Симптомдары: D дәруменін жоғары дозада немесе ұзақ уақыт бойы қабылдау гиперкальциемия, гиперкальциурия, гиперфосфатемия және бүйрек жеткіліксіздігін туындатуы мүмкін. Артық дозаланудың ерте симптомдары ретінде әлсіздік, шаршау, ұйқышылдық, бас ауыруы, анорексия, ауыздың құрғауы, металл дәмі, жүрек айну, құсу, іштің түйілуі, полиурия, полидипсия, ноктурия, іш қату немесе диарея, бас айналу, құлақтағы шуыл, атаксия, бөртпе, гипотония (әсіресе балаларда), бұлшықет немесе сүйек ауыруы, сондай-ақ ашушаңдық пайда болуы мүмкін.
Гиперкальцемияның едәуір кеш симптомдарына мыналар жатады: тұмау, қышыну, либидоның төмендеуі, нефрокальциноз, бүйрек жеткіліксіздігі, ересектердегі остеопороз, балалардың өсуінің іркілуі, салмақ жоғалту, анемия, кальцификациямен конъюнктивит, фотофобия, панкреатит, қандағы мочевина азотының жоғарылауы (BUN), альбуминурия, гиперхолестеринемия, трансаминазалардың жоғарылауы (AЛТ және AСТ), гипертермия, тамырлардың жайылған кальцификациясы, құрысулар, жұмсақ тіндердің кальцификациясы. Пациенттерде гипертония немесе психоздық симптомдар сирек дамуы мүмкін; қан сарысуындағы сілтілі фосфатаза төмендеуі мүмкін; Орташа ацидозбен бірге электролиттер теңгерімсіздігі жүрек ырғағының бұзылуына әкелуі мүмкін.
Қан сарысуындағы кальций мөлшері 12 мг/дл-ден асатын едәуір күрделі жағдайларда естен тану, метаболизмдік ацидоз және кома болуы мүмкін. Артық дозалану симптомдары әдетте қайтымды болуына қарамастан, артық дозалану бүйрек немесе жүрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін.
Қан сарысуындағы 25-ОН-холекальциферолдың деңгейі 150 нг/мл-ден жоғары болса, жағымсыз әсерлер жиілігінің артуына әкелуі мүмкін деп саналады.
Қандағы кальций, фосфат, альбумин және мочевина азотының, сондай-ақ холестерин мен қан трансаминазаларының жоғарылауы кальцифедиолдың артық дозалануына тән.
Емдеу: Кальцифедиолдың артық дозалануын емдеу мыналарды қамтиды:
• Қабылдауды (кальцифедиол) және қабылданатын кез келген құрамында кальций бар қоспаны тоқтату.
• Кальций мөлшері төмен диетаны ұстану. Кальцийдің экскрециясын жақсарту үшін сұйықтықтың көп мөлшерін пероральді және парентеральді қабылдаған жөн. Қажет болса, фуросемид сияқты ілмекті диуретиктерді қолдана отырып, стероидтар мен индукцияланған күшейген диурезді тағайындайды.
• Егер препаратты қабылдағаннан кейін 2 сағаттан артық уақыт кетпесе, асқазанды босатып, құстыру ұсынылады. Егер D дәрумені асқазаннан өтіп кеткен болса, іш жүргізетін дәріні (парафин немесе минералды май) пайдалануға болады. D дәруменінің абсорбциясы кезінде кальцийсіз диализ ерітіндісімен гемодиализ немесе перитонеальді диализ жасауға болады.
Кальцифедиолды ұзақ уақыт бойы қабылдаудан туындаған гиперкальциемия, емдеуді тоқтатқаннан кейін шамамен 4 апта бойы сақталады. Гиперкальциемияның белгілері мен симптомдары әдетте қайтымды. Алайда, метастаздық кальцификация күрделі бүйрек немесе жүрек жеткіліксіздігіне, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.