Гепаринмен емдеу гемокоагуляция жай-күйін мұқият бақылау арқылы жүргізілуі тиіс. Қан ұю жағдайын зерттеу төмендегіше: емнің алғашқы 7 күнінде – 2 тәулікте 1 реттен кем емес, әрі қарай 3 тәулікте 1 рет; операциядан кейінгі кезеңнің бірінші күнінде – тәулігіне 2 реттен кем емес, 2-ші және 3-ші күндері – тәулігіне 1 реттен кем емес жүргізіледі.
Гепаринмен емдеуді бірден тоқтату тромбоздық үдерістің қарқынды белсендірілуіне әкелуі мүмкін, сондықтан гепариннің дозасын тікелей әсер етпейтін антикоагулянттарды бір мезгілде тағайындаумен біртіндеп азайту керек. Ерекшеліктер ауыр геморрагиялық асқынулар мен гепаринді жекелей көтере алмаушылық пайда болған жағдайлары болып табылады.
Гепаринді, енгізу орнында гематома түзілу қаупіне орай, бұлшықет ішіне енгізуге болмайды. Препаратты ашық жарақатқа және шырышты қабыққа жағуға болмайды.
Гепарин құрылымы жоғары молекулярлы болғандықтан ол жеке жағдайларда аса жоғары сезімталдық реакцияларын туындатуға ықпалды. Осыған ұқсас реакцияларға бейім пациенттерге препараттың бірінші дозасын енгізер алдында гепариннің аздаған мөлшерін енгізу керек. Аса жоғары сезімталдық реакциялары дамыған жағдайда басқа антикоагулянттар тағайындау ұсынылады.
Препаратты келесі жағдайларда сақтықпен қолданады:
• метаболизмдік ацидозбен, ОЖЖ бәсеңдеуімен, тыныс алу қиындығымен, бүйрек жеткіліксіздігімен, артериялық гипотензиямен білінетін уыттылық синдромы даму қаупінен балаларда (Гепасан® құрамында бензил спирті болуы салдарынан);
• егде жастағы пациенттерде, әсіресе әйелдерде, артериялық кысымы жоғары пациенттерде;
• қатерлі жаңа түзілімдерде, анамнездегі асқазан-ішек жолдарының ойық жаралы зақымдануларында;
• этиологиясына байланыссыз кахексиялар;
• операциядан кейінгі жуық арада және босанудан кейінгі кезеңде алғашқы 3-8 тәулік ішінде (гепаринотерапия өмірлік көрсеткіштер бойынша қажет болатын жағдайларды қоспағанда).
Геморрагиялық асқынулар (тері астылық, бұлшықетішілік, құрсақ қуысындағы гематомалар түзілуі, инъекция орындарынан қан кетулер, мұрын, асқазан-ішектік, геморроидальдік, жатырлық қан кетулер, миға қан құйылу, несеп жолынан қан кетулер, операция жарақатынан қан кетулер және басқалары) кез келген, оның ішінде қан ұюының асқын коагуляциялық жай-күйінде туындауы мүмкін. Геморрагиялық асқынуларды болдырмау шараларына мыналар жатады:
• гепаринді тек стационар жағдайында қолдану;
• гепариннің өз инъекциясын қоспағанда, инъекцияның жалпы санын шектеу;
• қан ұюының жай-күйіне мұқият бақылау;
• қауіпті гипокоагуляция анықталғанда - инъекциялар аралығын ұлғайтусыз гепарин дозасын дереу азайту.
Инъекциялар орнында гематома түзілуін болдырмау үшін, гепаринді енгізудің вена ішілік әдісін пайдаланған дұрыс.
Натрий гепаринін қан кетуінің даму қаупіне байланысты мынадай жай- күйлерде:
• қан кету қаупі бар қатерлі ісікке күдік болғанда;
• бүйректе немесе несепағарда тас болуында;
• асқазанда немесе жіңішке ішекте тұрған дренаж түтігінде;
• гемостаз бұзылуы бар бауыр аурулары;
• етеккір;
• бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі;
• қан сарысуындағы калий деңгейін жоғарылататын препараттар қабылдайтын пациенттерде, сондай-ақ гиперкалиемия даму қаупі бар пациенттерде (мысалы, қант диабетінде, бүйрек функциясы бұзылуы) ерекше сақтықпен пайдалану керек.
Тромбоэмболия профилактикасында гепарин пайдаланғанда қан сарысуы жүйесіне мұқият мониторинг міндетті түрде жасалыну керек («төмен дозалармен» емдеу).
Гепаринмен емнің барлық курсы бойына нәжісте жасырын қанға тест жүргізу ұсынылады.
Гепарин қолдану аясында гепарин-индукцияланған тромбоцитопения (ГИТ) дамуы мүмкін.Гепарин-индукцияланған тромбоцитопения – сирек, гепаринмен емнің ауыр асқынуы, ауыр зардапты тромбоздық синдромға дейін жеткізетін артериялық немесе веналық тромбоздар дамуына әкеледі. ГИТ екі типі болады: ГИТ I – иммундық емес және ГИТ II - иммундық. ГИТ II қарағанда ГИТ I жиі бақыланады, гепарин қолданудың бірінші күндері туындайды және тромбоциттер мөлшерінің орташа төмендеуімен сипатталады (бастапқы деңгейінен l0-30%-ға). ГИТ I-дегі тромбоцитопения өтпелі сипатта және гепаринотерапия жалғастырылғанда өздігінен жойылуы мүмкін. ГИТ II иммунитетке байланысты, әдетте гепаринмен ем бастаудың 3-15 күні ішінде бақыланады, егер пациентте бұрын гепарин қолданылса және сенсибилизация болса, бірақ бірнеше сағаттан соң туындауы да мүмкін. Бұл арада тромбоциттер мөлшері 40-тан 60х109/л дейінді, сирек жағайларда - 30x109/л аз құрауы мүмкін. ГИТ II ауыр клиникалық асқынулары антикоагулянт қолдану аясында 35-70% жағдайларда туындайтын, оның 30%-ы өліммен аяқталатын, тромбоздардың парадоксальді дамуы болып табылады. Жіліншіктің терең тамырларының тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы және коронарлық қан тамырларының тромбоздарының жиілігі көбірек болған. ГИТ тән белгі көбіне ұсақ артериялардың тромбоздарымен шартталған гепариннің тері астына инъекциясы орындарындағы тіндер некрозы болып табылады. Гепаринді вена ішіне болюстік енгізуден кейін (енгізгеннен кейін 5-30 минуттан соң) температура жоғарылауы, қалтырау, тахикардия, артериялық қысым артуы, тахипноэ, тыныс алу және/немесе қан айналымы тоқтауына дейін болатын диспноэ, бас ауыруы, қысқа мерзімдік толық амнезия, диарея, іштің жедел ауыруын қоса, жалпы жүйелік реакциялар анықталды. Аса ауыр белгісі бүйрек үсті бездерінің екі жақты инфарктісі немесе өліммен аяқталу қаупі аса жоғары болатын бүйрек үсті бездерінің некрозына соқтыратын бүйрек үсті бездерінің тромбозы болып табылады.
ГИТ даму қаупі болуына байланысты, ем көрсетіліміне және қолданылатын гепарин дозасына байланыссыз тромбоциттер мөлшерін анықтау керек. Тромбоциттер мөлшерін анықтауды препарат енгізгенге дейін немесе ем басталғаннан кейін 24 сағат өтпей тұрып, содан кейін емнің барлық кезеңі бойына аптасына 2 рет жүргізу керек.
Егер тромбоциттер мөлшері 100.000/мм3 аспаса және/немесе егер тромбоциттер мөлшері қанның алдыңғы талдауымен салыстырғанда 30-50%-ға азайғаны бақыланса гепарин-индукцияланған тромбоцитопения туындауы болжанады. Гепарин-индукцияланған тромбоцитопения көбіне гепаринмен ем басталғаннан кейін (көбіне - 10-шы күні) 5-ші күннен 21-ші күнге дейін дамиды. Алайда анамнезінде гепарин-индукцияланған тромбоцитопениясы бар пациенттерде бұл асқыну елеулі түрде ерте туындауы мүмкін. Сондай-ақ жеке-дара жағдайлар емнің 21-ші күнінен кейін анықталды. Ем басталғанға дейін егжей-тегжейлі сауалнама жолымен осындай анамнезі бар пациенттерді анықтау керек. Бұдан басқа гепаринді қайта қолданғанда көп жылдар бойына қайталану пайда болу қаупі бақыланды, ал кейде шектеусіз кезеңге созылады. Гепарин-индукцияланған тромбоцитопения туындауы барлық жағдайларда шұғыл жай-күй болып табылады, бұл арада маман кеңесі талап етіледі.
Тромбоциттер мөлшерінің кез келген елеулі азаюы (бастапқы көрсеткіштермен салыстырғанда 30-50%-ға) тіпті егер көрсеткіш қатер шегі деңгейіне жетпесе де ескерту дабылы болып табылады. Егер тромбоциттер мөлшерінің төмендеуі анықталса, келесі шараларды жүргізу керек:
• растау алу үшін тромбоциттер мөлшерінің есебін дереу қайталап жүргізу;
• гепаринмен емді тоқтату, егер алынған нәтижелер тромбоциттер мөлшерінің төмендеуін растаса немесе олардың жоғарылауын көрсетсе, егер бұның нақты себебі анық болмаса;
Гепарин-индукцияланған тромбоцитопенияға байланысты
тромбоэмболиялық асқынулардың профилактикасы немесе емі.
Егер антикоагулянттық емді жалғастыру өте маңызды болса, гепаринді әр пациент үшін жеке емдік немесе профилактикалық дозада тағайындалған, басқа химиялық топтарға жататын тромбозға қарсы дәрілермен, мысалы, натрий данапаридпен немесе гирудинмен алмастыру керек.
Пероральді қабылданатын антикоагулянттарға ауысу тромбоциттер мөлшері қалыпқа келгеннен кейін ғана жүргізіледі, өйткені пероральді қабылданатын антикоагулянттар қолданғанда тромбоз барысы нашарлау қаупі бар.
Гепарин-индукцияланған тромбоцитопения және тромбозбен бірге гепарин-индукцияланған тромбоцитопения гепаринмен емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше аптаның ішінде жүруі мүмкін. Тромбоцитопениясы немесе тромбозы бар пациенттер гепаринмен емдеуді тоқтатқаннан кейін осы патологияның бар-жоқтығына тексерілуі тиіс.
Гепарин резистенттілігі
Гепарин резистенттілігі емдік әсерге жету үшін гепариннің стандартты дозасына адекватты емес жауаппен көрінеді және шамамен пациенттердің 5-30% -да бақыланады.
Гепарин резистенттілігі дамуына бейімділік факторлары:
• плазмада антитромбин III деңгейінің қалыптың 60%-нан төмендеуі: плазмада антитромбин ІІI деңгейі төмендеуі тұқым қуалайтын болуы мүмкін немесе, көбіне жүре пайда болған (хирургиялық араласымдарда гепаринмен операция алдындағы емнен кейін, бауырдың созылмалы ауруларында, нефроздық синдромда, экстракорпоральді қан айналымын жүргізгенде, диссеминирленген тамырішілік қан ұюында немесе препаратпен индукцияланған қан ұюында, мысалы, нитроглицеринмен, апротининмен бір мезгілде қолданғанда);
• антитромбин III-тәуелсіз гепаринорезистенттілігі (антитромбин III деңгейінің қалыпты және жоғары деңгейі бар пациенттерде);
• тромбоэмболиялық асқынулар;
• гепариннің жоғары клиренсі;
• гепарин-байланыстырушы ақуыз деңгейінің жоғарылығы,VIII факторы, Виллебранд факторы, фибриноген, тромбоцитарлық 4 фактор (антигепариндік фактор) немесе гистидин мол гликопротеиндер;
• белсенді инфекция (сепсис немесе эндокардит);
• баллонды контрпульсация алдында операция алды дайындығы;
• тромбоцитопения;
• тромбоцитоз;
• егде жас;
• плазмада альбумин концентрациясының <35 г/л төмендеуі;
• салыстырмалы гиповолемия.
Гепаринге резистенттілігі қатерлі ісігі бар пациенттерде де, сондай-ақ босанғаннан кейінгі кезеңде де жиі кездеседі.
Тәулігіне 22500 ХБ астам гепарин қабылдайтын пациенттерде жарақат алу мүмкіндігін анықтау керек.
Гепаринді қолдану гиперменорея туындауына ықпал етуі мүмкін. Әдеттен тыс қатты немесе оралымнан тыс жатырлық қан кетулер жағдайында қосымша гинекологиялық зерттеу көмегімен ерекше емдеуді талап ететін басқа органикалық бұзылыстар бар-жоғын анықтау керек.
Гепаринмен ем әркез белсендірілген ішінара тромбопластиндік уақыт (БІТУ) бақылаумен және тромбоциттерді есептеумен бірге жүргізілуі тиіс.
Гепаринді тағайындар алдында БІТУ және тромбиндік уақыттың көрсеткіштерінің қалып шегінде болуына көз жеткізу керек. Гепаринді бір мезгілде тромбоциттер функциясына немесе қан ұюының жүйесіне әсер ететін басқа дәрілермен тағайындауға болмайды.
