі кестеде келтірілген.
Кестеде берілген жағымсыз реакциялардың жиілігі ганцикловирмен немесе валганцикловирмен демеуші ем алып жүрген АИТВ-инфекцияланған пациенттердің (n = 1704) біріккен популяциясынан алынған. Агранулоцитоз, гранулоцитопения және анафилаксиялық реакция бұларға жатпайды, олардың жиілігі постмаркетингтік тәжірибемен анықталады. Жағымсыз реакциялар MedDRA жүйесінің ағзалар класына сәйкес тізбеленген. Жиілік санаттары мынадай келісімді пайдаланып анықталады: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1 000 - < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10 000 - < 1/1 000 дейін) және өте сирек (< 1/10 000).
Ганцикловир/валганцикловирдің жалпы қауіпсіздік бейіні торлы қабықтың ажырауы ЦМВ-ретинитпен АИТВ-пациенттерде ғана тіркелгенін қоспағанда, АИТВ және трансплантаттар популяцияларында өзара үйлеседі. Алайда белгілі бір реакциялардың жиілігінде кейбір айырмашылықтар бар. Ганцикловирді вена ішіне енгізу валганцикловирді пероральді қабылдаумен салыстырғанда диарея дамуының төменірек қаупімен байланысты. Пирексия, кандидоздық инфекциялар, депрессия, ауыр нейтропения (НАС < 500/мкл) және тері реакциялары АИТВ бар пациенттерде жиірек тіркеледі. Бүйрек және бауыр дисфункциясы ағзалар трансплантациясының реципиенттерінде жиірек тіркеледі.
Жағымсыз реакциялардың жиынтық тізімі
Өте жиі
- кандидоздық инфекциялар, ауыз қуысының кандидозын қоса
-жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары
- нейтропения
- анемия
- тәбеттің төмендеуі
- бас ауыруы
- инсомния
- жөтел, ентігу
- диарея, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы
- дерматиттер
- пирексия
- шаршау
Жиі
- сепсис
- тұмау
- несеп шығару жолдарының инфекциялары
- целлюлит
- тромбоцитопения
- лейкопения
- панцитопения
- аса жоғары сезімталдық
- дене салмағының төмендеуі
- депрессия
- сананың шатасуы
- үрейлену
- шеткері нейропатия
- бас айналу
- парестезиялар
- гипоэстезия
- құрысулар
- дисгевзия (дәм сезудің бұзылуы)
- көрудің бұзылуы, торлы қабықтың ажырауы, шыны тәрізді дене деструкциясы, көз алмасының ауыруы, конъюктивиттер
- макулярлық ісіну
- құлақ ішінің ауыруы
- гипотензия
- диспепсия, метеоризм, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, іш қату, ауыз қуысындағы ойық жаралар, дисфагия, іштің кебуі, панкреатиттер
- сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы, бауыр функциясының бұзылулары, АСТ белсенділігінің жоғарылауы, АЛТ белсенділігінің жоғарылауы
- түнгі тершеңдік, қышыну, бөртпе
- алопеция
- арқаның ауыруы, миалгия, артралгия, бұлшықеттердің түйілуі
- бүйрек функциясының бұзылулары, бүйректің КК төмендеуі, қандағы креатининнің жоғарылауы
- енгізген жердегі реакциялар, ауыру, қалтырау, дімкәстік, астения
Жиі емес
- Сүйек кемігінің жеткіліксіздігі
- ажитация, психоздық бұзылыс, қалыптан тыс ойлау, елестеулер
- тремор
- кереңдік
- аритмия
- терінің құрғауы, есекжем
- бүйрек жеткіліксіздігі, гематурия
- ерлердегі белсіздік
- кеуденің ауыруы
Сирек
- аплазиялық анемия, агранулоцитоз*, гранулоцитопения*
- анафилаксиялық реакциялар*
* Бұл жағымсыз реакциялардың жиілігі постмаркетингтік тәжірибеден анықталады; қалған жиілік санаттарының барлығы клиникалық сынақтарда тіркелген жиілікке негізделген.
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Нейтропения
Нейтропенияның даму қаупін емдеу басталғанға дейін нейтрофилдер санының негізінде болжау мүмкін емес. Нейтропения әдетте индукциялық емнің бірінші немесе екінші аптасында және ≤ 200 мг/кг жинақталған дозаны енгізгеннен кейін пайда болады. Жасушалар саны әдетте препаратты тоқтатқаннан немесе дозаны төмендеткеннен кейін 2-5 күн ішінде қалпына келеді.
Нейтропенияның ауыр түрі
Нейтропенияның ауыр түрі ағзалар трансплантациясы бар, валганцикловирді немесе пероральді ганцикловирді қабылдаған пациенттерге қарағанда валганцикловирмен, пероральді немесе вена ішіне ганцикловирмен демеуші ем қабылдаған (n = 1704) АИТВ бар пациенттерде жиірек байқалды (14%). Валганцикловирді немесе пероральді ганцикловирді трансплантациядан кейін 100-ші күнге дейін қабылдаған пациенттерде ауыр нейтропения жиілігі сәйкесінше 5% және 3% құрады, ал валганцикловирді трансплантациядан кейін 200-ші күнге дейін қабылдаған пациенттерде ауыр нейтропения жиілігі 10% құрады.
Тромбоцитопения
Тромбоциттердің бастапқы деңгейі төмен пациенттерде (<100 000/мкл) тромбоцитопенияның даму қаупі жоғары болады. Иммуносупрессиялық препараттармен емдеуден туындаған ятрогендік иммуносупрессиясы бар пациенттер ЖИТС-пен ауыратын пациенттерге қарағанда тромбоцитопения қаупіне көбірек ұшырайды. Ауыр тромбоцитопения өмірге қауіптілігі зор қан кетумен байланысты болуы мүмкін.
Құрысулар
Имипенем-циластатинді және ганцикловирді қабылдаған пациенттерде құрысулар туралы хабарланған.
Торлы қабықтың ажырауы
Бұл жағымсыз реакция ЦМВ-ретинитті емдеу үшін ганцикловир қабылдаған АИТВ бар пациенттердегі зерттеулерде ғана тіркелді.
Инъекция орнындағы реакциялар
Инъекция орнындағы реакциялар әдетте ганцикловирді қабылдаған пациенттерде пайда болады. Тіндердің жергілікті тітіркену қаупін азайту үшін, Ганвирді «Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөліміндегі ұсынымдарға сәйкес енгізу керек.
Балалар
12 жасқа дейінгі балаларда ганцикловирдің қауіпсіздігінің ресми зерттеулері жүргізілген жоқ, бірақ, валганцикловирді, ганцикловирдің ізашар дәрісін қолдану тәжірибесінің негізінде, белсенді препараттың қауіпсіздігінің жалпы бейіні балаларда және ересек пациенттерде ұқсас.
Нейтропения балаларда жиірек кездеседі, бірақ балалар популяциясында нейтропения мен инфекциялық жағымсыз реакциялардың арасында өзара байланыс жоқ. Жаңа туған нәрестелер мен сәбилердегі цитопенияның жоғарырақ қаупі осы жас топтарында қан көрсеткіштеріне мұқият мониторингті қажет етеді.
АИТВ/ЖИТС немесе симптоматикалық туа біткен ЦМВ-инфекциясы бар, валганцикловир немесе ганцикловир қабылдаған жаңа туған нәрестелер мен сәбилер туралы шектеулі деректер ғана бар, алайда, қауіпсіздік бейіні валганцикловирдің/ганцикловирдің белгілі қауіпсіздік бейініне сәйкес келуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz