Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Спрей для местного применения дозированный
Дозасы
0,03 мг + 0,1 мг/доза
Саудалық атауы
Граммидин® балаларға арналған
Әсер етуші зат
Прочие препараты
Мақсаты
Ауыз қуысы мен тамақтың инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеуде: фарингит, тонзиллит, пародонтит, гингивит, стоматит
Өндіруші
Делфарм Бладель Б.В.
Ел
Нидерланды
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Препараттың бір дозасы құрамында:
белсенді зат – Грамицидин С дигидрохлориді – 0.0319 мг (грамицидин С шаққанда – 0.03 мг), Цетилпиридиний хлориді – 0.10 мг;
қосымша заттар: этанол 96%, сукралоза, глицерол, таңқурай хош иістендіргіші, лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты, полисорбат 80, метилпарагидроксибензоат (метилпарабен), пропилпарагидрокси-бензоат (пропилпарабен), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Таңқурайға тән иісі бар мөлдір немесе бозаңданатын, түссіз немесе сарғыштау реңді ерітінді.
• Ауыз қуысы мен тамақтың инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеуде: фарингит, тонзиллит, пародонтит, гингивит, стоматит.
Әсер ету механизмі
Тамақ және ауыз қуысының инфекциялық-қабыну ауруларын емдеуге арналған біріктірілген препарат.
Препарат құрамына микробқа қарсы грамицидин С дәрісі және антисептикалық дәрі – цетилпиридиний хлориді кіреді. Грамицидин С әсер ету механизмі микроб жасушасының цитоплазмалық жарғақшасы өткізгіштігін жоғарылатуымен байланысты, оның тұрақтылығын бұзады және жойылуын тудырады. Грамицидин С кең ауқымда грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге қатысты бактерияларға қарсы әсер етеді. Цетилпиридиний хлориді антисептикалық дәріге жатады, ауыз қуысы мен тамақтың инфекциялық аурулары қоздырғыштарының өсуі мен көбеюін басады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Препарат микробқа қарсы әсер көрсетеді, қабынуды азайтады, тамақтағы жағымсыз сезінуді жұмсартып, жұтынуды жеңілдетеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Клиникалық зерттеулерде алынған маңызды деректер жоқ.
Балалар
Клиникалық зерттеулерде алынған маңызды деректер жоқ.
Дозалау режимі
6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға: бір қолдануға 4 бүркуден.
3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға: бір қолдануға 2 бүркуден.
Енгізу әдісі мен жолы
Ауыз қуысы мен тамақтың шырышты қабығына жергілікті бүрку арқылы. Тамақтан кейін қолданылады.
Спрейді бірінші рет пайдаланар алдында баллонды сілкіп, басу құрылғысын екі рет басыңыз.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Күніне 3 рет.
Емдеу ұзақтығы
7 күн ішінде.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Жекелеген дозларды өткізіп алғанда препараттың қосарлы дозасын қабылдау қажет емес.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препратты қабылдамас бұрын дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.
• грамицидин С, цетилпиридиний хлоридіне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
• лактация кезеңі;
• 3 жасқа дейінгі балалар.
Белгісіз
• Препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
Метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат: аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін (оның ішінде кешіктірілген); метилпарагидроксибензоат бронх түйілуін тудыруы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препаратты ұсынылғаннан асатын дозаларда қолдану асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: жүрек айну, құсу, диарея тудыруы мүмкін.
Емі: препаратты қабылдауды тоқтату және дәрігерге жүгіну керек.
Препаратты қолданғаннан кейін бірден 1 сағат ішінде тамақ пен сусын ішуден бас тарту керек.
Препаратты ауыз қуысында ашық жаралар болған кезде қолдануға болмайды, өйткені цетилпиридиний хлориді жараларды емдеуді баяулатады.
Препарат құрамында этанол бар. Препараттың ең жоғары бір реттік дозасындағы этанол 0,04 г дейінді құрайды.
Құрамында глицерол болуына байланысты бас ауыруы, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, диарея дамуы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Жүктілік
Егер анасы үшін ықтимал пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін болғанда, препарат қолданылуы мүмкін. Препаратты қолданар алдында, егер сіз жүкті болсаңыз немесе жүкті болуыңыз мүмкін деп ойласаңыз немесе жүктілікті жоспарласаңыз, дәрігермен кеңесу керек.
Бала емізу
Препарат компоненттерінің емшек сүтіне енуі туралы деректер жоқ. Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек.
Фертильділік
Адамдарда фертильділіктің бұзылуы туралы бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Препарат айрықша зейін қою мен жылдам реакцияны (автомобиль және басқа да көлік құралдарын басқару, қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу, диспетчер және оператордың жұмысы және т.б.) талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін атқару қабілетіне әсер етпейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Қазіргі кезде басқа дәрілік заттармен клиникалық мәнді өзара әрекеттесу жағдайлары сипатталмаған.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.