Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки для рассасывания
Дозасы
5 мг/1.5 мг
Саудалық атауы
ГорлоИН®
Әсер етуші зат
Хлоргексидин
Мақсаты
ГорлоИН® соруға арналған таблеткалары ауыз қуысының (стоматит, гингивит, афта) және тамақтың (тонзиллит, фарингит, ларингит) қабыну аурулары кезінде микроорганизмдердің санын…
Өндіруші
АДИФАРМ ЕАО
Ел
Болгария
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Соруға арналған бір таблетканың құрамында
белсенді заттар - хлоргексидин дигидрохлориді 5 мг және бензокаин 1,5 мг.
қосымша заттар - изомальт; макрогол 6000; жалбыздың хош иісі (ментол, ментон, бұрышты жалбыздың эфир майы, мальтодекстрин, крахмал мен натрий тұзының эфирі, кәріптас қышқылының октенилі (Е 1450)); аспартам (Е 951); магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Бір жағында сызығы бар, дөңгелек пішінді ақ немесе дерлік ақ түсті, жалпақ, жалбыз иісті таблеткалар.
ГорлоИН® соруға арналған таблеткалары ауыз қуысының (стоматит, гингивит, афта) және тамақтың (тонзиллит, фарингит, ларингит) қабыну аурулары кезінде микроорганизмдердің санын азайту мақсатында жергілікті қолдануға арналған.
Хлоргексидин
Әсер ету механизмі
Хлоргексидиннің бактерияларға қарсы белсенділігі жасушалық жарғақшаға әсерімен негізделген, нақтырақ, ішкі цитоплазмалық жарғақшаның бұзылуын тудырады.
Оның микробқа қарсы әсері жасушалық жарғақша теріс электр заряды бар екендігіне негізделген. Хлоргексидиннің оң зарядталған молекуласы байланысқан кезде фосфаттары бар компоненттердің сіңірілуін күшейту арқылы жасуша бетіндегі электрлік әлеуеттің өзгеруіне әкеледі.
Осы процестің нәтижесінде сыртқы мембрананың тұтастығы бұзылады, бұл хлоргексидиннің ішкі жасушалық жарғақшаға енуіне ықпал етеді, оның құрамындағы фосфолипидтермен байланысады, осылайша оның өткізгіштігін арттырады, әсіресе жасушадан шығатын калий иондары сияқты жеңіл молекулалар үшін.
Фармакодинамикалық әсерлері
Хлоргексидин антисептикалық агенттердің ең көп қолданылатын биоциді болып табылуы мүмкін, әсіресе қолды зарарсыздандыру үшін және ауыз қуысына арналған өнімдер құрамында, сонымен қатар дезинфектант және консервант ретінде. Ең алдымен, бұл оның кең спектріне, теріге және шырышты қабықтарға сіңу қабілетіне, сонымен қатар теріні және шырышты қабықтарды тітіркендірудің төмен қабілетіне байланысты. Хлоргексидиннің артықшылықтарына қарамастан, оның белсенділігі рН-ға байланысты және органикалық заттардың қатысуымен айтарлықтай төмендейді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Хлоргексидин грамоң және грамтеріс бактерияларға, кейбір саңырауқұлақтар мен вирустарға қарсы кең бактерицидтік және бактериостатикалық спектрге ие. Ол бактериалды жасушаның цитоплазмалық жарғақшасын бұзу арқылы әрекет етеді. Ашытқы саңырауқұлақтарына, дерматофиттерге, микобактерияларға, Pseudomonas және Proteus кейбір түрлеріне қатысты тиімділігі төмен.
Хлоргексидин бейтарап немесе сәл сілтілі ортада неғұрлым тиімді.
Оны соруға арналған таблеткалар түрінде қолдану ауыз қуысы мен сілекейдегі бактериялардың едәуір төмендеуіне әкеледі.
Хлоргексидинді бірнеше ай бойы қолдану ауыз қуысының бактерияларының сезімталдығын төмендету арқылы оның тиімділігінің төмендеуімен бірге жүреді.
Оның микробқа қарсы белсенділігі заттың әртүрлі концентрациясында әр түрлі болады. Төмен концентрацияларда ол бактериостатикалық әсерге ие, ал оның бактерицидтік әсері жоғары концентрациялардың болуымен байланысты.
Хлоргексидин грамоң және грамтеріс бактериялар мен саңырауқұлақтардың көп мөлшеріне қарсы тиімді. Бұл көбінесе ауыз қуысының маңызды патогендеріне жатады. Хлоргексидинге жоғары сезімталдығы бар микроорганизмдер: стафилококктар - Staphylococcus Aigeis, Staphylococcus Epidermidis, Staphylococcus mutans, salivaris, Staphylococcus sobrinus және Staphylococcus sanguis; Enterococcus Faecalis, Micrococcus Luteus, Pseudomonas aeruginosa, Escherichia coli, klebsiellaq Salmonella және осы және басқа грамтеріс бактериялардың көптеген штамдары.
Хлоргексидиннің зеңге қарсы әсері бар, қоса алғанда, өте төмен концентрацияларда, бұл ретте MIC мәні 0.001% - ға жетеді.
Бензокаин
Әсер ету механизмі
Бензокаин ауыз қуысы мен тамақтың ауырсынуын тез және ұзақ уақыт жеңілдететін танымал жергілікті анестетик болып табылады. Бензокаин липофильді қабаттарға еніп, шырышты қабық пен терінің терминалды ауырсыну рецепторларына әсер етеді.
Негізгі әсер ету механизмі нейрондық мембрананың иондық натрий арналарын, вольтажға тәуелді натрий арналарын бұғаттау мүмкіндігін қамтиды. Осының нәтижесінде натрий иондары жасушаға кірмейді.
Натрий иондарының түсуі тоқтаған кезде өткізгіштік бұзылады, бұл сигналдың берілуіне кедергі келтіреді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Бензокаин парааминобензой қышқылының этил эфирі ретінде ұсынылады, оның молекуласында -со.о- эфир байланысы бар. Ол қысқа мерзімді әсерге ие, өйткені қандағы жалған холинестеразамен тез гидролизденеді және жартылай шығарылудың қысқа кезеңіне ие. Бензокаин әлсіз уытты, ұзаққа созылатын жергілікті анестетикалық әсерге ие, клиникалық практикада тек беттік жергілікті анестезия үшін қолданылады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Бензокаин жергілікті қолданғанда ауыру сезімталдығын төмендетеді. Оның анестетикалық әсері қолданғаннан кейін 15-30 секундтан кейін басталады және ауыз қуысындағы сілекеймен сұйылтылған кезде 5-10 минут әрекет етеді.
Бензокаин соруға арналған таблеткалар түрінде плацебо әсерінен едәуір жоғары тиімділікті көрсетті. Бұл ауыз қуысының ауырсынуын және тамақтың қабынуын азайту үшін жақсы және жақсы төзімді дәрі болып табылады.
Балалар
Хлоргексидин/бензокаин біріктірілген препаратын соруға арналған таблеткаларды қолдану 6 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Жүктілік және бала емізу кезінде байқалатын уыттылық туралы хабарламалар жоқ, бұл препараттың әлсіз сіңуіне және оның жүйелік биожетімділігінің төмендігіне байланысты болуы ықтимал. Қазіргі уақытта жүктілік және лактация кезінде осы дәрілік комбинацияны қолдануға қарсы көрсетілімдер белгісіз.
Дозалау режимі
Ересектер және 12 жастан асқан балалар:
Күніне бірнеше рет соруға арналған 1 таблеткадан. Қажеттілігі болған жағдайда, күніне ең жоғары доза 8 таблеткаға дейін әр 1-2 сағат сайын 1 таблеткадан соруға болады.
Балалар
6-дан 12 жасқа дейінгі балалар:
Күніне соруға арналған 4 таблеткаға дейін, бірнеше сағат үзіліспен қабылдауға болады.
6 жасқа дейінгі балалар:
Бұл жас тобында қолдануға болмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ауыз қуысының және тамақтың шырышты қабығына арналған.
Соруға арналған таблеткаларды ауыз қуысында толық ерігенше ұстау керек. Жұтуға болмайды!
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Таблетканы қабылдағаннан кейін 30 минут бойы тамақ пен сусын ішпеген жөн. Соңғы таблетканы ұйқтар алдында және тісті тазалағаннан кейін кем дегенде 30 минуттан кейін қабылдаңыз.
Емдеу ұзақтығы
Мүмкіндігінше емдеуді алғашқы симптомдар пайда болған кезде бастаған және олар жойылғаннан кейін 1-2 күн ішінде жалғастырған жөн.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Егер сіз бір дозаның қабылдын өткізіп алсаңыз, оны мүмкіндігінше тезірек қабылдаңыз. Егер келесі дозаның уақыты келсе, ұмытылған дозаны өткізіп жіберіп, оны әдеттегідей қабылдаңыз. Ұмытылған дозаның орнын толтыру үшін қос дозаны қабылдамаңыз. Дәріні осы нұсқаулықта сипатталғандай қабылдауды жалғастырыңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
• Егер сізде осы препаратты қолдануға қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз.
-белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- тұқым қуалайтын фруктозаға төзбеушілігі бар адамдарға қарсы
- ауыз қуысы мен тамақтағы жаралар мен ойық жаралары;
- қан плазмасындағы холинэстераза ферментінің деңгейі төмен болған кезде;
• 6 жасқа дейінгі балаларда.
Ұзақ уақыт қолданған кезде дәм сезу мен тілдің ашыту сезімі және тілдің қаттылығы өзгеруі мүмкін.
Құрамында хлоргексидин бар дәрілік заттарды ұзақ уақыт (бір аптадан астам) қолдану тістің қайтымды боялуына әкелуі мүмкін, оны тіс пастасымен тазалауға болмайды. Тілдің қайтымды боялуы да мүмкін.
Тітіркенудің жергілікті әсері және байланыс аллергиясы сирек кездеседі. Өте сирек жағдайларда анафилаксиялық шоктан (өмірге қауіпті аллергиялық реакция) жоғары сезімталдықтың жалпы реакциясы мүмкін.
Бензокаинді жас балаларда қолданған кезде қандағы бұзылулар байқалды (метгемоглобинемия – патологиялық гемоглобиннің пайда болуы).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Осы дәрілік препаратты ұсыныстарға сәйкес қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз. Артық дозалану белгілерінің пайда болуы дәрілердің көп мөлшерін сіңіргенде ғана мүмкін болады.
Бұл жағдайда дәрігеріңізге кеңес алу үшін қаралу керек.
Мыналарды білу қажет:
ГорлоИН® соруға арналған таблеткалары, ауыз қуысы мен тамақтағы жаралар мен ойық жаралары кезінде сақтықпен және тек дәрігердің бақылауымен қолданылуы керек.
Құрамында хлоргексидин бар дәрілік препараттарды ұзақ уақыт (бір аптадан астам) қолдану тіл мен тістердің қайтымды боялуына келтіру мүмкін.
Арнайы ескертулер
• Бұл дәрілік препарат 6 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналмаған.
ГорлоИН® құрамында аспартам қосымша заты бар.
Соруға арналған әрбір таблетканың құрамында 2.24 мг фенилаланинге баламалы мөлшерде аспартам бар. Аспартам фенилаланиннің көзі болып табылады, сондықтан препарат фенилкетонуриясы бар, организмде жиналуына әкелетін фенилаланинінің маңызды аминқышқылымен бұзылулармен байланысты тұқым қуалайтын ауруы бар пациенттерге қолдануға ұсынылмайды.
Бүгінгі күні бұл дәрілік препаратты жүктілік және емшек емізу кезінде қолдануға белгілі қарсы көрсетілімдер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік жүргізу және машиналармен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету туралы деректер жоқ.
• Егер сіз сульфаниламидтер немесе аминосалицилаттар тобының препараттарын қабылдап жүрсеңіз немесе жақында қабылдаған болсаңыз, дәрігерге немесе фармацевтке хабарлаңыз. Бензокаин осы дәрілік препараттардың әсерін төмендетеді.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 ° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.