Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Мазь для наружного применения
Дозасы
100 МЕ/г + 40 мг/г + 0.8 мг/г
Саудалық атауы
Гепарин жақпамайы
Әсер етуші зат
Гепарин, комбинации
Мақсаты
Беткейлік вена тромбофлебиті профилактикасында және емінде, постинъекциялық және постинфузиялық флебитте
Өндіруші
АО Нижфарм
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір грамм жақпамайдың құрамында
белсенді заттар: натрий гепарині 100 ХБ (натрий гепарині 120 ХБ/мг белсенділігі 0,833 мг),
бензокаин – 40 мг,
бензилникотинат – 0,8 мг,
қосымша заттар: глицерол, вазелин, стеарин қышқылы 50, шабдалы майы, эмульгатор № 1, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан сарғыш реңді ақ түске дейінгі жақпамай
Препарат ересектерге қолдануға арналған:
• беткейлік вена тромбофлебиті профилактикасында және емінде
• постинъекциялық және постинфузиялық флебитте
• сыртқы геморройда, босанудан кейінгі геморроидальді түйіндердің қабынуында
• лимфедемада (күпсектік)
• беткейлік перифлебитте
• лимфангиитте
• беткейлік маститте
• оқшауланған инфильтраттар және ісінулерде
• тері жабындылары тұтастығы бұзылуынсыз жарақаттар және соғулар (оның ішінде бұлшықет тіндерінің, сіңірлерде, буындарда)
• тері асты гематомасында
Препарат 1 жастан асқан балаларға қолдануға арналған:
• оқшауланған инфильтраттар және ісінулерде
• тері жабындылары тұтастығы бұзылуынсыз жарақаттар және соғулар (оның ішінде бұлшықет тіндерінің, сіңірлерде, буындарда)
• тері асты гематомасында
Әсері оның құрамына кіретін компоненттерінің қасиеттерімен шартталған, сыртқа қолдануға арналған біріктірілген препарат.
Гепарин – тікелей әсер ететін антикоагулянт, орташа молекулярлы гепариндер тобына жатады. Сыртқа қолдануда жергілікті антикоагулянтты, экссудатқа қарсы, қабынуға қарсы орташа әсер етеді. Тромбин түзілуін бөгейді. Гепарин қабыну үдерісін азайтады және антикоагулянтты әсер етеді, гематомалар және тромбтардың сорылу үдерісіне және тіндердің ісінуін кішірейтуге жанама ықпал ететін микроайналымды жақсартады.
Бензилникотинат шеткері вазодилатациялайтын дәрі болып табылады, микроайналымның жақсаруына ықпал етеді. Гепарин өтуін жақсарту үшін адъювант ретінде пайдаланылады.
Бензокаин ауыруды жергілікті басуға әсер етеді. Натрий иондары үшін жасушалық жарғақша өткізгіштігін азайтады, жарғақшаның ішкі беткейінде орналасқан рецепторлардан кальций иондарын ығыстырып шығарады, жүйке импульстарының өткізілуін бөгейді. Сезімтал жүйкелердің ұштарында ауыру импульстары туындауына және олардың жүйке талшықтары бойымен өткізілуіне кедергі келтіреді.
Дозалау режимі
Жақпамайды зақымданған аумаққа диаметрі әр 3-5 см орынға 0,5-1г жақпамай есебімен (2-4 см жақпамай) жұқа қабатпен жағады және ақырындап теріге ысқылайды.
Сыртқы геморроидальді түйіндер тромбозында тікелей тромбоздалған түйіндерге жақпамайды бөз немесе мата төсенішке жағып төсейді және бекітеді. Осы мақсатпен артқы өтіс жолына енгізетін Гепарин жақпамайы сіңірілген ректальді тампондарды қолданады.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа.
Емдеу ұзақтығы
Жақпамайды күн сайын күніне 2-3 рет қабыну құбылыстары жойылғанша, орташа 3-тен 7 күнге дейін қолданады. Бұдан ұзағырақ ем жүргізу мүмкіндігін дәрігер анықтайды.
Сыртқы геморройлық түйіндердің тромбозы кезінде жақпамайды күн сайын симптомдары жойылғанша, орташа есеппен 3-тен 14 күнге дейін қолдану керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер Сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, кеңес алу үшін дәрігерге немесе медбикеге жүгініңіз.
• Дәрілік препараттың стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Белгісіз:
• аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну)
• тері гиперемиясы, қолданған орындағы сезімталдықтың төмендеуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
• әсер етуші затқа немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде аталған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• зақымданған аумақтың тері жабындарының тұтастығының бұзылуы (инфекция жұқтырған ашық жарақат, ойық жаралы-некроздық үдерістер)
• 1 жасқа дейінгі балаларға
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Тромбоцитопенияда және қанағыштыққа жоғары бейімділікте сақтықпен қолдану керек.
Гепарин жақпамайын үлкен аумақтарға ұзақ уақыт қолданғанда және бір мезгілде қан ұю жүйесіне және/немесе қан түзілуіне әсер ететін пероральді дәрілік заттар қабылдағанда қан ұю уақытын және протромбиндік уақытты бақылау керек.
Ұзақ емдеу курсында және жүкті әйелдерде және 65 жастан асқан әйелдерде үлкен зақымдану аумағында ем қажет болғанда осыған ұқсас бақылау ұсынылады.
Іріңді үдерістер болғанда ашық жараға жағуға болмайды.
Веналық терең тромбоздарда жақпамай қолдану ұсынылмайды.
Препарат құрамына кіретін метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат аллергиялық реакцияны (оның ішінде кейінірек байқалатын) туындатуы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
1 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автомобиль немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Препаратты жүктілікте және лактация кезеңінде қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Гепарин плацентарлық бөгет арқылы өтпейді және емшек сүтімен бөлінбейді. Емшек сүтіне препараттың басқа компоненттерінің түскені туралы мәліметтер жоқ.
Гепарин жақпамайын жүктілік кезінде және емшек емізу кезеңінде дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолданылады.
Жақпамайды қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП), тетрациклиндермен, H1-гистаминді рецепторлар блокаторларымен жергілікті бір уақытқа тағайындамайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.