Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Суппозитории вагинальные
Дозасы
16 мг
Саудалық атауы
Гексосепт-Рн
Әсер етуші зат
Хлоргексидин
Мақсаты
Бактериялық вагинозды, кольпиттерді (оның ішінде спецификалық емес, аралас, трихомонадты) емдеуде
Өндіруші
ООО "Рубикон"
Ел
Беларусь
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір суппозиторийдің құрамында:
белсенді зат - 20 % хлоргексидин биглюконаты ерітіндісі 16 мг хлоргексидин биглюконатына шаққанда,
қосымша зат - макрогол 1000-нан 3,10 г дейін
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе сарғыш-ақ түсті торпедо тәрізді пішіндегі суппозиторийлер. Мәрмәр түріндегі бояудың біркелкі болмауына және құйғы тәрізді ойықтың бар болуына жол беріледі. Кесіндісінде теңбілдері болмауы керек, ауа өзегінің болуына жол беріледі.
ДП 18 жастан асқан ересектерде қолдануға арналған:
– бактериялық вагинозды, кольпиттерді (оның ішінде спецификалық емес, аралас, трихомонадты) емдеуде.
– акушерлік және гинекологияда инфекциялық-қабыну асқынуларының профилактикасы үшін (гинекологиялық ауруларды операциялық емдеудің алдында, босанудың және аборттың алдында, жатырішілік спиральді (ЖІС) қойғанға дейін және кейін, жатыр мойынын диатермокоагуляциялағанға дейін және кейін, жатыр ішін тексеру алдында).
– жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (хламидиоз, уреаплазмоз, трихомониаз, соз, мерез, генитальді герпес) профилактикасы үшін – жыныстық қатынастан кейін 2 сағаттан кешіктірмей қолдану керек.
Гинекологиялық инфекцияға қарсы және антисептикалық препараттар. Инфекцияға қарсы және антисептикалық препараттар, кортикостероидтармен біріктірілімдерін қоспағанда. Басқа антисептиктер және микробқа қарсы препараттар.
АТХ коды G01АX
Әсер ету механизмі
Гексосепт-Рн – жергілікті қолдануға арналған антисептикалық препарат, қарапайымдарға, грамоң және грамтеріс бактерияларға: Treponema pallidum, Chlamydia spp., Ureaplasma spp., Neisseria gonorrhoeae, Trichomonas vaginalis, Gardnerella vaginalis, Bacteroides fragilis, Herpes-virus вирустарына қатысты белсенді. Препаратқа кейбір Pseudomonas spp., Proteus spp. штаммдары әлсіз сезімтал, сондай-ақ бактериялардың қышқылға төзімді түрлері, бактериялар споралары, зеңдер төзімді. Хлоргексидин лактобактериялардың функционалдық белсенділігін бұзбайды. Қан, ірің болған кезде белсенділігін (біршама төмен болса да) сақтайды.
Дозалау режимі
Ем үшін: 1 қынаптық суппозиторийден тәулігіне 1-2 рет 7-10 күн бойы.
Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың профилактикасы үшін: қорғанбаған жыныстық қатынастан кейін 2 сағаттан кешіктірмей 1 қынаптық суппозиторийден.
Енгізу әдісі және жолы
Қынап ішіне.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда медициналық қызметкер кеңесіне жүгініңіз.
- хлоргексидинге немесе кез келген қосымша заттардың аса жоғары сезімталдық;
- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Сирек
- бөртпе, қышыну, қынаптағы ашытып шымылдатуды сезіну;
- қынаптан қан аралас бөлінділер.
Өте сирек
- ауыр аллергиялық реакциялар және анафилаксия.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз.
Егер ауру симптомдары 7 күннен астам сақталса дәрігерге қаралу ұсынылады. Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген қолдану тәсіліне және дозаларға сәйкес ғана қолданыңыз.
Арнайы ескертулер
Препарат тек ересек пациенттерде қынап ішіне қолдануға арналған. Аллергиялық реакциялар немесе препаратты енгізу орнында тітіркену пайда болса емді тоқтатады. Инфекция жұқтырудың алдын алу үшін жыныстық жұптарды бір уақытта емдеу қажет. Бактериялық вагинозды емдеу кезеңінде жыныстық қатынасқа түспегені жөн. Сыртқы жыныс мүшелерін жуу Гексосепт-Рн, қынаптық суппозиторийлерінің тиімділігі мен жағымдылығына ықпал етпейді, өйткені препарат қынап ішіне қолданылады. Етеккір уақытында қолдануға болады, өйткені препарат қан, ірің және басқа биологиялық сұйықтықтар болғанда аздап төмен болса да, өз белсенділігін сақтайды.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын басқару және қозғалыстағы механикалық құрылғыларға қызмет көрсету қабілетіне әсер етпейді.
Анасы үшін күтілетін пайда мен шаранаға және балаға төнетін қауіпті мұқият бағалағаннан кейін ғана препаратты жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолдануға болады.
Қынап ішіне пайдаланылатын құрамында йод бар препараттармен бір уақытта қолдану ұсынылмайды.
Хлоргексидин құрамында анион тобы (сапониндер, натрий лаурилсульфаты, натрий карбоксиметилцеллюлозасы) бар детергенттермен және сабынмен, егер оларды қынап ішіне енгізетін болса, үйлесімсіз.
Құрамында катионды топ (бензалконий хлориді, цетримоний бромиді) бар дәрілік заттармен үйлесімді.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан және ылғалдан қорғалған жерде, 15°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.