4.5 Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі және өзара әрекеттесудің басқа түрлері
Глаумакс Плюс препаратының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ.
Клиникалық зерттеулер осы дәрілік препаратты жүйелі әсер ететін мынадай препараттармен бір мезгілде қолданған кезде жағымсыз өзара әрекеттесулерді анықтаған жоқ: АӨФ тежегіштері, кальций өзекшелерінің блокаторлары, диуретиктер, аспирин мен гормондарды (мысалы, эстроген, инсулин, тироксин) қоса, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар.
Алайда бета-блокаторлардың офтальмологиялық ерітінділерін кальций өзекшелерінің пероральді блокаторларымен, катехоламин-төмендетуші дәрілермен немесе бета-адреноблокаторлармен, аритмияға қарсы препараттармен (амиодаронды қоса), жүрек гликозидтерімен, парасимпатомиметиктермен, гуанетидинмен, есірткі препараттармен және моноаминоксидаза тежегіштерімен (МАО) бірге қолданған кезде гипотензияға және/немесе айқын брадикардияға әкелетін аддитивті әсерлер үшін мүмкіндік бар.
Тимолол мен CYP2D6 тежегіштерін (мысалы, хинидин, флуокситин, пароксетин) бірге қолданған кезде жүйелі бета-блокаданың (мысалы, жүрек жиырылуы жиілігінің төмендеуі, депрессия) әлеуетті әсері туралы хабарланды.
Монотерапия кезінде Глаумакс Плюс препаратының қарашықтың көлеміне елеусіз әсер етуіне немесе оған әсер етпеуіне қарамастан адреналин (эпинефрин) мен офтальмологиялық бета-адреноблокаторларды бір мезгілде қолдану кезінде мидриаздың жағдайлары туралы мерзімді хабарланады.
Бета-блокаторлар диабетке қарсы препараттардың гипогликемиялық әсерін күшейтуі мүмкін.
Пероральді бета-адреноблокаторлар клонидинді тоқтату әсері болып табылатын рикошетті гипертензияны күшейтуі мүмкін.
4.6 Фертильділік, жүктілік және лактация
Жүктілік
Глаумакс Плюсты жүктілік кезінде қолданбаған жөн.
Дорзоламид
Препаратты жүкті әйелдерде қолдану туралы клиникалық деректер жоқ.
Қояндарда жүргізілген зерттеулерде дорзоламид буаз ұрғашылар үшін уытты дозаларда тератогендік әсерді туындатқан (5.3-бөлімді қараңыз).
Тимолол
Тимололды жүкті әйелдерде қолдану туралы деректер жоқ. Тимололды аса қажеттілік жағдайларын қоспағанда жүктілік кезінде қолданбаған жөн. Жүйелі сіңірілуді төмендету туралы 4.2-бөлімнен қараңыз.
Эпидемиологиялық зерттеулерде пероральді бета-адреноблокаторлардың туа біткен ақауларға әсер етуі анықталмаған, алайда құрсақішілік дамудың іркілу қаупі анықталған.
Бұдан бөлек, жаңа туған нәрестелерде бета-блокаторларды босанғанға дейін қолданған жағдайда бета-блокаданың (мысалы, брадикардия, гипотония, респираторлық дистресс синдромы және гипогликемия) белгілері мен симптомдары байқалған.
Егер осы дәрілік препарат босанғанға дейін қолданылған болса, жаңа туған нәрестелердің жағдайын өмірінің алғашқы күндерінде мұқият бақылау керек.
Бала емізу
Дорзоламидтің бала емізетін әйелдердің емшек сүтіне енетіні белгісіз. Дорзоламидті алған лактациялайтын егеуқұйрықтарда тұқымның дене салмағының өсуі төмендеген.
Бета-адреноблокаторлар емшек сүтіне өтеді. Алайда тимололды көзге тамызатын дәрі түрінде емдік дозада қолданған кезде сәбиде бета-блокаданың клиникалық симптомдарын туындату үшін емшек сүтінде оның жеткілікті мөлшерінің болуының ықтималдығы аз. Жүйелі сіңірілуді төмендету туралы 4.2-бөлімнен қараңыз.
Глаумакс Плюсты лактация кезеңінде қолдану қажет болғанда емшек емізуді тоқтату ұсынылады.
4.7 Көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі
Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуіне зерттеулер жүргізілмеген. Көрудің бұлыңғырлануы сияқты ықтимал жағымсыз реакциялар кейбір пациенттерде көлік құралдарын және/немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін.
• Жағымсыз реакциялар
Клиникалық зерттеулерде байқалатын жағымсыз реакциялар дорзоламид гидрохлоридін және/немесе тимолол малеатын қолдану кезінде бұрын хабарланғандарға сәйкес келген.
Клиникалық зерттеулер кезінде 1035 пациент емдеуден өткен. Пациенттердің шамамен 2.4 % жергілікті офтальмологиялық жағымсыз реакциялардың дамуына байланысты осы препаратпен емдеуді тоқтатқан, пациенттердің шамамен 1.2 % емдеу аллергиялық сипаттағы жергілікті жағымсыз реакцияларға немесе аса жоғары сезімталдыққа (қабақтың қабынуы және конъюнктивит сияқты) байланысты тоқтатылған.
Басқа жергілікті қолданылатын офтальмологиялық дәрілік заттар сияқты тимолол жүйелі қан ағымына енеді. Бұл жүйелі бета-блокаторларды қолдану кезінде байқалатын ұқсас жағымсыз әсерлерді туындатуы мүмкін.
Жергілікті офтальмологиялық қолдану кезінде жүйелі жағымсыз реакциялардың жиілігі препаратты жүйелі енгізуге қарағанда төмен.
Дорзоламид пен тимололдың бекітілген біріктірілімін қолдану кезінде немесе оның компоненттерінің бірін немесе клиникалық зерттеулер кезінде немесе тіркеуден кейінгі қолдану кезінде мынадай жағымсыз реакциялар туралы хабарланды: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
Жүйелі-ағзалық класс (MedDRA) — Дәрілік түрі — Өте жиі — Жиі — Жиі емес — Сирек — Белгісіз
Иммундық жүйенің тарапынан бұзылулар — Тимолол мен дорзоламидтің біріктірілімі — жүйелі аллергиялық реакциялардың белгілері мен симптомдары, оның ішінде ангионевроздық ісіну, есекжем, қышыну, бөртпе, анафилаксия
Тимолол малеаты, көзге тамызатын дәрі, ерітінді — жүйелі аллергиялық реакциялардың белгілері мен симптомдары, оның ішінде ангионевроздық ісіну, есекжем, жергілікті жайылған бөртпе, анафилаксия — қышыну**
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар — Тимолол малеаты, көзге тамызатын дәрі, ерітінді — гипогликемия**
Психоздық бұзылулар — Тимолол малеаты, көзге тамызатын дәрі, ерітінді — депрессия* — ұйқысыздық*, қорқынышты түстер*, жадының төмендеуі — елестеулер***
Жүйке жүйесінің тарапынан бұзылулар — Дорзоламид гидрохло-риді, көзге тамызатын дәрі, ерітінді — бас ауыруы* — бас айналу*, парестезии*
Тимолол малеаты, көзге тамызатын дәрі, ерітінді — бас ауыруы* — бас айналу*, естен тану* — парестезия*, миастения гравис белгілері мен симптомдарының артуы, либидоның төмендеуі*, ми қан айналымының жедел бұзылуы*, церебральді ишемия
Көру мүшесінің тарапынан бұзылулар — Тимолол және дорзоламид біріктірілімі — көздің ашуы және шаншуы — конъюнк-тива гиперемия-сы, көрудің бұлыңғырлануы, мөлдір қабық эрозиясы, көздің қышуы, жас ағу
Дорзоламид гидрохло-риді, көзге тамызатын дәрі, ерітінді — қабақтың қабынуы*, қабақтың тітіркенуі* — иридоцик-лит* — қызаруды қоса, тітіркену*, ауыру*, қабақтың түлеуі*, транзиторлы миопия (препаратты тоқтатқаннан кейін өтетін), мөлдір қабықтың ісінуі*, көзішілік қысымның төмендеуі*, хирургиялық сүзгілеуден кейінгі хориоидтық ажырау * — көзде бөгде дененің болуын сезіну
Тимолол малеаты, көзге тамызатын дәрі, ерітінді — блефарит-ті*, кератит-ті*, мөлдір қабықтың сезімталды-ғының төмендеуі және көздің құрғауын* қоса, көз тітіркенуінің белгілері мен симптомда-ры — рефракция өзгерістерін қоса, көрудің бұзылуы (кейбір жағдайда миозды емді тоқтатқан-нан кейін)* — птоз, диплопия, хирургиялық сүзгілеуден кейінгі хориоидтық ажырау* (4.4-бөлімді қараңыз) — қышуы**, жас ағу**, қызаруы**, көрудің бұлыңғырла-нуы**, мөлдір қабықтың эрозиясы**
Есту мүшесі мен лабиринт тарапынан бұзылулар — Тимолол малеаты, көзге тамызатын дәрі, ерітінді — құлақтағы шуыл*
Жүрек тарапынан бұзылулар — Тимолол малеаты, көзге тамызатын дәрі, ерітінді — брадикар-дия* — кеуденің ауыруы*, пальпитация*, ісіну*, аритмия*, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі*, жүректің тоқтап қалуы*, жүрек блокадасы — атриовентрику-лярлы блокада**, жүрек жеткіліксіздігі**
Дорзоламид гидрохло-риді, көзге тамызатын дәрі, ерітінді — пальпитация, тахикардия
Қантамыр-лар тарапынан бұзылулар — Тимолол малеаты, көзге тамызатын дәрі, ерітінді — гипотония*, ақсақтық, Рейно феномені*, қол мен аяқтың суық болуы *
Дорзоламид гидрохло-риді, көзге тамызатын дәрі, ерітінді — гипертензия
Көкірек қуысы және көкірек ортасы ағзалары-ның тарапынан бұзылулар — Тимолол және дорзоламид біріктірілімі — синусит — ентігу, тыныс алу жеткіліксіздігі, ринит, сирек бронх түйілуі
Дорзоламид гидрохло-риді, көзге тамызатын дәрі, ерітінді — мұрыннан қан кету * — диспноэ
Тимолол малеаты, көзге тамызатын дәрі, ерітінді — диспноэ* — бронх түйілуі (негізінен бронх демікпесі бар пациенттерде)*, тыныс алу жеткіліксіздігі, жөтел*
Асқазан-ішек жолының тарапынан бұзылулар — Тимолол және дорзоламид біріктірілімі — дисгевзия
Дорзоламид гидрохло-риді, көзге тамызатын дәрі, ерітінді — жүрек айнуы* — тамақтың тітіркенуі, ауыздың құрғауы*
Тимолол малеаты, көзге тамызатын дәрі, ерітінді — жүрек айнуы*, диспепсия* — диарея, ауыздың құрғауы * — дисгевзия**, іштің ауыруы**, құсу**
Тері және теріасты тіндерінің тарапынан бұзылулар — Тимолол және дорзоламид біріктірілімі — жанаспалы дерматит, Стивенсон-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз
Дорзоламид гидрохло-риді, көзге тамызатын дәрі, ерітінді — бөртпе*
Тимолол малеаты, көзге тамызатын дәрі, ерітінді — алопеция*, псориаз тәрізді бөртпе немесе псориаздың өршуі * — тері бөртпесі**
Қимыл-тірек аппараты-ның және дәнекер тіндердің тарапынан бұзылулар — Тимолол малеаты, көзге тамызатын дәрі, ерітінді — жүйелі қызыл жегі — миалгия**
Бүйрек және несеп шығару жолының тарапынан бұзылулар — Тимолол және дорзоламид біріктірілімі — уролитиаз
Репродук-тивті жүйе және сүт бездерінің тарапынан бұзылулар — Тимолол малеаты, көзге тамызатын дәрі, ерітінді — Пейрони ауруы*, либидоның төмендеуі — сексуальді дисфункция**
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы реакциялар — Дорзоламид гидрохло-риді, көзге тамызатын дәрі, ерітінді — астения/ шаршау*
Тимолол малеаты, көзге тамызатын дәрі, ерітінді — астения/ шаршау*
* Тимолол және дорзоламидтің бекітілген біріктірілімін тіркеуден кейінгі кезеңде қолдану кезінде байқалатын жағымсыз реакциялар.
