Гемцитабинмен ем кезінде ең жиі кездесетін жағымсыз реакцияларға құсумен бірге немесе онсыз жүрек айну; бауыр трансаминазалары (АСТ/АЛТ) мен сілтілік фосфатаза (шамамен 60% пациенттерде тіркелген) белсенділігінің артуы; протеинурия мен гематурия (50% пациенттерде); ентігу (10-40% жағдай) (осы реакциялардың ең көп жиілігі өкпе обырымен науқастарда білінеді); терінің аллергиялық (25% пациенттерде), соның ішінде қышынумен қатар жүретін (10% пациенттерде) бөртулері жатады.
Жағымсыз реакциялардың жиілігі мен ауырлығы дозаға, инфузия жылдамдығына және препаратты енгізу арасындағы аралықтарға байланысты. Дозаны төмендету тромбоциттер, лейкоциттер және гранулоциттер санының төмендеуі сияқты құбылыстар дамыған кезде қажет болады.
Бірлі-жарым жағдайлардан жиірек кездескен жағымсыз реакциялары келесі градацияға сәйкес тізбеленген: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100- < 1/10); жиі емес (≥1/1000- <1/100); сирек (≥ 1/10000- <1/1000); өте сирек (<1/10000 ).
Қан түзу жүйесі және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте жиі
лейкопения (3-ші дәрежедегі нейтропения 19,3 %; 4-ші дәрежедегі 6 %)
миелосупрессия, әдетте жеңіл немесе орташа дәрежеде болады және негізінен гранулоциттер мөлшерінің өзгеруімен білінеді
тромбоцитопения
анемия
Жиі
фебрильді нейтропения
Өте сирек
тромбоцитоз
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Өте сирек
анафилактоидты реакциялар
Инфекциялар мен инвазиялар
Өте жиі
инфекциялық асқынулар
Белгісіз
сепсис
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар
Жиі
анорексия
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі
бас ауыруы
ұйқысыздық
ұйқышылдық
Сирек
мидағы қан айналымның бұзылуы
Өте сирек
қайтымды артқы энцефалопатия синдромы (ҚАЭС)
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі емес
аритмия, көбінесе суправентрикулярлы
жүрек жеткіліксіздігі
Сирек
миокард инфарктісі
Тамыр жүйесі тарапынан бұзылулар
Сирек
шеткері васкулиттің және гангренаның клиникалық белгілері
гипотония
Өте сирек
капиллярлар өткізгіштігінің жоғарылау синдромы
Тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте жиі
ентігу – әдетте жеңіл дәрежеде, емдеусіз тез басылады
Жиі
жөтел
ринит
Жиі емес
интерстициялық пневмония
бронх түйілуі - әдетте жеңіл дәрежеде және өтпелі сипатта, бірақ парентеральді емдеуді қажет етуі мүмкін
Сирек
өкпенің ісінуі
жедел респираторлық дистресс-синдром
Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте жиі
жүрек айну
құсу
Жиі
диарея
стоматит ауыз қуысының шырышты қабығының ойық жаралары
іш қату
Өте сирек
ишемиялық колит
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Өте жиі
"бауыр" трансаминазалары (АСТ, АЛТ) және сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы
Жиі
билирубин концентрациясының жоғарылауы
Жиі емес
ауыр дәрежедегі гепатоуыттылық, өліммен аяқталған бауыр жеткіліксіздігін қоса
Сирек
гамма-глутамилтрансфераза белсенділігінің жоғарылауы
Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар
Өте жиі
терінің қышынумен қатар жүретін аллергиялық бөртпелері,
алопеция
Жиі
терінің қышынуы
қатты тершеңдік
Сирек
тері тарапынан ауыр дәрежедегі реакциялар, десквамацияны және буллезді бөртпелерді қоса
ойық жаралану
күлдіреуіктер мен ойық жаралардың түзілуі
терінің қабыршақтануы
Өте сирек
уытты эпидермалық некролиз
Стивенс-Джонсон синдромы
Қаңқа-бұлшықет тарапынан бұзылулар
Сирек
арқаның ауыруы
миалгия
Несеп-жыныс жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте жиі
гематурия
жеңіл дәрежедегі протеинурия
Жиі емес
бүйрек жеткіліксіздігі
гемолиздік уремиялық синдром
Басқалары
Өте жиі
грипп тәрізді синдром (ең жиі симптомдары дене температурасының көтерілуі, бас ауыру, астения, қалтырау, миалгия, анорексия болып табылады. Сондай-ақ жөтел, ринит, дімкәстік, терлеу туралы хабарланды)
шеткері ісінулер, оның ішінде беттің ісінуі, әдетте емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды
Жиі
дене температурасының көтерілуі
астения
қалтырау
Сирек
енгізген жердегі реакциялар
сәулемен емдеудің уыттылығы
сәуле күйіктерінің қайта белсенділенуі
Тіркеуден кейінгі қолдану деректері бойынша
Тамыр жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте сирек
- тромбоздық микроангиопатия
Тері және тері асты тіндері жағынан бұзылулар
Белгісіз
- Жалған целлюлит
Сүт безі обыры кезіндегі біріктірілген ем
Гемцитабинді паклитакселмен біріктірілімде қолдану кезінде 3-ші немесе 4-дәрежедегі гематологиялық уыттанудың, әсіресе, нейтропенияның жиілігі арта түседі. Алайда, аталған жағымсыз реакциялар санының көбеюі инфекциялық аурулар немесе геморрагиялық асқынулар жиілігінің артуымен байланысты емес. Гемцитабинді паклитакселмен біріктірілімде қолдану кезінде қажу және фебрильді нейтропения жиірек байқалады. Қажу анемиямен байланысты емес және емдеудің бірінші циклінен соң басылады.
