Гемцитабинмен емдеу кезінде анағұрлым жиі кездесетін жағымсыз реакциялар құсумен немесе онсыз жүретін жүрек айнуын; бауыр трансаминазалары (АСТ/АЛТ) мен сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауын (шамамен 60% пациентте тіркелген); протеинурия және гематурияны (50% пациентте); ентігуді (10 - 40% жағдай) (аталған реакциялардың ең үлкен жиілігі өкпе обыры бар науқастарда байқалады); қышынумен қатар жүретін аллергиялық тері бөртпелерін (10% пациентте) қоса, аллергиялық тері бөртпелерін (25% пациентте) қамтиды.
Жағымсыз реакциялардың жиілігі мен ауырлығы препараттың дозасына, инфузия жылдамдығына және енгізулер арасындағы аралықтарға байланысты. Дозаны шектейтін жағымсыз реакциялар: тромбоциттер, лейкоциттер және гранулоциттер санының азаюы болып табылады
Бірлі-жарым жағдайлардан гөрі жиірек кездесетін жағымсыз реакциялар келесі градацияға сәйкес келтірілген: өте жиі (≥10%); жиі (≥1%, бірақ <10%); жиі емес (≥0,1%, бірақ <1%); сирек (≥0,01 %, бірақ <0,1%); өте сирек (<0,01%), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Клиникалық зерттеулердің деректері бойынша
Қан түзу және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте жиі
• лейкопения (3-ші дәрежелі нейтропения 19,3 %; 4-ші дәрежелі 6 %). Әдетте, сүйек кемігі функциясының жеңіл немесе орташа ауырлық дәрежесіндегі бәсеңдеуі байқалады және ол негізінен гранулоциттер санына әсер етеді.
• тромбоцитопения
• анемия
Жиі
• фебрильді нейтропения
Өте сирек
• тромбоцитоз
• тромбоздық микроангиопатия
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Өте сирек
• анафилактоидты реакциялар
Инфекциялар мен инвазиялар
Жиі
- инфекциялар
Белгісіз
- сепсис
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар
Жиі
• анорексия
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі
• бас ауыруы
• ұйқысыздық
• ұйқышылдық
Сирек
• ми қанайналымының бұзылуы
Өте сирек
• қайтымды артқы энцефалопатия синдромы (ҚАЭС)
Жүрек-қантамырлар жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі емес
• аритмия, негізінен суправентрикулярлы
• жүрек жеткіліксіздігі
Сирек
• миокард инфарктісі
Қантамырлар жүйесі тарапынан бұзылулар:
Сирек
• шеткері васкулит пен гангренаның клиникалық белгілері
• гипотония
Өте сирек
• капиллярлар өткізгіштігінің жоғарылау синдромы
Тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте жиі
• ентігу – әдетте, емделусіз тез жойылатын жеңіл дәрежеде
Жиі
• жөтел
• ринит
Жиі емес
• интерстициялық пневмония
• бронх түйілуі - әдетте жеңіл дәрежеде және өтпелі сипатқа ие, бірақ парентеральды емдеуді қажет етуі мүмкін
Сирек
• өкпенің ісінуі
• жедел респираторлық дистресс-синдромы
Белгісіз
• өкпе эозинофилиясы
Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте жиі
• жүрек айнуы
• құсу
Жиі
• диарея
• стоматит және ауыз қуысының шырышты қабығының ойық жаралары
• іш қату
Өте сирек
• ишемиялық колит
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Өте жиі
• "бауыр" трансаминазалары (АСТ, АЛТ) мен сілтілі фосфатаза белсенділігінің артуы
Жиі
• билирубин концентрациясының жоғарылауы
Жиі емес
• өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігін қоса, ауыр дәрежедегі гепатоуыттылық
Сирек
• гамма-глутамилтрансфераза белсенділігінің жоғарылауы
Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар
Өте жиі
• қышумен бірге жүретін терінің аллергиялық бөртпелері
• алопеция
Жиі
• тері қышуы
• қатты терлеу
Сирек
• десквамация мен буллезді бөртпелерді қоса, ауыр дәрежедегі тері реакциялары
• ойық жара
• күлдіреуіктер мен ойық жаралардың пайда болуы
• терінің қабыршақтануы
Өте сирек
• уытты эпидермалық некролиз
• Стивенс-Джонсон синдромы
Белгісіз
• псевдоцеллюлит
• жедел жайылған экзантематозды пустулез
Сүйек-бұлшықет жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі
• арқаның ауыруы
• миалгия
Несеп-жыныс жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте жиі
• гематурия
• жеңіл дәрежелі протеинурия
Жиі емес
• бүйрек жеткіліксіздігі
• гемолиздік -уремиялық синдром
Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар
Өте жиі
• тұмауға ұқсас синдромдар (ең жиі кездесетін симптомдар қызба, бас ауыруы, қалтырау, миалгия, астения және анорексия болды; сондай-ақ, жөтел, ринит, дімкәстік, терлеу және ұйқының бұзылуы жағдайлары туралы хабарланды)
• ісіну / шеткері ісіну, соның ішінде беттің ісінуі (әдетте, емдеуді тоқтатқаннан кейін ісінудің басылуы байқалды);
Жиі
• қызба
• астения,
• қалтырау;
Сирек
• инъекция орнындағы реакция (әдетте, жеңіл дәрежеде).
Жарақаттар, улану және емшаралардың күрделенуі
Сирек
• сәулелік уыттылық
• сәулелік күюлердің қайта туындауы
Сирек
• өкпенің ісінуі, интерстициялық пневмонит, ересектердің респираторлық дистресс-синдромы (ЕРДС)
• гемолиздік -уремиялық синдром (ГУС)
• бауыр ферменттері концентрациясының жоғарылауы: аспартатаминотрансфераза (АСТ), аланинаминотрансфераза (АЛТ), сілтілі фосфатаза, гаммаглутамилтрансфераза (ГГТ), билирубин
Өте сирек
• жүрек жеткіліксіздігі
• шеткері васкулит, гангрена, капиллярлар өткізгіштігінің жоғарылау синдромы (ҚАЭС)
• десквамация және терінің буллезді зақымдануын қоса, ауыр дәрежелі тері реакциялары
• қайтымды артқы энцефалопатия синдромы (ҚАЭС)
Белгісіз
• жедел жайылған экзантематозды пустулез
Сүт безі обыры кезіндегі біріктірілген емдеу
3-ші және 4-ші дәрежелі гематологиялық уыттылықтың жиілігі, әсіресе нейтропения, гемцитабинді паклитакселмен бірге қолданғанда артады. Алайда, бұл жағымсыз реакциялар санының артуы инфекцияық аурулардың немесе геморрагиялық асқынулардың жоғарылауымен байланысты емес. Шаршау және фебрильді нейтропения гемцитабинді паклитакселмен бірге қолданғанда жиі кездеседі. Шаршау анемиямен байланысты емес және емдеудің бірінші циклінен кейін басылады.
3 және 4 дәрежелі жағымсыз құбылыстар Паклитаксел гемцитабинмен + паклитакселмен салыстырмалы
Пациенттер саны (%)
Паклитаксел (259 пациент) — Гемцитабин + паклитаксел (262 пациент)
3 дәреже — 4 дәреже — 3 дәреже — 4 дәреже
Зертханалық көрсеткіштер
Анемия — 5 (1,9) — 1 (0,4) — 15(5,7) — 3 (1,1)
Тромбоцитопения — 0 — 0 — 14 (5,3) — 1 (0,4)
Нейтропения — 11 (4,2) — 17(6,6) * — 82 (31,3) — 45 (17,2) *
Зертханалық емес көрсеткіштер
Фебрильді нейтропения — 3 (1,2) — 0 — 12(4,6) — 1 (0,4)
Қажу — 3 (1,2) — 1 (0,4) — 15(5,7) — 2 (0,8)
Диарея — 5 (1,9) — 0 — 8 (3,1) — 0
Қозғалыстық нейропатия — 2 (0,8) — 0 — 6 (2,3) — 1 (0,4)
Сенсорлық нейропатия — 9 (3,5) — 0 — 14 (5,3) — 1 (0,4)
* Ұзақтығы 7 күннен асатын 4 дәрежелі нейтропения біріктірілген емдеу тобындағы пациенттердің 12,6%-да және паклитакселмен емдеу тобындағы пациенттердің 5,0% - да байқалды.
Қуықтың обыры кезіндегі біріктірілген емдеу
3 және 4 дәрежелі жағымсыз құбылыстар МВДЦ гемцитабинмен + цисплатинмен салыстырмалы
Пациенттер саны (%)
МВДЦ (метотрексат, винбластин, доксорубицин және цисплатин) (196 пациент) — Гемцитабин + цисплатин (200 пациент)
3 дәреже — 4 дәреже — 3 дәреже — 4 дәреже
Зертханалық көрсеткіштер
Анемия — 30 (16) — 4 (2) — 47 (24) — 7 (4)
Тромбоцитопения — 15 (8) — 25 (13) — 57 (29) — 57 (29)
Зертханалық емес көрсеткіштер
Жүрек айну және құсу — 37 (19) — 3(2) — 44 (22) — 1 (0,4)
Диарея — 15 (8) — 1 (1) — 6 (3) — 0 (0)
Инфекциялар — 19 (10) — 10 (5) — 4 (2) — 1 (1)
Стоматит — 34 (18) — 8 (4) — 2 (1) — 0 (0)
Аналық без обыры кезіндегі біріктірілген емдеу
3 және 4 дәрежелі жағымсыз құбылыстар Карбоплатин гемцитабинмен + карбоплатинмен салыстырмалы
Пациенттер саны (%)
Карбоплатин (174 пациента) — Гемцитабин + карбоплатин (175 пациент)
3 дәреже — 4 дәреже — 3 дәреже — 4 дәреже
Зертханалық көрсеткіштер
Анемия — 10 (5,7) — 4 (2,3) — 39 (22,3) — 9 (5,1)
Нейтропения — 19 (10,9) — 2 (1,1) — 73 (41,7) — 50 (28,6)
Тромбоцитопения — 18 (10,3) — 2 (1,1) — 53 (30,3) — 8 (4,6)
Лейкопения — 11 (6,3) — 1 (0,6) — 84 (48,0) — 9 (5,1)
Зертханалық емес көрсеткіштер
Қан кету — 0 (0,0) — 0 (0,0) — 3 (1,8) — (0,0)
Фебрильді нейропатия — 0 (0,0) — 0 (0,0) — 2 (1,1) — (0,0)
Нейтропениясыз инфекция — 0 (0) — 0 (0,0) — (0,0) — 1 (0,6)
Біріктірілген емдеу тобындағы сенсорлық нейропатияның жиілігі карбоплатинмен монотерапия тобына қарағанда жоғары болды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған медициналық қызметкерге, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну керек.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz