Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инфузий
Дозасы
4 %
Саудалық атауы
Гелофузин
Әсер етуші зат
Препараты желатина
Мақсаты
Гелофузин плазманы алмастырғыш деп аталады
Өндіруші
Б.Браун Медикал АГ
Ел
Швейцария
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1000 мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар: — сукцинилденген желатин, 40,00 г, (молекулалық салмағы, орташа өлшенген 26 500 Дальтон) натрий хлориді 7,01 г
қосымша заттар: натрий гидроксиді ерітіндісі 10 М (рН деңгейін реттеу үшін), инъекцияға арналған су.
Электролиттердің концентрациясы – натрий 154.0 ммоль/л, хлоридтер 120.0 ммоль/л,
теориялық осмолярлығы 274 мОсм/л,
рН 7.1- 7.7
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық сары түсті мөлдір ерітінді.
Гелофузин плазманы алмастырғыш деп аталады. Бұл қантамырларынан жоғалғандардың орнын толтырады дегенді білдіреді.
Гелофузин келесілер үшін қолданылады:
- мысалы, операциядан, жазатайым оқиғадан немесе күйіктен кейін жоғалған қан мен организм сұйықтықтарының орнын толтыру. Қажет болса, оны қан құюмен біріктіруге болады.
- жұлын немесе эпидуральді анестезия алған кезде немесе хирургиялық жағдайларда ауыр қан жоғалтудың туындауы мүмкін төмен артериялық қысымның (гипотензия) алдын алу және емдеу;
- мысалы, басқа инфузиялық сұйықтықтармен біріктіріп жүрек-өкпе реанимациясына арналған аппаратты пайдалану кезінде айналымдағы қан көлемін толықтыру
Гелофузин - орташа молекулалық салмағы 26,500 Дальтон (орташа өлшенген масса), 40 мг/мл концентрациясы бар (модификацияланған сұйық желатин деп те аталады) сукцинилденген желатиннің ерітіндісі.
Сукцинилдену арқылы молекулада пайда болатын теріс зарядтар молекуланың кеңеюіне әкеледі. Сондықтан молекуланың жеткілікті көлемі бірдей молекулалық массасы бар сукцинилденбеген желатинге қарағанда жоғары.
Дені сау еріктілерде гелофузиннің өлшенген бастапқы көлемдік әсері 4-5 сағат ішінде көлемдік әсері бар инфузия түрінде енгізілген көлемнің 80% - ы мен 100% - ы арасында болатыны анықталды.
Әсер ету механизмі
Ерітіндінің коллоидты-осмостық қысымы бастапқы көлемдік әсердің дәрежесін анықтайды. Әсердің ұзақтығы негізінен бауыр арқылы шығарылатын коллоидтың клиренсіне байланысты. Сондықтан Гелофузиннің көлемдік әсері енгізілген ерітінді мөлшеріне тең. Гелофузин - бұл плазманы толықтырғыш емес, плазманы алмастырғыш.
Ерітінді тамырдан тыс бөлімді қалпына келтіреді және жасушадан тыс кеңістіктегі электролиттердің теңгерімін бұзбайды.
Фармакодинамикалық әсері
Гелофузин қан, плазма және тінішілік сұйықтықтың жоғалуынан туындаған тамырішілік және тамырдан тыс көлемнің тапшылығын өтейді. Осылайша, орташа артериялық қысым, солжақ қарыншадағы соңғы диастолалық қысым, жүректің жұмыс көлемі, жүрек жұмысының индексі, оттегімен қоректену, микроциркуляция және диурез тамырдан тыс кеңістікті құрғатпай жоғарылайды.
Дозалау режимі
Ересектер
Препараттың мөлшері мен қолдану ұзақтығы қанның немесе сұйықтықтың жоғалуына, сондай-ақ пациенттің жағдайына байланысты.
Емдеу кезінде дәрігер талдауларды жүргізеді (мысалы, қан талдауы мен артериялық қысымды тексеру), ал Гелофузин дозасы организмнің қажеттіліктеріне сәйкес түзетіледі. Қажет болған жағдайда қан немесе эритроциттік массаны құю да жүргізілуі мүмкін.
Балалар
Бұл дәрілік препаратты балаларда қолдану тәжірибесі өте шектеулі. Емдеуші дәрігер бұл дәрілік препаратты баланы қалпына келтіру үшін қажет деп тапқан жағдайда ғана енгізеді. Мұндай жағдайларда клиникалық жағдай ескеріліп, терапия әсіресе мұқият бақыланады.
Қолдану тәсілі
Бұл дәрі вена ішіне тамшылатып енгізіледі
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер пациентте осы дәріні қолдануға қатысты қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге немесе фармацевтке хабарласу керек.
•егер желатинге немесе осы дәрілік препараттың кез келген басқа компоненттеріне аллергия болса (6-бөлімде берілген);
•егер «галактоза-α-1,3-галактоза (альфа-Gal) немесе қызыл ет (сүтқоректілердің еті) және ет өнімдері" деп аталатын аллергенге аллергия болса
•егер айналымдағы қан мөлшері тым көп болса;
•егер су көп болса;
•егер жүрек функциясы жеткіліксіздігінің белгілі бір түрі болса (жүрек функциясының жедел іркілген жеткіліксіздігі);
Барлық дәрі-дәрмектер сияқты, бұл препарат жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін, бірақ олар барлығында бола бермейді.
Барлық плазма алмастырғыштарды қолдану аллергиялық реакциялардың төмен қаупімен байланысты, олар негізінен әлсіз немесе орташа, бірақ өте сирек жағдайларда ауыр болуы мүмкін. Мұндай реакциялар демікпе сияқты аллергиялық аурулары бар пациенттерде жиі туындайды деп болжанады. Осы себепті пациент медициналық қызметкердің мұқият бақылауында болады, әсіресе инфузияның басында.
Төменде көрсетілген жағымсыз әсерлер ауыр болуы мүмкін. Кез келген жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда дереу дәрігермен кеңесу керек:
Сирек
- аллергиялық (анафилаксиялық/анафилактоидты) реакциялар, мысалы, тыныс алудың қиындауы, ысқырықты тыныс алу, жүрек айну, құсу, бас айналу, тершеңдік, кеудеде немесе тамақта қысылу сезімі, іштің ауыруы, мойын мен беттің ісінуі.
Егер аллергиялық реакция пайда болса, инфузия дереу тоқтатылып, қажетті емдеу ұсынылады (сонымен қатар «Қолдану басталғанға дейінгі қажетті мәліметтер тізімі» бөлімін қараңыз, әсіресе «галактоза-α-1,3-галактоза (альфа-Gal) деп аталатын аллергенге аллергия кезінде, қызыл етке (сүтқоректілердің еті) және субөнімдері).
Өте жиі
- қандағы эритроциттер мен ақуыз деңгейінің төмендеуі
Жиі
- қанның ұюының нашарлауы және қан кетудің күшеюі
Өте сирек
- жүректің жиі соғуы
- төмен артериялық қысым
- қызба, қалтырау
Белгісіз
- дімкәстік сезімі, жүрек айнуы, іштің ауыруы
- қандағы оттегі деңгейінің төмендеуі, бұл бас айналу сезіміне әкелуі мүмкін
Балалардағы қосымша жағымсыз әсерлер
Балаларда жағымсыз әсерлердің айырмашылығы туралы мәліметтер жоқ.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Гелофузин препаратымен артық дозалану қан көлемінің тым жоғары болуына (гиперволемия) және организмнің сұйықтықпен шамадан тыс жүктелуіне әкелуі мүмкін, бұл жүрек пен өкпе функциясына жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Бас ауыруы және тыныс алу қиындықтары болуы мүмкін.
Гелофузин препаратын қолданар алдында емдеуші дәрігермен, фармацевтпен немесе мейіргермен кеңесу қажет.
