Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для местного применения
Дозасы
1,5мг/г
Саудалық атауы
Геделор
Әсер етуші зат
Бензидамин
Мақсаты
Анальгетикалық және қабынуға қарсы дәрілер ретінде жергілікті симптоматикалық емдеу үшін (кешенді ем құрамында)
Өндіруші
РЕПЛЕК ФАРМ ООО Скопье
Ел
Республика Северная Македония
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 г препараттың құрамында
белсенді зат – 0,15 г бензидамин гидрохлориді,
қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, глицерол, 96 % этанол, натрий сахарині, натрий гидрокарбонаты, полисорбат 60, жалбыз сұйығы 27198/14, хинолинді сары 70 (E 104), индиготин 85 (E 132), тазартылған су.
Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалбыздың иісі бар, қарқынды сарғыш-жасыл түсті мөлдір сұйықтық.
Анальгетикалық және қабынуға қарсы дәрілер ретінде жергілікті симптоматикалық емдеу үшін (кешенді ем құрамында)
- ауыз қуысы мен тамақтың қабыну аурулары мен жарақаттық жай-күйі (гингивит, стоматит, фарингит, сәулемен емдеуден кейінгі ойық жаралану, бадамша безді алып тастағаннан кейінгі және мұрын асқазан зондын пайдаланғаннан кейінгі жай-күй)
- тістерді консервативті емдеуге қосымша ретінде және стоматологиялық операциялардан кейін.
Әсер ету механизмі
Бензидамин қабынуға қарсы және жергілікті ауырсынуды басатын әсер көрсетеді, микроорганизмдердің ауқымды спектріне қарсы антисептикалық әсерге ие. Жергілікті қолданудағы тиімділігі эпителий қабатына ену және қабынған тіндердегі тиімді концентрацияға жету қабілетіне негізделген. Препараттың әсер ету механизмі жасушалық жарғақшалардың тұрақтануымен және простагландиндер синтезінің тежелуімен байланысты. Бактерияға қарсы әсері микроорганизмнің жарғақшасы арқылы тез еніп, жасушалық құрылымдардың зақымдануымен, метаболизмдік үдерістердің бұзылуымен және жасушаның лизисімен байланысты.
Фармакодинамикалық әсерлері
Бензидамин ауырсыну, ісіну немесе гранулема сияқты қабынудың жергілікті көріністеріне спецификалық әсер етеді. Жергілікті қолдану кезінде бензидамин қабынуға қарсы белсенділікті, ісінудің азаюын, сондай-ақ экссудат пен гранулеманың түзілуін көрсетті. Сонымен қатар, егер ауырсыну қабыну үдерісімен байланысты болса, ол жергілікті ауырсынуды басатын және анестезиялық әсер көрсетеді. Бензидамин жүйелік бұзылуларды білдіретін гипертермияға әлсіз әсер етеді.
Дозалау режимі
Ересектерге: егер ауыруды жеңілдету үшін қажет болса, әр 1,5 - 3 сағат сайын 15 мл ерітіндіден (1 ас қасық).
Енгізу әдісі мен жолы
Препаратты әдетте сұйылтылмаған күйде пайдаланады, бірақ «күйдірген» кезде 1:2 арақатынасында сумен сұйылтуға болады. Шайғаннан кейін ерітіндіні түкіріп тастау керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс. Ұсынылған дозадан асыруға болмайды. Тек дәрігердің ұсынымы мен қадағалауы бойынша ұзағырақ емделуге болады.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- салицил қышқылына және / немесе қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік заттарға жоғары сезімталдық
- жұту проблемалары
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Сирек
- ауыз қуысының ұйып қалуы және ауызда күйдіру сезімі, ауыз қуысының ауырсынуы.
Өте сирек
- айқын ентігумен (ларингоспазм) дыбыс саңылауының кенеттен еріксіз жабылуы, тыныс алудың қиындауын тудыратын бронх саңылауының тарылуы (бронх түйілуі)
- қышыну, есекжем, күн сәулесінің теріге әсері және бөртпе түрінде пайда болуы мүмкін аллергиялық реакциялар.
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- терінің терең қабатының және теріасты тіндерінің тығыз, асимметриялық, ауыртпай ісінуі, өмірге қауіп төндіретін тез ауыр аллергиялық реакция (анафилаксиялық реакция) және аллергиялық реакциялар, соның ішінде баяу түрдегі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: ерітіндіні кездейсоқ азғана мөлшерде жұтып қою күрделі жағымсыз әсерлердің дамуына әкелу ықтималдығы аз. Бензидаминді көп мөлшерде (300 мг астам) жұтып қойған жағдайда жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы және өңештің тітіркенуі дамуы мүмкін. Орталық жүйке жүйесіне әсер ету симптомдарына бас айналу, елестеулер, қозу, мазасыздану және ашушаңдық кіреді.
Емі: жедел артық дозаланғанда дәрігерге бару керек, себебі симптоматикалық ем қажет болуы мүмкін. Сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін қабылдау қажет.
Ұзақ қолдану әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдықты туындатуы мүмкін, сондықтан Геделорді әсер алу үшін қажетті ұсынылған уақыт кезеңі ішінде ғана қолдану қажет. Аса жоғары сезімталдық дамыған жағдайда емдеуді тоқтату қажет.
Арнайы ескертулер
Препарат бронх демікпесі бар және бұрын бронх демікпесі болған пациенттерде бронх түйілуін туындатуы мүмкін.
Препарат құрамында аллергиялық, соның ішінде баяу типті реакцияларды туындатуы мүмкін метилпарагидроксибензоат бар.
Пациенттердің аздаған санында ауыз қуысының шырышты қабығы мен жұтқыншақтың қабынуы мен ойық жарасы күрделі аурулардың белгілері болуы мүмкін. Егер қабыну симптомдары артатын болса немесе емдеудің 3 күні ішінде жақсару байқалмаса, сіз емдеуші дәрігерден немесе стоматологтан кеңес алуыңыз қажет.
Геделор препаратымен ұзақ емдеу аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін, бұл жағдайда емдеуді тоқтату және дәрігерге қаралу қажет.
Егер 7 күннен кейін, жақсару болмаса, дәрігерге қаралу керек.
Егер ерітіндіні қолданғанда күйдіру сезімі пайда болса, ерітіндіні 1:2 арақатынасында сумен алдын ала сұйылту керек. Препараттың құрамында 96 % спирт бар, сондықтан оны алкоголизм және эпилепсия кезінде қолдану ұсынылмайды.
Педиатрияда қолдану: Геделор, жергілікті қолдануға арналған ерітіндіні 18 жастан кіші балаларға қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат құрамында спирт бар, мұны автокөлікті басқару және жоғары зейін қоюды талап ететін жұмыстарды жүргізу кезінде ескеру қажет.
Геделор препараты жүктілік кезінде қолданылмауы тиіс. Егер дәрігер қажет деп санамаса, Геделор препаратын емшекпен емізу кезінде қолдануға болмайды.
Геделор препаратының басқа дәрілік заттармен клиникалық мәнді өзара әрекеттесулері анықталмаған.
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.