Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Сироп
Саудалық атауы
Гербион® жолжелкен шәрбаты
Әсер етуші зат
Комбинированные препараты
Мақсаты
Жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынбалы аурулары кезіндегі құрғақ жөтелде
Өндіруші
КРКА, д.д., Ново место
Ел
Словения
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
5 мл шәрбаттың құрамында
белсенді заттар: 1,25 г қандауыр тәрізді жолжелкен (Plantago lanceolata L.s.l.) жапырақтарының және 1,25 г кәдімгі құлқайыр (Malva silvestris L.) гүлдерінің сулы экстрактісі (1:5), 0,0650 г аскорбин қышқылы (С дәрумені)1),
қосымша заттар: сахароза, метилпарагидроксибензоат (Е218), апельсин иісті май
1) 0,0650 г аскорбин қышқылы (С дәрумені) 0,07312 г натрий аскорбаты түрінде
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі және дәмі бар, қоңырдан қызылдау-қоңыр түске дейінгі шәрбат. Табиғи субстанцияларға тән, елеусіз шөгінді байқалуы мүмкін.
-жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынбалы аурулары кезіндегі құрғақ жөтелде
-темекі шегушілерде болатын құрғақ жөтелде
Әсер ету механизмі
Гербион жолжелкен шәрбатының құрамында екі препараттың сулы экстрактісі: қандауыр тәрізді жолжелкен (Plantago lanceolata L.s.l.) жапырақтары және кәдімгі құлқайыр (Malva sylvestris L.) гүлдері, сондай-ақ С дәрумені бар. Құрамындағы шырышты заттардың арқасында, шәрбат тыныс алу жолдарының шырышты қабығын қорғайды және суық тию аурулары және тыныс алу жолдарының қабынуы кезінде құрғақ жөтелді басады. Шырышты зат ауыз қуысы мен тамақтың шырышты қабығында жұқа қорғаныш қабатын түзеді және шырышты жарғақшаларды жөтел рефлексін туындататын тітіркендіргіштерден механикалық түрде қорғайды.
Қандауыр тәрізді жолжелкен жапырағының және кәдімгі құлқайыр гүлдерінің белсенді заттары шырыштар және иридоидты гликозидтер (аукубиндер) болып табылады.
Құрамындағы аукубиннің арқасында жолжелкен жапырақтарының сулы ерітіндісі бактериостатикалық әсер етеді, жоғарғы тыныс алу жолдары инфекцияларының айқын байқалуын азайтады. Бактерияларға қарсы әсері агликон аукубигениннің болуымен байланысты, ол аукубиннен өсімдік бета-глюкозидазалар белсенділігінің арқасында босап шығады. Гербион жолжелкен шәрбаты тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлігінің қабынуымен қатар жүретін құрғақ тітіркендіргіш жөтел кезінде шырышты зат ретінде әсер етеді.
Кәдімгі құлқайыр гүлдерінің құрамында да шырыштар, танин және антоцианинді гликозид мальвині бар. Экстрактілер жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығына жергілікті бүркемелейтін әсер береді. Шырыштар шырышты қабықта жұқа механикалық қорғағыш жабын түзеді, соның арқасында жөтел азаяды. Бұл қабыну үдерісі кезіндегі тыныс алу жолдарының шырышты қабықтың тітіркенуін туындататын және қоршаған ортаның әртүрлі тітіркендіргіш әсерімен байланысты жөтелдің қайтуына әкеледі.
С дәрумені организмдегі көптеген метаболизмдік процестерге қатысады. Ол тотығу-тотықсыздану үдерісіне қатысады, коллаген синтезіне, гемоглобин түзілуіне және көптеген басқа да үдерістерге қатысады.
Дозалау режимі
Ересектер және 14 жастан асқан балалар - 2 өлшеуіш қасықтан (10 мл) күніне 3-5 рет.
7 жастан 14 жасқа дейінгі балалар - 1-2 өлшеуіш қасықтан (5-10 мл) күніне 3 рет.
4 жастан 7 жасқа дейінгі балалар - 1 өлшеуіш қасықтан (5 мл) күніне 3 рет.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
4 жасқа дейінгі балаларда қолдану тәжірибесі жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішуге арналған.
Шәрбатты қабылдағаннан кейін бірден тамақ немесе сусындар ішуге болмайды, себебі тамақ пен сусын препараттың ауыз қуысы мен тамақтың шырышты қабығынан шығарылуын тездетуі мүмкін.
Гербион® жолжелкен шәрбатын қабылдау кезінде көп мөлшерде шай немесе басқа жылы сусындарды ішу ұсынылады, бірақ мұны препаратты қабылдағаннан кейін бірден істемеген жөн.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Өткізіп алған дозаны толықтыру үшін қосарлы дозаны қабылдауға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
-қант диабеті, туа біткен фруктоза көтере алмаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы, сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі
-4 жасқа дейінгі балалар
-жүктілік және лактация кезеңі
Сирек ( ≥1/10,000, <1/1,000)
-аса жоғары сезімталдық реакциялары
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық деректер базасына хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препараттың артық дозалануы туралы хабарламалар жоқ.
Құрамында сапониндер бар препараттармен артық дозаланған жағдайда мынадай симптомдар байқалуы мүмкін: жүрек айнуы, құсу және диарея.
Емі: белсендірілген көмірді қолдану, асқазанды шаю.
Ентігу, дене температурасының жоғарылауы немесе қан аралас қақырық пайда болған кезде дәрігермен кеңесу керек.
Егер симптомдар бір апта ішінде басылмаса, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.
Қант диабеті
Гербион® жолжелкен шәрбатының құрамында сахароза бар, сондықтан сирек тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, глюкоза мен галактозаның мальабсорбция синдромы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі ауруларына шалдыққан қант диабеті бар пациенттерде қолдануға қарсы көрсетілімді.
Арнайы ескертулер
Қосымша заттар
Метилпарагидроксибензоат (E218) аллергиялық реакцияларды (жинақталуы мүмкін) туындатуы мүмкін.
Препарат құрамында бір реттік дозада кемінде 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни ол натрийсіз препарат болып саналады.
Гербион® жолжелкен шәрбатының құрамында сахароза бар, сондықтан сирек тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, глюкоза мен галактозаның мальабсорбция синдромы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі ауруларына шалдыққан қант диабеті бар пациенттерде қолдануға қарсы көрсетілімді.
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты 4 жастан кіші балаларда қолдану туралы деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Жүктілік және бала емізу кезінде Гербион® жолжелкен шәрбатын қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Препараттың басқа дәрілік заттардың әсеріне ықпалы туралы деректер жоқ.
Препараттың әсеріне тағамның әсер етуі туралы хабарланған жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану мерзімі – 3 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Ашылмаған және ашылған түрде құтыны тоңазытқышта сақтауға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.