Емдеуші дәрігерге хабарлау қажет, егер демікпе сияқты аллергиялық аурулар болса. Аллергиялық реакцияның туындау қаупі жоғарылаған болуы мүмкін;
Егер бар болса, емдеуші дәрігер келесі жағдайларға ерекше назар аударуы керек:
• жүрек проблемалары;
• артериялық қысымның жоғарылауы;
• өкпедегі сұйықтық;
• бүйректің елеулі проблемалары
Вена ішіне құю арқылы сұйықтықтың көп мөлшерін енгізу жағдайды нашарлатуы мүмкін.
Емдеуші дәрігер сондай-ақ сақ болу керек,
• егер қандағы натрий немесе хлоридтің мөлшері қатты жоғарыласа;
• егер организм су мен тұзды ұстап қалса, бұл тіндердің ісінуіне байланысты болуы мүмкін;
• қан ұюының ауыр бұзылуында;
• егде жаста болған жағдайда.
Емдеуші дәрігер Гелофузинді тек кристаллоидтар деп аталатын басқа препараттарды қолдану жеткіліксіз деп санаса ғана тағайындайды.
Сұйықтықтың шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу үшін емдеуші дәрігер Гелофузин дозасын мұқият түзетуі керек. Бұл әсіресе пациентте өкпе, жүрек аурулары немесе қанайналымының бұзылулары болса өте маңызды.
Гелофузинді қолдану кезінде қан құрамы бақыланады. Қажет болса, емдеуші дәрігер тұздар мен сұйықтықтар сияқты басқа дәрі-дәрмектерді тағайындай алады.
Зертханалық сынақтардың нәтижелері
Емдеуші дәрігер Гелофузинді енгізбестен бұрын қан немесе несеп үлгілерін ала алады.
Себебі, зертханалық сынақтардың кейбір нәтижелері сіз осы препаратты қабылдағаннан кейін өзгеруі мүмкін, сондықтан олар сенімсіз.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолданылуы
Балаларда Гелофузинді қолдану бойынша клиникалық деректер саны шектеулі. Дәрігер бұл препаратты балаларға абсолютті қажет болған жағдайда ғана тағайындайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Бұл дәрілік препарат көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік кезінде және лактация кезінде, сондай-ақ ықтимал немесе жоспарланған жүктілік кезінде осы препаратты қабылдағанға дейін дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.
Егер пациент бала күтсе, бұл туралы емдеуші дәрігерге хабарлау керек. Ықтимал аллергиялық реакцияларға байланысты бұл дәрілік препаратты жүктілік кезінде қолданудан аулақ болу керек. Алайда, емдеуші дәрігер шұғыл жағдайларда пациентке осы дәрілік препаратты тағайындай алады.
Егер пациент бала емізетін болса, бұл туралы емдеуші дәрігерге хабарлау керек.
Бұл препараттың емшек сүтімен шығарылуы туралы ақпарат шектеулі, бірақ оның химиялық сипаттамаларына сүйене отырып, емшек сүтіне ену екіталай.
Бала емізуден бас тарту немесе осы препаратты тоқтату туралы шешімді емдеуші дәрігер бала үшін емшек емудің пайдасы мен әйел үшін препаратпен емдеудің пайдасын ескере отырып қабылдайды.
Фертильділік
Бұл дәрінің адамның немесе жануарлардың фертильділігіне әсері туралы деректер жоқ. Алайда, оның компоненттерінің табиғатына байланысты оның фертильділікке әсер етуі екіталай деп саналады.
Егер пациент соңғы уақытқа дейін рецептісіз босатылатын дәрілік препараттарды қоса алғанда, қандай да бір басқа дәрілік препараттарды қабылдаса, қабылдаған болса немесе қабылдауы мүмкін болса, емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке хабарлау қажет.
Атап айтқанда, емдеуші дәрігер пациенттің организмде натрийді (мысалы, кортикостероидтар, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер), мысалы, кейбір су таблеткалары немесе кортизондарды ұстайтын дәрілік препараттарды қолданатындығын білуі керек. Осы дәрімен бір мезгілде қолдану қолдың, саусақтардың, аяқтың және аяқ басының ісінуіне (ісінуге) әкелуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.