Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір 50 мг таблетканың құрамында:
белсенді зат – 59.0 мг левамизол гидрохлориді (50.0 мг левамизолға баламалы),
қосымша заттар– жүгері крахмалы, натрий сахарині, тальк, повидон, өрік хош иісі, магний стеараты.
Бір 150 мг таблетканың құрамында:
белсенді зат – 177.0 мг левамизол гидрохлориді (150.0 мг левамизолға баламалы),
қосымша заттар – жүгері крахмалы, лактоза моногидраты, сахароза, тальк, повидон, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті бір жақ бетінде ойығы бар, сызығы бар жалпақ цилиндрлі пішінді таблеткалар (50 мг доза үшін).
Ақ немесе ақ дерлік түсті ойығы баржалпақ цилиндрлі пішінді таблеткалар (150 мг доза үшін).
Әсер ету механизмі
Гельмидол препаратының әсер етуші заты – левамизол – гельминтке қарсы жылдам әсер ететін дәрі болып табылады. Левамизол жанасқан сәттен бастап бірнеше секунд ішінде нематодалардың ганглий тәрізді түзілімдеріне әсер ете отырып, гельминттер бұлшықеттерін салдандырады. Осылайша, салданған нематодалар организмнен левамизолды қабылдағаннан кейін 24 сағат ішінде ішектің қалыпты перистальтикасы арқылы шығарылады. Левамизол нематодалардың нейробұлшықет жүйесіне әсер ететіндігі анықталса да, кейбір гельминттерде фумаратредуктаза ферментінің бәсеңдеуі левамизолдың гельминтке қарсы әсеріне де ықпалын тигізеді.
Дозалау режимі
Ересектерге: бірреттік дозасы 150 мг 1 таблетка.
Балаларға: препарат 50 мг таблетка түрінде келесі дозаларда бір рет тағайындалады
Баланың жасы — Дене салмағы — Препараттың дозасы, бір рет
6-дан 10 жасқа дейін — 20-30 кг — 50-75 мг (1-1,5 таблетка)
11-ден 18 жасқа дейін — 30-60 кг — 75-100 мг (1,5-2 таблетка)
Бір қабылдаумен, тамақтанғаннан кейін, судың аз мөлшерімен іше отырып кешке қабылдаған дұрыс.
Іш жүргізетін дәрілерді қабылдау және арнайы диетаны ұстанудың қажеті жоқ.
Балалар. 50 мг таблеткаларды 6 жастан асқан балаларға дәрігердің тағайындауы бойынша және бақылауымен қолдану керек.
Емдеу ұзақтығы
Гельмидол бір рет қабылданады. Қажет болған жағдайда емдеуді 7-14 күндік үзілістен кейін қайталауға болады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Егер сізде осы препаратты қолдану тәсіліне қатысты күмән туындаса, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балалар
- тұқым қуалайтын галактоза, лактоза, фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі (150 мг доза үшін)
- емдеу кезінде және одан кейін алғашқы 24 сағат ішінде спирттік ішімдіктерді қабылдау
- жүктілік және лактация кезеңі
150 мг таблеткалар үшін балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қарсы көрсеткіш болып табылады!
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар:
Жиі
- іштің ауыруы
Жиілігі белгісіз (қолда бар мәліметтердің негізінде анықтау мүмкін емес)
- жүрек айнуы, құсу, іш өтуі
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар:
Жиілігі белгісіз (қолда бар мәліметтердің негізінде анықтау мүмкін емес)
- бөртпе
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар:
Жиі емес
-бас ауыруы
Жиілігі белгісіз (қолда бар мәліметтердің негізінде анықтау мүмкін емес)
- энцефалопатия
- дисгевзия
- паросмия
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар:
Жиі емес
- қышыну
Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі реакциялар:
Сирек
- дене температурасының жоғарылауы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Жоғары дозаларын (600 мг асатын) қабылдағаннан кейін келесі симптомдар байқалған: жүрек айнуы, құсу, іш өтуі, бас айналуы, мәңгіру, сананың шатасуы, летаргия, конвульсиялар.
Ұсынылған дозаларынан асырғанда құрысу жағдайлары білінген.
Емі: асқазанды шаю, симптоматикалық, демеуші ем және организмнің тіршілік үшін маңызы бар функцияларына мониторинг жүргізу. Антихолинэстеразалық симптомдар туындаған жағдайда, антидоты ретінде атропинді қолдануды қарастыруға болады.
Арнайы ескертулер
Левамизол препаратымен ұзақ уақыт немесе қайталап емделу үдерісінде мезгіл-мезгіл қан талдауын (3 аптада 1 реттен кем емес) жасаған жөн, өйткені левамизолды қайталап қолдану лейкопения сияқты гематологиялық бұзылуларды қоса, аллергиялық реакцияларды туғызуы мүмкін. Осы себепті, ұсынылған дозасын арттырмау керек.
Левамизол препараты мен қан кетуге теріс әсер етуі мүмкін препараттарды бір мезгілде қабылдау сақтықты талап етеді.
Левамизолды қатаң түрде мақсатына қарай қолдану керек, өйткені мақсатынан тыс, кокаинді сұйылтқыш ретінде қолданылғанда некроздаушы васкулит жағдайы байқалған.
Препаратты қабылдау кезінде және қабылдағаннан кейін, кемінде 24 сағат бойы спирттік ішімдіктерді қолданбау ұсынылады. Левамизол препаратын спирттік ішімдіктермен бір мезгілде қабылдағанда дисульфирамтәрізді құбылыстар байқалады.
Қосымша заттар
Гельмидол, 150 мг таблеткалардың құрамында лактоза моногидраты және сахароза бар.
Сирек тұқым қуалайтын галактоза, лактоза, фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттерге Гельмидол, 150 мг таблеткалар препаратын қабылдамаған жөн.
Педиатрияда қолдану
150 мг таблеткаларды балаларға тағайындауға болмайды!
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат қабылдау кезінде жеңіл және қысқа мерзімді бас айналуы болуы мүмкін, сондықтан автокөлік жүргізу және жоғары жарақат алу қаупімен байланысты жұмыстарды атқару кезінде сақтық таныту керек.
Левамизол жануарларда тератогендік әсерлердің дамуына әкелмеді, алайда, егер жүкті әйел левамизолды улы дозада қабылдаса левамизол ұрыққа уытты әсер тигізеді. Жүкті әйелдерде левамизолды қолдануға тиісті түрде жоспарланған бақыланатын зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан Гельмидол препаратын жүктілік кезінде тек ана үшін ықтимал пайдасы ұрық қаупінен асып кеткен жағдайларда ғана қабылдауға болады.
Левамизолдың ана сүтімен бөлінуі туралы деректер жоқ. Алайда, левамизолдың сиырларда сүтпен бөлінетіні белгілі.
Жаңа туған нәрестелерде жағымсыз реакциялар болуы мүмкіндігіне байланысты, анасы үшін препаратты қолданудың қаншалықты қажет екендігіне қарай, бала емізуді тоқтату немесе препаратты қабылдауды тоқтату туралы шешім қабылдау қажет.
Жануарларға жүргізілген зерттеулер ұрпақ өрбіту функциясына қандай да бір әсерін анықтаған жоқ .
Левамизол кумаринтәрізді антикоагулянттардың әсерін күшейтуі мүмкін. Антикоагулянттардың әсерін мұқият титрлеу және қадағалауда ұстау қажет.
Левамизол қан плазмасындағы фенитоин деңгейін арттыруы мүмкін, сондықтан олар бір мезгілде қолданылғанда қандағы фенитоин деңгейін бақылау қажет.
Левамизол препараты мен альбендазолды бір мезгілде қолданғанда, альбендазол сульфоксиді концентрациясының қисық астындағы ауданы (AUC) айтарлықтай азаяды. Левамизол мен альбендазолды бір мезгілде қабылдаудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.
Левамизол препараты мен ивермектинді бір мезгілде қолданғанда, ивермектиннің AUC едәуір артады. Левамизол пен ивермектинді бір мезгілде қабылдаудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.