Әсер ету механизмі
Эпидермальді өсу факторы (EGF) және оның рецепторлары (EGFR [HER1; ErbB1]) қалыпты және обыр жасушаларының өсуі мен көбеюінің негізгі қозғаушы факторлары болып табылады. Обыр жасушасындағы EGFR іске қосушы мутациясы ісік жасушаларының өсуін стимуляциялауда, апоптозды бөгеуде, ангиогендік факторлардың өнімінің көбеюінде маңызды рөл атқарады және метастаздалу процесіне ықпал етеді.
Гефитиниб – эпидермальді өсу факторы рецепторларының селективті төмен молекулалы тирозинкиназа тежегіші, ем желісіне қарамастан EGFR тирозинкиназа доменінде іске қосушы мутациялары бар пациенттерді емдеуге арналған тиімді дәрі. Ісікте EGFR мутациясы жоқ пациенттерде клиникалық маңызды белсенділік анықталған жоқ.
Гефитинибке сезімталдықтың маркері ретінде жиі кездесетін іске қосушы EGFR мутацияларының (19 экзондағы делециялардың; L858R) болуы емге жауап көрсеткіштерінің сенімді деректерімен расталған; мысалы, екі химиялық препараттың [WJTOG3405] біріктірілімімен салыстырғанда гефитиниб үшін өршусіз өміршеңдік үшін СҚ (95% СА) 0,489 (0,336; 0,710). Ісіктері аз таралған мутациялары бар пациенттерде гефитинибпен емдеуге жауап беру туралы деректер аз; қолда бар деректер G719X, L861Q және S7681 сенсибилизациялайтын мутация екенін растады; Т790М мутациясы немесе 20 экзондағы инсерция төзімділік механизмдері болып табылады.
Төзімділік
Сезімталдықты арттыратын EGFR киназа мутациялары бар кіші жасушалы емес өкпе обыры көптеген ісіктерінде, түпкі нәтижеде, аурудың өршуінің орташа уақыты 1 жыл болған кезде гефитинибпен емдеуге төзімділікті дамытады. Шамамен 60% жағдайда тұрақтылық Т790М қайталама мутациясымен байланысты, ол үшін Т790М-ге бағытталған эпидермальді өсу факторы рецепторы (EGFR TKIs) тирозинкиназа тежегіштері келесі емдеу әдісі ретінде қарастырылуы мүмкін. Эпидермальді өсу факторы рецепторының сигналын бөгейтін препараттармен емдеуден кейін хабарланған тұрақтылықтың басқа ықтимал механизмдеріне MET және HER2 генінің амплификациясы және PIK3CA мутациясы жатады. Өкпенің ұсақ жасушалы обырына фенотиптің ауысуы туралы 5-10% жағдайда да хабарланды.
Айналымдағы ісіктік ДНҚ (аіДНҚ)
IFUM зерттеуінде мутациялық статус Therascreen EGFR RGQ PCR Kit (Qiagen) жинағын қолдана отырып, плазмадан алынған ісік пен аіДНҚ үлгілерінде бағаланды. Скринингтен өткен 1060 пациенттің 652-інде аіДНҚ мен ісік тіндерінің жұптасқан үлгілері бар. Ісікте және аіДНҚ-да мутация анықталған пациенттерде объективті жауаптың жиілігі 77% (95% СА: 66-86%), ал мутация тек ісікте анықталған пациенттерде - 60% (95% СА: 44-74%) құрады.
2-кесте. Скринингтен өткен және екі үлгіні де тестілеу нәтижелері бар барлық пациенттердегі ісік үлгілері мен аіДНҚ бастапқы мутациялық статусы туралы жиынтық ақпарат
Параметр — Анықтама — Жиілік% — ПТМN
Сезімталдық — аіДНҚ-да мутациясы бар ісік тініндегі мутациясы бар пациенттердің үлесі — 65,7 (55,8–74,7) — 105
Спецификалылығы — аіДНҚ-да мутациясы бар ісік тініндегі мутациясы бар пациенттердің үлесі — 99,8 (99,0–100,0) — 547
Бұл деректер жапондық IPASS зерттеуінде (Гото (Goto), 2012) қосалқы топтарда алдын-ала жоспарланған пайдалану талдауының нәтижелеріне сәйкес келеді. Бұл зерттеуде плазмадан емес сарысудан алынған аіДНҚ EGFR мутациясын талдау үшін EGFR Mutation Test Kit (DxS) жинағының (N = 86) көмегімен қолданылды. Бұл зерттеуде сезімталдық 43,1%, спецификалылығы 100% құрады.
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
Терапияның бірінші желісі
Препаратты бірінші желіде қолдану бойынша IPASS III фазадағы рандомизацияланған зерттеуі Азиялық1 таралған ҰЖЕӨО (гистологиялық қосалқы типі - аденокарцинома) (IIIB немесе IV сатысы) бар, бұрынғы темекі шегушілер (≥15 жыл бұрын темекіні тастаған және ≤ жылына 10 қорап темекі шеккен) немесе ешқашан темекі шекпеген пациенттер арасында жүргізілді (3-кестені қараңыз).
1 Қытай, Гонконг, Индонезия, Жапония, Малайзия, Филиппин, Сингапур, Тайвань және Таиланд.
3-кесте. IPASS зерттеуінің деректері бойынша карбоплатин/паклитаксел біріктірілімімен салыстырғанда гефитинибтің тиімділігін бағалау нәтижелері
Популяция — N — Объективті жауаптардың жиілігі және емдеу түрлері арасындағы айырмашылықтың 95% сенімді аралығыа — Негізгі соңғы нүкте Үдеусіз өміршеңдік (ҮӨ)a2b — Жалпы өміршеңдік ab
Барлығы — 1217 — 32,2%-бен салыстырғанда 43,0 % [5,3 %, 16,1 %] — ҚҚ 0,74 [0,65, 0,85] 5,8 m-бен салыстырғанда 5,7 m p < 0,0001 — ҚҚ 0,90 [0,79, 1,02] 17,4 m-бен салыстырғанда 18,8 m p = 0,1087
EGFR мутация анықталды — 261 — 47,3%-бен салыстырғанда 71,2% [12,0 %, 34,9 %] — ҚҚ 0,48 [0,36, 0,64] 6,3 m-бен салыстырғанда 9,5 m p < 0,0001 — ҚҚ 1,00 [0,76, 1,33] 21,6 m салыстырғанда 21,9 m
EGFR мутация жоқ — 176 — 23,5%-бен салыстырғанда 1,1 % [-32,5 %, -13,3 %] — ҚҚ 2,85 [2,05, 3,98] 5,5 m-бен салыстырғанда 1,5 m p < 0,0001 — ҚҚ 1,18 [0,86, 1,63] 12,7 m-бен салыстырғанда 11,2 m
EGFR мутациялық статусы белгісіз — 780 — 29,2%-бен салыстырғанда 43,3 % [7,3 %, 20,6 %] — ҚҚ 0,68 [0,58–0,81] 5,8 m салыстырғанда 6,6 m p < 0,0001 — ҚҚ 0,82 [0,70–0,96] 17,2 m салыстырғанда 18,9 m
a- Ұсынылған мәндер карбоплатин/паклитаксел біріктірілімімен салыстырғанда гефитинибке қатысты.
B - m - айлардағы медианалар. Тік жақшадағы цифрлар ҚҚ үшін 95% сенімді аралықты білдіреді.
N - Рандомизацияланған пациенттер саны
ҚҚ-Қауіптер қатынасы (қауіптер қатынасы гефитинибтің пайдасына <1
Өмір сапасына қатысты нәтижелер EGFR мутациясының күйіне байланысты әр түрлі болды. EGFR мутациясы бар пациенттердің арасында гефитиниб қабылдаған қатысушылар едәуір көп, карбоплатин/паклитаксел біріктірілімін алған қатысушылармен салыстырғанда өмір сүру сапасының жақсаруын және өкпе обыры симптомдарының айқындылығының төмендеуін бастан кешірді (4-кестені қараңыз).
4-кесте IPASS зерттеуінің деректері бойынша карбоплатин/паклитаксел біріктірілімімен салыстырғанда гефитиниб үшін өмір сапасының соңғы нүктелерін бағалау нәтижелері
Популяция — N — FACT-L бойынша ӨС жоғарылау жиілігіа % — LCS бойынша симптомдар айқындылығының төмендеу жиілігі a%
Барлығы — 1151 — (40,8%-бен салыстырғанда 48,0 %) p = 0,0148 — (48,5%-бен салыстырғанда 51,5 %) p = 0,3037
EGFR мутациясының болуымен — 259 — (44,5%-бен салыстырғанда 70,2 %) p < 0,0001 — (53,9%-бен салыстырғанда 75,6%) p = 0,0003
EGFR мутациясы жоқ — 169 — (36,3%-бен салыстырғанда 14,6 %) p = 0,0021 — (47,5%-бен салыстырғанда 20,2 %) p = 0,0002
Тест нәтижесінің индексі көрсеткіштері FACT-L және LCS нәтижелерін растады
a- Ұсынылған мәндер карбоплатин/паклитаксел біріктірілімімен салыстырғанда гефитинибке қатысты.
N - Өмір сүру сапасын талдау үшін бағаланатын пациенттердің саны
ӨС - Өмір сапасы
FACT - L Өкпе обырын емдеуге арналған функционалды сауалнама
LCS - Өкпе обырының қосалқы шкаласы
IPASS зерттеуінде гефитиниб БРВ, ОЖЖ, ӨС көрсеткіштері бойынша басымдылықты көрсетті және ісіктері EGFR тирозин киназасының белсендіретін мутацияларынан тұратын жергілікті таралған немесе метастаздық ҰЖЕӨО бар пациенттерде карбоплатин/паклитаксел біріктірілімімен салыстырғанда жалпы өміршеңдік көрсеткіштерінде айтарлықтай айырмашылықсыз симптомдарды жеңілдетті.
Бұрын ем қабылдаған пациенттер
INTEREST III фазадағы рандомизацияланған зерттеуі бұрын платина негізінде химиотерапия алған жергілікті таралған немесе метастаздық ҰЖЕӨО бар пациенттерде жүргізілді. Жалпы популяцияда гефитиниб пен доцетаксел (75 мг/м 2) арасында үдеусіз жалпы өміршеңдік, өміршеңдік көрсеткіштеріне және объективті жауап жиілігіне қатысты статистикалық маңызды айырмашылық байқалмады (5-кестені қараңыз).
5-кесте. INTEREST зерттеуінің деректері бойынша доцетакселмен салыстырғанда гефитинибтің тиімділігін бағалау нәтижелері
Популяция — N — Объективті жауаптардың жиілігі және емдеу түрлері арасындағы айырмашылыққа қатысты 95% сенімді аралығыа — Үдеусіз өміршеңдік a,b — Негізгі соңғы нүкте жалпы өміршеңдік a,b
Барлығы — 1466 — 7,6%-бен салыстырғанда 9,1 % [-1,5 %, 4,5 %] — ҚҚ 1,04 [0,93, 1,18] 2,7 m салыстырғанда 2,2 m p = 0,4658 — ҚҚ 1,020 [0,905, 1,150]в 8,0 m салыстырғанда 7,6 m p = 0,7332
EGFR мутация анықталды — 44 — 21,1%-бен салыстырғанда 42,1 % [-8,2 %, 46,0 %] — ҚҚ 0,16 [0,05, 0,49] 4,1 m салыстырғанда 7,0 m p = 0,0012 — ҚҚ 0,83 [0,41, 1,67] 16,6 m салыстырғанда 14,2 m p = 0,6043
EGFR мутациясы жоқ — 253 — 9,8 %-бен салыстырғанда 6,6 % [-10,5 %, 4,4 %] — ҚҚ 1,24 [0,94, 1,64] 1,7 m салыстырғанда 2,6 m p = 0,1353 — ҚҚ 1,02 [0,78, 1,33] 6,0 m салыстырғанда 6,4 m p = 0,9131
Шығу тегі азиялық пациенттерc — 323 — 8,7%-бен салыстырғанда 19,7 % [3,1 %, 19,2 %] — ҚҚ 0,83 [0,64, 1,08] 2,8 m салыстырғанда 2,9 m p = 0,1746 — ҚҚ 1,04 [0,80, 1,35] 12,2 m салыстырғанда 10,4 m p = 0,7711
Шығу тегі азиялық емес пациенттер — 1143 — 7,3 %-бен салыстырғанда 6,2 % [-4,3 %, 2,0 %] — ҚҚ 1,12 [0,98, 1,28] 2,7 m салыстырғанда 2,0 m p = 0,1041 — ҚҚ 1,01 [0,89, 1,14] 6,9 m салыстырғанда 6,9 m p = 0,9259
a- Ұсынылған мәндер доцетакселмен салыстырғанда гефитинибке қатысты.
B - m - айлардағы медианалар. Тік жақшалардағы сандар жалпы популяциядағы жалпы өміршеңдік үшін 96% сенімді аралықты немесе ҚҚ үшін 95% сенімді аралықты білдіреді
c- Сенімді аралық 1,154 тиімділіктен кем емес шекарадан толығымен төмен
N - Рандомизацияланған пациенттер саны
ҚҚ - Қауіптер қатынасы (қауіптер қатынасы гефитиниб пайдасына <1)
1 және 2 сурет. INTEREST зерттеуіндегі шығу тегі азиялық пациенттердің қосалқы топтарындағы тиімділікті бағалау нәтижелері (N пациенттер = рандомизацияланған пациенттер саны)
Жалпы өміршеңдік
Пациенттер саны
1143 — Барлығы
27 — EGFR мутациясы +
222 — EGFR мутациясы-
133 — Ешқашан темекі шекпеген
1010 — Шылым шегушілер
600 — Аденокарцинома
543 — Аденокарцинома емес
369 — Әйелдер
774 — Еркектер
0,5 — 1,0 — 1,5 — 2,0
Қауіптердің қатынасы (доцетакселмен салыстырғанда гефитиниб) және 95% СА
Түзетілмеген талдау
Клиникалық факторлар үшін хаттамаға сәйкес емдеу популяциясы
Биомаркерлік көрсеткіштер үшін барлық енгізілген пациенттердің популяциясы
Үдеусіз өміршеңдік
Пациенттер саны — ОЖЖ (%) Гефитиниб доцетакселмен салыстырғанда
1143 — 6,2-бен салыстырғанда 7,3 — Барлығы
27 — 20,0-бен салыстырғанда 42,9 — EGFR мутациясы +
222 — 9,1-мен салыстырғанда 5,5 — EGFR мутациясы -
133 — 13,3-пен салыстырғанда 23,7 — Ешқашан темекі шекпеген
101 — 6,5-пен салыстырғанда 3,9 — Шылым шегушілер
600 — 9,4-пен салыстырғанда 9,4 — Аденокарцинома
543 — 5,0-мен салыстырғанда 2,8 — Аденокарцинома емес
369 — 13,1-мен салыстырғанда 9,8 — Әйелдер
774 — 4,6-мен салыстырғанда 4,4 — Еркектер
0 — 0,5 — 1,00 — 1,5 — 2,0
Қауіптердің қатынасы (доцетакселмен салыстырғанда гефитиниб) және 95% СА
Түзетілмеген талдау ДДС популяциясы
ISEL III фазадағы рандомизацияланған зерттеуі бұрын химиотерапияның 1 немесе 2 желісін алған және бұрын соңғы пайдаланылған желінің препараттарына резистенттілігі немесе жағымсыздығы бар кең таралған ҰЕЖӨО бар пациенттерде жүргізілді. Салыстыру гефитиниб пен плацебоға қарсы паллиативті көмек біріктірілімі мен паллиативті көмек арасында жүргізілді. Гефитиниб жалпы популяцияда өміршеңдікті арттырмады. Өміршеңдік нәтижелері темекі шегу мен этностық тиістілігіне байланысты әр түрлі болды (6-кестені қараңыз).
6-кесте. ISEL зерттеуінің деректері бойынша плацебоен салыстырғанда гефитинибтің тиімділігін бағалау нәтижелері
Популяция — N — Емдеу арасындағы айырмашылық үшін объективті жауаптардың жиілігі және 95% САа — Емдеудің тиімсіздігіне дейінгі уақыт аb — Негізгі соңғы нүкте - жалпы өміршеңдік abc
Барлығы — 1692 — 1,3%-бен салыстырғанда 8,0 % [4,7 %, 8,8 %] — ҚҚ 0,82 [0,73, 0,92] 2,6 m салыстырғанда 3,0 m p = 0,0006 — ҚҚ 0,89 [0,77, 1,02] 5,6 m салыстырғанда 5,1 m p = 0,0871
EGFR мутациясының болуымен — 26 — 0%-бен салыстырғанда 37,5% [-15,1%, 61,4%] — ҚҚ 0,79 [0,20, 3,12] 3,8 m салыстырғанда 10,8 m p = 0,7382 — ҚҚ НП НД 4,3 m салыстырғанда
EGFR мутациясы жоқ — 189 — 0% салыстырғанда 2,6% [-5,6%, 7,3%] — ҚҚ 1,10 [0,78, 1,56] 2,6 m салыстырғанда 2,0 m p = 0,5771 — ҚҚ 1,16 [0,79, 1,72] 5,9 m-мен салыстырғанда 3,7 m p = 0,4449
Ешқашан темекі шекпеген — 375 — 0%-бен салыстырғанда 18,1% [12,3%, 24,0%] — ҚҚ 0,55 [0,42, 0,72] 2,8 m салыстырғанда 5,6 m p < 0,0001 — ҚҚ 0,67 [0,49, 0,92] 6,1 m салыстырғанда 8,9 m p = 0,0124
Шылым шегушілер — 1317 — 1,6%-бен салыстырғанда 5,3 % [1,4%, 5,7%] — ҚҚ 0,89 [0,78, 1,01] 2,6 m салыстырғанда 2,7 m p = 0,0707 — ҚҚ 0,92 [0,79, 1,06] 4,9 m салыстырғанда 5,0 m p = 0,2420
Шығу тегі азиялық пациенттер d — 342 — 2,1%-бен салыстырғанда 12,4% [4,0%, 15,8%] — ҚҚ 0,69 [0,52, 0,91] 2,2 m салыстырғанда 4,4 m p = 0,0084 — ҚҚ 0,66 [0,48, 0,91] 5,5 m салыстырғанда 9,5 m p = 0,0100
Шығу тегі азиялық емес пациенттер — 1350 — 1,0%-бен салыстырғанда 6,8% [3,5%, 7,9%] — ҚҚ 0,86 [0,76, 0,98] 2,7 m салыстырғанда 2,9 m p = 0,0197 — ҚҚ 0,92 [0,80, 1,07] 5,1 m салыстырғанда 5,2 m p = 0,2942
a- Ұсынылған мәндер плацебомен салыстырғанда гефитинибке қатысты.
