Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки вагинальные
Дозасы
3 мг
Саудалық атауы
ГЛАНДИН-Е2
Әсер етуші зат
Динопростон
Мақсаты
Анаға немесе шаранаға қарсы көрсетілімдер болмағанда, жүктілігінің мерзімі жеткен әйелдерде босану әрекетін индукциялау үшін
Өндіруші
Набикасим Индастриз (Пвт) Лтд
Ел
Пакистан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: 3.150 мг динопростон
қосымша заттар: аэросил 200, жүгері крахмалы, авицел PH112, сусыз лактоза, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Беткейі жалпақ тік бұрышты, сәл теңбілді, бір жағында NQ өрнегі бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар.
- анаға немесе шаранаға қарсы көрсетілімдер болмағанда, жүктілігінің мерзімі жеткен әйелдерде босану әрекетін индукциялау үшін
Динопростон - тегіс бұлшықетке әсер ететін Е сериялы простагландин болып табылады; эндогенді зат простагландин Е2 деп аталады. Жүктіліктің кез-келген кезеңінде жатыр бұлшықеттерінің жиырылуын туындатады және негізінен қантамырларға тамыр кеңейтетін дәрі ретінде және бронх бұлшықеттеріне бронх кеңейтетін дәрі ретінде әсер етеді. PGE2 қынапқа сіңуі кенеттен босану кезінде байқалатын PGE2 және PGF2α эндогендік өнімдерін стимуляциялайды деп болжанады.
Пайдалану білікті медицина қызметкерлерімен, сондай-ақ тұрақты бақылауға арналған жабдықтары бар мамандандырылған акушерлік бөлімшелері бар ауруханалармен және клиникалармен шектеледі.
Ұсынылған дозадан аспау керек және дозалар арасындағы аралықты қысқартпау керек, өйткені бұл жатырдың гиперстимуляциясы, жатырдың жыртылуы, жатырдан қан кету, шарананың және жаңа туған нәрестенің өлім қаупін арттырады.
Дозалау режимі
1 таблетканы қынаптың артқы күмбезіне жоғары енгізеді.
Енгізу әдісі мен жолы
Қынап ішіне. Таблеткаларды қынаптың артқы күмбезіне жоғары енгізеді.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Қажет болса, 6-8 сағаттан кейін, егер босану басталмаса, екінші таблетканы енгізуге болады.Емдеу ұзақтығы
Ең жоғары доза 6 мг (2 таблетка).
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Артық дозалану жатырдың аса жоғары жиырылуымен және жатырдың гипертонусымен көріністелуі мүмкін. Пайдалану кезінде, мысалы, гипертонус, жатырдың тұрақты жиырылуы немесе шарана дистрессі сияқты жағымсыз реакциялардың ықтимал белгілерін анықтау үшін жатырдың белсенділігін, шарана жағдайын және жатыр мойны ашылуының дамуын мұқият бақылау керек. Простагландин Е2 (PGE2) туындатқан миометрий гиперстимуляциясының өтпелі сипатына байланысты спецификалық емес консервативті емдеу көптеген жағдайларда тиімді болды: яғни анасының жағдайын өзгерту және анасына оттегі енгізу. Егер консервативті емдеу тиімсіз болса, тиісті пациенттерде жатыр мойнының жетілуіне PGE2 енгізгеннен кейін гиперстимуляцияны емдеу үшін бета-адренергиялық препараттарды қолдануға болады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Егер сізде осы дәріні қолдануға қатысты қандай да бір қосымша сұрақтарыңыз болса, емдеуші дәрігеріңізден сұраңыз.
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• қағанақ қабының жарылуы
• кіші жамбас ағзаларының инфекциялары
- кесарь тілігі немесе анамнезінде жатырға жасалған ауқымды хирургиялық араласымдар
- анамнезде қиын және/немесе жарақатпен босанудың болуы
- анамнездегі 6 немесе одан көп мерзімі жеткен жүктілік
- шарананың алдыңғы дистрессі
- нәрестенің басымен келмеуі
- жүктілік кезінде қынаптан этиологиясы белгісіз қан бөліністерінің болуы
пациентте босануды немесе жатырдың ұзақ жиырылуын көтермелеу үшін окситоцин қолдануға қарсы көрсетілімдердің болуы
- көпұрықты жүктілік
- табиғи туу жолдары арқылы босану мүмкін болмайтын іштегі шарананың алда (көлденең, қиғаш және т.б.) орналасуы
- плацентаның алда орналасуы
- анамнездегі жатырға хирургиялық араласымдар (мысалы, кесарь тілігі, гистеротомия)
- жамбас және шарана басы көлемінің сәйкессіздігі
- шарананың ықтимал аномалиялары болуын көрсететін жүректің жиырылу ырғағының бұзылуы
- алдыңғы қиын немесе жарақатпен босанулар
- жүрек, өкпе, бүйрек немесе бауырдың күрделі аурулары
- шаранадағы дистресс-синдромына немесе ондайдың анамнезде болуына клиникалық күдіктену.
Жүрек бұзылыстары: жүректің тоқтап қалуы
Қантамырлар бұзылыстары: гипертония
Асқазан-ішек бұзылыстары: диарея, жүрек айнуы, құсу
Жалпы бұзылыстар мен енгізу орнындағы бұзылулар: қызба.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: анафилактоидты реакциялар және анафилаксиялық шокты қоса анафилаксиялық реакциялар сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары.
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар: арқаның ауыруы.
Жүктілік, босанғаннан кейінгі кезең және перинаталды жай-күйлер: құрсақішілік өлім, өлі туу, неонаталды өлім-жітім* (жиілігі белгісіз- қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Анамен байланысты аурулар: жатыр гипертонусы, жатырдың жыртылуы, плацентаның ажырауы, шарана айналасындағы сұйықтықпен өкпе эмболиясы, жатыр мойнының тез ашылуы.
Шаранамен байланысты жағдайлар: шарананың брадикардиясымен/онсыз жатырдың аса жоғары жиырылуы, шарана дистрессі/ шарана жүрегінің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ)
Жаңа туған нәрестелердің жағдайы: неонаталды дистресс, неонаталды өлім, өлі туылу, Апгар шкаласы бойынша төмен баға.
*Динопростонды қолданғаннан кейін, әсіресе жатырдың жыртылуы сияқты ауыр оқиғалар пайда болғаннан кейін құрсақішілік өлім, өлі туылу және неонаталды өлім туралы хабарланды.
Репродуктивті жүйе мен сүт бездері тарапынан бұзылулар: қынапта жылуды сезіну, тітіркену, ауырсыну.
Респираторлық, торакальді және медиастинальді бұзылулар: демікпе, бронх түйілуі.
Тері және тері асты шелі тарапынан: бөртпе.
Қан мен лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар: босануды фармакологиялық дәрілер, не динопростон, не окситоцин туындатқан пациенттерде босанғаннан кейінгі диссеминацияланған тамырішілік ұю қаупінің жоғарылауы сипатталған. Алайда, бұл жағымсыз құбылыстың жиілігі шамалы болып көрінеді (1000 босануға <1).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Тек мамандандырылған акушерлік бөлімшелері бар ауруханалар мен клиникаларда пайдаланылуы керек.
Бронх демікпесі, артериялық гипертензиясы, глаукомасы бар пациенттерде сақтықпен қолданады
Кез-келген окситоцин агентін қолданғандағыдай, жатырдың жыртылу қаупін ескеру қажет. Жатырдың гиперстимуляциясы, жатырдың жыртылуы, жатырдан қан кету, шарана мен жаңа туған нәрестенің өлімі қаупін мейлінше азайту үшін ана мен шарананың қатарлас жүретін емін, жағдайын ескеру керек. Динопростонды қолдану кезінде жатырдың белсенділігі мен шарана жүрегінің жиырылу жиілігіне тұрақты электрондық мониторинг жүргізу керек. Гипертонус немесе жатырдың аса жоғары жиырылуы дамитын немесе шарана жүрегінің жиырылу жиілігінің ерекше паттерндері дамитын пациенттерді шарана мен ананың әл-ауқатын қамтамасыз ететіндей етіп емдеу керек. Босануды стимуляциялайтын басқа препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Динопростонды (қынаптық гель, қынаптық таблеткалар) қабылдағаннан кейін, дәрілік заттарды енгізу арасындағы 6 сағатқа тең ең аз аралықты сақтай отырып, окситоцинді қолдану ұсынылады.
Келесі пациенттерде босануды индукциялау үшін Гландин-Е2 қынаптық таблеткаларын енгізген кезде сақ болу керек:
- демікпе немесе анамнездегі демікпе
- эпилепсия немесе анамнездегі эпилепсия
- глаукома немесе жоғары көзішілік қысым
- жүрек-қантамыр, бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы
- гипертония
- хориоамниондық қабықтың жарылуы.
Динопростонды көп ұрықты жүктілігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Босануды индукциялау кезінде Гландин-Е2 қынаптық таблеткаларын қолданар алдында жамбас қатынасын мұқият бағалау керек. Пайдалану кезінде, мысалы, гипертонус, жатырдың тұрақты жиырылуы немесе шарана дистрессі сияқты жағымсыз реакциялардың ықтимал белгілерін анықтау үшін жатырдың белсенділігін, шарана жағдайын және жатыр мойны ашылуының дамуын мұқият бақылау керек.
Анамнезінде жатырдың гипертонустық жиырылуы немесе жатырдың тетаниялық жиырылуы болған жағдайда, босану кезінде жатырдың белсенділігі мен шарананың күйін (қолданылатын жерде) үнемі бақылау ұсынылады. Егер жатырдың жоғары тоналды жиырылуы сақталса, жатырдың жыртылу мүмкіндігін есте ұстаған жөн.
35 жастан асқан әйелдерде, жүктілік кезінде асқынулары бар әйелдерде және гестациялық жасы 40 аптадан астам әйелдерде босанғаннан кейінгі диссеминацияланған тамырішілік ұю қаупі жоғарылағаны көрсетілген. Сонымен қатар, бұл факторлар босануға байланысты қауіпті одан әрі арттыруы мүмкін. Осылайша, бұл әйелдерде динопростонды сақтықпен қолдану керек. Босанғаннан кейінгі ең жақын фазада дамып келе жатқан фибринолизді жедел анықтау үшін шаралар қабылдау керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Босануды стимуляциялау және индукциялық даярлау үшін қолданғанда динопростон босану кезінде шарананың ЖЖЖ өзгеруін, шарана дистрессін, жаңа туған нәресте статусының төмендеуін туындатуы мүмкін.
Простагландин емшек сүтіне енеді. Бірақ емшекпен емізу кезінде препаратты қолдану балаға ешқандай қауіп төндірмейді.
Окситоцинға реакция простагландиндермен экзогендік емнің қатысуымен күшеюі мүмкін. Басқа окситонизациялайтын дәрілермен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Дозалау аралығы кемінде 6 сағат, егер динопростонды енгізгеннен кейін окситоцинді пайдалану қажет деп саналған жағдайда ұсынылады. Жүйелі қолданған кезде пациенттің жатырының белсенділігін мұқият бақылау керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
2ºС-ден 8ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.