Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки для рассасывания лимонные
Саудалық атауы
Гексорал® Табс Экстра
Әсер етуші зат
Прочие препараты
Мақсаты
Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеу
Өндіруші
Юник Фармасьютикал Лабораториз (отделение фирмы "Дж.Б.Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд")
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: — 2,4-дихлорбензил спирті — 1.2 мг
амилметакрезол — 0.6 мг
лидокаин гидрохлориді — 10.0 мг
қосымша заттар:
сахароза, сұйық глюкоза, лимон қышқылы моногидраты, жалбыз майы, лимон майының концентраты, анис майы, натрий рибофлавин-5 фосфаты бояғышы (Е101)
Сыртқы түрінің сипаттамасы
Сары түсті екі беті дөңес дөңгелек пішінді таблеткалар.
Таблеткаларда ауа көпіршіктерінің және шеттерінің тегіс емес болуы мүмкін.
Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеу.
Препараттың фармакологиялық әсері оның құрамына кіретін компоненттеріне байланысты. ЛОР-практикада және стоматологияда жергілікті қолданылатын асептикалық біріктірілген препарат. 2,4-дихлорбензил спирті бензол туындысы болып табылады, антисептик. Амилметакрезол – фенол туындысы, антисептик, микробқа қарсы белсенділікке ие. 2,4-дихлорбензил спирті мен амилметакрезолдың әсер ету механизмі микробтық және зеңдік жасушалар ақуызының коагуляциясымен, сондай-ақ жасушалық жарғақшалардың липидтерімен өзара әрекеттесумен байланысты, бұл қоздырғыштарға қарсы тиімділікті анықтайды. Лидокаин гидрохлориді – ацетанилид туындысы, жергілікті анестетик. Жарғақша тұрақтандырғыш белсенділікке иеленген. Препараттың белсенді компоненттері жергілікті антисептикалық және жергілікті анестезиялық әсер етеді. Гексорал Табс Экстра жоғарғы тыныс алу жолдары мен ауыз қуысының шырышты қабықтарының тітіркену симптомдарын, бөгде денені сезінуді, жұтқыншақтың қышуын, жыбырлатуын жояды; шырышты қабықтың ісінуіне қарсы әсер көрсетеді, мұрын бітелуін азайтады, тамақтың тітіркенуін және ауыруын басады.
Гексорал Табс Экстра - грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің көпшілігіне қатысты белсенді: стафилококк штаммдарының көпшілігі (S. epidermidis, S. pyogenes, S. aureus, S. salivarius), А тобының стрептококктарына, және D, Diplococcus pneumoniae, Pseudomonas aerogenosa, Klebsiella aerogenes, Haemophilus influenzae, Proteus spp., Aerobacter aerogenes, Aerobacter cloacae және басқа, сондай-ақ Candida albicans ашытқы тәрізді зеңдерге қатысты микоздарға қарсы әсерге иеленген.
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 2-3 сағат сайын 1 таблеткадан баяу сору ұсынылады. Ең жоғары тәуліктік доза - 8 таблетка.
Енгізу әдісі мен жолы
Жергілікті, ауыз қуысында соруға арналған.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы – 5-7 күн.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қатысты емес
Тоқтату симптомдарының болу қаупіне нұсқау
Қатысты емес
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік затты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгініңіз.
- препарат компоненттеріне, басқа амидтік жергілікті анестезиялық дәрілерге жоғары сезімталдық, анамнезде лидокаинге эпилепсия формасындағы құрысулардың болуы;
- глюкоза-галактоза мальабсорбциясы;
- 12 жасқа дейінгі балалар.
Дәрілік препаратты тіркеуден кейінгі қолдану кезінде анықталған жағымсыз реакциялар мынадай түрде жіктелген:
Өте жиі ≥1/10
Жиі ≥1/100 және <1/10
Жиі емес ≥1/1000 және <1/100
Сирек ≥1/10000 және <1/1000
Өте сирек <1/10000
Жиілігі анықталмаған жекелеген хабарламалар (пайда болу жиілігін қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Сирек ≥1/10000 және <1/1000:
аллергиялық реакциялар.
Жиілігі белгісіз:
жұтыну қызметінің бұзылуы, тіл сезімталдығының жоғалуы (ыстық тамақ пен суды қабылдағанда сақ болу керек);
Жағымсыз реакциялар пайда болған кезде дәрілік препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігерге жүгіну қажет.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ұсынылған дозаларда қолданғанда препараттың артық дозалану жағдайлары байқалған жоқ.
Препараттың белсенді заттарының жүйелі абсорбциясының төмендігін ескере отырып, артық дозалану ықтималдығы аз.
Ықтимал артық дозалану асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлімдерінің анестезиясына әкелуі мүмкін.
Емі: симптоматикалық.
Сақтықпен: эпилепсия, жүрек өткізгіштігінің бұзылуы, шок, бауыр функциясының бұзылуы кезінде препаратты қабылдау.
Препаратты препарат құрамына кіретін кез келген компонентке жоғары жекелей сезімталдық болғанда пайдалануға болмайды.
Егер ауру симптомдары нашарласа, сақталса немесе жаңалары пайда болса дәрігермен кеңесу керек.
Лидокаин шырышты қабықтың сезімталдығын төмендетеді, бұл аспирация қаупін арттыруы мүмкін.
Тамақ ауруы 2 күннен артық созылса немесе қатарлас жүретін бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу болса дәрігерден кеңес алу қажет.
Препараттың құрамында сахароза бар, мұны қант диабетінен зардап шегетін пациенттерге, сондай-ақ гипокалориялы диетадағы тұлғаларға ескеру қажет. Соруға арналған 1 таблеткада 1618,0 мг сахароза бар, бұл 0,20 НБ сай келеді.
Ұзақ уақыт қолданғанда (екі және одан көп апта бойы) тіске зақымдайтын әсер көрсетеді.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек. Бала препаратты жұтып қойған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
Арнайы ескертулер
Таблетканы кеміруге және тұтастай жұтуға болмайды.
Егер дәрілік зат жарамсыз болып қалса немесе жарамдылық мерзімі өтіп кетсе – оны ағын суға немесе көшеге тастамаңыз! Дәрілік затты пакетке салып, қоқыс контейнеріне тастаңыз. Бұл шаралар қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі!
Педиатрияда қолдану
Препарат 12 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.
Жүктілік кезінде және лактация кезінде қолдану
Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде дәрігердің қадағалауымен және анаға төнетін болжамды пайда шарана мен балаға төнетін қауіптен басым жағдайда ғана қолдануға болады.
Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автомобильді басқару және қозғалмалы механикалық жабдықты жұмыс істеу қабілетіне ықпалы анықталмады.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Басқа топтардағы дәрілік препараттарымен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.