Гликлазидті қолдану кезінде мынадай жағымсыз әсерлер байқалған:
Гликлазидті қолдану кезінде жиі кездесетін жағымсыз реакция – гипогликемия.
Сульфонилмочевина тобының басқа препараттары сияқты, Гликлазид МВ тұрақты емес тамақтану жағдайында және әсіресе оны қабылдауды өткізіп алған жағдайда гипогликемияны туындатуы мүмкін. Гипогликемияның ықтимал симптодарына мыналар жатады: бас ауыру, қатты ашығу сезімі, жүрек айну, құсу, тез шаршау, ұйқының бұзылуы, қозу, озбырлық, зейін қоюдың әлсіреуі, жағдайды бағалау қабілетінің төмендеуі және баяуланған реакциялар, депрессия, сананың бұлыңғырлануы, көру және сөйлеу бұзылыстары, афазия, тремор, парездер, сезімталдықтың төмендеуі, бас айналу, дәрменсіздік сезімі, өзін-өзі бақылауды жоғалту, сандырақ, құрысулар, үстіртін дем, брадикардия, ұйқышылдық және есін жоғалту, бұл комамен және өліммен аяқталуы мүмкін.
Сонымен қатар, терлеу, жабысқақ тері, үрей, тахикардия, жоғары қан қысымы, жүректің жиі соғуы, стенокардия және жүрек аритмиясы сияқты адренергиялық реттелудің бұзылу белгілері дамуы мүмкін.
Әдетте бұл клиникалық көріністер көмірсулар (қант) қабылдағаннан кейін жоғалады. Ол кезде жасанды дәмдеуіштер тиімсіз болады. Сульфонилмочевина тобының басқа препараттарын қолдану тәжірибесі гипогликемияның қайталану мүмкіндігін, тіпті оны жою үшін қабылданған шаралар басында тиімді болып көрінген жағдайларда да көрсетеді.
Гипогликемияның ауыр және ұзаққа созылған ұстамаларында, егер оны қант қабылдау арқылы уақытша жоюға болатын болса да, дәрігердің шұғыл көмегі немесе тіпті ауруханаға жатқызу қажет.
Басқа жағымсыз әсерлер:
- Асқазан-ішек бұзылыстары, соның ішінде іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, диспепсия, диарея және іш қату: мұндай әсерлерді болдырмау немесе оларды азайту үшін таңғы ас кезінде гликлазид қабылдау керек.
Келесі жағымсыз құбылыстар туралы сирек хабарланды:
-Тері жабындары мен тері асты тіндері тарапынан бұзылулар: бөртпе, қышыну, есекжем, Квинке ісінуі, эритема, макуло-папулезді бөртпелер, буллезді реакциялар (Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз) және ерекше жағдайларда эозинофилиямен және жүйелі көріністермен байқалатын дәрілік бөртпе (DRESS-синдром).
- Қан түзу және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар: гематологиялық өзгерістер сирек кездеседі. Оларға анемия, лейкопения, тромбоцитопения, гранулоцитопения жатады. Әдетте олар препаратты тоқтатқаннан кейін қайтымды болады.
- Бауыр мен өтқалта тарапынан бұзылулар: бауыр ферменттерінің жоғары деңгейі (ACT, АЛТ, сілтілі фосфатаза), гепатит (жекелеген жағдайлар). Холестаздық сарғаю пайда болған жағдайда емдеуді тоқтатыңыз.
Бұл клиникалық көріністер әдетте емдеуді тоқтатқаннан кейін кетеді.
- Көру мүшесі тарапынан бұзылулар: қандағы глюкоза деңгейінің өзгеруіне байланысты, әсіресе емдеудің басында, өткінші көру бұзылыстары болуы мүмкін.
- Осы фармакологиялық топқа байланысты әсерлер:
Сульфонилмочевина тобының басқа препараттарын қолданғандағыдай, мынадай жағымсыз әсерлер байқалды: эритроцитопения, агранулоцитоз, гемолиздік анемия, панцитопения, аллергиялық васкулит, гипонатриемия, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы және тіпті бауыр функциясының бұзылуы (мысалы, холестаз және сарғаю) және сульфонилмочевина қабылдауды тоқтатқаннан кейін туындаған гепатит, кейбір жағдайларда өмірге қауіп төндіретін бауыр функциясының жеткіліксіздігін туындатты.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz