Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки для рассасывания апельсиновые
Саудалық атауы
Гексорал® Табс Классик
Әсер етуші зат
Қатысты емес
Мақсаты
Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну аурулары
Өндіруші
Юник Фармасьютикал Лабораториз (отделение фирмы "Дж.Б.Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.")
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 2,4-дихлорбензил спирті 1,2 мг
амилметакрезол 0,6 мг
қосымша заттар:
-сахароза, сұйық глюкоза, лимон қышқылы моногидраты, рибофлавин натрий фосфаты бояғышы, қан қызыл бояғышы (Понсо 4 R), жалбыз майы, анис майы, тәтті апельсин майы (апельсинді)
-сахароза, сұйық глюкоза, лимон қышқылы моногидраты, рибофлавин натрий фосфаты бояғышы, жалбыз майы, анис майы, концентрацияланған лимон майы (лимонды)
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Екі беті дөңес дөңгелек пішінді қызғылт сары түсті таблеткалар (апельсинді).
Екі беті дөңес дөңгелек пішінді сары түсті таблеткалар (лимонды).
Ауа көпіршіктері мен жиектерінің біркелкі болмауына жол беріледі.
-ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну аурулары.
ATХ коды: R02AA20
ЛОР тәжірибесі мен стоматологияда жергілікті қолдануға арналған біріктірілген антисептикалық препарат. 2,4-дихлорбензил спирті бензол туындысы, амилметакрезол фенол туындысы болып табылады. Препараттың белсенді компоненттері жергілікті антисептикалық және аздаған жергілікті тыныштандыратын әсер тудырады; шырышты қабыққа адгезия әсердің ұзаруына ықпал етеді. Гексорал Табс Классик жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының тітіркену симптомдарын жояды, шырышты қабыққа деконгестивті әсер етеді, мұрынның бітелуін азайтады, тітіркенуді және тамақ ауырғанын басады.
Гексорал Табс Классиктің әсер ету механизмі микробтық жасуша ақуыздарының коагуляциясымен, сондай-ақ патогендерге қарсы тиімділікті анықтайтын жасуша жарғақшасының липидтерімен өзара әрекеттесуімен байланысты. Грам-оң және грам-теріс микроорганизмдердің кең спектріне қатысты белсенді, сондай-ақ антимикоздық әсерге ие.
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар үшін 2-3 сағат сайын 1 таблеткадан сору ұсынылады. Ең жоғары тәуліктік доза - 8 таблетка.
Енгізу жолы және тәсілі
Таблетканы толық ерігенге дейін баяу сорған жөн.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы – 5-7 күн.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Қолдану тәсілі туралы сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге қаралу қажет.
-препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
-глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
-12 жасқа дейінгі балалар
Сирек:
-аллергиялық реакциялар
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес):
-аса жоғары сезімталдық (аса жоғары сезімталдық реакциялары бөртпе, ангионевроздық ісіну, есекжем, бронх түйілуі, сондай-ақ естен танумен жүретін гипотензия түрінде көрініс табуы мүмкін)
-іштің ауыруы, жүрек айнуы
-глоссодиния
-ауыз қуысындағы жайсыздық, ол жұтқыншақтың тітіркенуі, ауыз қуысының парестезиясы және ауыз қуысының ісінуі түрінде көрініс табуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ұсынылған дозаларда қолданған кезде препараттың артық дозалану жағдайлары анықталған жоқ.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек. Егер бала препаратты жұтып қойған жағдайда, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
Препаратты эпилепсия, жүрек өткізгіштігінің бұзылуы, шок, бауыр функциясының бұзылуы кезінде сақтықпен қабылдаңыз.
Тамақ ауыруы 2 күннен артық созылғанда немесе қатарлас бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу кезінде дәрігермен кеңесу қажет.
Препарат құрамында қант бар, оны қант диабеті бар науқастарға, сондай-ақ гипокалориялық диета кезінде ескеру қажет. Ұзақ уақыт қолданғанда (екі немесе одан да көп апта бойы) тістерге зақымдаушы әсер етеді.
Егер ауру симптомдары сақталса, нашарласа немесе жаңалары пайда болса, препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігермен кеңесу керек.
Қан қызыл бояғыш (Понсо 4 R) аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың көлік жүргізу және қозғалатын механикалық жабдыққа қызмет көрсету қабілетіне әсері анықталған жоқ.
Препаратты жүктілік кезінде және емшек емізу кезінде қолдану дәрігердің бақылауымен ғана және егер ана үшін болжамды пайда шарана және нәресте үшін қауіптен асып кетсе ғана мүмкін болады.
Басқа топтардың дәрілік препараттарымен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.
ДП әсеріне ықпал етуі мүмкін ДП-мен өзара әрекеттесу түрлері (алкогольмен, темекімен, тамақпен)
Өзара әрекеттесу бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.