Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Мазь для наружного применения
Дозасы
1%
Саудалық атауы
Гидрокортизон
Әсер етуші зат
Гидрокортизон
Мақсаты
Терінің этиологиясы микробты емес қабыну және аллергиялық ауруларында (оның ішінде қышынумен қатар жүретін): жеңіл және орташа ауырлықтағы экзема, дерматит (бастапқы, жанаспалы…
Өндіруші
Биосинтез
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат - гидрокортизон ацетаты, 1,0 г;
қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат (нипагин), пропил-парагидроксибензоат (нипазол), вазелин, стеарин қышқылы, сусыз ланолин, пентаэритритил диолеат (пентол), тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ сарғыш реңді немесе ашық-сары түсті жақпамай.
Препарат ересектерге және 2 жастан асқан балаларға қолдануға көрсетілген.
Терінің этиологиясы микробты емес қабыну және аллергиялық ауруларында (оның ішінде қышынумен қатар жүретін):
- жеңіл және орташа ауырлықтағы экзема
- дерматит (бастапқы, жанаспалы, аллергиялық, себореялық)
- нейродерматоз
- псориаз
- эритродермия
- түйінді қышыма
- жәндіктер шаққаннан кейінгі реакция
Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Глюкокортикоидтар. Белсенділігі әлсіз глюкокортикостероидтар (I топ). Гидрокортизон.
АТХ коды: D07АА02
Әсер ету механизмі
Гидрокортизон жергілікті қолдануға арналған синтетикалық глюкокортикоидты препарат болып табылады. Қабынуға қарсы, ісінуге қарсы, қышынуға қарсы әсер көрсетеді. Лимфоциттер мен макрофагтардан цитокиндердің (интерлейкиндер мен интерферондардың) босап шығуын тежейді, эозинофилдермен қабыну медиаторларының босап шығуын бәсеңдетеді, арахидон қышқылының метаболизмін және простагландиндер синтезін төмендетеді. Стероидты рецепторларды көтермелей отырып, ақуыздардың ерекше класы - ісінуге қарсы белсенділігі бар липокортиндер түзілуін индукциялайды.
Фармакодинамикалық әсері
Жасушалық қабыну инфильтраттарын азайтады, лейкоциттер мен қабыну аймағындағы лимфоциттер көшуін төмендетеді. Препаратты ұсынылған дозаларда сыртқы қолдану жүйелі жанама әсерлерді тудырмайды.
Дозалау режимі
Жақпамайды жұқа қабатпен терінің зақымданған аумағына күніне 2-3 рет жағады. Шектеулі ошақтарда әсерін күшейту үшін окклюзиялық таңғыштарды пайдалануға болады.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Жақпамайды жұқа қабатпен терінің зақымданған аумағына күніне 2-3 рет жағады. 2 жастан асқан балаларда жақпамай қолданған кезде гидрокортизонның сіңуін күшейтуге әсерететін іс-шараларды (жылытатын, бекітетін және окклюзиялық таңғыштар) алып тастау керек.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа. Жақпамай терінің құрғақ, қабыршықтанған немесе теміреткі бөліктеріне қолданылады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы аурудың сипатына және емнің тиімділігіне байланысты, дәрігер белгілейді.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізу кезінде қажетті шаралар
Қатысты емес.
Тоқтату симптомдары қатерінің болуын көрсету
Қатысты емес.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша қолданады.
- гидрокортизонға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
- терінің жарақаттық, ойық жаралы зақымданулары
- терінің жедел бактериялық, вирустық және зеңдік аурулары, оның ішінде тұрпайы безеу
- тері туберкулезі және терінің мерездік зақымданулары
- розацеа
- периоральді дерматит
- тері ісіктері
- жүктілік, лактация кезеңі
- 2 жасқа дейінгі балалар
Қолайсыз жағымсыз реакцияларды бағалау туындау жиілігі туралы мынадай деректерге негізделген: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 дейін < 1/10), жиі емес (≥ 1/1000 дейін < 1/100), сирек (≥ 1/10000 дейін < 1/1000), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Сирек:
- жанаспалы дерматит (жақпамай жаққан жердегі гиперемия, ісіну және қышыну)
- терінің салдарлы инфекциялық зақымданулар, атрофиялық өзгерістер және тері пигментациясының өзгеруі, гипертрихоз (препаратты ұзақ қолданғанда)
Өте сирек:
- аллергиялық реакциялар (олар туындаған жағдайда препаратты пайдалануды тоқтату ұсынылады)
- тері қатпарларына, терінің ылғалды бөліктеріне және жөргекпен жабылған тері бөліктеріне қолданған кездегі балалардағы жергілікті атрофиялық өзгерістер (үнемі ылғалды жағдайдың болуы гидрокортизонның сіңірілуіне ықпал етеді)
- жақпамайды, әсіресе ауқымды зақымдалу бөліктеріне ұзақ уақыт қолданғанда немесе окклюзиялық таңғышты пайдаланғанда гидрокортизонның резорбциялық әсерінің көрінісі сияқты (мұндай әсерлердің дамуы герметикалық пайдаланғанда болуы ықтимал (жабылатын) киім) гиперкортицизм синдромы (гипергликемия, глюкозурия, бүйрекүсті безі қыртысы функциясының қайтымды бәсеңдеуі, Иценко-Кушинг синдромының көрініс беруі)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жедел артық дозалану ықтималдығы аз, алайда, препаратты шамадан тыс немесе ұзақ қолданғанда гиперкортицизм белгілерімен қатар жүретін созылмалы артық дозалану болуы мүмкін: гипергликемия, глюкозурия, бүйрекүсті безі қыртысы функциясының қайтымды бәсеңдеуі, Иценко-Кушинг синдромының көрініс беруі.
Емі: арнайы емшаралар мен антидоттары жоқ. Тиісті симптоматикалық ем көрсетілген. Созылмалы уытты әсер ету жағдайында препаратты біртіндеп тоқтату ұсынылады.
Сақтықпен
- қант диабеті
- туберкулез (жүйелік зақымдану)
Арнайы ескертулер
Жақпамайдың көзге және шырышты қабыққа түсуін болдырмау керек. Егер пациентте көрудің анық еместігі немесе көру мүшесі тарапынан басқа да бұзылулар пайда болса, пациентті жергілікті қолдану үшін жүйелі кортикостероидтар мен кортикостероидтарды пайдаланғаннан кейін анықталған катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия (CSCR) сияқты сирек аурулар болуы мүмкін себептерді бағалау үшін офтальмологқа жіберу мүмкіндігін қарастыру керек.
Ұзақ уақыт емделгенде және/немесе ауқымды беткейлерге жаққанда натрийді шектеумен және калий мөлшерінің жоғарылауымен диета тағайындау; организмге жеткілікті мөлшерде ақуыз енгізу ұсынылады. Артериялық қысымды, қандағы глюкоза мөлшерін, қанның ұюын, диурезді, науқастың дене салмағын, плазмадағы кортизол концентрациясын бақылап отыру қажет.
Окклюзиялық таңғышты пайдалану жүйелік абсорбция дәрежесін едәуір арттыруы мүмкін.
Терінің қабыну, инфекциялық зақымдануын емдегенде тиісінше микробқа қарсы ем жүргізілуі тиіс. Инфекцияның кез келген жайылуы кортикостероидтардың жергілікті қолданылуы мен микробқа қарсы дәрілердің жүйелі қолданылуын тоқтатуды талап етеді.
Терінің атрофиялық өзгерістерінің дамуы мүмкін болғандықтан жақпамайды бет бөлігіне мүмкіндігінше ұзақ қолданбаған жөн.
Псориаз кезінде (сипатына және қабынудың орналасуына байланысты), соның ішінде жайылған пустулезді псориаздың даму қаупімен, сондай-ақ терінің бөгеттік функциясының бұзылуына байланысты жергілікті және жүйелі уыттылық көріністерінің туындауымен кортикостероидтарды жергілікті қолдану қауіпті болуы мүмкін. Мұндай пациенттерді мұқият бақылау қажет.
Егер 7 күн қолданғаннан кейін жақсару байқалмаса немесе жағдайдың нашарлауы байқалса, препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
Жергілікті стероидтарды ұзақ уақыт үздіксіз немесе дұрыс қолданбау емдеуді тоқтатқаннан кейін қайталанатын асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін (жергілікті стероидтарды тоқтату синдромы). Алғашқы емдеу аймағынан тыс жерлерде таралуы мүмкін дерматит (қатты қызару, шаншу және ашыту) түрінде ауыр формадағы асқынудың пайда болу қаупі бар. Мұндай қауіп терінің сезімтал аймақтарында, мысалы, бет пен табиғи қатпарларда қолданған кезде болуы ықтимал. Препаратты тоқтатқаннан кейін бірнеше күннен кейін симптомдар жаңғырған жағдайда дәрігермен кеңесу керек. Қайта пайдалануды сақтықпен тағайындау керек немесе емдеудің басқа нұсқаларын қарастырған жөн.
Медицина қызметкерлері препарат таңғышқа, киімге және төсек-орынға тиген кезде мата ашық оттан оңай тұтануы мүмкін екенін білуі керек. Пациенттерге бұл туралы ескерту керек және осы препаратты қолданған кезде олар ашық оттан аулақ болуы керек.
Педиатрияда қолдану
Препарат 2 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Жақпамайды ұзақ қолданғанда жүйелік жағымсыз әсерлерінің даму қаупі (әсіресе балаларда) артады.
Балаларда бүйрекүсті безі қыртысының функциясын басу тез дамуы мүмкін. Бұдан бөлек, соматропин өсу гормоны секрециясының төмендеуі байқалуы мүмкін. 2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға препаратты тек дәрігердің кеңесінен кейін және одан әрі дәрігердің бақылауымен қолдану керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдеу кезеңінде көлік құралдарын басқару немесе жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор басқа қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болған жөн.
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Анықталған жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
15 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.