Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы
Дозасы
300 мг
Саудалық атауы
ГЕПАБЕЛ®
Әсер етуші зат
Препараты для лечения заболеваний печени
Мақсаты
Бауыр ауруларын емдеуге арналған және гепатит кезінде бауыр зақымдануы бар пациенттерде немесе денсаулыққа зиянды азық-түлік өнімдерін пайдалану салдарынан тәбеттің болмауы…
Өндіруші
Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат– соя бұршақтарынан жасалған эссенциальді фосфолипидтер (фосфолипид S75) 300.00 мг, құрамында 70 % фосфатидилхолин,
қосымша заттар: 1А US2 типті магний алюминометаксилат, этилванилин, 4-метоксиацетофенон (Ацетонисол), α-токоферол, 1А UFL2 типті магний алюминометаксилат, магний стеараты, титанның қостотығы (Е171), темірдің қара тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172), желатин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір емес корпусы және қоңыр түсті қақпақшасы бар, өлшемі №00 қатты желатинді капсулалар.
Капсула ішіндегісі- сары ұнтақ.
Бауыр ауруларын емдеуге арналған және гепатит кезінде бауыр зақымдануы бар пациенттерде немесе денсаулыққа зиянды азық-түлік өнімдерін пайдалану салдарынан тәбеттің болмауы немесе оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі сияқты симптомдарды жақсарту үшін қолданылады.
Бауыр және өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған препараттар. Бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар, липотропты препараттар. Бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар.
АТХ коды А05ВА
Әсер ету механизмі
ГЕПАБЕЛ өсімдік тектес препарат болып табылады, оның құрамына кіретін эссенциалды фосфолипидтер гепатопротекторлық қасиеттерге ие және гепатоциттердің қабығы мен митохондриясының негізгі элементтері болып табылады. Фосфолипидтер жедел бауыр ауруларында бауыр жасушаларын қорғайды (мысалы, этанолмен, салицил спиртімен, төрт хлорлы көміртекпен, парацетамолмен және галактозаминмен индукцияланған).
ГЕПАБЕЛ препараты этанол, тиоацетамид, органикалық еріткіштерді қолданумен байланысты бауырдың созылмалы уытты зақымдануы кезінде стеатоз бен фиброздың дамуын бәсеңдетеді. Сонымен қатар, фосфолипидтер бауыр жасушаларының жарғақшаларының қалпына келуі мен тұрақтануын тездетеді, бауыр жасушалары және коллаген синтезі зақымданатын липидтердің асқын тотығуы үдерісін басады.
Дозалау режимі
ГЕПАБЕЛ® ересектер мен 12 жастан асқан балаларда (дене салмағы 43 кг артық) қолдануға арналған.
Бір реттік доза күніне 2 капсуланы (600 мг эссенциальді фосфолипидтерді) құрайды.
Препараттың ең жоғары тәуліктік дозасы күніне 3 рет 2 капсуланы (1800 мг эссенциальді фосфолипидтерді) құрайды.
Препаратты қабылдау ұзақтығы кемінде 3 ай. Қажет болған жағдайда емдеу мерзімі ұзартылады.
Қолдану тәсілі
Ішке қабылдауға арналған
Препаратты шайнамай, тамақпен бірге, жеткілікті мөлшердегі сумен (мысалы, стақан су) ішіп, қабылдау керек.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 - ден < 1/10 - ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-ден < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-ден < 1/1000-ге дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Белгісіз жиілікпен:
- пальпитация (жүректің қатты соғуы)
- бас айналуы
-асқазандағы жайсыздық
-жұмсақ нәжіс
- диарея
- жүрек айнуы
-құсу
- бөртпе және есекжем түріндегі аллергиялық реакциялар
- қышыну
- артериялық қысымының жоғарылауы
Жоғарыда аталған симптомдар туындаған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату және дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе тікелей, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық мәліметтер базасына хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Жағымсыз реакциялар туралы хабарлай отырып, сіз дәрілік препараттың қауіпсіздігі туралы көбірек мәлімет алуға көмектесесіз.
Препаратпен артық дозаланғанда немесе уыттанғанда препаратты қабылдауды тоқтату және жедел шұғыл медициналық көмекті шақыру ұсынылады.
Егер сіз препаратты тиістісінен көп қабылдасаңыз, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
Егер сіз препаратты қабылдауды ұмытып кетсеңіз, емдеуші дәрігерге хабарласыңыз.
Қабылдамай өткізіп алған таблетканың орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
ГЕПАБЕЛ® препаратын қолданар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Емдеуші дәрігерге сіз қабылдайтыныңызды, жақында қабылдағаныңызды немесе басқа да препараттарды қабылдай алатыныңызды хабарлаңыз.
Дәрілік зат аллергиялық реакцияны тудыруы мүмкін.
Дәрілік препаратты қабылдау кезінде де бауырға зиян келтіретін заттарды (мысалы, алкоголь) пайдалануды тоқтату сол күйі қажет болады.
Созылмалы гепатит кезінде фосфолипидтерді кешенді ем құрамында қабылдауға, егер емдеу кезінде пациенттің жағдайы жақсарса, рұқсат етіледі.
Қауіпті симптомдар пайда болған немесе көңіл-күйі нашарлаған жағдайда дәрігермен кеңесу керек.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Арнайы зерттеулер жүргізілмегендіктен, бұл препаратты 12 жасқа толмаған балаларда қолдану ұсынылмайды..
Жүктілік
Зерттеулердің ерекше нәтижелері жоқ.
Осы себепті, ГЕПАБЕЛ® препаратын жүктілік және бала емізу кезінде қабылдауға болмайды.
Бала емізу
Егер сіз бала емізсеңіз, препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Фосфолипидтердің антикоагулянттармен дәрілік өзара әрекеттесуі ықтимал. Осы себепті антикоагулянт дозасын реттеу керек.
Бір мезгілде қабылдаған жағдайда, пациент дәрігермен кеңесуі тиіс.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.