B - m — айлардағы медианалар. Тік жақшадағы цифрлар ҚҚ үшін 95% сенімді аралықты білдіреді.
с- Жалпы популяция үшін стратификацияланған лог-рангілік тест; әйтпесе пропорционалды Кокс қауіптерінің моделі.
d- Азиялық этностық тиістілік үнділік пациенттерді қоспайды және пациенттер тобының нәсілдік шығу тегіне жатады, әрқашан олардың туған жеріне сәйкес келмейді.
N - Рандомизацияланған пациенттер саны.
ЕА - жалпы өміршеңдік үшін ҚҚ есепке алынбаған, өйткені оқиғалар саны тым аз
ҚЖ - Қол жеткізілген жоқ.
ҚҚ - Қауіптер қатынасы (қауіптер қатынасы Иресса препаратының пайдасына <1).
IFUM зерттеуі ҰЕЖӨО және белсендіретін, сенсибилизациялайтын EGFR мутацияларының болуы бар еуропалық нәсіл (n = 106) пациенттері арасында жүргізілген бақыланбайтын көп орталықты зерттеу болды, оның мақсаты гефитиниб белсенділігі еуропалық және азиялық популяцияларға ұқсас екенін растау болды. Зерттеушінің шолуына сәйкес жиілігі 70 %, ал ҮӨ медианасы - 9,7 айды құрады. Бұл деректер IPASS зерттеуінде келтірілген мәліметтерге ұқсас.
EGFR мутациялық статусы және клиникалық сипаттамалары
Клиникалық сипаттамалардың ішінде темекі шегудің болмауы, аденокарцинома және әйел жынысы гефитиниб зерттеулерінен алынған 786 еуропалық нәсілді пациенттердің деректері негізінде көп факторлы талдауда EGFR мутациясының оң статусын тәуелсіз предикторлар болды* (7-кестені қараңыз). Шығу тегі азиялық пациенттерде EGFR мутациясы бар ісіктердің жиілігі де жоғары болды.
7-кесте. Еуропалық нәсілді 786 пациент арасында EGFR мутациясының болуын тәуелсіз предикторларды анықтау үшін көп факторлы логистикалық регрессиялық талдау нәтижелерінің қысқаша резюмесі*
EGFR мутациясының болуын болжайтын факторлар — Р мәні — EGFR мутациясының болу мүмкіндігі — Оң предиктивті мәні (жалпы халықтың 9,5%-ында EGFR (M+) мутациясы бар)
Темекі шегу — <0,0001 — Ешқашан темекі шекпегендердің темекі шегушілерге қарағанда 6,5 есе жоғары — 28/70 (40 %) ешқашан темекі шекпеген - M + 47/716 (7 %) темекі шегушілер - M+
Гистологиялық қосалқы тип — <0,0001 — Аденокарцинома кезінде басқа гистологиялық қосалқы типтерге қарағанда 4,4 есе жоғары — 63/396 (16 %) аденокарциномасы бар пациенттер - M+ 12/390 (3 %) өзге гистологиялық қосалқы типтері бар пациенттер - M+
Жынысы — 0,0397 — Әйелдерде еркектерге қарағанда 1,7 есе жоғары — 40/235 (17 %) әйелдер - M+ 35/551 (6 %) еркектер -M+
* келесі зерттеулерден: INTEREST, ISEL, INTACT 1 & 2, IDEAL 1 & 2, INVITE