Өте жиі
Гипогликемияның байқалуы:
• бас айналу, шаршағыштық, ұйқышылдық, бас ауыру және тершеңдік, әлсіздік, ашушаңдық, діріл, парестезиялар. Гипогликемияның басқа да болуы ықтимал симптомдары: ашығу, ұйқының бұзылуы, қозу, озбырлық, зейін қоюдың нашарлауы, реакцияның баяулауы, депрессия, сананың шатасуы, көру және сөйлеу бұзылыстары, афазия, парездер, сенсорлық бұзылыстар, шарасыздық сезімі, өзін-өзі бақылай алмау, делирий, құрысулар, жиі тыныстау, брадикардия, ұйқышылдық және естен тану, ол комаға әкелуі және өліммен аяқталуы мүмкін.
Одан басқа, адренергиялық контррегуляцияның мынадай белгілері дамуы мүмкін, терлеу, жабысқақ тері, үрейлену сезімі, тахикардия, жоғары қан қысымы, жүрек қағуының жиілеуі, стенокардия және жүрек аритмиясы.
Әдетте бұл клиникалық көріністер көмірсулар (қант) қабылдағаннан кейін жоғалады. Жасанды тәттілегіштер гипогликемияны басуда ешқандай әсер етпейді. Сульфонилмочевинаның басқа препараттарын қабылдау тәжірибесі оны қайтару үшін қолданылған шаралар басында тиімді болып көрінгеніне қарамастан гипогликемияның қайталану мүмкіндігін білдіреді. Гипогликемияның ауыр және созылмалы ұстамаларында және оны тіпті қант қабылдаумен уақытша қайтару мүмкін болса да, дереу дәрігердің көмегі немесе ауруханаға жатқызу керек.
• диспепсия (жүрек айну, құсу, диарея, абдоминальді ауыру, іш қату) – айқындығы тамақпен бірге қабылдағанда төмендейді
Өте сирек
• терінің қышуы, есекжем, ангионевроздық ісіну, макулопапулезді және буллёзді реакциялар (Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермалық некролизді қоса), эритема, және сирек жағдайларда, эозинофилиямен және жүйелі біліністермен байқалатын дәрілік бөртпе (DRESS)
• сүйек кемігінде қан түзілуінің бәсеңдеуі (анемия, тромбоцитопения, лейкопения, гранулоцитопения)
• көрудің өтпелі бұзылыстары болуы мүмкін, әсіресе емнің басында, қандағы глюкоза деңгейінің өзгеруіне байланысты
• бауыр функциясының бұзылуы («бауыр» трансаминазалары, сілтілі фосфатаза (СФ) белсенділігінің жоғарылауы, гепатит, холестаздық сарғаю - препаратты қабылдауды тоқтатуды талап етеді.
Сульфонилмочевина препараттарының класына тән жағымсыз реакциялар: эритроцитопения, агранулоцитоз, гемолиздік анемия, панцитопения, гипонатриемия, аллергиялық васкулит көрінуі. Бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы және бауыр функциясы бұзылуы (холестаз, сарғаю) жағдайлары, сондай-ақ гепатит байқалды. Дәрілік затты қабылдауды тоқтату әсерлерінің регрессиясына әкелді және тек кейбір жағдайларда ғана олар қайтымсыз болды
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz