Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли назальные
Дозасы
10 000 МЕ/мл + 0.8 мг/мл
Саудалық атауы
ГЕНФЕРОН® ЛАЙТ
Әсер етуші зат
Интерфероны
Мақсаты
ГЕНФЕРОН® ЛАЙТ препараты 29 күннен 14 жасқа дейінгі балаларда тұмауды және басқа жедел респираторлық вирустық инфекцияларды емдеу үшін қолдануға арналған
Өндіруші
Фармстандарт-УфаВИТА
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: — адамның рекомбинантты альфа-2b (арИФН-α2b) интерфероны — 10 000 ХБ,
таурин — 0,8 мг.
қосымша заттар: динатрий эдетаты дигидраты, глицерол, декстран 40000, полисорбат 80, натрий хлориді, калий хлориді, натрий гидрофосфаты, калий дигидрофосфаты, натрий ацетаты тригидраты, мұзды сірке қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе ақшыл-сары түсті сұйықтық.
ГЕНФЕРОН® ЛАЙТ препараты 29 күннен 14 жасқа дейінгі балаларда тұмауды және басқа жедел респираторлық вирустық инфекцияларды емдеу үшін қолдануға арналған.
Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлері
ГЕНФЕРОН ЛАЙТ препараты вирусқа қарсы, иммуномодуляциялайтын, қабынуға қарсы, пролиферацияға қарсы, бактерияға қарсы әсер береді, жергілікті регенерациялайтын, жарғақшаны тұрақтандыратын және антиоксиданттық қасиеттерге ие.
Интерферон альфа спецификалық ақуыздардың синтезі сатысында вирустардың көбеюін бөгейді және қоздырғыштар инвазиясының орны және респираторлық инфекциялар кезінде қабынудың бастапқы ошағы болып табылатын мұрын қуысының шырышты қабығының инфекция түспеген жасушаларының инфекция жұқтыруының алдын алады.
Иммуномодуляциялайтын әсері иммундық жүйенің жасушалармен байланысты реакцияларының күшеюімен көрініс береді, бұл бөгде агенттерге қатысты иммундық жауаптың тиімділігін арттырады. Оған CD8+ Т-киллерлердің, NK-жасушалардың (табиғи киллерлердің) белсенуі, В-лимфоциттер дифференциациясының және олардың антиденелерді өндіруінің күшеюі, моноциттер-макрофагтар жүйесі мен фагоцитоздың белсенуі, сондай-ақ I типті гистоүйлесімділіктің негізгі кешенінің молекулалары экспрессиясының жоғарылауы есебінен қол жеткізіледі, бұл иммундық жүйе жасушаларының инфекция түскен жасушаларды ажырата алуы ықтималдығын арттырады.
Интерферонның әсерінен шырышты қабықтың барлық қабаттарының құрамындағы лейкоциттердің белсенуі, олардың патологиялық ошақтардың ыдырауына белсенді қатысуын қамтамасыз етеді; бұдан өзге интерферонның әсер етуі есебінен секрециялық иммуноглобулин А өндірілуінің қалпына келуіне қол жеткізіледі. Бактерияға қарсы әсеріне иммундық жүйенің интерферон әсерінен күшейетін реакциялары түрткі болады.
Препараттың құрамына кіретін таурин тіндердегі метаболизм үдерістерін қалыпқа түсіреді және мұрын қуысының патологиялық үдерістен зақымданған шырышты қабығының регенерациясына және жылдамырақ қалпына келуіне ықпал етеді.
Дозалау режимі
Аурудың алғашқы белгілерінде ГЕНФЕРОН® ЛАЙТ препаратын 5 күн бойы мұрынға тамызады.
29 күннен 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға - әр мұрын жолына күніне 5 рет 1 тамшыдан (бір реттік доза 1 000 ХБ, тәуліктік доза 5 000 ХБ).
1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға- әр мұрын жолына күніне 3-4 рет 2 тамшыдан (бір реттік доза 2 000 ХБ, тәуліктік доза 6 000 – 8 000 ХБ).
3 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға - әр мұрын жолына күніне 4-5 рет 2 тамшыдан (бір реттік доза 2 000 ХБ, тәуліктік доза 8 000 – 10 000 ХБ).
1 мл препараттың құрамында 20 тамшы бар.
1 тамшыда 500 ХБ бар.
Тамшылардың көп мөлшерін бір уақытта кездейсоқ енгізу кезінде дозалау режимін түзету қажет емес.
0-ден 28 күнге дейінгі балаларда ГЕНФЕРОН® ЛАЙТ препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ.
Қолдану тәсілі
Интраназальді.
Әсер етуші заттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік бейінінің түйіндемесі
Осы уақытқа дейін ауыр немесе өмірге қауіп төндіретін жағымсыз реакциялар байқалған жоқ. Төменде препаратты қолдану кезінде анықталған жағымсыз реакциялар көрсетілген.
Жағымсыз реакциялардың түйіндемесі
Жағымсыз реакциялар пайда болу жиілігінің келесі жіктеуін қолдана отырып ағза жүйелерінің әрқайсысына қатысты жүйеленеді: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, бірақ <1/10), жиі емес (≥1/1000, бірақ <1/100), сирек (≥1/10000, бірақ <1/1000), өте сирек (<1/10000). Әдетте, бұл реакциялардың сипаты жеңіл әрі қосымша дәрілік ем жүргізуді қажет етпейді.
Жүйелік-ағзалық класс — Жиілігі — Жағымсыз реакцияның атауы
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы реакциялар — Жиі — Енгізу орнындағы аса жоғары сезімталдық*
* Енгізу орнындағы аса жоғары сезімталдық реакциялары жергілікті аллергиялық реакциялармен (күйдіріп ашу сезімі, қышыну) көріністелді. Бұл құбылыстар қайтымды және препаратты қолдануды тоқтатқаннан кейін 72 сағат ішінде өздігінен жоғалады. Дәрігермен кеңескеннен кейін ғана емдеуді жалғастыруға болады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық деректер базасына хабарласу қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК https://www.ndda.kz
ГЕНФЕРОН® ЛАЙТ препаратымен артық дозалану жағдайлары тіркелген жоқ.
Арнайы ескертулер
Тамызғаннан кейін препараттың мұрын қуысында біркелкі таралуы үшін саусағыңызбен мұрын қырын бірнеше минут бойы уқалау ұсынылады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
ГЕНФЕРОН® ЛАЙТ препаратының аса зейін қоюды және жылдам реакцияларды (көлік құралдарын, машина жабдықтарын және т.б. басқару) талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін орындауға әсері зерттелмеген.
ГЕНФЕРОН® ЛАЙТ препараты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолданылмайды, себебі препарат 29 күннен 14 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналған.
Бауыр және/немесе бүйрек функцияларының бұзылулары бар пациенттерде қолдану
Бауыр мен бүйрек функциясының бұзылулары бар адамдарда препаратты қолданудың жеке клиникалық зерттеулері жүргізілген жоқ. Мұрын ішіне қолдану кезінде препараттың төмен жүйелік сіңуіне байланысты теориялық тұрғыдан пациенттердің аталған топтарында препараттың дозасын өзгерту үшін жеткілікті негіздер жоқ.
Интраназальді тамыр тарылтатын препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, себебі бұл мұрын қуысының шырышты қабығының қосымша құрғауын туындатады.
Жарықтан қорғалған жерде 2-ден 8 °C-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Алғаш ашқаннан кейін
Көрсетілген жарамдылық мерзімі шегінде пациенттер препаратты ашқаннан кейін 7 апта бойы 2-ден 8 °С-ге дейінгі температурада сақтай алады.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.