Гепарин протромбиндік уақытқа әсер етуі мүмкін, бұны кумарин туындыларының дозасын таңдағанда ескеру керек.
Гепарин әртүрлі зертханалық тесттерге, эритроциттер шөгуінің жылдамдығы, эритроциттердің резистенттілігі және комплемент байланысуы реакциясына әсер етеді, бұл дұрыс емес нәтижеге әкелуі мүмкін.Гепарин қолдану аясында қалқанша без функциясын анықтау тесттері трийодтирониннің (ТЗ) және тирозиннің қате жоғары деңгейін көрсетуі мүмкін.
Гепарин альдостеронның бүйрек үсті бездерімен секрециялануын бәсеңдетуі мүмкін, бұл әсіресе, мысалы, қант диабеті, бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар, анамнезінде метаболизмдік ацидозы бар, плазмадағы калий мөлшері жоғары пациенттерде немесе калий жинақтайтын препараттарды қабылдаған кезде гиперкалиемияға әкеп соғуы мүмкін. Гиперкалиемия қаупі, сірә, емдеу ұзақтығының артуымен ұлғаяды, бірақ, әдеттегідей, бұл өзгерулер қайтымды. Плазмадағы калий деңгейін қауіп факторлары бар пациенттерде гепаринмен емдеуді бастар алдында өлшеген жөн және емдеуден кейін, әсіресе егер ол 7 күннен астамға созылатын болса, ұдайы бақылап отыру керек.
Ерітіндіні тек ол мөлдір болса және құты зақымданбаған болса ғана пайдалану керек.
Қан кетудің жоғарылаумен байланысты қатар енгізілетін бұлшықетішілік инъекцияны сақтықпен жүргізген жөн.
Арнайы сақтандырулар
Препараттың құрамында бензил спирті қосымша зат ретінде 9.0 мг/мл бар (бір ампуланың ішінде 45 мг бар), балаларда метаболизмдік ацидоз, ОЖЖ бәсеңдеуі, тыныс алу қиындауы, бүйрек жеткіліксіздігі, артериялық гипотензия ретінде білінетін анафилактоидты және уытты реакциялар туындатуы мүмкін.
5 мл-де (1 ампула) Гепасан® препараттың құрамында 1,43 ммоль (немесе 32,8 мг) натрий бар. Натрийді қабылдауды шектейтін диетадағы пациенттерді ескеру қажет.
Педиатрияда қолдану
Гепасан® 3 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз)
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емделу кезінде көлік құралдарын басқару және жоғары зейін қоюды және жылдам психомоторлық реакцияларды талап ететін қауіптілігі зор қызметтермен айналысуға болмайды.
Үйлесімсіздігі
Препаратты бір шприцте басқа дәрілік заттармен араластыруға болмайды.
Гепарин көптеген инъекциялық препараттармен үйлесімсіз болып табылады (кейбір антибиотиктер, анальгетиктер және гистаминге қарсы препараттар).
Гепаринмен үйлесімсіз:
алтеплаза, амикацин сульфаты, амиодарон гидрохлориді, ампициллин, апротинин, натрий бензилпенициллин және калий тұздары, аминазин, ципрофлоксацин, цитарабин, дакарбазин, дауномицин гидрохлориді, диазепам, доксорубицин гидрохлориді, дроперидол, эритромицин, гентамицин сульфаты, галоперидол, гиалуронидаза, гидрокортизон сукцинат натрий, канамицин сульфаты, лабеталол гидрохлориді, метициллин, метотримепразин, нетилмицин сульфаты, никардипин гидрохлориді, окситетрациклин гидрохлориді, петидин, полимиксин сульфаты, прометазин гидрохлориді, стрептомицин сульфаты, тобрамицин сульфаты, трифлюпромазин гидрохлориді, ванкомицин гидрохлориді, винбластин сульфаты, цефалотин, цисатракурий безилаты.
Добутамин гидрохлориді және гепаринді араластыруға және бір тамшылатқыш жүйе арқылы инфузия жасауға болмайды, өйткені бұл шөгінді түзілуін туындатуы мүмкін.
Гепарин және ретеплаза бір ерітіндіде үйлесімсіз. Егер ретеплаза және гепарин бір тамшылатқыш жүйе арқылы енгізіледі, ол ретеплаза енгізілгенге дейін және одан кейін физиологиялық ерітіндімен немесе 5% глюкоза ерітіндісімен мұқият шайылуы тиіс.