** Офтальмологиялық бета-блокаторларды қолдану аясында байқалатын және Глаумакс Плюсты қолданған кезде әлеуетті пайда болуы мүмкін қосымша жағымсыз реакциялар.
*** Тимололмен монотерапия аясында байқалатын жағымсыз реакциялар.
Күдік тудырған жағымсыз реакциялар туралы хабарлау
ДП «пайда–қауіп» арақатынасына жүйелі мониторингті қамтамасыз ету мақсатында ДП тіркеуден кейін күдікті жағымсыз реакциялар туралы хабарлау маңызды. Медицина қызметкерлеріне ДП кез келген күдікті жағымсыз реакциялары туралы Қазақстан Республикасының жағымсыз реакциялар туралы ұлттық хабарламалар жүйесі арқылы хабарлаған жөн.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
4.9 Артық дозалану
Дорзоламид пен тимололдың бекітілген біріктірілімін кездейсоқ немесе әдейі қабылдаған адамдарда артық дозалануы бойынша деректер жоқ.
Симптомдары
Бас айналуы, бас ауыруы, ентігу, брадикардия, бронх түйілуі және жүректің тоқтап қалуы сияқты жүйелі бета-адреноблокаторларды қабылдау кезінде байқалатын ұқсас жүйелі әсерлердің дамуына әкелген тимолол малеаты офтальмологиялық ерітіндісінің байқаусызда артық дозалану жағдайлары туралы хабарламалар бар. Дорзоламид артық дозалануының барынша күтілетін артық дозалану белгілері мен симптомдары электролиттік теңгерімнің бұзылуы, ацидоздың дамуы және орталық жүйке жүйенің тарапынан ықтимал жағымсыз реакциялар болып табылады.
Дорзоламид гидрохлоридін кездейсоқ немесе әдейі қабылдау кезінде адамда артық дозалану бойынша шектеулі ақпарат бар. Пероральді қабылдау кезінде ұйқышылдық туралы хабарланды. Жергілікті қолдану кезінде жүрек айнуы, бас айналуы, бас ауыруы, шаршау, аномальді түстер және дисфагияның пайда болуы туралы хабарланған.
Емі
Емі симптоматикалық және демеуші болуы тиіс. Электролиттердің (әсіресе, калийдің) мөлшеріне және қанның рН деңгейіне талдауға мониторинг жүргізу қажет.
Зерттеулер тимололдың диализ кезінде шығарылмайтынын көрсетті.
5. ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
5.1 Фармакодинамикалық қасиеттері
Фармакотерапиялық тобы: Офтальмологиялық препараттар. Глаукомаға қарсы препараттар және миотиктер. Бета-блокаторлар. Басқа препараттармен біріктірілген тимолол.
АТХ коды S01ED51
Әсер ету механизмі
Глаумакс Плюс екі компоненттен тұрады: дорзоламид гидрохлориді және тимолол малеаты. Компоненттердің әрқайсысы көзішілік сұйықтық секрециясының азаюы арқылы көзішілік қысымды төмендетеді, алайда аталған заттардың әсер ету механизмі әр түрлі.
Дорзоламид гидрохлориді II типті карбоангидразаның селективті тежегіші болып табылады. Цилиарлы дененің карбоангидразасын тежеу сулы ылғал секрециясының төмендеуіне әкеледі, бұл бикарбонатты иондар түзілуінің азаюы есебінен болуы ықтимал, бұл өз кезегінде натрий және көзішілік сұйықтық тасымалының баяулауына әкеледі.
Тимолол малеаты бета-адренергиялық рецепторлардың селективті емес блокаторы болып табылады. Тимолол малеатының көзішілік қысымның төмендеуіне қатысты әсер ету механизмі осы күнге дейін анықталмағанмен сулы ылғалдың түзілуінің едәуір төмендеуі, сондай-ақ оның ағып кетуінің аздап күшеюі бар. Бұл екі заттың біріккен әсері аталған заттарды монотерапияда қолданумен салыстырғанда көзішілік қысымның (КІҚ) қосымша төмендеуіне әкеледі.
Глаумакс Плюсты жергілікті қолданғаннан кейін ол глаукомаға қатысты ма, жоқ па, оған қарамастан бұл дәрілік препарат жоғары көзішілік қысымды төмендетеді. Жоғары көзішілік қысым көру жүйкесінің зақымдану және көру өрісінің глаукомалық жоғалу патогенезіндегі негізгі қауіп факторы болып табылады. Бұл дәрілік препарат түнгі соқырлық, аккомодация түйілуі және қарашықтың тарылуы сияқты миотиктердің жиі кездесетін жағымсыз реакцияларынсыз көзішілік қысымды төмендетеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Дорзоламид пен тимололдың бекітілген біріктірілімін тәулігіне екі рет (доза таңертең және ұйықтар алдында енгізілген) жеке қолданған кезде және сынақтарда қатар жүретін ем оңтайлы болып есептелетін глаукомасы немесе көзішілік гипертензиясы бар пациенттерде 0.5% тимололды және 2.0% дорзоламидті қатар енгізу кезінде КІҚ төмендету әсерін салыстыру үшін 15 айға дейін созылған клиникалық зерттеулер жүргізілген. Олар емдеуді алмаған пациенттерді де, тимололмен монотерапия кезінде баламалы бақылауға қол жеткізбеген пациенттерді де қамтыған. Көптеген пациенттер зерттеуге қосылғанға дейін бета-блокаторлармен жергілікті монотерапиядан өткен. Зерттеулерді талдау дорзоламид пен тимололдың бекітілген біріктірілімін тәулігіне екі рет қолдану кезінде КІҚ төмендету әсері монотерапияға немесе тәулігіне үш рет 2% дорзоламидке немесе тәулігіне екі рет 0.5% тимололға қарағанда жоғары болғанын көрсетті. Дорзоламид пен тимололдың бекітілген біріктірілімін тәулігіне екі рет қолдану кезінде КІҚ төмендету әсері тәулігіне үш рет дорзоламидпен және тәулігіне екі рет тимололмен монотерапияны бір мезгілде қолдануға баламалы болған. Дорзоламид пен тимололдың бекітілген біріктірілімін тәулігіне екі рет қолдану кезінде КІҚ төмендету әсері күннің әр түрлі уақытында өлшеген кезде көрсетілген, және бұл әсер ұзақ уақыт бойы қолданған кезде сақталады.
Көзішілік қысым ≥ 22 мм сын. бағ. жоғары 261 пациентте белсенді емдеу әдісімен жүргізілген параллель салыстырмалы жасырын бақыланатын зерттеуде бір немесе екі көзде препаратты қолдану препаратты қолданғаннан кейін тиісті төмендеуге баламалы КІҚ төмендеуін туындатты. Препараттың консервантпен қауіпсіздік бейіні консервантсыз препараттың қауіпсіздік бейініне ұқсас болды.
Балалар
2-ден 6 жасқа дейінгі балаларда 2% дорзоламид гидрохлоридінің офтальмологиялық ерітіндісін қолдану қауіпсіздігін зерттеудің негізгі мақсатымен 3 айлық бақыланатын зерттеу жүргізілген. Бұл зерттеуде КІҚ дорзоламидпен немесе тимололмен монотерапия көмегімен баламалы бақыланбаған 30 пациент ашық фазада дорзоламид пен тимололдың бекітілген біріктірілімін алған. Бұл пациенттерде тиімділігі анықталмаған. Пациенттердің бұл кішігірім тобында дорзоламид пен тимололдың бекітілген біріктірілімін күніне екі рет қабылдау әдетте, жақсы көтерімді болған: 19 пациент емдеу кезеңін аяқтаған және 11 пациент хирургиялық операцияға, емді өзгертуге немесе басқа себептер бойынша емдеуді тоқтатқан.