Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
250 мг
Саудалық атауы
Гельминтокс
Әсер етуші зат
Пирантел
Мақсаты
Гельминтокс 250 мг, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалары, ересектерде: аскаридозда, энтеробиозда (острицалардың жұғуы), анкилостомозда қолдануға көрсетілген
Өндіруші
Иннотера Шузи
Ел
Франция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 721 мг пирантел эмбонаты (250,00 мг пирантелге шаққанда),
қосымша заттар: жүгері крахмалы желатинделген, повидон, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты,
қабығының құрамы: Cепифилмтм 002 (гипромеллоза, микрокристалды целлюлоза, макрогол 8 стеараты І тип), Сеписперстм АР3065 сары (пропиленгликоль, титанның қостотығы (Е171), «күн батар түстес» сары бояғыш (Е110), алюминий лагы, гипромеллоза, тазартылған су).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ұзынша пішінді, бір жағында сызығы бар, сары-қызғылт сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Сызығы тең дозаларға бөлу үшін емес, тек жұтуға оңай болуы үшін сындыруға ғана арналған.
Гельминтокс 250 мг, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалары, ересектерде:
- аскаридозда
- энтеробиозда (острицалардың жұғуы)
- анкилостомозда қолдануға көрсетілген.
Гельминтке қарсы препарат, өзіне сезімтал гельминттердің жүйке-бұлшықет блокадасын туындатады және зақымданған ішек құрттардың көшуін қоздырусыз және стимуляциялаусыз, олардың шығып кетуін қамтамасыз етеді. Ішек саңылауында жетілген және жетілмеген сезімтал гельминттердің еркегіне де, ұрғашысына да қарсы тиімді.
Үшкір құрттар (Enterobius vermicularis), аскаридалар (Ascaris lumbricoides), анкилостомалар (Ankylostoma duodenale және Necator americanus) тудыратын инвазиялар кезінде тиімді.
Дозалау режимі
Таблеткалар тек ересектерге арналған.
Балалар үшін анағұрлым бейімделген дәрілік түрі болады.
Энтеробиоз және аскаридоз
Әдеттегі дозасы дене салмағына бір рет 10 мг/кг:
- салмағы 75 кг-ден аз ересектерге: 250 мг-ден 3 таблетка бір рет;
- салмағы 75 кг-ден асатын ересектерге: 250 мг-ден 4 таблетка бір рет.
Энтеробиоз кезінде паразиттерді түбегейлі жою мақсатында қатаң гигиеналық шараларды қолдану, сондай-ақ, қоршаған ортаны тазалап өңдеу қажет.
Қайталап жұқтырудың профилактикасы үшін препаратты қабылдауды 3 аптадан соң қайталау ұсынылады.
Анкилостомоз
Эндемия аймақтарында, Necator americanus жұқтырған жағдайда немесе Ankylostoma duodenale ауыр түрін жұқтырған жағдайда, дозасы екі-үш күн бойы күніне 20 мг/кг (бір немесе екі қабылдауға) құрайды, яғни:
- салмағы 75 кг-ден аз ересектерге: күніне 1.5 г (250 мг-ден 6 таблетка).
- салмағы 75 кг-ден асатын ересектерге: күніне 2 г (250 мг-ден 8 таблетка).
Эндемия аймақтарынан тыс Ankylostoma duodenale жұқтырған жағдайда (жеңілірек өтеді) бір қабылдауға 10 мг/кг дозада тағайындайды.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке.
Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі
Гельминтоксты тәуліктің кез келген уақытында, алдын ала іш жүргізетін дәрілерді ішпей-ақ қабылдауға болады, аш қарында қабылдау міндетті емес.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Осы дәрілік препаратты әрдайым осы нұсқаулықта сипатталғандай, немесе дәрігердің немесе фармацевтің ұсынымдарымен дәл қабылдаңыз.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге
Сирек
- асқазан-ішек бұзылыстары (анорексия, жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы, диарея)
- бауыр трансаминазалары белсенділігінің елеусіз қысқамерзімді жоғарылауы
Белгісіз
- бас ауыруы, бас айналуы, астения, тері бөртпесі, ұйқы бұзылулары.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Сіңірілу жылдамдығы төмен болғандықтан, препараттың қан плазмасындағы концентрациясы да төмен. Тіпті айқын артық дозалануы да уыттанудың күрделі белгілерін туындатпайды, ас қорытудың аздаған бұзылыстары және орталық жүйке жүйесі тарапынан өтпелі бұзылыстар (астения, бас айналуы, бас ауыруы) болуы мүмкін. Артық дозалануы кейде бауыр трансаминазаларының (аспартатаминотрансферазаның) артуына алып келеді.
Емі: симптоматикалық, бастапқыда асқазанды шаю, сондай-ақ респираторлық және жүрек-қантамыр функцияларына мониторинг жүргізу ұсынылады.
Бауыр аурулары болған жағдайда дәрігерге ескерту қажет. Бауыр жеткіліксіздігі жағдайында дозасын азайтады.
Энтеробиоз: Қайталап жұқтыруды болдырмас үшін, тазалық ережелерін қатаң сақтау қажет: анус аймағын күнделікті жуу, қолды жуу, тырнақтарды алу және тазалау, шат аймағын қасуға жол бермеу, төсек жабдықтарын және іш киімді үнемі ауыстырып отыру. Барлық отбасы мүшелерін бір мезгілде емдеу ұсынылады. Жұқтыру көбіне ешқандай симптомдармен көрініс бермеуі мүмкін.
Бұл препараттың құрамында аллергиялық реакция туындатуға қабілетті қосымша зат: күн батар түстес сары бояғыш (Е110) бар.
Бұл дәрілік препараттың құрамында бір таблеткасында 3,06 мг натрий бар, ол ересек адам үшін ДДҰ ұсынған ең жоғарғы тәуліктік 2 г натрий дозасының 0,15%-ына баламалы.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Жүктілік
Жүктілік кезінде аса қажет жағдайда ғана, ұрық үшін пайдасы/қаупі арақатынасын дәрігер анықтайтын мұқият бағалаудан кейін қатаң көрсетілімдер бойынша қолдану және ұсынылған дозаларды қатаң ұстану керек. Егер емделу кезінде Сіз жүкті екеніңізді байқасаңыз, дәрігерге жүгініңіз, өйткені тек ол ғана емді жалғастыру қажеттілігі жөнінде мәселені шеше алады.
Лактация
Зерттелу жеткіліксіздігіне байланысты, қатаң қажеттілік жағдайды қоспағанда, препаратты бала емізу кезеңінде пайдалануға болмайды.
Фертильділік
Ерлердің немесе әйелдердің фертильділігіне әсер ететіні анықталған жоқ.
Қазіргі сәтте қолда бар деректер клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулерін көрсетпейді.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.