Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес).
Дәм сезудің бұзылуы Гемопим препаратын қолдану кезінде ең жиі кездескен жағымсыз реакция. Препаратты қолдану кезіндегі ең күрделі жағымсыз реакциялар, яғни, Гемопим препаратымен астасқан ол аса жоғары сезімталдық реакциялары болған.
Төменде постмаркетингтік зерттеулер хабарларынан алынған жағымсыз реакциялар берілген.
Жиі
- дәм сезулердің бұзылуы
- артериялық гипотензия, артериялық гипертензия
- жүрек айнуы
- инфузия/инъекция2) орнында реакциялар
Жиі емес
- аса жоғары сезімталдық
- бас ауыруы, бас айналуы, парестезия, гипестезия
- бет гиперемиясы, флебит
- ентігу
- құсу, іштің ауыруы, диарея, іш қатуы
- қышыну, бөртпе
- бұлшықет құрысулары, миалгия, артралгия, аяқ-қолдардың ауыруы, белдің ауыруы
- қалтырау, астения, қажу, шеткері ісіну, ауыру
- аланин-аминотрансферазаның жоғарылауы, аспартат-аминотрансферазаның жоғарылауы, гамма-глутамилтрансферазаның жоғарылауы, сарысуда темірдің жоғарылауы
Сирек
- естен тану, ұйқышылдық
- жүрек қағуын сезіну
- хроматурия
- кеуде тұсының ауыруы, тершеңдік, пирексия
- қанның лактатдегидрогеназасының жоғарылауы
Белгісіз1)
- анафилактоидтық реакциялар, ангионевроздық ісіну
- сана деңгейінің төмендеуі, сананың шатасуы, естен тану, үрейлену, тремор
- брадикардия, тахикардия, Коунис синдромы
- циркуляторлық коллапс, тромбофлебит
- бронх түйілуі
- есекжем, эритема
- суық тер, дімкәстану, бозару, грипп тәрізді симптомдар3)
1) Тіркеуден кейінгі кенеттен болатын хабарлар.
2) Ең жиі хабарламалар: ауыру, препараттың вена мағындағы кеңістікке ағуы, тітіркену, түсінің өзгеруі, гематома, қышыну, инъекция/инфузия орнындағы реакциялар.
3) Басталуы бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін өзгеруі мүмкін.
Ересек пациенттер: жиі кездесетін жағымсыз реакцияларға (≥2%) диарея, жүрек айну, құсу, бас ауыруы, бас айналу, гипотензия, қышыну, аяқ-қолдың ауыруы, артралгия, арқадағы ауырсыну, бұлшықет түйілулері, инъекция орнындағы реакциялар, кеуде ауыруы және шеткері ісіну жатады.
Педиатриялық пациенттер: ең жиі жағымсыз реакциялар (≥2%) бас ауруы, тыныс алу жолдарының вирустық инфекциясы, перитонит, құсу, гипертермия, бас айналу, жөтел, жүрек айну, артериовеналық фистулалар тромбозы, гипотензия және гипертония болып табылады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz