Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 -˂ 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 - ˂ 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 - ˂ 1/1000 дейін), өте сирек (˂1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Гипогликемия
Гликлазид қабылдағанда дұрыс тамақтанбау жағдайында немесе ас ішуді өткізіп алғанда дамыған жиірек жағымсыз реакция гипогликемия болды. Гипогликемияның болжамды симптомдары: бас ауыруы, қатты шөлдеу, жүрек айнуы, құсу, сылбырлық, ұйқы бұзылуы, ажитация, озбырлық, зейінді қоюдың нашар болуы, қырағылық төмендеуі және баяулаған реакциялар, депрессия, сананың шатасуы, көру және сөйлеу бұзылыстары, афазия, тремор, парездер, сенсорлық бұзылулар, бас айналуы, дәрменсіздік сезімі, өзін-өзі қадағалай алмау, делирий, құрысулар, беткейлік тыныс алу, брадикардия, кома дамуына немесе өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін ұйқышылдық және естен тану. Бұған қосымша адренергиялық теңгерімсіздік белгілері: тершеңдік, тері жабысқақтығы, мазасыздық, тахикардия, гипертензия, жүрек қағуының жиілеуі, жүрек жеткіліксіздігі және аритмия дамуы мүмкін. Әдетте, симптомдар көмірсуларды (қант) қабылдағаннан кейін жойылады. Осыған қарамастан жасанды қан алмастырғыштар әсер етпейді. Сульфонилмочевинаның басқа препараттарын қолдану тәжірибесі гипогликемия симптомдарының тіпті барлық шараларды тиімді жүргізгенде де қайталануы мүмкіндігін көрсетеді. Ауыр немесе уақыты көпке созылған гипогликемия дамыған жағдайда қант қабылдағанда тіпті уақытша жақсы бақылауда да дереу медициналық ем жүргізу немесе ауруханаға жатқызу талап етіледі.
Басқа да жағымсыз реакциялар
Абдоминальді ауыруларды, жүрек айнуын, құсуды, диспепсияны, диареяны және констипацияны қоса, асқазан-ішек жолының бұзылыстары. Осыған ұқсас симптомдар дамуынан таңғы ас ішумен бірге гликлазид қабылдау жолымен сақтануға немесе барынша азайтуға болады.
Келесі жағымсыз құбылыстар дамуы туралы сирек хабарланған:
Тері жабыны және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар: бөртпе, қышыну, есекжем, эритема, макулопапулезді бөртпе, буллезді реакциялар (Стивен-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз сияқты) және жеке жағдайларда, эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік бөртпе;
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар: гематологиялық көрсеткіштер өзгерістері анемияны, лейкопенияны, тромбоцитопенияны, гранулоцитопенияны қамтитын сирек құбылыс болып табылады. Жалпы алғанда бұл өзгерістер дәрі-дәрмектерді қабылдауды тоқтатқанда қайтымды болып табылады;
Гепатобилиарлық бұзылулар: бауыр ферменттері деңгейі жоғарылауы (АЛТ, АСТ, сілтілік фосфатаза), гепатит (жеке жағдайлар туралы хабарланды). Холестаздық сарғаю дамығанда емді тоқтату керек;
Бұл симптомдар әдетте емдеуді тоқтатқаннан кейін жойылады.
Көру аппараты тарапынан бұзылулар: қандағы глюкоза деңгейі өзгерістері салдарынан өтпелі көру бұзылуы дамуы мүмкін, әсіресе ем басында.
Препараттардың осы класына тән әсерлер:
Сульфонилмочевинаның басқа да препараттары жағдайындағы сияқты келесі жағымсыз реакциялар байқалуы мүмкін: эритропения, агранулоцитоз, гемолиздік анемия, панцитопения, аллергиялық васкулит, гипонатремия, бауыр ферменттері деңгейінің артуы және бауыр функциясының бұзылуы (мысалы, холестазы және сарғаюы бар), гепатит жағдайлары, оның симптомдары препаратты тоқтатқанда жойылады немесе жеке жағдайларда бауыр жеткіліксіздігінің өмірге қауіпті жай-күйіне әкеледі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz