Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для внутривенного введения
Дозасы
400 мг/мл
Саудалық атауы
Глюкоза
Әсер етуші зат
Глюкоза
Мақсаты
Көмірсулар көзі ретінде (жекелей немесе қажет болған жағдайда парентеральді тамақтанудың бөлігі ретінде)
Өндіруші
ДАЛЬХИМФАРМ
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат: глюкоза сусыз түріне шаққанда - 400 мг
қосымша заттар
Натрий хлориді - 0,26 мг
Инъекцияға арналған су - 1 мл дейін
0.1 м хлорсутек қышқылы – рН 3.0 - 4.0 дейін
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе ашық сары сұйықтық.
- көмірсулар көзі ретінде (жекелей немесе қажет болған жағдайда парентеральді тамақтанудың бөлігі ретінде)
- сұйықтық жоғалған жағдайда регидратация үшін, әсіресе көмірсуларға қажеттілігі жоғары пациенттерде
- енгізілген парентеральді дәрілік заттарды сұйылту және еріту үшін.
Плазманың орнын алмастыратын және перфузиялық ерітінділер. Ирригациялық ерітінділер. Басқа да ирригациялық ерітінділер. Глюкоза.
АТХ коды В05СХ01
Глюкоза организмде зат алмасудың әртүрлі үдерісіне қатысады, организмде тотығу-тотықсыздану үдерістерін күшейтеді, бауырдың уыттануға қарсы функциясын жақсартады.
Глюкоза ерітінділерін енгізу ішінара су тапшылығының орнын толтырады. Глюкоза тіндерге түсе отырып, фосфорланып, глюкоза-6-фосфатқа айналады, ол организмде зат алмасудың көптеген тізбектеріне белсенді түрде қамтылады.
Изотониялық 5% глюкоза ерітіндісі уытсыздандырғыш, метаболикалық әсер береді, жеңіл қорытылатын қоректік заттардың көзі болып табылады. Тіндерде глюкоза метаболизденген кезде организмнің тіршілігі үшін қажетті қуаттың едәуір мөлшері бөлініп шығады.
Гипертониялық ерітінділер (10 %, 20 %, 40 %) қанның осмостық қысымын арттырады, зат алмасуды жақсартады; миокардтың жиырылғыштығын арттырады; бауырдың уыттануға қарсы функциясын жақсартады, қантамырларын кеңейтеді, диурезді ұлғайтады. 10% глюкозаның теориялық осмолярлығы – 555 мОсм/л, 20 % - 1110 мОсм/л.
Дозалау режимі
Ересектерге
Венар ішіне - енгізуге 10-50 мл 5% және 10% ерітінді.
Зат алмасу қалыпты болатын ересектерде енгізілетін глюкозаның тәуліктік дозасы 4-6 г/кг аспауы тиіс, яғни тәулігіне 250-450 г жуық (зат алмасу қарқындылығы төмендегенде тәуліктік дозаны 200-300 г дейін азайтады), бұл ретте енгізілетін сұйықтықтың тәуліктік көлемі – 30-40 мл/кг.
Үлкен дозада енгізілетін глюкозаның барынша толық сіңуі үшін 4-5 г глюкозаға 1 ӘБ есебінен онымен бір мезгілде инсулин тағайындайды. Қант диабеті бар науқастарға глюкозаны оның қандағы және несептегі мөлшеріне бақылау жасай отырып енгізеді.Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Парентеральді түрде тамақтандыру үшін балаларға, майлармен және амин қышқылдарымен қатар, алғашқы күні тәулігіне 6 г/кг, одан кейін - тәулігіне 15 г/кг дейін глюкоза енгізеді. Глюкозаның 5% және 10% ерітінділерін енгізген кезде глюкоза дозасын есептеу үшін енгізілетін сұйықтық шекті көлеміне көңіл бөлу керек: дене салмағы 2-10 кг балалар үшін – тәулігіне 100-165 мл/кг, дене салмағы 10-40 кг балалар үшін - тәулігіне 45-100 мл/кг.
Электролит теңгерімін бақылау керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Вена ішіне.
Енгізу жылдамдығы: зат алмасудың қалыпты жағдайында енгізудің ең жоғары жылдамдығы ересектерде – сағатына 0,25-0,5 г/кг (зат алмасу қарқындылығы төмендеген кезде енгізу жылдамдығын сағатына 0,125-0,25 г/кг дейін төмендетеді).
Балаларда енгізу жылдамдығы 0,5 г/кг/с аспауы тиіс; ол 5% ерітінді үшін минутына 10 мл жуықты – минутына 200 тамшыны құрайды (20 тамшы = 1 мл).
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Бұл дәрілік затқа қатысты емес.
- аса жоғары сезімталдық
- гипергликемия
- қант диабеті
- гиперлактацидемия
- гипергидратация
- операциядан кейінгі глюкоза утилизациясының бұзылуы
- ми мен өкпе ісіну қаупін төндіретін айналымдық бұзылулар
- мидың ісінуі, өкпенің ісінуі
- жедел сол қарыншалық жеткіліксіздік
- гиперосмолярлық кома
- ауыр дегидратация, алкогольдік делирийді қоса
- глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы.
- гипергликемия, иондық теңгерімнің бұзылуы
- қызба
- гиперволемия, сол жақ қарынша жедел жеткіліксіздігі
- енгізу жылдамдығын арттырған кезде – суды, электролиттерді жоғалтатын және гиперосмостық кома пайда болатын осмостық диурез
- енгізілген жерде – инфекцияның пайда болуы, тромбофлебит
- ұйқы безінің инсулярлы аппаратының әлсіреуі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
ДП «пайда-қауіп» арақатынасына үздіксіз мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында ДП тіркегеннен кейін күдікті жағымсыз реакциялар туралы хабарлау маңызды. Медицина қызметкерлеріне ҚР жағымсыз реакциялар туралы ұлттық хабарлау жүйесі арқылы ДП кез келген күдікті жағымсыз реакциялары туралы хабарлау ұсынылады.
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: гипергликемия, глюкозурия, гипергликемиялық гиперосмолярлық кома, асқын гидратация, су-электролиттік теңгерімнің бұзылуы, липонеогенездің күшейіп, көмір қышқыл газдың ұлғаюы, бұл минуттық тыныс алу көлемінің күрт артуы және мұның салдары ретінде тыныс алудың жиілеуі; бауырдың майлы инфильтрациясы.
Емі: глюкозаны енгізуді тоқтату, инсулин енгізу, симптоматикалық ем.
Жүректің декомпенсацияланған созылмалы жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен қолдану керек.
Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі (олигоанурия), гипонатриемия кезінде сақтықпен қолдану керек.
Глюкозаның барынша толық және өте тез сіңуі үшін 4-5 г глюкозаға 1 ӘБ есебінен 4-5 ӘБ инсулинді тері астына енгізуге болады.
Басқа дәрілік заттармен біріктірілімде үйлесімдігін көзбен көріп бақылау қажет (көрінбейтін химиялық немесе емдік үйлесімсіздік болуы мүмкін).
Глюкоза ерітіндісін енгізген кезде электролиттік теңгерімге, қандағы және несептегі глюкоза мөлшеріне бақылау жасау қажет.
Ерітіндіні көп мәрте енгізген кезде бауырдың функционалдық жағдайы бұзылуы және ұйқы бездерінің инсулярлық аппаратының әлсізденуі мүмкін.
Гипокалиемия кезінде глюкоза ерітіндісін енгізуді калий тапшылығын түзетумен бір мезгілде үйлестіру қажет (гипокалиемияның күшею қаупіне байланысты).
Балаларда қолдану
Препаратты балаларға тек дәрігердің тағайындауымен және бақылауымен қолдану керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Препарат жүктілік және лактация кезеңінде ана үшін пайдасы шарана үшін қаупінен басым болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін (талапқа сай және қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ). Нормогликемиясы бар жүкті әйелдерге препаратты қолдану шарананың гипергликемиясын, метаболизмдік ацидозды туындатуы мүмкін. Соңғысын әсіресе шараналық дистресс немесе гипоксия басқа перинатальді факторлармен байланысты болғанда ескерген маңызды.
Глюкоза ерітінділерін алкалоидтармен (олар ыдырайды), жалпы анестетиктермен араластырмаған жөн (белсенділігі төмендейді). Глюкоза жансыздандыратын, адреномиметикалық дәрілердің әсерін бәсеңдетеді.
Басқа дәрілік заттармен біріктірілімде үйлесімдігін көзбен көріп бақылау қажет (көрінбейтін химиялық немесе емдік үйлесімсіздік болуы мүмкін).
Глюкоза аминофилинмен, еритін барбитураттармен, гидрокортизонмен, канамицинмен, еритін сульфаниламидтермен, цианокобаламинмен ерітінділерде үйлеспейді.
Глюкоза барынша күшті тотықтырғыш болып табылатындықтан, оны бір шприцте гексаметилентетраминмен бірге енгізбеген жөн. Гемотрансфузия алдында немесе одан кейін жалған агглютинация пайда болуы мүмкін екендігіне байланысты, бір жүйеде бір мезгілде қолдануға болмайды.
Тиазидтік диуретиктермен және фуросемидпен бір мезгілде қолданған кезде олардың қан сарысуындағы глюкоза деңгейіне ықпал ету қабілетін ескерген жөн. Тиазидтік диуретиктер және фуросемидтің әсерімен глюкозаға төзімділік төмендейді.
Инсулин глюкозаның шеткергі тіндерге түсуіне мүмкіндік береді.
Глюкоза ерітінділері пиразинамидтің бауырға уытты әсерін төмендетеді. Глюкоза ерітіндісінің үлкен көлемін енгізу гипокалиемияның пайда болуына мүмкіндік береді, ол бір мезгілде қабылданған оймақгүл препараттарының уыттылығын арттырады.
Глюкоза ерітіндісі келесі біріктірілімдермен үйлеспейді:
- бевацизумаб
- бенфотиамин + пиридоксин
- кладрибин – кладрибиннің дегидратациясын күшейтеді
- пиридоксин + тиамин + цианокобаламин +[лидокаин]
- тиокты қышқылы.
Темір (III) ерітіндісі - декстран гидроксидін 5% декстроза ерітіндісімен араластыруға болады.
Линезолид инфузияға арналған ерітінді түрінде 5% декстроза ерітіндісімен үйлеседі.
Сақтау мерзімі
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
5-тен 30 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Ампулалар герметикалығы сақталған жағдайда препаратты мұздатып қатыру оны қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.