Гипогликемия
Гипогликемия гликлазидтің анағұрлым жиі кездесетін жағымсыз реакция болып табылады. Сульфонилмочевина тобының басқа препараттары сияқты, гликлазидпен емдеу тұрақты емес тамақтану жағдайында, әсіресе тамақ қабылданбаған жағдайда гипогликемияны туындатуы мүмкін. Гипогликемияның ықтимал симптомдары: бас ауыруы, қатты ашығу сезімі, жүрек айнуы, құсу, қатты қажу, ұйқының бұзылуы, ашуланшақтық, қозу, зейін қоюдың төмендеуі, кешеуілдеген реакция, депрессия, сананың шатасуы, көру және сөйлеу қабілетінің бұзылуы, афазия, тремор, парездер, қабылдаудың бұзылуы, бас айналу, әлсіздік, өзін-өзі бақылауды жоғалту, сандырақтау, құрысулар, тыныс алудың бұзылуы, брадикардия, ұйқышылдық және команың ықтимал дамуымен, тіпті өліммен аяқталуға дейін естен айырылу.
Сонымен қатар, адренергиялық реакциялар пайда болуы мүмкін: қатты терлеу, «жабысқақ» тері, мазасыздық, тахикардия, артериялық гипертензия, жүрек қағысы, стенокардия және жүрек аритмиясы.
Әдетте, гипогликемия симптомдары көмірсулар (қант) қабылдау арқылы тоқтатылады. Қант алмастырғыштарды қабылдау тиімсіз. Сульфонилмочевинаның басқа туындылары аясында сәтті тоқтатылғаннан кейін гипогликемияның қайталануы байқалды.
Ауыр немесе ұзаққа созылған гипогликемия кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетіледі, ауруханаға жатқызу, тіпті көмірсулар қабылдаудың әсері болса да.
Басқа жағымсыз әсерлер
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылуы: іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диспепсия, диарея, іш қату. Таңғы ас кезінде препаратты қабылдау бұл симптомдарды болдырмауға немесе азайтуға мүмкіндік береді.
Төмендегі жағымсыз әсерлер аз байқалады:
Тері және тері асты шелінің тарапынан бұзылулар: бөртпе, қышыну, есекжем, Квинке ісінуі, эритема, макуло-папулезді бөртпе, буллездік реакциялар (Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз және аутоиммунды буллездік аурулар) және ерекше жағдайларда эозинофилиясы және жүйелі көріністері бар дәрілік бөртпе (DRESS синдром).
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар: гематологиялық бұзылулар (анемия, лейкопения, тромбоцитопения, гранулоцитопения), эритроцитопения, агранулоцитоз, панцитопения. Әдетте, бұл құбылыстар емді тоқтатқан жағдайда қайтымды болады.
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар: бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы (аспартатаминотрансфераза (АСТ), аланинаминотрансфераза (АЛТ), сілтілі фосфатаза), сирек жағдайларда - гепатит. Холестаздық сарғаю пайда болған кезде емді тоқтату керек.
Бұл құбылыстар әдетте емді тоқтатқан жағдайда қайтымды болады.
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар: әсіресе емнің басында қандағы глюкоза деңгейінің өзгеруінен туындаған өтпелі көру бұзылыстары пайда болуы мүмкін.
Сульфонилмочевина туындысына тән жағымсыз әсерлер
Сульфонилмочевинаның басқа туындыларын қабылдау аясында келесі жағымсыз әсерлер байқалды: эритроцитопения, агранулоцитоз, гемолиздік анемия, панцитопения, аллергиялық васкулит, гипонатриемия. «Бауыр» ферменттерінің белсенділігінің жоғарылауы, бауыр функциясының бұзылуы (мысалы, холестаз бен сарғаюдың дамуымен) және гепатит байқалды; сульфонилмочевина препараттарын тоқтатқаннан кейін уақыт өте келе көріністер азайды, бірақ кейбір жағдайларда өмірге қауіп төндіретін бауыр жеткіліксіздігіне әкелді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz