Парентеральді енгізуге арналған дәрілерді енгізер алдында ерітінді мен қаптама мүмкіндік берген кезде бөгде бөлшектердің болуын және түсінің өзгеруін көзбен қарап тексеру қажет. Препаратты ерітінді таза, көрінетін бөлшектерсіз және оның қаптамасы зақымдалмаған жағдайда ғана қолдануға болады. Инфузиялық жүйеге қосылғаннан кейін бірден қолдану керек.
Ерітіндіні асептика ережелерін сақтай отырып, стерильді құралмен енгізу керек. Инфузиялық жүйе ауаның тамыр арнасына түсуін болдырмау үшін алдын ала ерітіндімен толтырылуы тиіс.
Ерітіндіге басқа дәрілік заттарды қосу немесе енгізу техникасын бұзу организмге пирогендердің ықтимал енуіне байланысты қызбаны туындатуы мүмкін. Жағымсыз реакциялар дамыған кезде инфузияны дереу тоқтату керек.
Парентеральді енгізер алдында басқа дәрілік препараттарды қосқан кезде алынған ерітіндінің изотониялығын тексеру қажет. Асептикалық жағдайда толық және мұқият араластыру міндетті болып табылады. Құрамында қосымша заттар бар ерітінділерді дереу қолдану керек, оларды сақтауға тыйым салынады
Электролит қоспаларын пациенттің клиникалық қажеттіліктеріне сәйкес қолдануға болады. Қоспалар инъекция орны арқылы инфузияға дейін немесе инфузия кезінде енгізілуі мүмкін. Қоспаларды қолданған кезде ерітіндінің соңғы осмолярлығын тексеру қажет. Гиперосмолярлы ерітінділерді енгізу веналардың тітіркенуі мен флебитті туындатуы мүмкін. Кез-келген қоспаларды мұқият және абайлап асептикалық араластыру міндетті болып табылады. Қоспалары бар ерітінділерді дереу қолданған жөн және оларды сақтамау керек.
Арнайы сақтандырулар
Дилюция және қан электролиттеріне әсері
Инфузияның көлемі мен жылдамдығына және пациенттің бастапқы клиникалық жағдайына және глюкозаны сіңіру қабілетіне байланысты глюкозаны вена ішіне енгізу мыналарды туындатуы мүмкін:
• гиперосмолярлық, осмостық диурез және сусыздану;
• гипоосмолярлық;
• электролиттік теңгерімнің бұзылуы:
- гипонатриемия;
- гипокалиемия;
- гипофосфатемия;
- гипомагнемия;
- гипергидратация немесе гиперволемия, мысалы, өкпедегі іркілісті құбылыстарды және ісінуді қоса алғанда, іркілісті құбылыстар.
Жоғарыда келтірілген әсерлер құрамында электролиттер жоқ сұйықтықты енгізудің ғана емес, сонымен қатар глюкозаны енгізудің нәтижесі болып табылады.
Гипонатриемия жедел гипонатриемиялық энцефалопатияға айналуы мүмкін, ол бас ауыруы, жүрек айнуы, құрысулар, летаргия, кома, мидың ісінуі және өліммен сипатталады. Балалар, егде жастағы адамдар, әйелдер, операциядан кейінгі пациенттер, гипоксиямен ауыратын пациенттер, ОЖЖ аурулары немесе психогендік полидипсиямен ауыратын науқастар бұл асқынудың жоғары қаупіне ие.
Ұзақ парентеральді ем кезінде немесе пациенттің жай-күйі немесе енгізу жылдамдығы осындай бағалауды талап ететін жағдайларда су-электролит және қышқыл-негіз теңңгерімін бақылау үшін клиникалық бағалау және кезеңдік зертханалық зерттеулер қажет болуы мүмкін.
Су-электролиттік теңгерімсіздік қаупі жоғары, хал-жағдайы судың шамадан тыс жүктелуі, гипергликемия кезінде нашарлауы мүмкін немесе инсулин енгізуді қажет ететін пациенттерге қатысты ерекше сақтық қажет.
Гипокалиемия
Декстрозаны жоғары дозаларда ұзақ енгізген немесе қолданған жағдайда, қан плазмасындағы калийдің концентрациясын бақылау және қажет болған жағдайда, гипокалиемияны болдырмау үшін калийді қосымша енгізу қажет.
Гипергликемия
Глюкоза ерітіндісін тез енгізу айтарлықтай гипергликемия мен гиперосмолярлық синдромды туындатуы мүмкін. Гипергликемия пайда болған кезде инфузия жылдамдығын түзету және/немесе инсулин енгізу керек. Қажет болса, калийдің парентеральді қоспаларын қамтамасыз ету керек.
Глюкозаны вена ішіне енгізуді сақтықпен тағайындау керек:
- глюкозаға төзімділік бұзылған пациенттерге (мысалы, қант диабеті, бүйрек жеткіліксіздігі кезінде немесе сепсис, жарақат немесе шок бар болғанда);
- қатты жүдеген кезінде (тамақтануды қалпына келтіру синдромының даму қаупі);
- тиамин тапшылығы кезінде, мысалы, созылмалы алкоголизмге шалдыққан пациенттерде (пируваттың тотығу метаболизмінің бұзылуына байланысты ауыр лактатацидоз қаупі);
- ишемиялық инсульт немесе ауыр бассүйек-ми жарақатын алған пациенттерге. Бас жарақатынан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде инфузия жасаудан аулақ болу керек. Қандағы глюкоза деңгейін бақылау қажет, өйткені ерте гипергликемия мидың ауыр жарақатына шалдыққан пациенттерде нашар нәтижемен байланысты;
- жаңа туған нәрестелер.
Инсулиннің секрециясына әсері
Глюкозаны ұзақ уақыт бойы вена ішіне енгізу және осымен байланысты гипергликемия глюкоза қоздыратын инсулиннің секреция жылдамдығының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Глюкоза ерітінділерімен байланысты анафилаксиялық/анафилактоидты реакцияларды қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарланды. Сондықтан құрамында глюкоза бар ерітінділерді, егер қажет болса, жүгері немесе жүгері өнімдеріне белгілі аллергиясы бар пациенттерде сақтықпен қолданған жөн.
Егер аса жоғары сезімталдық реакциясының қандай да бір белгілері немесе симптомдары пайда болса, инфузияны дереу тоқтату керек. Тиісті емдік қарсы шаралар клиникалық көрсетілімдерге сәйкес орындалуы тиіс.
Тамақтануды қалпына келтіру синдромы
Қатты жүдеген пациенттерді тамақтандыра бастау пациентте анаболизмнің белсенділену аясында калийдің, фосфордың және магнийдің жасушаішілік кеңістікке ауысуымен сипатталатын, тамақтануды қалпына келтіру синдромына әкеп соғуы мүмкін. Сондай-ақ тиамин тапшылығы және сұйықтықтың іркілуі дамуы мүмкін. Бұл асқынулардың алдын алу үшін шамадан тыс тамақтанудан аулақ бола отырып, енгізілген қоректік заттардың мөлшерін мұқият бақылау және баяу ұлғайту керек.
Балалар
Инфузияның жылдамдығы мен көлемі пациенттің жасына, салмағына, клиникалық, метаболизмдік жай-күйіне және қатар жүретін емге байланысты және оны педиатриялық инфузиялық емде тәжірибесі бар емдеуші дәрігер айқындауы тиіс.
Жаңа туған нәрестеге вена ішіне енгізілетін сұйықтықтардың ықтимал өлімге әкелетін шамадан тыс инфузиясының алдын алу үшін енгізу әдісіне ерекше назар аудару керек.
Инфузиялық сорғыны пайдаланған кезде жүйені сорғыдан шығарар немесе оны өшірер алдында вена ішіне енгізу үшін жүйедегі барлық қысқыштар жабылуы тиіс. Бұл жүйеде сұйықтықтың еркін ағуына кедергі келтіретін құрылғының бар болуына қарамастан қажет.
Венаішілік инфузияға арналған құрылғылар мен енгізуге арналған өзге де жабдықты үнемі бақылап отыру керек.
Балалар гликемиясына байланысты кінәраттар
Жаңа туылған нәрестелер, әсіресе шала туылған және салмағы аз болып туылған нәрестелер гипо- немесе гипергликемияның жоғары даму қаупіне ұшырайды, демек, гликемияны талапқа сай бақылауды қамтамасыз ету үшін, ықтимал ұзақ мерзімді жағымсыз әсерлердің алдын алу үшін вена ішіне енгізуге арналған глюкоза ерітінділерімен емдеу кезінде мұқият бақылауды қажет етеді. Жаңа туған нәрестедегі гипогликемия ұзаққа созылған құрысуды, команы және мидың зақымдалуын туындатуы мүмкін. Гипергликемия қарыншаішілік қан кетумен, кеш бактериялық және зеңдік инфекциямен, шала туған нәрестелердің ретинопатиясымен, некроздалған энтероколитпен, бронх-өкпе дисплазиясымен, стационарда ұзақ болумен және өліммен байланысты.
Нәресте гипонатриемиясына байланысты кінәраттар
Балалар (жаңа туған нәрестелер мен жасы үлкен балаларды қоса) гипоосмостық гипонатриемияның жоғары даму, сондай-ақ гипонатриемиялық энцефалопатияның даму қаупіне ұшырайды.
Балалардағы қан электролиттерінің деңгейін мұқият бақылау керек.
Гипоосмостық гипонатриемияны тез түзету ықтимал түрде қауіпті (ауыр неврологиялық асқынулардың қаупі).
Дозаны, жылдамдықты және қабылдау ұзақтығын балалар венаішілік инфузиялық емінде тәжірибесі бар дәрігер анықтауы керек.
Гериатриялық пайдалану
Гериатриялық пациенттер үшін инфузиялық ерітіндінің түрін және инфузия көлемін/жылдамдығын таңдау кезінде бұл пациенттер әдетте жүрек, бүйрек, бауыр және басқа да аурулардан зардап шегетінін немесе қатар жүретін дәрілік ем қабылдайтынын ескеру керек.
Қан
5% және 10% глюкоза ерітіндісін қанды бір инфузиялық жабдыққа енгізгенге дейін немесе одан кейін бір мезгілде енгізбеген жөн, өйткені гемолиз және жалған агглютинация туындауы мүмкін.
Ауа эмболиясының қаупі
Контейнерлерді қатарынан қосуға болмайды. Мұндай пайдалану ауа эмболиясына әкеп соғуы мүмкін, өйткені қалдық ауа екінші контейнерден сұйықтық енгізілгенге дейін бастапқы контейнерден алынады.
Жұмсақ пластик контейнерлер ішіндегі венаішілік ерітінділерді ағынның жылдамдығын арттыру үшін жоғары қысыммен беру, егер енгізер алдында контейнердегі қалдық ауа толығымен жойылмаса, ауа эмболиясына әкеп соғуы мүмкін.
Газ кетіргішпен вена ішіне енгізу үшін жүйені пайдалану ауа эмболиясына әкелуі мүмкін. Мұндай жүйелері бар жұмсақ пластик контейнерлерді пайдалануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Деректер.