Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Аэрозоль для местного применения
Дозасы
2,5 %
Саудалық атауы
Гексаспрей®
Әсер етуші зат
Прочие препараты
Мақсаты
Биклотимолға сезімтал қоздырғыштар туындатқан ауыз қуысының, жұтқыншақтың, көмейдің инфекциялық-қабыну ауруларында
Өндіруші
Лаборатории БУШАРА-РЕКОРДАТИ
Ел
Франция
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
30 г препараттың құрамында
белсенді зат - биклотимол 0,7500 г
қосымша заттар: бензил спирті, ЭДТА динатрий тұзы, метилпарагидроксибензоат, жұлдызды анис майы, аммоний глицирризинаты, натрий сахарині, AVICEL RC 591 (микрокристалды целлюлоза және натрий карбоксиметилцеллюлозасы), соя лецитині, глицерин, 95% этил спирті, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Аниске тән иісі бар, сарғыш реңді ақ түсті біртекті суспензия.
Биклотимолға сезімтал қоздырғыштар туындатқан ауыз қуысының, жұтқыншақтың, көмейдің инфекциялық-қабыну ауруларында.
Биклотимол фенолдық қосылыстар тобына жатады. Биклотимол бифенолдар класының дәрілік препараты болып табылады. Биклотимолдың мынадай жағдайларда грамоң микроорганизмдерге қатысты бактерияға қарсы белсенділігі бар: жанасудан бастап ең жоғары концентрацияға (90 %) дейін 15 минут.
Дозалау режимі
Ересектер мен 3 жастан асқан балаларға жергілікті: күніне 3 рет 2 бүркуден тамақтануға байланыссыз қолданылады.
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат жергілікті қолдануға арналған.
Әр қолданар алдында сілку керек.
Бүрку үшін, ұштықтың ұшын жай ғана ширек айналымға бұрыңыз, құтыны тігінен ұстап, бүрку керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу бес күннен аспауы тиіс.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкердің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 3 жасқа дейінгі балалар
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Өте сирек
- аллергиялық реакциялар: еріннің ісінуі, уртикария (есекжем), тері бөртпелері, эритема, Квинке ісінуі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Ерекше сақтық шаралары
Ингаляция кезінде құтыны тік ұстау керек. Қолданар алдында құтыны шайқаңыз.
Препаратты 5 күннен аса ұзақ уақыт қолдану негізсіз болып табылады, сонымен қатар ол бактериялық немесе зеңдік зақымданулардың даму қаупі болатын ауыз қуысының қалыпты микрофлорасын бұзуы мүмкін.
Бес күндік емдеу курсы аяқталғаннан кейін ауру симптомдары болған жағдайда және / немесе дене температурасы көтерілген жағдайда емдеу тактикасы қайта қаралуы тиіс.
Емдеу кезеңінде өзара әрекеттесу мүмкіндігін (антагонизм/ үйлесімсіздік, инактивация) ескере отырып, басқа антисептиктерді бір мезгілде немесе жүйелі қолданудан аулақ болу керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Қатысты емес.
Жануарларда тератогендік әсердің болуы туралы сенімді деректер жоқ. Осы уақытқа дейін препаратты қолдану кезінде әйелдерде қандай да бір тератогендік және фетоуыттылық әсері клиникалық түрде анықталмаған. Дегенмен, биклотимолмен емделген әйелдерде жүргізілген жүктілік ағымының мониторингі ықтимал қатерлерді жоққа шығару үшін жеткіліксіз болып табылады.
Сақтандыру шарасы ретінде биклотимолды қолданбаған жөн.
Кез келген дәрілік препараттарды қабылдар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Қосымша заттар туралы арнайы ақпарат
Препарат құрамында бір дозаға 100 мг-ден аздау этил спиртінің елеусіз мөлшері бар.
Препаратта метилпарагидроксибензоат (E218) және соя лецитинінің болуына байланысты аллергиялық реакциялардың, оның ішінде баяу типінің дамуы мүмкін.
Басқа жергілікті антисептиктерді бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Сақтау мерзімі
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.