Ауырлығы 3 және 4 дәрежедегі жағымсыз құбылыстар Паклитаксел салыстырмалы гемцитабин + паклитаксел
Пациенттер саны (%)
Паклитаксел (259 пациент) — Гемцитабин + паклитаксел (262 пациент)
3 дәреже — 4 дәреже — 3 дәреже — 4 дәреже
Зертханалық көрсеткіштер
Анемия — 5 (1,9) — 1 (0,4) — 15(5,7) — 3 (1,1)
Тромбоцитопения — 0 — 0 — 14 (5,3) — 1 (0,4)
Нейтропения — 11 (4,2) — 17(6,6)* — 82 (31,3) — 45 (17,2)*
Зертханалық емес көрсеткіштер
Фебрильді нейтропения — 3 (1,2) — 0 — 12(4,6) — 1 (0,4)
Қажу — 3 (1,2) — 1 (0,4) — 15(5,7) — 2 (0,8)
Диарея — 5 (1,9) — 0 — 8 (3,1) — 0
Қозғалыс нейропатиясы — 2 (0,8) — 0 — 6 (2,3) — 1 (0,4)
Сенсорлы нейропатия — 9 (3,5) — 0 — 14 (5,3) — 1 (0,4)
* Ұзақтығы 7 күннен көпке созылатын 4 дәрежедегі нейтропения біріктірілген ем тобындағы пациенттердің 12,6%-да және паклитакселмен емдеу тобындағы пациенттердің 0,5%-да байқалды.
Қуық обыры кезінде біріктірілген ем
Ауырлығы 3 және 4 дәрежедегі жағымсыз құбылыстар МВДЦ салыстырмалы гемцитабин + цисплатин
Пациенттер саны (%)
МВДЦ (метотрексат, винорелбин, доксорубицин және цисплатин) (196 пациент) — Гемцитабин + цисплатин (200 пациент)
3 дәреже — 4 дәреже — 3 дәреже — 4 дәреже
Зертханалық көрсеткіштер
Анемия — 30 (16) — 4 (2) — 47 (24) — 7 (4)
Тромбоцитопения — 15 (8) — 25 (13) — 57 (29) — 57 (29)
Зертханалық емес көрсеткіштер
Жүрек айну және құсу — 37 (19) — 3(2) — 44 (22) — 1 (0,4)
Диарея — 15 (8) — 1 (1) — 6 (3) — 0 (0)
Инфекция-лар — 19 (10) — 10 (5) — 4 (2) — 1 (1)
Стоматит — 34 (18) — 8 (4) — 2 (1) — 0 (0)
Аналық бездер обыры кезінде біріктірілген ем
Ауырлығы 3 және 4 дәрежедегі жағымсыз құбылыстар Карбоплатин салыстырмалы гемцитабин + карбоплатин
Пациенттер саны (%)
Карбоплатин (174 пациент) — Гемцитабин + карбоплатин (175 пациент)
3 дәреже — 4 дәреже — 3 дәреже — 4 дәреже
Зертханалық көрсеткіштер
Анемия — 10 (5,7) — 4 (2,3) — 39 (22,3) — 9 (5,1)
Нейтропения — 19 (10,9) — 2 (1,1) — 73 (41,7) — 50 (28,6)
Тромбоцитопения — 18 (10,3) — 2 (1,1) — 53 (30,3) — 8 (4,6)
Лейкопения — 11 (6,3) — 1 (0,6) — 84 (48,0) — 9 (5,1)
Зертханалық емес көрсеткіштер
Қан кету — 0 (0,0) — 0 (0,0) — 3 (1,8) — (0,0)
Фебрильді нейропатия — 0 (0,0) — 0 (0,0) — 2 (1,1) — (0,0)
Нейропениясыз инфекция — 0 (0) — 0 (0,0) — (0,0) — 1 (0,6)
Сенсорлы нейропатияның жиілігі біріктіріп емдеу тобында да карбоплатинмен монотерапия тобынан жоғары болды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz