Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
40 мг
Саудалық атауы
Гастросидин
Әсер етуші зат
Фамотидин
Мақсаты
Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы аурулары емдеу және профилактикасы
Өндіруші
Санофи Илач Санаи ве Тиджарет А.О.
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 таблетканың құрамында
белсенді зат - 40.00 мг фамотидин,
қосымша заттар: лактоза (моногидрат), жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты
қабықтың құрамы SeleCoat AQ-1257, қоңыр: гидроксипропил-метилцеллюлоза, гидроксипропилцеллюлоза, полиэтиленгликоль 6000, темірдің (ІІІ) қызыл тотығы (Е172), темірдің (ІІІ) сары тотығы (Е172), тальк, титанның қостотығы (Е171).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, ашық-қоңыр түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде сызығы бар таблеткалар.
- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы аурулары емдеу және профилактикасы
- тұз қышқылы секрециясының жоғарылауымен байланысты патологиялық жағдайларда (Золлингер-Эллисон синдромы)
- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруында (ГЭРА)
Фармакодинамикалық әсерлері.
Гастросидин - әсер етуі ұзақ үшінші буынды гистаминнің Н2-рецепторларының бәсекелес антагонисі. Гастросидинді 10-20 мг дозада ішіп қабылдау тұз қышқылының секрециясын, ең болмағанда, 12 сағаттың ішінде, 80%-дан астамға төмендетеді. Асқазанда қышқыл секрециясын 50%-ға төмендету үшін қажетті фамотидиннің плазмадағы концентрациясы 13 мкг/л құрайды.
40 мг Гастросидинді қабылдағаннан кейін асқазанда қышқылдың рН-ы 5.0 – 6.4 құрайды.
Тұз қышқылы секрециясының Гастросидинмен тежелуі қан сарысуында гастриннің концентрациясын қалыпты көрсеткіштің жоғарғы шегіне дейін біршама арттыруы мүмкін.
Гастросидин тұз қышқылының секрециясын негізгі де, сонымен қатар ынталандырылған пентагастрин арқылы да төмендетеді.
Препараттың емдік индексі ауқымды, ол оның тиімділігін жоғары дозаларда ұзақ қабылдаған кезде де сақтауға мүмкіндік береді.
Золлингер-Эллисон синдромы бар науқастарда, Гастросидинді асқазанда тұз қышқылының секрециясын бақылайтын антихолинергиялық препараттармен ұзақ уақыт біріктіріп қолданған кезде, қанның биохимиялық көрсеткіштері тарапынан өзгерістер байқалған жоқ.
Гастросидинді науқастар жақсы көтереді.
Дозалау режимі
Асқыну фазасындағы асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы –
40 мг препаратты түнге қарай. Емделу ұзақтығы – ойық жараның жазылу (тыртықтануы) динамикасына байланысты 4 – 8 апта.
Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасының қайталануының профилактикасы
Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасының қайталануының профилактикасы үшін Гастросидинді 4-8 апта бойы тәулігіне 1 рет 20 мг дозада ұйықтар алдында қабылдау керек.
Золлингер-Эллисон синдромы
Бұдан бұрын секрецияны басатын препараттар қабылдамаған пациенттер әр 6 сағат сайын Гастросидинді бастапқы 20 мг дозада қабылдауы керек. Дозаны науқастың жағдайына қарай тағайындаған жөн және клиникалық көрсетілімдеріне сәйкес жалғастыру керек.
Гастроэзофагеальді рефлюкстік ауру (ГЭРА) кезінде пероральді қолдану үшін ұсынылатын дозасы күніне екі рет 20 мг, емдеу ұзақтығы 6-12 апта. ГЭРА эзофагитпен қатар жүретін жағдайларда, Гастросидиннің ұсынылатын дозасы 12 апта бойына 20-40 мг құрайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Балалардағы препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Егде жастағы пациенттер
Жасына байланысты дозаны түзету қажет етілмейді.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Гастросидин негізінен бүйрекпен шығарылатындықтан, оны бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда сақтықпен қолдану керек. Егер креатинин клиренсі <30 мл/минут, ал сарысу креатинині деңгейі >3 мг/мл болса, ең жоғарғы тәуліктік дозасы тәулігіне 20 мг дейін төмендетілуі немесе қабылдаулар аралығы 36-48 сағатқа дейін ұзартылуы тиіс.
Енгізу әдісі мен жолы
Гастросидин ішке, тамақтануға қарамастан, қабылдау жиілігі тәулігіне 1 рет қабылданады.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Дәрігер сізге осыны істеуді айтпағанша емдеуді тоқтатпаңыз. Емдеуді тоқтатпас бұрын дәрігермен кеңесіңіз.
-фамотидинге, Н2-гистаминдік рецепторлардың басқа антагонистеріне және препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушыдығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте сирек:
- агранулоцитоз, панцитопения, лейкопения, тромбоцитопения, нейтропения
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Өте сирек:
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну, бронх түйілуі)
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар
Жиі емес:
- тәбеттің жоғалуы
Психикалық бұзылулар
Өте сирек:
- депрессияны, мазасыздықты, қозуды, бағдардан жаңылысу, сананың шатасуы, елестеулерді қоса, қайтымды психикалық бұзылыстар
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі:
- бас ауыруы, бас айналу, сылбырлық
Өте сирек:
- құрысулар, ауқымды ұстамалар (әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде), парестезия, ұйқышылдық, ұйқысыздық
Жүрек қызметі тарапынан бұзылуы
Өте сирек:
-Н2-рецепторлардың антагонистерін вена ішіне енгізу кезіндегі атриовентрикулярлық блокада, QT аралығының ұзаруы (әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде)
Тыныс алу, торакальды және көкірек ортасы бұзылыстары
Өте сирек:
- интерстициальды пневмония (кейде өліммен аяқталатын), кеудедегі қысылу
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Жиі:
- іш қату, іш өту
Жиі емес:
- ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы немесе кебуі, метеоризм, дисгевзия
Гепато-билиарлық бұзылыстар
Өте сирек:
- бауыр ферменттері тарапынан бұзылулар (трансаминаза, гамма-GT, сілтілі фосфатаза, билирубин), бауырішілік холестаз (айқын белгі: сарғаю)
Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар
Жиі емес:
- бөртпе, тері қышынуы, есекжем
Өте сирек:
- шаштың түсуі, терінің ауыр реакциялары (Стивенс-Джонсон синдромы, кейде өліммен аяқталатын, уытты эпидермалық некролиз)
Тірек-қимыл жүйесі мен дәнекер тіні тарапынан бұзылулар
Өте сирек:
- артралгия, бұлшықеттің түйілуі
Ұрпақ өрбіту ағзалары мен сүт безі тарапынан бұзылулар
Өте сирек:
- импотенция, либидоның төмендеуі
Жалпы бұзылыстар
Жиі емес:
- шаршау
Жағымсыз әсерлері - себеп-салдарлық байланысы белгісіз
Гинекомастияның сирек жағдайлары туралы хабарланды, алайда бақыланатын клиникалық зерттеулерде ол плацебоға қарағанда жиі кездескен жоқ
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Симптомдары – препараттың артық дозалануы жағдайында байқалатын жағымсыз реакциялар клиникалық тәжірибеде әдетте қолданғанда кездесетін жағымсыз реакцияларға ұқсас.
Патологиялық гиперсекреторлық жай-күйдегі пациенттерге фамотидинді тәулігіне 800 мг дозада бір жылдан аса қолдану ешқандай күрделі жағымсыз құбылыстарды туындатпаған.
Емі – асқазанды шаю; қажет болғанда симптоматикалық ем және пациенттің жалпы жағдайына клиникалық мониторинг жүргізіледі.
Бүйрек және бауыр функциясы бұзылған пациенттерге сақтықпен қолданылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі <10 мл/мин) дозалары арасындағы аралықтарды ұзағырақ ету немесе төменірек дозалары ұсынылады.
Қатерлі аурулар
Емдеуді бастар алдында өңеште, асқазанда немесе он екі елі ішекте қатерлі ісіктің бар-жоғын мүмкін екенін жоққа шығару керек.
Ұзақ уақыт емдеу кезінде науқас дәрігердің бақылауында болуы тиіс.
Жүрек ырғағының бұзылуы
АВ блокада қаупі болғандықтан, Гастросидинді жүректің соғу ырғағы бұзылған пациенттерге сақтықпен және дәрігердің бақылауымен тағайындайды.
Егде жастағы пациенттер
Клиникалық зерттеулерде егде жастағы пациенттерде фамотидин қолданғанда, жағымсыз әсерлер жиілігінің артуы немесе фамотодинге тән емес жағымсыз әсерлердің пайда болуы байқалмаған. Жасына байланысты дозаны түзету қажет етілмейді.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Фамотидин препаратын 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде тағайындау ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) тарапынан жағымсыз әсерлер дамуы мүмкін екендігін ескере отырып, зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысу жөніндегі мәселелерді, пациенттің препаратқа жекелей реакциясына баға берілгеннен кейін ғана шешкен жөн.
Жүкті әйелдерге талапқа сай немесе жақсы бақыланатын зерттеулер жүргізілмеген.
Фамотидин ана сүтімен секрецияланады. Емшектегі балаларға фамотидиннің әсері белгісіз болғандықтан және ол асқазанның секреторлық функциясына әсер етуі мүмкін болғандықтан, бала емізетін аналар препарат қабылдауды тоқтатуы немесе бала емізуді тоқтатуы тиіс.
Фертильділік
Фамотидиннің фертильділікке әсері туралы деректер жоқ.
Басқа дәрілік препараттармен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі анықталмаған.
Фамотидин Р-450 цитохромы ферменттік жүйесіне әсер етпейді. Бауырдың микросомалық ферменттерінің белсенділігін өзгертпейді.
Клиникалық деректер фамотидин аминопирин, антипирин, диазепам, фенитоин, пропранолол, теофиллин және варфариннің әсерін күшейтпейтінін көрсеткен. Бауыр қан ағымын және / немесе бауырдың экскреторлық функциясын өлшеу үшін маркер ретінде қолданылатын жасыл индоцианинді тестілеу кезінде өзара әрекеттесудің ешқандай елеулі әсерлері анықталмаған.
Фенпрокумонмен ем белгіленген пациенттерді зерттеу с фамотидинмен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуін көрсетпеген, сондай-ақ фенпрокумонның антикоагулянтты белсенділігіне әсер ететіні көрсетілмеген.
Сонымен қоса, фамотидинмен зерттеу алкоголь деңгейінің оны тұтынған кезде күтілген жоғарылауын көрсетпеген.
Асқазанның рН жоғарылауын туындатып, фамотидин әртүрлі дәрілік препараттардың (мысалы, атазанавир) биожетімділігі мен сіңірілуін төмендетуі мүмкін. Сондай-ақ фамотидинді кетоконазол және итраконазолмен бір мезгілде қолданғанда олардың қан плазмасындағы концентрациясының азаюы мен тиімділігінің төмендеуі мүмкін. Осыған байланысты кетоконазолды Гастросидин қабылдағанға дейін кем дегенде 2 сағат бұрын қабылдауға болады.
Мүмкіндігінше фамотидинді позаконазолмен бір мезгілде ішуге арналған суспензия түрінде қабылдаудан аулақ болу керек, өйткені фамотидин позаконазолдың сіңуін төмендетуі мүмкін.
Фамотидинді антацидтермен бір мезгілде қолданғанда фамотидин сіңірілуінің азаюы мүмкін, сондықтан фамотидинді антацидтік дәрілерді қабылдауға дейін 1-2 сағат бұрын қолданған жөн.
Фамотидин қабылдағаннан кейін 2 сағат ішінде сукральфат қабылдаудан аулақ болу керек.
Пробеницидті қолдану фамотидиннің шығарылуын төмендетуі ықтимал, сондықтан Гастросидинді пробеницидпен бірге қолданбаған жөн.
Фамотидинді тирозинкиназдар тежегіштерімен (дазатиниб, эрлотиниб, гефитиниб, пазопаниб) бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Фамотидинді тирозинкиназалар тежегіштерімен бір мезгілде қабылдағанда олардың қан плазмасындағы концентрациясының төмендеуі және осылайша олардың тиімділігі мүмкін. Толығырақ ақпарат алу үшін тирозинкиназалар тежегіштері препараттарын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа жүгіну керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.